Материалдар / ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ТЫЙЫМ СӨЗДЕРІН МЕДИЦИНА ЖАҒЫНАН ПАЙЫМДАУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ТЫЙЫМ СӨЗДЕРІН МЕДИЦИНА ЖАҒЫНАН ПАЙЫМДАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының тыйым сөздері жайлы талқыланған баяндама, онда тыйым сөздердің медицина тұрғысынан қаралуы жете зерттелген. Қазақ тілі, әдебиет, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2018
773
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ТЫЙЫМ СӨЗДЕРІН МЕДИЦИНА ЖАҒЫНАН ПАЙЫМДАУ

Н. Қ. Абаильденова



Әр ұлттың тарихи дамуында ерте заманнан қалыптасып, келе жатқан рухани асыл мұрасы әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы халықтың күн көрісі, тұрмыс-салты, мінез-құлқы ерекшеліктері мен дүниетанымының сыр сипаты айқын көрінеді. Ата-бабаларымыз өздері тіршілік етіп отырған орта, табиғат, тұрмыс-тіршілік болмысын, ел-жұрт арасындағы қарым-қатынас, жақсы-жаман кезеңдерді ой елегінен өткізіп, әр кез оған деген өз көзқарасын білдіріп отырған. Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі жеткіншек ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, олардың сана-сезімін, дүниетанымдық қабілетін дамытуды көздейді. Халқымыздың ғасырлар бойы жасасып, бізге жеткен асыл мұралардың бірі – тыйым сөздер. Олардан халқымыздың әдет-ғұрпы, наным-сенімін ғана біліп қоймай, бойымызға тәлім-тәрбие сіңіреміз. Қазақ ғылымында ғалым А.Салқынбай тыйымды былай сипаттайды: «Тыйым ұлттық дүниетанымның көрінісі, қазақ халқының табиғатты тану жолындағы өмірден түйген тәжірибесінің сөз түріндегі бейнесі» [1, 38]. Қазақ тыйымдары – далалықтардың, яғни ата-бабамыздың қалдырған мол мұрасы. Өзіндік калыптасу, даму жолы бар. Тыйымдар мен ырымдардың даму сипатын олардың қалыптасуы мен ішкі танымдык ерекшелігіне қарай ғалым А.Салқынбай былайша жүйелейді:1. Көне кезеңде пайда болған қазақтық тыйымдар;2. Ислам діні енгеннен кейін пайда болған тыйымдар [1, 42].Көне замандарда пайда болған тыйымдар, негізінен, қазақы түсініктер мен танымдарды, ұлттық пайымдаулардың сипатын танытса, мұсылман діні енгеннен кейін пайда болған тыйымдарда ислам дінінің әсері мен ықпалы мол болады. Мысалы: дүйсенбі күні жаңа киім киме, біссимилла демей ас жеме, құран оқығанда жалаңбас отырма, құран оқығанда аяқ айқастырма, жұма күні аруақтарға арнап иіс шығар, жұма күні көшуге болмайды, аяқты кұбылаға қаратып жатуға болмайды т.б.Ырымдар мен тыйымдар халқымыздың әлеуметтік өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде жас буын тарапынан бұлжымай орындалып отырған. Тыйым сөздер заң ретінде қабылданып, құқықтық норма деңгейінде қолданылған. Халқымыз ырым-тыйым сөздерді пайдаланып, баршаға бірдей, міндетті түрде орындатқан. Мұның өзі қоғамдағы үлгі-өнеге, әдептіліктің негізгі қағидасы болып қалыптасқан.XIII ғасырда қазақ даласын аралаған Еуропа саяхатшысы Плано Карпини қазақ халқының жазылған конституциялық заңы болмағанмен, әділеттілік пен әділетсіздікті, адалдық пен арамдықты, жақсылық пен жамандықты ажырататын әдет заңы бар екенін жазады. Бұл әдет заңы тыйымды бұзған адамның кінәлі саналатынын, кінәға тартылатынын сипаттап жазады. «Егер кімде-кім осы шарттарды орындамаса, - деп жазады П.Карпини, - ондай адамды жазаға кеседі. Не ол адам көп мал төлеп (ақы) барып, бақсыға күнәсін аластатуы керек» [2, 32].С.Кенжеахметұлының «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты кітабына сүйенсек, тыйым сөздерді тәрбиелік мағынасына қарай былай бөлген: үй тұрмысына, қоршаған ортаға байланысты; іс-әрекетке байланысты; қыз балаға, әйелге қатысты; бала, бала тәрбиесіне қатысты; нанға қатысты; бесікке қатысты; ыдыс-аяқ, тағамға қатысты; киім түрлеріне, киім киюге қатысты; жол жүруге байланысты; табиғат құбылыстарына байланысты; әдептілік пен ізеттілікке қатысты; малға қатысты және т.б [3].Ғалымдардың пайымдауынша, тыйым сөздер қолданылу мазмұнына қарай: - адамның түрлі қарым-қатынасына байланысты пайда болған тыйым сөздер; - табиғаттағы тылсым күштердің киесі ұруына қатысты тыйым сөздер;- аруақтың қаһарынан, пәле-жаладан қорғануға арналған тыйым сөздер. Ғұлама ғалым Әл-Фарабидің «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып, оның мағынасы, тәлім-тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадық. Яғни, біз ата-бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Тыйым сөздердің мазмұнынан тәрбиенің бірнеше түрін көруге болады. Атап айтсақ, тұрмыстық-шаруашылық, еңбек, мәдени-гигиена, экологиялық тәрбие, әдеп мәдениеті. Оларды былай жіктедік (1 қосымша):1. Әдеп мәдениетіне тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым сөздер. Адамдық тәрбиенің алтын арқауы да, халық педагогикасының қайнар бастауы да – әдептілік. Ұл-қызына көрсетер инабатты үлгісі жоқ, әдебі жоқ халық болмайды. Әдептілікке бас имеген, әдептіліктен нәр алмаған салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты ешбір халық жасамапты.а) Әдептілік ережелері: үлкеннің алдын кеспе, адамды айналма, кемтар адамға күлме, адамға қарап түкірме, жаман бұзақы сөзге ерме, кісіге қару кеземе, үлкеннің жолын кеспе, анаға зекіме, азабын тартасың. ә) Теріс қылық, мінезге қатысты тыйым сөздер. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталғаг ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т.б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқтап отырған.
  • Үйге қарай жүгірмейді. Себебі мұндай әрекет жамандық шақырады. Адам баласы тек қаралы хабарды естірткенде немесе мәйітті жерлеп қайтқан кезде ғана үйге қарай жүгіреді. Қазақтың салтында суыт хабар айтуға келген адам ғана ауылға шауып келеді
  • Екі бүйірді таянуға да болмайды. Себебі қазақтың салты бойынша жақынынан айырылған адам ғана қос қолын беліне таянып, өмірден озған туған-туысын жоқтайтын болған. Сонда, үлкендер балаларына беліңді таянба деп айтқан кезде «әулетке қандай да бір нәубет келмесін» деп ойлайды.
  • Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртеніп, соның салдарынан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай жасайды. Сол үшін мұндай жамандық шақырмас үшін бос бесікті тербетуге болмайды деп ырымдайды.
  • Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
5) «Босағаны керме», бұл – қазақ ұғымында әйел мен ер адам үйдің қос босағасы секілді, оны керу – екеуінің арасын суыту, ажырату деп білген. Сондай-ақ бұрындары жаманат хабар алып келген адам ғана есікті керіп тұрып, хабарды жеткізетін болған. Тағы бір ерекшелігі, мұндай хабар әкелген адам үйге кірмей, тізе бүкпей кетеді.
  • Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен, әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп таянады.
  • Барды жоқ деме, барың жоқ болады.
  • Мәдени-гигиеналық тақырыбындағы тыйым сөздер.
а) Тазалыққа тәрбиелеу. Тазалық тәрбиесінде жас ұрпақтың дені таза, тәні сау болып өсуі үшін жеке бас тазалығын сақтауға арналған тыйым сөздердің орны ерекше. Олар: шелектегі суға аузыңды салма, саусағыңды аузыңа салма, шашыңды аяқ астына тастама, сыпырғышпен ұрма, шалбарыңды жастанба, дәрет суын аяқ асты төкпе, құдыққа түкірме, тамақтың үстінен аттама, итке ожаумен ас құйма.ә) Эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбиеге қатысты адамның сыртқы көрінісінің жарасымдылығы мен жүріп-тұру әдебіне байланысты бір алуан сөздер бар. Олар: шашыңды жайма, тақымыңды көрсетпе, езуіңді керме, талтайып отырма, шаш-тырнағыңды өсірме, бөркіңді теріс киме, кіндігіңді ашпа.б) Киім кию және ұқыптылық.
  • Бас киімді теріс киюге, кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе, аяқ астына тастамау керек. Мұның себебі, бастан бақ тайып, бас ауруына тап болады. Басы айналып, тілі байланып, иманы қашады. Адам баласынан қадірлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ.
  • Киімнің жағасын басуға болмайды.
  • Қыз бала басынаақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғыныңбелгісіболыпсаналады.
  • Тозбаған киімді тастауға болмайды.
  • Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Жаман ырым.
в) Баланы қауіптен сақтандыратын тыйымдар: отпен ойнама, оттан аттама, пышақты шалқасынан қойма, пышақтың жүзін жалама, аяқ-қолыңды жіппен байлама, түнде суға барма, жүгіріп үйге кірме.3. Тұрмыстық шаруашылыққа байланысты ырым-тыйымдар:а) Нанға қатысты тыйым сөздер. Қазақта «ас атасы — нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратыптанымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды,тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Олар: нанды жерге тастама, нанның үстіне зат қойма, нанды төңкерме, нанды бір қолмен үзбе деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.ә) Тұзға қатысты тыйымдар.
  • Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған тұз. Сол үшін тұз төгілсе, ырыс төгіледі, дәм шамданады, үйден ас кетеді. Сонымен қатар жерге төгілген тұз еріп, жоғалғанша сол жерге тұзды төккен адам тұздай ащы тірлік кешеді деген де ырым бар екен.
  • Тұзды баспа – астың иманы, төресі деп киелі саналады.
б) Сүтке қатысты тыйымдар.Біздің халық нан мен тұздың қатарына ағарғанды жатқызады, өйткені ақты да қатты қадірлеген. Айталық, «ақты баспа» дейді. Ақ дегеніміз не? Бұл сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат… Қазақ ұғымындағы ақ атаулы – азықтық тамақ қана емес, ол шынымен қаншама төлді өсіріп отырған қасиетті сүт қой. Сондықтан ананың ақ сүтін ардақтай білетін қазақ халқы малдың сүтін де қадірлеген.
  • Сүтті төкпе.
  • Тойға қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау қымыз қалуы керек.
  • Сауылған сүтті ашып қоюға болмайды.
  • Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.
  • Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетіп қалады.
в) Суға қатысты тыйым сөздер. Қазақта «судың да сұрауы бар» деген мақал бар. Түсіне білген адам мұның астарында үлкен мән жатқанын біледі. Су – Жаратқан иеміздің жан иесіне жер бетінде тіршілік етуі, өмір сүруі, қам-қарекетін жасауы үшін тартқан сыйы. Оны қадірлеп, ықтияттап, бағасын түсініп, орнымен қолданып әрі аялай білуіміз керек.
  • Түнде жалғыз су алуға болмайды, қызбала жынданып кетеді.
  • Суды сапырма
  • Суға түкірме
  • Суға қоқыс төкпе
г) Отқа қатысты тыйым сөздер.Жиі айтылатын тыйым сөздеріміздің отқа қатыстысы да баршылық. Айталық, «отты аттама», «ошақты аттама» дейді. Өйткені қазақ үшін от та қасиетті. Қазақтың отты қадірлегені соншалық, «менің үйім» деп айтпайды, «от жаққан жерім», «отымның басы» дейді.
  • Отты шашуға, атуға, басуға болмайды. Отбасының берекесі кетеді.
  • Отқа түкірмейді.
  • Отты су құйып өшірмейді, өйткені қайта тұтатуға қиын болады.
  • Түнде күл шығармайды.
  • Күл төгілген жерді баспайды. Себебі барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіне әкелгенмен бірдей.
ғ) Үй тұрмысына байланысты тыйымдар.
  • Сыпырғышты төрге қоймайды. Бұл үй ішіндегі жаманшылық, ауру-сырқау сыпырғышпен босағадан шықсын, төрге жоламасын деген ниетпен туған.
  • Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: «Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән күйеді. Қазан шайқалса, ырыс шамданады» деп ырымдайды.
  • Үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды.
  • Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды. Бұл жамандықты шақырма дегенді  білдіреді.
  • Шәугім, аққұманның шүмегін есікке қаратып қойса, ырыс-несібе кемиді.
4. Тыйым сөздер және экология. Бұл сөздерге қоршаған ортаға қамқорлық, залал тигізбеу, тылсым құдіретін бағалауға арналған сөздер жатады. Қазақ халқының ұрпағына экологиялық білім мен тәрбие беретін ырымдары мен тыйым сөздерінің мән-мағынасына ой жүгіртіп көрейік. Олар негізінен жер мен суды, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жәндіктерді қорғауға, оларға рақымшылық етуге, обал, сауап дегенді сезінуге тәрбиелейді.а) Төрт түлік мал.
  • Ата-бабаларымыз малды тепкізбеген. «Қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбайды» деген, «Құты қашады» деп малды басқа ұрғызбаған, балағаттамаған.
  • «Сиыр мен қойдың желіні ісіп кетеді» деп төгілген сүтті аяққа басқызбаған.
  • Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді.
  • Малдың алдынан бос ыдыспен шықса, сүт азаяды.
  • Малға дауыс көтеріп ұрсуға, ал атты ауыздықпен ұруға болмайды.
  • Түнде мал санамайды және ешкімге бермейді
ә) Жабайы аңдар, құстар. Біздің халқымыз аңдарға да рақымшыл болған. Аң аулаудың жөні осы екен деп оларды бейберекет өлтіре бермеген. Қажетіне қарай үнемдеп аулап, қалғандарының өніп-өсуіне жағдай жасаған. Құстар мен аңдарға жасаған рақымшылығын мынадай ұғымдардан білеміз:
  • «Құстың қарғысына ұшырайсың» деп құстардың ұясын бұздырмаған.
  • «Бетіңе шұбар түседі» деп жұмыртқасын жарғызбаған.
  • Халқымыз қыран құсты атқызбаған, «Аққу құс киелі» деп оған құс салуға, оны атуға тыйым салған.
  • Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе –қуып журіп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шубар төс дұшпан деп қаралайды.
  • Құстардың ұясын бұзуға болмайды. Қарғаса, үй-ішіңе кесапаты тиеді.
б) Өсімдіктер.
  • Көкті жұлма, көктей соласың
  • Жалғыз ағашты кеспе
5. Қонаққа, жол жүруге қатысты тыйымдара) Қонаққа қатысты тыйымдар.
  • Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Малды, қолға түскен тұтқындарды ғана саусақты шошайтып санайды.
  • Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түсетін болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп, аттан түспейді. Үй иесі сыртқа шыққанда, амандық-саулық сұрасқан оң, атының оң жағынан түседі және үйді айналмайды. Өйткені, жау адамдар бөгде үйдің жай-күйіне қарамайды, баса-көктеп кіреді және өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамастан бірден үйге кіреді. Сол себепті, бұл «жолаушының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын» деген мағынаны білдіреді.
  • Қыдырып, қонаққа келген жас баланы үйден құр қол қайтармайды.
в) Жол жүруге қатысты тыйымдар.
  • Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды.
  • Жүкпен жолға шыққанда тұз алмайды.
  • Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Жол жүретін адам «Алла жазса», «Құдай қаласа» деп тілегенде, жол бойындағы кедергілердің бәрі алыстатылады.
  • Жұма күні көшуге болмайды. Жұма қасиетті күн. Бұл күні ата-баба аруақтары  шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
Ата-бабамыз тыйым сөздерді бала тәрбиелеу үшін ғана пайдаланбаған, оның денсаулығына, қауіп-қатерден аман-есен болуына, тазалықты сақтауына, ұқыптылыққа, өз-өзіне дұрыс қарауына, жүріп-тұру әдебіне де көп көңіл бөлген. Тыйым сөздерді медицина тұрғыдан қарасақ, онда – санитарлық-гигиеналық нормалар, тазалық сақтау, қауіп-қатерден сақтану (өрттен, апаттан, т.б.), адамның денсаулығына әсер ететін әрекеттер жатады. Тыйым сөздердің медицина саласында алатын орны ерекше (2 қосымша). Халық медицинасында тыйым сөздерге қатысты көптеген тыйымдар бар екен. Үш тыйым сөзді мысалға алайық.Үлкендер «Бақаны өлтірме» деп тыйым салған, бұны – «Жаңбыр жауады» деп өлтіртпеген. Қазіргі медицина жағынан қарастырсақ, олар:- медицинада бақаның терісінде адамның денсаулығына қажетті көптеген биологиялық белсенді заттар бар дейді. - ертеде бақаны сүттің бетіне қойса, сүт көпке дейін бұзылмайды екен. Яғни қазір сүттен жасалған тағамдарға пайдаланады.- халық медицинасында бақаны көптеп пайдаланады екен [5].«Қасты жұлуға болмайды» деген тыйымға көптеген дәлелдер бар:- шариғат бойынша адам баласына қас жұлуға тиым салынған. Өйткені шариғатта сырт көзге әсем көріну үшін қас жұлу дұрыс емес [6].- дәрігерлер анықтағандай, қастың әр талын жұлған кезде мидің бір бөлшегі өледі деген. Нәтижесінде, өз-өзіне зиян жасап жүргендей боласын.- медицина факультеттерінде оқытылатын Uvies Маѕког профессордың «Эмбриология» кітабының 207 бетінде былай жазылған: «Адам пайда болғанда алғашқы шаштар: эмбриондық дамудың төртінші кезеңінде қас бірінші болып өседі [7]
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!