Материалдар / ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ТАРИХ САБАҒЫНДА ӨЛКЕТАНУЛЫҚ ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ТАРИХ САБАҒЫНДА ӨЛКЕТАНУЛЫҚ ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ТАРИХ САБАҒЫНДА ӨЛКЕТАНУЛЫҚ ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
298
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ТАРИХ САБАҒЫНДА ӨЛКЕТАНУЛЫҚ ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ


Құлжұмырова Г.З, тарих пәнінің мұғалімі

«Мұрагер» мектебі

Қызылорда қ.


«Жалпақ жұртыңды, игі алашыңды құрметтеу алдымен өзің

тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан,адамдарын

ардақтаудан басталады».

Н.Ə.Назарбаев.


«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтын біртуар перзенті Шоқан Уәлиханов айтқандай еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі ұлттықтық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше. Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады.

Қазіргі таңда өлкетанулық жұмыстар барысында оқушылар киелі орындар мен ескерткіштерді қолмен ұстап, көзбен көретін жағдайға жетті. Осыған байланысты орта мектепте оқушылардың өңірдегі туған жер тарихы мен табиғатын зерттеу жұмыстарын ғылыми жүйелеп, қалыпқа түсіру мақсаты туындады. Өлкетанулық жұмысты ұйымдастыруда білім мен тәжірибе, іскерлікті тәрбиемен ұштастыра отырып, жоспар құру алғашқы қадамның бірі болып табылады. Атқарған жұмыстың нәтижелі болуы құрылған жоспарға байланысты. Ал, жоспарды құру үшін ақыл -кеңес беретін әдістеме керек екені сөзсіз.

Қашықтықтан оқыту барысында тарих сабағы – оқушыларда білім, білік және құндылықтық қатынастарды қалыптастыруға, ақыл-ойын дамытуға, тұлғалық қасиеттері мен сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған күрделі жүйе. Сондай-ақ, сабақ пәнаралық байланысты кеңінен қолдануды қарастырады.

Тарихи білім берудегі пәнаралық байланыстың өзектілігі анық. Ол өлкетанушылық, қоғамдық, ғылыми-жаратылыстану және техникалық білімдердің интеграциясы айқын көрініс табатын ғылымның дамуының заманауи деңгейімен ықпалдастырылған. Ғылыми білімдердің интеграциясы, өз кезегінде тарих пәнінің мұғаліміне жаңа талаптар қояды. Маманның өз мамандығына жақын саладағы ғылымдардағы білімдері мен біліктерін түрлі мәселелерді шешуде кешенді қолдана білуінің рөлі артып отыр.

Қазіргі кезеңде білім берудің өлкетанушылық мазмұны, туған өлкедегі алуан түрлі үдерістер мен құбылыстарға біртұтас кешенді-жүйелі көзқарасты қалыптастыруы тиіс. Мұндай көзқарас оқылатын аймақтың жағдайын қалыптастырушы және өзгертуші факторларды, олардың өзара тең байланысында табиғи, экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторлар тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, өмір сүру ортасының біртұтас бейнесін, ғылыми негізделген экологиялық және әлеуметтік-мәдени көзқарас жүйесін, оқушылардың туған өлкеге тек қана эмоциялық тұрғыдан емес, тиімді пайдалану тұрғысынан да қарау сияқты құндылықтарды қалыптастырудың неғұрлым тиімді жолы болып табылады.

«Өлкетану» курсының мақсаты – оқушылардың туған өлкесінің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және тағы басқа да факторлар туралы білімдерін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, қоршаған табиғи ортаны аялай білуге тәрбиелеу болып табылады.

Бүгінде аймақтың компоненттерін ескере отырып, өлкетану жұмысын жүргізу білім беру мен тәрбиелеудегі инновациялық қадам болып табылады. Өлкетану жұмыстарында білім алушылар сыныптан тыс киелі орындарға, мәдени мекемелерге, тарихи орындарға, ұлттық табиғи парктерге өлкетанулық саяхат жасайды. Саяхат барысында оқушылар түрлі табиғи жағдайларға тап болады. Сондықтан мұғалім қауіпсіздік ережесін сақтайтын арнайы мамандармен бірігіп жұмыс жасайды. Сонымен қатар мұражай, кітапхана қызметкерлерімен де өлкетану жұмыстарын жүргізеді. Өлкетану жұмыстарының осындай ерекшелігі мұғалімнен теориялық біліммен қатар саяхатты ұйымдастыра білу машығын талап етеді.

Пәнаралық байланысты сабаққа басқа пәндерден алған білімдерін талап ететін белгілі бір танымдық тапсырма орындалатын үзінді не сабақтың жеке кезеңі түрінде енгізілуі мүмкін. Ол үшін қосымша мәліметтерді сабақты күрделендіріп немесе тарихи оқу материалының мазмұнын көмескілемейтіндей етіп, мұқият іріктеген жөн .

«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», - деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.Жаңартылған білім мазмұнындағы оқыту міндеттерінде оқушылардың басқа пәндерді оқып-үйренуде алған білімдері мен біліктерін тарих сабағында да қолдану, дамыту, бекіту және жинақтауды көрсеткен абзал. Оқу материалының мазмұнында алдыңғы білімдеріне (басқа пәндерде) арқа сүйеуді қажет ететін, сондай-ақ басқа пәндерді оқытуда дамытуға болатын сұрақтарға мән берген жөн.

Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді. Бұл мақсат тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бірі құндылықтық көзқарасты жүзеге асыруда өзекті. Өз кезегінде, құндылықтық (аксиологиялық)көзқарас– адамзаттың түсінігімен және рухани-адамгершілік мазмұнымен анықталатын адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қатынасы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық бірлігіне сүйену.

Тәжірибемде, қашықтықтан оқыту барысында оқытудын технолгияларын және тарих сабағына өлкетанулық материалдарды қалай кіріктірудемін деген мәселе төңірегінде сөз қозғар болсам. Оны «Қазақстан тарихынан» 7-сыныпта қамтылатын «Туристік маршруттар» тақырыбындағы жұмыстар негізінде тарқатсам. Аталған тақырып 1- тоқсанға белгіленген, пәндерді кіріктіре оқыту талаптарына сай сол тоқсандағы сабақтардағы материалдарға кіріктіріле оқытылуы тиіс.

«Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы» тақырыбының 3-сабағында 1-топқа сол кезеңдегі отарлауға дейінгі Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтау мақсатында туристік маршруттар құрастыру тапсырмасы берілді. Яғни бұл жерде оқушыға мұғалім тарапынан қашықтықтан оқытудың технологиясы электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу арқылы қосымша көмек бере алады.Сонымен қатар қашықтықтан оқытудын технологиясы арқылы интернет желісі көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады. Бағалау критериі - туристік маршруттарды неге осылайша құрастырған себептерін түсіндіреді. Мұнда қолдану деңгейіндегі тапсырма орындалады деп жоспарладым. «Дүниенің төрт бұрышы» әдісімен оқушыларға Сыр өңірінің картасы ұсынылып, әр жұп бір «туристік маршрут» бағыты бойынша жұмыс жасап, нәтижесінде осы бағыттарды мозайка құрастыру арқылы қорғайды.

Туристік маршруттар



 14  15

1-бағыт 2- бағыты

Қармақшы –Байқоныр


Сырдария-Жалағаш




Шиелі-Жаңақорған

3- бағыт 4-бағыт

Арал- Қазалы



Картадан Қармақшы, Қорқыт Ата кесенесі, Арал-Кердері мавзолейі, Бұланды ескеркіштері, Сығанақ қалашығы, Жетіасар, Бәбіш мола, Шірік Рабат, Жанкент, Ұйғарақ, Түгіскен, т.б. тарихи-мәдени ескерткіштерді көрсету сұралады. Бұл жерде де қашықтықтан оқытудың технологиясы Кейс технологиясы  (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. (Осы тақырып аясында кейс портфель жинау оқушыға алдын- ала ұсынылады).

Бұл тапсырмада нәтиже сараланады: картамен жұмыс барысында дағдысы төмен оқушылар кесенелердің атауын айтып шығады, дағдысы орташа оқушылар кесенелердің орналасқан аумағын көрсетеді, дағдысы жоғары оқушылар сәулет өнері түрлерінің ерекшеліктерін түсіндіреді.Тапсырма жұмыс дәптерге орындалғандықтан жұмыс дәптерінің өзі кейс-технологияға арналған материалдар түрлеріне жатады.

Нәтижесінде – туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да факторлар туралы білімдері қалыптасады; туған елге деген сүйіспеншілік сезімін, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу жүзеге асырылмақ.

Өлкетану материалдары арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу педагогикалық үдерістің: түсінік қалыптастыру – білім беру – біліктілік – практикалық іс-әрекетке баулу атты тізбегін құрастыруды көздейді. Мұғалім алдымен оқушылардың бойында:

- Отан адамның дүниеге келген жері ретінде, туған жердің табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, тарих, туған өлке тұрғындарының өміріндегі ұлттық ерекшеліктер, отан сүйгіштік сезім туған өлкеге деген көзқарас түсініктерін қалыптастырады;

- ұжымда және өздігінен жеке жұмыс істеу барысында оқушы «Отан», «туғанжер» ұғымдарын меңгеруі тиіс, оқушыны туған өлкенің тарихын, өзінің ата-тегін, олардың тарихын өз бетімен оқып-білуге, Отанға, еңбекетуге, қоршаған адамдарға қарасты өзінің көзқарасын анықтауға, саралауға қажетті білімді қалыптастырады;

- оқушы саралау,түсініпоқу, ерінбей тірнектеп материал жинау, мұрағатта жұмысістеу, экскурсияны жүргізуші дағдыларын үйрену арқылы біліктілігін арттырады;

- өлкетану жұмысының түрлері: саяхат, экскурсия, бақылау жүргізу, кеппе шөп жинау,тәжірибелер жасау, мамандық иелері мен кездесулер тағы басқа практикалық іс-әрекеттерді оқушылардың жасерекшеліктерін ескере отырып, құндылық көзқарастарын қалыптастыруға, білуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағыттайды.

Осылайша, пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқушылардың танымдық әрекетін арттыруға жағдай жасайды, барлық оқу пәндерінің мазмұнын өзара байланыста жан-жақты ашуға көмектеседі.

Пәнаралық байланыста мұғалімнің ақпаратты тасымалдаушы және таратушы рөлі екінші орынға ығысып, оның білімді интерпретациялаушы рөлі басымдыққа ие болады. Ең бастысы, оқушыларды жаңа білімдерді пайдалана білуге үйрету, зерделеуіне дұрыс енгізу, тақырыптық және пәнаралық байланыстарға басымдық беру, білімдерді жаңа жағдайларда пайдаланудың берік дағдыларын қалыптастыру, солардың негізінде оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқыту мен оқу үдерісінің барынша жоғары деңгейіне көтерілуін қамтамасыз ету.

Оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқын өзара байланыстың болмайтындығына қарамастан, әр мұғалімнің оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруына кең мүмкіндіктер бар. Ол үшін білім беру мазмұны мен оқыту әдістері үйлесімді өзара байланыста және өзара тәуелді болғаны абзал.

Сөз соңында ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды. Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе. Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады» деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін. 


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала. 12 сәуір, 2017. http://online.zakon.kz/.

2. Аль-Фараби. Естественно-научные трактаты. Алматы, 1997. 90 с.

3. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген. Астана,Ы.Алтынсарин ат. ҰБА, 2015. 21 б.

4. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.www.cpm.nis.edu.kz

5. Қазақстанда өлкетану жұмыстарының басталуы. Негізгі кезеңдері http://www.uniface. kz/index. php?post=article&section=1&id=302.

7. Қазақстандағы өлкетану жұмыстарының қазіргі жай-күйі http://www.uniface.kz/index. php?post=article&section=1&id=305.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!