Материалдар / Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақ ұйымдастырудың тиімді жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақ ұйымдастырудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар арқылы тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
440
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақ ұйымдастырудың тиімді жолдары

Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін ұйымдастырудың басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың оқу бағдарламалары бойынша білім алуларына жағдай туғызу. Білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік бере отырып,басқа елдермен көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруландыру болып табылады.

 Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың кез келген алға басуы мүмкін емес.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың ,біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.

Қашықтықтан оқыту – бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар арқылы тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі. Қашықтықтан білім беру форматы негізінде теледидар арқылы «Балапан», «Ел Арна»,«Қазақстан» телеарналары арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды.  Бұл формат жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды орындауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады.

Әр мұғалім оқушылардың ғана алдында тұрмағанын әрдайым естен шығармау керек. Өйткені әр тапсырманы оқушы ата-ана, туған туыстарымен бірге талқылайды. Соған байланысты мұғалім сабағын мұқият дайындауы керек. Кейбір жағдайда оқушыдан гөрі ата-аналардың абыржуы мен жоқтан кінә іздеуі орын алады. Сондықтан мұғалімнің ата-аналармен ынтымағы күшейіп, байланысы артуы керек. Оқушының үйінде жұмыс орны өзіне қолайлы жерде ұйымдастырылуы қажет. Оқушы үйінде жұмыс режимін сақтауы маңызды. Мысалы оқушы уақытымен оянып, уақытымен тамақтануы,бір пәннен тапсырманы орындап болғаннан соң 10 минутқа үзіліс жасауы, белсенді дем алуы сияқты қажеттіліктерді ата-аналары мұқият қадағалауы керек.  Ал танымдық телеарналарды жібермей қарау шарт.

Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс-технология - оқытушы дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. 

-Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

-Оқушы оқулықтың кез келген бетін  қағазға шығара алады.

-Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

-Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

-Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік –технологиясына жатады:

-Интернет желісін пайдалану;

-Әлектрондық поштаны пайдалану;

-Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

- Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс;

Қашықтықтан оқытудың тиімді жақтарын санамалап көрейік:

1. Оқуға дайындалу, тапсырманы орындау уақытын оқушы өзі белгілейді.

2. Еркіндік пен шығармашылық ойлау дами бастайды. Оқушы өзін қаншалықты дамытқысы келседе, креативті ойларын жүзеге асырса да ешкім кедергі емес.

 3. Қол жетімділік – оқушы үйде отырғанымен оған барлық нәрсе қол жетімді. Көрнекілік, қажетті құралдар т.б. Тек өзінің тәуелсіздігін тиімді пайдалана білгені дұрыс.

4. Ұтқырлық — мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты тиімді жүзеге асыру оқу процесінің табысты болуының негізгі талаптарының бірі болып табылады.

5.Технологиялық тиімділік — оқу үрдісінде оқушы мен ұстаз ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың соңғы жетістіктерін қолдану.

6. Әлеуметтік теңдік — білім алушының тұрғылықты жеріне, денсаулығының жай-күйіне, элита мен материалдық қауіпсіздігіне қарамастан бірдей білім алу мүмкіндігі бар.

7. Шығармашылық — оқушының шығармашылық ойын дамытуға, жетілдіруге қолайлы жағдай. 

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

-Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

-Қашықтықтан   оқытудағы   мақсаттары   мен   міндеттері,   оның   алдағы   уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі  қажет.

-Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.

-Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

- Оқытудың   телекоммуникациялық  құралдарын  қолдану   ісіне   дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

- Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

-Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

 Европа елдерінің қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкеніне көп уақыт болды. Олар үшін қашықтықтан оқыту қалыпты жағдай. Бүгінгі біздің қолданып отырған  Zoom, Classroom бағдарламалары он жыл бұрын қолданыла бастады. Бұл бағдарламаларда екі мыңға адам жұмыс істейді. Біздегі басты кемшілік ұстаздар мен оқушыларда емес. Басты қиындық туғызғаны интернет желісінің баяу болуы, сол арқылы бағдарламардың ақау беруінің дау тудырған еді.

Қорыта келгенде заман талабына сай білім беру, үнемі жаңалықтан құр қалмау, дамыған елдердің ізімен ілгерілеп отыру міндет болып табылады. Қазақстанның технологиясы озық елдерден көш бойы қалып қоймау саясатының оң нәтижесі де жетерлік. Соның бірі төтенше жағдай кезінде қашықтықтан оқытуды ақпараттық құралдар арқылы игеріп теледидар, интернет, түрлі бағдарламалар арқылы іске асыруы болды. Болашақ ұрпақ үшін жасалған дұрыс қадамдардың бірі деуге толық негіз бар.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!