Материалдар / Қашықтан оқыту аясында білім алушылардың жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру және өткізуде АКТ құралдарын пайдалану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қашықтан оқыту аясында білім алушылардың жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру және өткізуде АКТ құралдарын пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтан оқытатын пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
292
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтан оқыту аясында білім алушылардың жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру және өткізуде АКТ құралдарын пайдалану


Әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы мемлекетіміздің барлық салаларына өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістер білім беру саласын да айналып өткен жоқ. Қиын жағдайға қарамастан білімді алдыңғы орынға қойып, аз ғана уақыт ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа өзгеріс – қашықтан оқыту жүйесі енгізілді. Осы орайда мұғалімдер мен оқушыларда «қалай оқимыз?», «қалай бағалаймыз?», «қалай жүзеге асырамыз?» сынды үрейлі ойлар пайда бола бастады. Алайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген сөзін әуелден-ақ басшылыққа алған ұстаздарымыз үрейге бой алдырмай, жаңа талаптарға тез бейімделе бастады. Осылайша 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсанын да өткізіп, аяқтап шықтық. Сол кезде алдымызда кездескен қиындықтар мен тосқауылдардың шешу жолдарын анықтап, алдағы уақыттағы жұмысымызды жоспарлауға жаздың үш айын арнаған болатынбыз.

Аталған қиындықтардың бірі – білім алушылардың жетістіктерін тексеруді ұйымдастыру және өткізу. Бұл сұрақ оқушылардың күнделікті тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, бөлім соңындағы жиынтық бағалау мен тоқсан аяқталғандағы жиынтық бағалауды өткізу мәселелерін қамтиды.

Осындай сан қырлы әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүктеледі: ол пән бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау кезінде өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Қашықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін мұғалім оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындауы шарт.

Қашықтан оқыту жағдайындағы бағалау әдеттегі режимде білімді бағалаудан біраз ерекшеленетіні баршаға мәлім. Жиынтық бағалауды жүргізу үшін мұғалімдер бұрынғыдай бөлімге, содан кейін бүкіл тоқсанға берілген материалдар негізінде тапсырмалар құрастырып қана қоймай, оны оқушыға беруде қолданатын АКТ құралын анықтап алу қажет. Осы орайда математика пәні мұғалімдеріне пайдалы болатын кейбір ресурстармен танысып кетейік.

1. Күнделік жүйесі https://kundelik.kz

Күнделік жүйесінде БЖБ және ТЖБ жүргізу үшін дайындаған тапсырмаларыңыз «Сұрақ-Жауап» форматында болуы шарт. Яғни ашық немес жабық тест, сөйлемдерді толықтыру, суреттерді сипаттау, осы бағыттағы т.б. тапсырмаларды қамтитын жұмысты жүргізуге болады. Оқушыларға оңай болу үшін жүктелетін файлыңыз Word форматында болғаны абзал. Әрбір нұсқа бөлек файлда жасалу керек. Жүйеге файлды қосу үшін келесі сабақ парағына өтіп, үй тапсырмасы өрісіне файлды бекіту керек. Бағалау тапсырмаларын орындау уақытын шектеп қоюға болады және бұл шартты оқушыларға ескерту керек. Жиынтық бағалаудың бірнеше нұсқасын беретін болсаңыз қосымша үй тапсырмасын жасап, екінші нұсқаны жүктеу қажет. Әр нұсқаға сәйкес оқушыларды белгілеуді ұмытпаңыз. Оқушылар өздігінен орындап, жауаптары енгізілген файлды жүйеге енгізіп, сізге жібереді.


2. Білімленд www.bilimland.kz

Білімленд – қазақстандық білім беру жүйесінде кеңінен таралған платформалардың бірі. Барлық мұғалімдерге таныс платформа жақында педагогтер қоғамдастығы айдарында БЖБ және ТЖБ бөлімдерін қосуды жоспарлап отыр. Бұл да мұғалім мен оқушы үшін тамаша мүмкіндік болатыны сөзсіз.

Бұдан бөлек, платформада әр пән бойынша сыныптарға бөлінген тақырыптық сабақтар бар. Сабақтардың құрылымы бейнематериалдан, мәтіндік ақпараттан, тақырыпты бекіту тапсырмаларынан және тексеру тестісінен құралатыны әрбір сабақты толыққанды өткізуге мүмкіндік береді. Демек, бұл сайтта оқушы жетістігін тексеруге жағдай жасалған деп айтуға болады.


3. GOOGLE ФОРМА www.google.com

Google Форма – сауалнама тектес тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған жүйе. Бұл жүйемен жасау үшін google.com сайтында аккаунтыңыз болу керек. Google Диск қосымшасына кіріп, «Создать» батырмасын басып, ішінен Google Форманы таңдау керек. Формамен жұмыс жасау айтарлықтай қиындық туғызбайды. Барлық іс-әрекеттер бір терезеде орындалады.

Форманың тақырыбы мен сипаттамасын толтырғаннан соң тапсырмаларды құрастыруды бастауға болады. Ең алғашқы сұрақ оқушының аты-жөнін анықтайтын сұрақ болғаны дұрыс. Сұрақтың өрісіне сурет, видео, аудио тапсырма орналастыруға болады. Жауап өрісінің бірнеше түрі бар:

  • қысқа мәтін жазу;

  • көлемді мәтін жазу;

  • тізімнен бір жауапты таңдау;

  • тізімнен бірнеше жауапты таңдау;

  • сурет, аудио жауаптар;

  • көптаңдаулы жауап;

  • ай, күн, жылды белгілеу;

  • уақытты белгілеу және т.б.

Тапсырмаларды құрастырып болған соң, «Отправить» батырмасын басып, ішінде көрсетілген сілтемені оқушыларға жібересіз. Оқушылар жұмысты өз бетімен орындап, соңында «Отправить» батырмасын басады. Оқушы ешқандай файл жүктемейді. Оның берген жауаптары сіз жасаған формаңыздағы «Ответы» бөлімінде автоматты түрде жинақталады. Бұл жерде әр оқушының жеке жауабын қарауға немесе барлық оқушылардың жауаптарын статистика түрінде көруге болады, сонымен қатар жауаптардың барлығын Excel кестесі түрінде сақтап алуға да мүмкінді бар.

Төмендегі суретте Google Форманың жұмыс аймағы көрсетілген.


4. LEARNING APPS https://learningapps.org

Learning Apps — интерактивті модульдер арқылы оқушылардың жетістіктерін тексеруге арналған қосымша. Бұл онлайн-сервис арқылы модульдер құруға, оларды сақтауға және пайдалануға, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруға болады. Үй тапсырмасын, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын қызықты етіп өткізуге мүмкіндік береді. Өз тапсырмаларыңызды жасау және сақтау үшін тіркелу қажет. Сервиспен жұмыс істеу өте оңай. «Барлық жаттығулар» батырмасын басу арқылы қолданушылардың жасаған жаттығуларын көруге болады. Сондай-ақ өзіңіз де жаттығу құрастырып, жариялай алатын мүмкіндігіңіз бар.

Төмендегі суретте жасалатын жаттығулар түрлері көрсетілген.

Олардың ішінде:

  • Жұбын табу;

  • Бөлу (сәйкестікті анықтау);

  • Хронологиялық тізбек;

  • Ретін анықтау;

  • Мәтін енгізу;

  • Суреттерді атау;

  • Тест;

  • Бос орындарды толтыру.

Мысалы, суреттерді атау жаттығуында оқушыларға әр түрлі фигуралардың атауын табуды ұсынуға болады.

Қолданушылардың жасаған жаттығуларын да пайдалану мүмкіндігі бар. Төмендегі суретте мәтін енгізу жаттығуында жасалған бөлшек-рационал теңдеулерді шешу тапсырмасы берілген. Оқушы тапсырманы орындап, өріске жауабын жазады.

Тест жаттығуында сұрақ пен жауап өрістеріне мәтін, сурет, аудио, бейне материалдар енгізуге, әр қатысу үшін сұрақтар ретін өзгертіп беруге мүмкіндік қарастырылған.

Бос орындарды толтыру жаттығуында мәтін ішіндегі бос орындарды берілген тізімнен сөзді таңдау арқылы немесе оқушының өзі жазатындай етіп бос қалдыруға болады.

Сонымен қатар онлайн ойын, яғни оқушы компьютермен немесе басқа оқушылармен жарысатын жарыс-жаттығулар жасау мүмкіндігі де бар. Олардың ішінде: Кім миллионер болғысы келеді?, пазл құрастыру, сөзжұмбақ шешу, торкөздердегі әріптерден сөздер құрастыру, жұбын табу, т.б. түрлі ойындар бар.

Барлық жаттығуларда оқушы тапсырманы дұрыс орындағаны үшін мадақтау жазбасының көрінуін, дұрыс жауапты табу үшін қосымша іздену бойынша ақпарат беретін өрістердің шығуын ұйымдастырып қоюға болады.


5. QUIZIZZ https://quizizz.com

Quizizz – оқушыларды бағалаудың интернет құралдарының бірі. Жүйеде жұмыс жасау аса қиындық туғызбайды. Сайтқа тіркелгеннен кейін викторина жасауға немесе өзге қолданушылардың құрастырған жұмысын пайдалануға мүмкіндік аласыз. Бұл құралдың көмегімен мыналарды жүзеге асыруға болады:

  • оқу және үйрену үдерісін қолдау;

  • ойындар мен викториналар өткізу;

  • жарыстар ұйымдастыру;

  • тест жүргізу;

  • үй жұмысын өткізу;

  • әр оқушының нәтижелерін бақылау;

  • әр оқушыға автоматты түрде кері байланыс беру.

Викторинада «уақыт» параметрін қою немесе алып тастау функциясы бар. Математикалық формулаларды жазу көмекшісі де қарастырылған. Сонымен қатар сұраққа жауап беру кезінде оқулықтың параграфын, кітаптың тарауын не болмаса қажетті ақпаратты гугл жүйесінен тауып алуға мүмкіндік береді.


6. WIZER.ME https://wizer.me

Wizer.me тегін, қолдануға оңай, тапсырмалар мен жаттығулары бар, соның ішінде бейнеролик негізінде әзірленген, интерактивті жұмыс парақтарын жылдам жасауға арналған құрал.

Жасауға болатын тапсырмалардың түрлері:

  • ашық тест;

  • бірнеше дұрыс жауабы бар тест;

  • бос орындарды толтыру;

  • бейнежазбаға, суретке түсініктеме жазу;

  • сәйкестендіру;

  • кестені толтыру;

  • сұрыптау, т.б.

Бұл қызметтің үлкен артықшылығы — жұмыс парағына енгізуге болатын суреттер және бейнероликтермен жұмыс істеуге арналған үлкен мүмкіндіктер.


7. МЕССЕНДЖЕР МЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТА

Қазіргі таңда елімізде жиі қолданылатын әрі қолжетімді мессенджерлер бұл – WhatsApp, Telegram желілері. Олар арқылы да білім алушылардың жетістіктерін тексеруге және бағалауға болады. Алайда бұл желілер тек қана Word бағдарламасында әзірленген «сұрақ-жауап» негіздегі тапсырмаларды қамтитын немесе фотосурет түріндегі тапсырмаларды жіберіп-алуға мүмкіндік береді.

Аталған АКТ құралдарынан басқа да көптеген құралдар бар. Олардың ішінде https://edpuzzle.com, https://vialogues.com, https://corp.hapyak.com, www.mentimeter.com сынды сайттарды да пайдалануға болады.

Көрсетілген құралдардың барлығы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, өз бетімен білім алуға дағдылануына, компьютерлік сауаттылығының артуына, қашықтан оқыту кезінде зерігіп қалмауына үлкен септігін тигізетініне сенім мол. Алайда бұны ұйымдастыру кезінде бірнеше қиындық туындайтыны анық. Олар:

  • мұғалім мен оқушының компьютерлік техникамен және интернетпен қамтамасыз етілуі;

  • мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығы;

  • кейбір сайттардың интерфейсі ағылшын тілінде болғандықтан тілді меңгеру деңгейі;

  • сенімділік пен шынайылық деңгейі, яғни оқушы тапсырмаларды орындау кезінде өзге көмекші құралдарды пайдаланбайтынына немесе өзге адамнан көмек сұрамайтынына мұғалім тарапынан көз жеткізе алмау және т.б.

Бұл мәселелер де уақыт өте келе өз шешімін табады деген ниет бар. Ал қай құралды өз әдістемелік қоржынына салып алу әр мұғалімнің жеке қызығушылығы мен компьютерлік сауаттылығына, оқушылардың танымдық деңгейі мен техникалық қамтамасыз етілуіне байланысты болмақ.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!