Материалдар / "Қашықтықтан оқыту жағдайында мектеп оқушыларын оқуға ынталандыру"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қашықтықтан оқыту жағдайында мектеп оқушыларын оқуға ынталандыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
атты вебинарға қатысқандығын растайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2020
368
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тұсаукесер

   Қазақтар бала қаз-қаз тұра бастағанда «болды, енді жүреді» деп байлам жасап, сәбиді өмірдің келесі кезеңіне – жүру, тұру процесіне дайындаған. «Тұсау кесу рәсімі, міне, дәл осы кезде атқарылады. Тұсаукесер - әр бала үшін міндетті түрде орындалатын салт.

                                    Тұсаукесер тойы

   Кез келген тойдың жақсы өтуі тікеле тойды басқарушы адамға байланысты. Сондықтан да той асабасына өте жауапты міндет жүктеледі. Тойды жүргізу барысы, тілек айтушылар тізімі, үзіліс кезіндегі ойын-сауық түрлері және табақ тарту, той бастау салттары жайлы ойлар алдын-ала талқыланады. Қонақтар жиналғаннан кейін ортаға той иесі – кішкене сәбиді әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашуын әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашуын дайындап тұрады.

   Бұрындары баланың тұсауын лып еткізіп өткір сапымен кескен. Баланың келешегінде қарама-қарсы  - қайшылану болмасын деп, мүмкіндігінше қайшымен кеспеген екен. Тұсау кесудің алдында ол, баланың қолына түсетін ерекше бір сыйлық ұстатқан. Сосын жиналған жұртқа қарап, балаға бата-тілегін айтатын болған. Ел «Әумин!» деп бетін сипаған соң тұсау кесіледі де, баланың әбден естияр болған, аға-әпкелері сәбиді «қаз-қаздап» жұртқа қарай біршама жүргізеді. Баланың тұсауын кескен адамның өмірде сүріншек, шалағай, зуылдақ не өтірікші болмағаны дұрыс. Керісінше, жүріс-тұрысы ширақ, өмірде орнықты, нық адам болғанын әке-шешелері әдейі ырым етіп, қалайтын болған. Той иелері тұсау кесушіге өздерінің сый-кәделерін жасайды. Тұсауды кесетін сапы не пышақ өз иесіне қайтарылады да, кесілген ала жіпті сол топтағы жаңа нәрестелі болғандарға немесе бала көтере алмай жүрген жұптарға ырым қылып таратып береді. Осы кезде шашу шашылып, тұсау кесу жыры айтылады. (Бұл тұсау кесу жырын бір адам жеке дауыспен, немесе жиналған жұрт бірігіп, қосылып айтса болады

 

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Тақымыңды жаз, балам.

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз-қаз, балам, жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың!

Өмірге аяқ баса бер,

Асылардан аса бер.

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе.

 

   Тұсау кесу – қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, Құдайға деген құлшынысы, «Баталы ел – арымас, батасыз құл - жарымас» деп аталарымыз айтқандай, ақ батаның реті осыдан кейін келетін сияқты. (Бата берудің бір үлгісі):

 

Тұсауың кесілді – құлама,

Тізеңді жаралап, жылама.

Қанеки өзіңді сына да!

Секірсең, құздардан сүрінбе,

Шың-құзға шыққанша бүгілме,

Болаттай қабырғаң қатайсын,

От ұшқын ойнасын түріңде.

Ұзақ боп иншалла, өмірің,

Тасысын шаттықтан көңілің.

 

  (Батаның неше түрлі үлгілерін «Ақ бота» («Өнер баспасы, 2001 ж.)

кітапшасынан тауып алуларыңызға болады).

   Бұдан кейін қонақтар жолына қарай той дастарханына шақырылады. Ары қарай баланың атасы мен әжесі, болмаса сол әулеттің үлкен ақсақалы құтты болсын айтып, батасын беріп, тойды ары қарай жүргізуші асабаны жұртқа таныстырады. Ендігі жердегі тойдың барысы түгелімен асабаға тапсырылады.

   Асаба алғашқы сөзді алдымен тойға жиналған қонақтармен, ағайын-туыстармен, бүлдіршіндермен сәлемдесіп, тұсауы кесілген сәбиге тілек тілеумен бастайды. Өйткені, кез келген танысу сәлемдесуден, тілек тілеуден басталады. Мысалы, тойды былай бастауға болады:

 

Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңіз де есен-сау бармысыздар.

Тұсау кесіп, той жасау – ата-дәстүр, салтымыз,

Жақсылықты тілейміз тойға келген жалпымыз.

Думанды тойын жасап дүбірлетіп,

Салт-дәстүрді ежелден қастерлеген халқымыз.

 

   Тойда тілек айтатын әрбір қонаққа жолыңа, туыстық ретіне және халық алдында сіңірген еңбегіне қарай сөз беру асабадан үлкен шеберлікті қажет етеді. Яғни сөз кезегін ардагер ақсақалдардан бастаған дұрыс. Өйткені үлкенді сыйлау – халқымыздың өнегелі қасиеттерінің бірі. «Аталы сөз – баталы сөз», «Атаның сөзі Ж ақылдың көзі» деген сөздерден біз осыны аңғарамыз.

   Ата, ақсақалды, қадірлі қарияны құрмет тұту, олардың ақ батасын алу – сәбидің келешегіне, жалпы өмір жолына зор бақыт, мол жақсылық әкелетінін асабаның нақышына келтіріп айтуы мәнді болып шығар еді.

 

Ата менен немере – аяқталмас бір дастан,

Екеуіне керегі – ашық болсын нұрлы аспан!

- Балаңнан тәтті дейді немере,

Маған ақы сен өмірде төлеме.

Гүл сияқты алақанмен аялап,

Күн сиқты көтеремін төбеме.

 

   Немер үшін ең мейірімді жан - әже. Әженің аялы алақаны, мөлдір мейірімі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет. Әжелердің ақ тілегін тыңдап, бата сұрап және сол кісілердің жолын бізге де берсе екен деген тілек айтылады.

   Қандай той болсын нағашылардың төрден орын алатыны сөзсіз. «Киіз үйдің жақсы болуы – ағашынан, азаматтың жақсы болуы – нағашыдан» деген сөзден бойындағы асыл адамгершілік қасиеттер ананың қаны, әрі ақ сүті арқылы дариды, олай болса, анаңның өскен елін, өркен жайған нағашы қауымыңды қастер тұт деген мағынаны түсінеміз.

 

Қымбат болар туған жердің ағашы да,

Әркімнің жету керек бағасына.

Анамның ақ сүті үшін өмір бойы,

Бәріміз борыштымыз нағашыға!

 

  (Нағашылары сәбиге батасын, тілек айтып, «қырық серкешін» атап жатады).

 

   Осылай рет-ретімен сөз кезегі беріліп жатады.

   «Бір сәбиді қуантсаң, мың періште қуанады» деген сөзді ескере отырып, сәбидің қуанышында жас балаларды ескерусіз қалдыруға болмайды. Ересек балаларға ән айтқызып, күрестіруге, әртүрлі ойындар ұйымдастыруға болады. Сыйлықтарды да бала жасына лайықтап алу керек. 2-3-4 жастағы балалар жарысын ұйымдастырса, той мәнісін аша түскендей болады. Белгілі межеге дейін кім жығылмай бірінші жетеді, үлкен сыйлық иегері болады. Бұл тойда балалардың тұсауын кескен адамдар аталып, құрмет көрсетіледі. Араларында тұсауы кесілмей, жығыла беретін балалар болса, тұсауын сол жерде кесіп, тойды ары қарай жалғастырса, әркімнің есінде ұзақ сақталатын қызықты сәттер молая берері сөзсіз.

   Үлкен-кіші демей, бірдей атсалысып, ән айтып, би билеп, тойды әуелі балалардың, сосын ересектердің есінде қаларлықтай етіп өткізіледі. Түрлі сыйлықтар үлестіреді. Әжелер жарысын ұйымдастыруға болады. Баланың тұсауын кескен адамға сыйлық беріледі немесе аяқ киім ұсынылады.



Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Яндекс.ДиректiPhone XR в рассрочку 0-0-12


КАТЕГОРИЯ: ҚАЗАҚША СЦЕНАРИЙЛЕР | ДОБАВИЛ: ADMIN (12.11.2013)

ПРОСМОТРОВ: 28197 РЕЙТИНГ: 0.0/0

Всего комментариев: 0





Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация | Вход ]

Туған күнге тілектер [24]

Қазақша сценарийлер [81]

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер [32]

Қайырлы түн [6]

Қайырлы таң [5]

Яндекс.Директ18+MBA Обучение Онлайн Скейтборд penny для девочки! 18+Раскраска Куколки-Принцессы - игра Скидки на номера до 30%Верните молодость лицу дешево

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Қазақша слайдтар,презентациялар Қазақша анекдоттар

Shape1 Shape2

Shape3

Copyright MyCorp © 2020



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!