ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қазіргі кезде білім беру саласындағы жаңартуларға байланысты еңбек етіп жүрген ұстаздар білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында тҥрлі белсенді әдіс-тәсілдерді қолдануда. Өйткені, ұстаздың мақсаты‒әрбір болашақ маман иесіне сапалы білім берумен дамуына мүмкіншілік жасау, білім алуға деген қызығушылығын арттыру. Қазіргі жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық жағдаяттары көптеп кездеседі. Осы жағдаяттардан шығудың және мектепте қауіпсіз білім беру ортасын құру мақсатында колледж педагог психологтары алдын-алу бойынша іс-шаралар жоспарын түзіп, психодиагностикалық әдістемелер, сауалнамалар жүргізіп анықталған оқушылармен, жеке және топтық психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын күшейту қажет. Колледжде қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, зорлық зомбылықты болдырмау және алдын-алу шараларын қолдана отырып, психологиялық қолдау көрсетудің тиімді жолдарын қарастыру педагог-психологтардың кәсіби шеберлігіне байланысты. «Колледжде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу» күрделі және көп қырлы тақырып екені белгілі. Елімізде білім берудің мазмұнын жаңғырту жағдайында орта білім беретін ұйымдардың қызметін реттеуде және балалардың қауіпсіздігін кҥшейту мақсатында бейне бақылау жҥйесі жабдықталып, мектеп психологтарының жұмысын күшейту мәселесі және басқа да шаралар іске асырылуда. Өскелең ұрпақтың денсаулығы-қоғам мен мемлекеттің өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіші. Зерттеулерге байланысты балаларға қатыгез қарау, олардың негізгі өмірлік қажеттіліктерінің қанағаттандырмау, депрессия, шылым шегу, ішімдік, жасөспірімдер арасында кемісітушілік, зорлық-зомбылық елеулі проблемаларымен жиі байланыстырады. Білім беру ұйымдарындағы зорлық - зомбылық кең таралған және ауыр салдары бар жаһандық проблема. Алайда зорлық-зомбылық оқушылардың сабаққа қатысуына, қабілетіне оқуға деген ынтасы мен қызығушылығына, қорытындысында академиялық үлгеріміне теріс әсерін тигізетіні анықталған. Балалар зорлық-зомбылыққа байланысты колледжді тастау немесе колледжді ауыстыру жайттары көрініс беріп жатады, соның негізінде толық білім алу құқығынан, сол арқылы іске асыру мҥмкіндігінен айрылады. Әрине, осындай көптеген проблемалардың салдарынан бірінші кезекте жасөспірімдердің денсаулығына зиян келеді, өйткені дәл жасөспірімдік шақта бәрін сынап, татып көруге құштарлықтары айтарлықтай көп болады. «Колледжде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу» тақырыбында КЕЙС әдісін ұсынғалы отырмыз. Оның негізгі мақсаты‒оқушылар бір командада жұмыс істеуге үйреніп, ашық пікірлер алмасу арқылы, әрбір қатысушының өз қабілетін, ортақ мәселелер шешуге қолдануына жағдай жасау. Кейс–(кейс ағылшынша жағдайлық талдау әдісі) нақты экономикалық, әлеуметтік және іскерлік жағдайларды сипаттауды қолданатын оқыту әдісі. Оқушылар жағдаяттарды зерттеп, жағдаяттарды сипаттап, өз шешімдерін ұсынып ішінен ең жақсысын таңдау. Кейстер нақты құжаттарға негізделеді немесе шынайы жағдаяттарға жақын болады. Кейс- білім алушылардың оқуға қызығушылықтарын арттырады және тұлғаның келешек маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Бұл оқушыларға да өткен тақырып бойынша нақтылы мәселені шешуге қажетті шығармашылық қабілетін дамытуды қажет етеді және оның ой-өрісінің бейнелі көрінісі болып табады. Колледж психологы да кейске байланысты өзінің өмірдегі жағдаяттарды талдау мен бағалауға байланысты қабілетін де көрсетеді және дамытады. Сондықтан екі жақты ойлау мен шығармашылық қабілеттері еркін ашылады. Кейс әдісі алғаш рет Гарвард университетінде 1870 жылы дәріс беру барысында студенттер арасында мәселені кеңінен талқылау мақсатында қолданыла бастады. Алғашқы оқулықты 1921 жылы Гарвардтық бизнес мектебінің деканы Волос Донамның белсенді араласуымен Коупленд жарыққа шығарды. Білім алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетеді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс. Осы талдау барысында білім алушылар,өздерінің алған білімдерін ұтымды пайдалана алады. Ал педагог-психологтың міндеті, осы кейсті қолдану барысында, оқушылардың белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Кейс әдісіне қатысушыларды үш топқа бөле отырып, әр топқа мәселелі сұрақтар ұсынылады. Мысалы: І-топқа Жасөспірімдер арасында кездесетін психикалық зорлық-зомбылықтың қауіпі қандай? ІІ-топқа 5 сыныптар арасында кемсітушіліктің басталуы неліктен? ІІІ-топқа Мектептегі 7-8 сынып оқушылары неге темекіге бейім болып келеді? Барлық топтарға берілген сҧрақтарға жауап беру мақсатында топтар арасында қызу талқыға түсіп, өз пікір, талдауларын ортаға салады. Барлық балаларға өмір сүрудің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, оларды дамыту, тәрбиелеу және білім беру, сондай-ақ зорлық-зомбылықпен қатыгездік қатынастан қорғау – кез келген мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Балалар уақытының басым бөлігін мектепте өткізетін болғандықтан негізгі мәселелер туындайды. Ата-аналар мен балалардың оқуы мен дамуына қолдау көрсетіп, ықпалын тигізетін қауіпсіз әрі қолайлы орта болады деп кҥтеді. Өкінішке қарай, көптеген бала колледжде кемсітушілікке, зорлық-зомбылыққа ұшырайды, бұл олардың колледжге баруына, оқуға деген қабілетіне, үлгеріміне, сондай-ақ психоәлеуметтік саулығына кері әсерін тигізеді. Мектептегі зорлық - зомбылық балалардың оқуын ерте тастап кетудің ықпалына тҥсіп, соның салдарынан мектепте зорлық-зомбылыққа тап болған балалар өз құқықтарынан, оның ішінде білім алу құқығынан да айырылуы мүмкін. Колледждегі зорлық - зомбылық мектеп аумағында, мектепке, мектептегі шараға бара жатқан, не мектептен, мектепте өткен шарадан қайтып келе жатқан жолда немесе сол шара өтіп жатқан кезде орын алатын жасөспірімдердің зорлық зомбылығы. Мектеп жасындағы балалар мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны, кінәлісі не куәгері болуы мҥмкін. Балаларға қатысты ешқандай зорлық – зомбылық ақталмайды және кез– келген зорлық – зомбылыққа жол берілмейді. Дегенмен балалар отбасында, жергілікті қоғамда және оқу орындарында басқа білім алушылардың тарапынан, сондай-ақ мҧғалімдердің тарапынан зорлық – зомбылыққа ұшырайды. Коллледждегі зорлық–зомбылық әртүрлі сипатқа ие және әртүрлі тәсілдермен көрінуі мүмкін. Колледждегі зорлық-зомбылық түрлері көп. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық тҥрлері және олардың салдарына қысқаша тоқталсақ. Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мҥмкін физикалық кҥш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің тҥрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінесе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін. Физикалық зорлық – зомбылықтың балаға әсері: (мінез-құлықтық және психологиялық көрсеткіштер); балалар агрессивті, мазасыз болады, бұл олардың басқа адамдармен қарым-қатынасына әсер етеді. әдеттен тыс ұялшақ болуы, әр нәрсеге қызыққыш емес, үлкендерден қорқады, құрбы құрдастарынан аулақ жүріп, өз қатарларымен емес, тек жас балалармен ойнауы мүмкін. физикалық байланыстан және өзі үйге баруға қорқады. басқа балалар жылаған кезде мазасыздық бой алып, саусақты сорады, дірілдеп шайқалады. Физикалық зорлық-зомбылық қҧрбаны болған жасөспірім ол тек дене жарақаты ғана емес, оның бҥкіл жан дүниесі, ақыл ойыда жарақаттанып есінде сақталып қалады. Егер зардап шеккен бала ата анасының көмегін алмаған болса, бұл оның көмек сұрап, болашақта адамдармен байланысу мүмкіндігін жоғалтады. Баланың мүдделері мен қажеттіліктерін ескермеу баланың негізгі азық-түлік, киім, тұрғын үй, денсаулықты сақтау, қадағалаудағы негізгі қажеттіліктерін ескермеу жетекшілік етеді. Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау және оқшаулауға, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге, оның өзін - өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сҥруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды. Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету – қандай да бір баланың не ересектің балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым көрсетуі, жыныстық құмарлықты ояту үшін балаға қатыгездікпен қарау. Басқа баланың жыныстық мүшелеріне қол тигізу/ұстау, баланы жыныстық белсенділікке қатысуға шақыру (нәтижесіне қарамай), жыныстық мҥшелерді жалаңаштап көрсету, балаға порнография көрсету және баламен жыныстық қатынасқа тҥсуді қамтиды. Мұндай зорлық терең психологиялық жарақат әкеледі өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендеуіне және өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауға әкелуі мүмкін. Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қауіпін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс. Кибербуллинг – баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейне жазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет тҥрлерін қамтиды. Құрбылар тарапынан қорқытып ҥркіту – нақты не болжамды кҥштер теңсіздігін білдіретін мектеп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мҧндай моделі қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды қамтиды. Кемсітушілік–баланың жынысына, ұлтына, ылыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы. Тән жазасы – физикалық кҥш қолданылатын, балаға қандай да бір жеңіл ауырту сезімін не қолайсыздықты сездіруге бағытталған кез келген жазаны білдіреді. Көбінесе, бұл соғып жіберу, шапалақпен тартып қалу, баланы қолмен не затпен ұруды білдіреді. Сондай-ақ тебу, сілкілеу, баланы итеру, тырнау, шымшу, шашынан тарту не құлағынан жұлқылау, балаларды қолайсыз позада ұстау, күйдіру, буға шалдыру, мәжбүрлеп жұтқызу (мысалы, баланың аузын сабынмен жуу не ащы дәмдеуіштерді жұтуға мәжбүрлеу) де қамтылады. Колледжде зорлық-зомбылық жасалуының тәуекел факторларына отбасылық мәселелерді, ата-анасына деген бауыр басудың жоқтығын, ашу-ыза мен физикалық агрессияға жақындық, зорлық-зомбылыққа жақын қатынастар, тәуекелді мінез-құлық, антисоциалды құрбыларымен байланысты не қққық бұзушы құрбыларымен байланысты, төмен академиялық үлгерімді, сабақтан қалу дейгейінің жоғарылығын және мектептен ерте кетіп қалуды қамтитынын көрсетті. Балалардың көбінесе зорлық-зомбылықтың бірнеше тҥріне ұшырайтыны жасырын емес екені белгілі. Жылдан-жылға жасөспірімдер арасында зорлық көбейіп отыр. Зорлық зомбылық мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынасында, сондай-ақ оқушылардың мұғалім немесе құрдастармен қарым-қатынасында туындауы мҥмкін. Зорлық–зомбылықты (жәбірленушілердің) бастайтын оқушылар ересектердің тарапынан бақылау мен қадағалау болмаған жағдайда әрекет етеді. Сондықтан, ересектер жиі жәбірленушілердің әрекеттерін емес, зардап шегушінің қорғаныс әрекетін (тәртіп бұзу сияқты көрінеді) байқайды. Жәбірленушілер оларға бағытталған агрессия туралы мҧғалімдеріне немесе ата-аналарына хабардар етпеуді ҧйғарады, олардан қорыққандықтан немесе сөз тасушы, шағымқор ретінде көрінуін қаламайды. Физикалық зорлық – зомбылық яғни төбелестерде кіші және орта жастағы 15- 18 жас жасөспірімдердің арасында кең таралған. Ересек жасөспірімдерде ауызша қорлау сияқты зорлық – зомбылықтың түрлеріне қатысады. Көпшілігі отбасындағы нашар немесе жайсыз отбасында тәрбиеленіп отырған балалар және отбасындағы адамдардың жылы қарым қатынасының жетіспеушілігі мен жаны ашымас қарым-қатынастың болуы. Құрбы достар тарапынан зорлық-зомбылық пен кемсітуге ұшырау қҧрбандары болуы мҥмкін. Көп мәселе отбасында кездесуі ата-ананың махаббатының жетіспеушілігі, қатыгез көзқарас танытуы, ата-аналарының ажырасуымен отбасы мҥшесінің қайтыс болуы не ата-анасының бірінен айырылуы баланың бақытсыз болып, ашу- ыза мен агрессияға бой алуы себептерінің болуы. Егерде жасөспірім кішкентай кезінде отбасында әкесінен немесе анасынан жәбір көріп, травма алса, онда ол баланың бойында агрессия өршіп, көтеріліп жасөспірімдік шақта бұрқ етіп сыртқа шығарады. Оны топтағы балаларға, қатар құрбыларына жасауға әрекет етеді. Кез келген бала зорлыққа бара бермейді сондықтан зорлыққа баратын баланың өзінде қалып қойған жағдаяттың өршуінен туындап кӛрініс береді. Қандайда зорлық көрген жасөспірімді емдеу әрине қиынның қиыны. Психологтар, психотерапевттер жәбірленуші жасөспірімдерді емдеп, алдын алса да, оның жүрегінің бер жағын ғана жаза алады. Жасөспірімдер арасында кездесетін зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында психопрофилактикалық шараларға назар аудару қажет деп есептейміз. Ата-аналармен, мектеп оқушыларымен, педагогтермен тҥрлі бағыттарда ұйымдастыру. Оқу жылы кезінде зорлық – зомбылықты алдын алу ҥшін апталықтарда ғана емес, осы тақырып аясында жыл бойына жоспарлап өткізу қажет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз