Материалдар / Қазақ тілі –Ұлтымның мерейі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі –Ұлтымның мерейі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі-қазақ халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысымен, қуанышы,күллі рухани өмірінің үні.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2018
285
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі –Ұлтымның мерейі Қазақ тілі-қазақ халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысымен, қуанышы,күллі рухани өмірінің үні. Қазақ тілі –қазақ халқымыздың өткен, қазіргі және келешек ұрпағының тарихи біртұтастық мызғымас бірлік ажырамас тустық жағдайда біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген презенттік махаббатымызды ана тілі арқылы жеткіземіз. Қазақ тілі өзіннің ұлан-қайыр даласындай кең пішілген жайдары да, мазмұнды да жалпақ тіл. Оған қысылып –қымтырылып, ерін ұшынан шүлдірлеп –бұлдырлау мүлде жат. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Жалпы халықтың қасиеті күшті, жатықта түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы-домбыраның күмбір қаққан сазындай. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»-деп Б.Момышұлы айтпақшы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл да, қымбат қазынамыз тілдің қадір қасиетін түсініп, құрметтенп, жыртық жерін жамап, аман-сау келесі ұрпаққа жеткізу-бізідің басты міндетіміз болмақ. Қазақ тілі –сөзге өте бай тіл. Тілімізде: нақышына келтіріп айтатын сөз, өрнекті сөз, бейнелеу сөз, теңеу сөзі, қимылын сипаттау сөзі. Қазақтың ұлағатты тұлғасы болу-үлкен бақыт. Тіл құдіреті ерекше, оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын алмас қылыштай адамның құралы. Бір ауызды орынды айтылғын сөзді жадында жатталып бақытқа жеткізеді. Тіршіліктің тірегі болған қазақ тілі талай ғасырларымызды басынан кешірді, тарих тезінде де төтеп бере алады. Қазақ тілінің тағдыры мен болашағы жөнініде Елбасы: «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде, ана тілі-біріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы. Ұлттық тілі-ұлттық дінін, тілін жоғалтқан ел басқа елмен терезесі тең бола алмайды» деген. Мемлекеттік тіл-мерейлі емес, міндет екенін естен шығармайық, тілін білмеген түбін білмейді. Тілімізді үкілеп, мәпелеп, аялап, қадірлеп, қастерлеп, демеп, қолдап жүру-әрбір қазақ баласының парызы болмақ. Ата –бабаларымыз қар жастанып, мұз төсеніп жүріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен, осынау ұлан-қайыр байтақ жерімізді жаудан қорғаса, шыр етіп жарық дүниені ашқаннан ана тілі ананың ақ сүтімен, әуезді әлдиімен бойымызға дарыды. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, мәпелеп, аялап, өсірген асыл ананы былдырлаған бала тілімізбен «Ана» деп, ардақты әкені «Әке» деп атап өмірдің бірінші баспалдағына аяқ бастық. Отанның бастауы отбасының не екенін біліп, жанымызға жақын жандардың жылуына, шаңырақтыңшуағына бөленіп өстік. Есейе келе, ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңнның тұяғы тозатын Қазақстан атты Егемен еліміздің небір ауыр кезеңдерді басынан өткерген қазақ деген қаһарман халқымызды басқа жұртқа таныта білдік. Талай тауқымет пен шаттықты арқалаған ғасырлардағы өшпес тарихымызда, тамаша туындылар мен қазыналы әдебиетмізді, ұлттық құндылықтарды дәріптеп мәдениетімізді де тіл арқылы білді. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Атадан балаға екі байлық қалады, бірі-бай тілі, екіншісі-байтақ жері» - дейді. Иә қазақ, тілі – өрісі кең, көркем де кестелі, құдіретіне ештеңе тең келмейтін атадан балаға мирас болып келген ұлы мұра. Ана тілінің күші мен құдіретін халқымыз әуелден бағдарлап, бар өнердің басы деп есептелген. «Өнер алды –қызыл тіл», «Тіл-тас жарады, тас жармаса басжарады», «Тіл-қылыштан да өткір», осындай маржан сөздерге ерекше мән бергендігін аңғартады. Тілдің құдіреттілігі сол-дұрыс сөйлемесе алмас қылыштай өткірлігімен басты да шауып түседі. Қажет болса, араларына от түскен екі халықтың татуластыруға да күші жетеді. Қайғы меңдеген жандарға қажымас қайрат, жасымас жігер беріп, өшіп-қалған үміт отын қайта тұтатады. Осы тілмен түрлі бояуларсыз суртеші тәрізді асқақтаған ғимараттрады тұрғызуға, түрлі дыбыстардың сыңғырынсыз сазгер тәрізді құлақ құрышын қандыратындай әуенді төгілтуге болады. Ендеше тілді қалайша құдіретке теңемессің!!! Ертеде сөзге жүйрік ділмарлар сөз майданында қашанда қарсыласын ұтымды да, уытты сөз найзасымен қағып түсірген, қара сөзге келгенде ешкімге де дес бермеген. От ауызды, орақ тілді ақын-жырлаулардың жырлары түйдек-түйдегімен төгіліп, тасқындай ашылып, буырқана жырланады. Айтыс майталмандары да суырып салмақтың үлгісін көрсетіп, еш мүдірмей толассыз сөз нөсерін төгіп-төгіп жібереді. Ал енді мұны қалай қызыл тілдің қасиеті демейміз!!! Қалам қайраткерлерінің бірі –Ғ.Мүсреповтің «Қазақ тілі-бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу бейнелері ерте туған тіл». Поэзияда Абай, Ілияс сиқты, прозада Мұхтар сияқты алыптарды туғызған тіл. Кемеңгер ақын Абай, жыр алыбы Жамбыл, ақ иық ақын Мұқағалидай, ұлы Мұхтардай, сөз зергері Ғабиттей қазақтың біртуар азаматтары- әдебиетіміздің қазынасына аса зор үлес қосқаны, қазақ тілінің «Алтын сандығына» небір айшықты сөз өрнектерімен, өткірдің жүзі, кестенің бізі, сала алмас әдемі тіркестерімн толтырып кетті. Ана тіліміз сонысымен ең бай, ең мәнді, ең көркем тіл. Алайда, бүгінгі күннің ұрпағы құдіретті қазақ тілін білмей жүрген қадастарымыз баршылық. Қазіргі таңда, Қазақстан дамудың даңғыл жолында келеді, әлемге танылып өзге мемлекеттермен терезесі тең, дамушы елге айналды. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп, жету жолында бар күшін салуда. Тоқсан тарау дініміз бар томағалы тіліміз бар, шуақ шашқан күніміз бар асқастаған үніміз бар, желбіреген байрағымыз бар, шетсіз –шексіз аймағымыз бар, қорласда құламаға, жабықса жыламаған, аш күнінде сұрамаған аяулы халқымыз бар. Ынтымақты бірлігіміз бар, беркелі тірлігіміз бар елміз. Тәуелсіз ел болғанмызға да биыл 26 жыл толады. Ендігі жерде жалтақтаудың, жалпақ шешейліктің жөні жоқ. Ұлттық тілімізді, ұлттық мәдениетімізді, ұлттық ой санамызды, ұлттық дәстүрімізді дамытып қана әлемдік өркениетке үлес қоса аламыз. Бабаларымыз аңсап, армандап кеткен Тәуелсіздікке жету қиын болды. Тәуелсіздікті сақтап қалу одан да қиын. Қиындыққа төзе білген қауым ғана, көздеген мақсатына жете алады. Қорыта келе, жүйелі сөз жүрекке жетеді дегендей сөйлей білу, сөлеу арқылы әркімнің жүрегіне жүйелі сөзіңді жеткізе білу, ол да өнер. Табиғат сұлулықты көзге ұрып көрсетсе, жүрек қылын тербеу үшін, саз әуені әуелесе, сөз қосылып қалың орман сан қырлы сиқырға боялар еді. Осының бәрін жоқтау үшін де, сөз әуенін жеріне жеткізіп шырқау үшін тіл керек.Әбділдә Тажібаев атамыз жырлағандай:Туған тілім –тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы, Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін!-деп жан жүрегімен жырлай білген атамызға мың –мың мәрте тағзым етеміз.«Тәуелсіздіктің 26 жылы» мерекесін жақсы жетістіктермен, айтулы табыстармен, жаңа күш жігермен қарсы алуға, халқымызға Алла қуат берсін. Жарқырап жанған күндей азаматтығы, Көрінер ұлтымның да ғажаптығы Тәуелсіздік күнімен құтықтаймыз, Өйткені ол-Ұлт күні, Қазақ күні!!!Бұлақтай мөлдір тілімізді, заңғар биіктерге көтеріп, абыроймен асқақтата түсінейік дегім келеді.



№68 МИББ кешенінің әлеуметтік педагогыАйтбай Гүлмира Бекенқызы





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!