Материалдар / «Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы ,7-сыныпқа арналған жұмыс дәптері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы ,7-сыныпқа арналған жұмыс дәптері

Материал туралы қысқаша түсінік
Аңдатпа: Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы, 7-сыныпқа арналған жұмыс дәптері. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
2117
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

3. Күтілетін нәтижелер

1) тыңдалым және айтылым:

білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогті қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды;

2) оқылым:

білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды;

3) жазылым:

білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық- композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.


4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Сұрақтар түрі

Тыңдалым мен айтылым


Білу және түсіну



Қолдану



Жоғары деңгей дағдылары


  • коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады;

  • диалог, пікірталасқа қатысып, өз ойын білдіреді;

  • мәтін үзінділеріне сүйеніп, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды;

  • мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды;

  • мәтіннің мазмұнын түсінеді,

  • ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады;

  • әртүрлі сипаттағы мәтіндерде көтерілген автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдайды;

  • проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді;

  • жауабын өзгенің жауабымен салыстырады.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Оқылым және әдеби тіл нормалары

Білу және түсіну






Қолдану



Жоғары деңгей дағдылары


  • мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялайды;

  • ортақ тақырыптағы публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндерді салыстырады;

  • оқылым стратегияларын қолданады;

  • мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады;

  • құрылымы мен ресімделуі арқылы хроника, хабар, очерктердің жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;

  • қолданылған тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ресми стильдердің ерекшеліктерін анықтайды;

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазылым және әдеби тіл нормалары

Білу және түсіну

Қолдану



Жоғары деңгей дағдылары


  • жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын мақала құрастырып жазады;

  • құрылымы мен даму желісіне сай өз көзқарасын білдіре отырып, дискуссивті эссе жазады;

  • жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын әңгіме құрастырып жазады;

  • орфографияық, грамматикалық, пунктуациялық нормаларды сақтайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар


5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.


6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.





1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі

Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Тапсыр

ма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма-лар түрлері

Тапсырмалар сипаттамасы


Орындау уақыты, мин

Балл

1




7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтін беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).

Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында көркем бейнелеуіш сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздерді және тұрақты тіркестерді түртіп алып, мазмұндауда қолдануы қажет. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін көркемдегіш құралдар арқылы жеткізуін бағалайды.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі

(әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)


10

1




7.2.1.1 мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқып, мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 5-6 сөйлеммен жазады.

15

10

1

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу


7.4.1.1 жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, шағын мақала жазады.

Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады.

25

10

Барлы

ғы


40 минут

30










«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика

Көшпенділер мәдениеті. Орфография

Денсаулық – зор байлық. Лексика


Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көркем сөз тіркестерін, тұрақты тіркестерді терп жазыңыз.

2. Мәтіндегі көтерілген басты мәселеге өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдеңіз..

[10]

1- мәтін.

Елбасының бастамасымен жасалған «Жасыл белдеу» Астана қаласы үшін қолайлы климат қалыптастырушы басты фактор саналады. Соның нәтижесінде, соңғы жылдары елорданың маңында бұрынғыдай боран мен дауыл байқалмайды. Бүгінде Астананы жағалай егілген орманда 38 түрлі ағаш өседі. Жыл өткен сайын жасыл белдеу түрленіп, құлпырып келеді. Біздің де мақсатымыз – маңында ну орманды орнатып, жасыл желек еткен Елбасы өнегесі мен идеясын жастар арқылы жүзеге асыру.

Бірақ мұны жүзеге асыру оңай емес, оған бүкіл халық, әсіресе, жастар жұмылуы керек. 2012-2013 жылы Қазақстандағы барлық мектепте 2,5 млн оқушы оқыды. Осы оқушылардың 45-50 пайызының әрқайсысы он-оннан ағашты өсімдіктер ексе, бір жылдың өзінде 20 млн түп арша, сондай мөлшерде емен, акация, үйеңкі ағаштары өсіріледі екен. Бұл процесс 40-45 жыл бойы үздіксіз жүргізілсе, елімізде ұзақ жыл өмір сүретін ағашты өсімдіктер орасан көлемде көбейеді. Демек, жастар осы игі шара арқылы өздері өмір сүретін экологиялық ортаны жақсартады.


2- мәтін

Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Ол оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқылған.

Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.

Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.



Оқылым

Тапсырма

Мәтінді оқыңыз. Оның басты идеясын 5-6 сөйлеммен жазбаша түсіндіріңіз.

[10]

Мәтіндер

1-мәтін

Тәні саудың - жаны сау

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз де білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты және өзі шыдамды болады. Біздің ата- бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен болса да айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр, ұзын не қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей: «Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық – ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық» - демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет.


  1. Мәтіннің басты идеясы

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!