Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ Кеңестік автономиясы құрылуының тарихи маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Презентация
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ Кеңестік автономиясы құрылуының тарихи маңызы неде?

Азамат соғысы большевиктерге шет аймақтардағы ұлттық мемлекеттiлiктiқұру идеясымен санасу қажеттiгiн айқындап бердi. Кеңесүкiметi Қазақ Автономиясын құруға дайындала бастады.1919 жылы 10 шiлдедеВ. И. Ленин қол қойған декретiмен «Қырғыз (Қазақ) өлкесiнбасқару жөніндегі революциялық Комитет (Қазревком құрылды.Қазревкомның алғашқы құрамына С. Пестковский(Қазревком төрағасы), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жангелдин, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев кiрдi. Революциялық комитеттің жанынан басқару салалары бойынша: еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және халық ағарту, егіншілік, юстиция, почта және телеграф, азық-түлік, халық шаруашылығы кеңесі сияқты бөлімдер мен бөлімшелер құрылды. Басты мақсаты - азат етілген аудандарда кеңестерді қалпына келтіру, шаруашылықты қалпына келтіру, мәдениетті дамыту т.б. Қазревком 1919 жылдың шiлдесiнен 1920 жылғы қазан аралығында ҚазАКСР-i құрылғанға дейін 15 ай қызмет еттi.

1920 жылы 26 тамызда Кеңес өкіметі – Бүкілресейлік атқару комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлар Комитеті –Ресей федерациясының құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестiк Социалистiк Республикасын құру туралы» Декрет жариялады. Декрет Қазақстан аумағын анықтады.Қазақ АКСР-iндегi басқару органдары – депутаттардың жергiлiктi Кеңестерi, Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесi болатынын белгiледi.Әскери iстердi басқару үшiн Қазақ Әскери Комиссариатыұйымдастырылды.

1920 жылы 4–12 қазан аралығында ОрынбордаҚазақ АКСР-i Кеңестерiнiң Құрылтай съезi болып өттi. Бұл күн –1920 жыл дың 4 қазаны қазақ автономиясының туған күнi болып табылады. Съезд өлкесінiң жоғарғы органдары –республиканың Орталық Атқару Комитетi мен Халық КомиссарларыКеңесiн сайлады. Қазақ АКСР ОАК-нiң төрағасы болып СейтқалиМеңдешев, Қазақ АКСР ХКК-нiң төрағасы болып В. Радус-Зеньковичсайланды. Съезде «ҚазақАКСР-i еңбекшiлерi құқықтарының декларациясы» қабылданды. Ол Қазақстан еңбекшiлерi үшiн саяси құқықтарды бекiттi. Азаматтардың мiндеттерiайқындалды. Декларация Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасының бiрiншi Конституциясы қабылданған 1937 жылға дейiн республика еңбекшiлерiнiң құқықтарын бекiткен конституция ретiндеқолданылды.


Картамен жұмыс. «Қазақ АКСР-і» картасын зерттеп, қосылған және алынған аумақтарын анықтау. Қазіргі Қазақстан мен Қазақ АКСР-нің карталарын салыстырып территориялық өзгерістерді анықтаңыз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2020
655
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12