Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІ 11 сынып. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Экология: ядролық және мұнай өндірістері»

ҚАЗАҚ ТІЛІ 11 сынып. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Экология: ядролық және мұнай өндірістері»

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚ ТІЛІ 11 сынып. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Экология: ядролық және мұнай өндірістері» 1-нұсқа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2024
37
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Экология: ядролық және мұнай өндірістері»

1-нұсқа


Оқу мақсаты 11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу.

Бағалау критерийі Білім алушы

  • әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;

  • берілген тақырыпта шығармашылық жұмыс (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсынады;

  • шығармашылық жұмысында көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады.


Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 20 минут


1-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқып, кестені толтырыңыз. Екі мәтінді салыстыра талдаңыз.


А мәтіні


Кенет табан астымыз солқ ете түстi. Iзiнше бiз сүйенген түйедей тас қозғалып, жер сiлкiндi. Сол-ақ екен, аспанды қақ айырған күштi гүрiл естiлдi. Төңiректе тас құлап, қара жер жарылып, күллi дүние жаңғырығып кеттi. Оқыс күн күркiрегендей жарылыстан құлағым бiттi.

Бұлақ басындағы арқарлар да үрке жөнелдi...

Әлжуаздау менiң жүрегiм лоблып, басым айналып, жартас түбiне отыра кеттiм. Қажымұрат болса жартасқа сүйенген қалпы сырықтай боп тұра бердi. Жүрегiм айнып, зәрем ұшып, жартас жарығындағы қуысқа ендiм. Басым айналып, бүкiл әлем бауырымда бесіктей тербеліп барады.

Сол сәтте:

Айтуар! Айтуар! Ананы қара!? Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара! Қарасаңшы!? Саңырауқұлақтың үлкенi-ай! Қып-қызыл от... жалын... Күннен де жарық... Қара, қара деймiн!? Күн көрiнбей қалды. О-охо-хо! Қызыл күн... Қызыл күн шықты... – деп Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлады.

Бiрақ мен жартас қуысына кiрiп, қорыққаннан көзiмдi тас жұмып, жер бауырлап жата бердiм. Тұла бойым дiрiлдеп, менiмен бiрге бүйiрiмдегi қара жер де солқылдады. Маңайды дүрiл басып, беттi жалын жалап, төңiректi жай отындай сәуле шарпыды. Шiлде айының аптабынан да ыстық, күштi дауыл тұрды.

А.Алтай «Дегелеңдегі қызыл күн»

Ә мәтіні


Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі. Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосферағагидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (ПавлодарҚарағандыШығыс ҚазақстанЖезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.


https://kk.wikipedia.org/wiki/



Shape4 Shape3 Shape2 Shape1





Ә мәтіні

А мәтіні





Shape6 Shape5



Тақырыбы

Автор көзқарасы

ҚShape7 ызметі

Shape8


Құрылымы

Тілдік ерекшелігі

Shape10 Shape9







Shape11 Shape12











2-тапсырма. «Туған жерімнің табиғаты» тақырыбында көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, өлең немесе шағын шығарма жазыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________












Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.

1


А мәтінінің тақырыбын жазады;

1

Ә мәтінінің тақырыбын жазады;

1

А мәтініне автордың көзқарасын жазады;

1

Ә мәтініне автордың көзқарасын жазады;

1

А мәтінінің қызметін жазады;

1

Ә мәтінінің қызметін жазады;

1

А мәтінінің құрылымын жазады;

1

Ә мәтінінің құрылымын жазады;

1

А мәтінінің тілдік ерекшелігін жазады;

1

Ә мәтінінің тілдік ерекшелігін жазады;

1

Берілген тақырыпта шығармашылық жұмыс (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсынады;

Шығармашылық жұмысында көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады.


2

шығармашылық жұмыс (өлең немесе шағын шығарма) жазады;

1

көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады;

1

берілген тақырыптан ауытқымайды.

1

Барлығы 13









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!