Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Қазақ тілінен ережелерБуын-сөз буынға бөлінеді, сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады. Мысалы: балалар ба-ла-лар 3 буын, 3 дауысты дыбыс.Тасымал-жазу жолына сыймаған сөзді буынға бөліп тасымалдап жазамыз. Тасымалданбаған сөзден кейін сызықша (дефис) қойылады. Бір буынды сөздер тасымалданбайды. Мысалы: балалар-ба-лалар, бала-ларДауысты дыбыс дегеніміз-айытқанда өкпеден ауа кедергісіз шықса дауысты.Дауыссыз дыбыс дегеніміз-айтқанда ауа өкпеден кедергі арқылы шықса дауыссыз дыбыс.Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса сөз жуан айтылады. Мысалы: орын сөзі жуан айтылады себебі о, ы әріптері жуан дауысты.Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса сөз жіңішке айтылады. Мысалы: Үстел сөзі жіңішке айтылатын сөз себебі ү, е әріптері жіңішке дауысты.Бас әріппен жазылатын сөздер-адамның аты (Арай, Болат), жер-су аттары (Алматы, Есік), жан-жануарларға қойылған аттар. (Ақтөс, Құлагер)Сөйлем дегеніміз-белгілі бір ойды білдіреді. Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Сөйлем айтылу мақсатына қарай 3-ке бөлінеді.
Хабарлы сөйлем-белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем. Мысалы: Жомарт сыныптағы озат оқушы.
Сұраулы сөйлем-жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Мысалы: Сен Астанаға бардың ба?
Лепті сөйлем-айтушының түрлі көңіл күйін білдіретін сөйлем түрі. Мысалы: Алақай, ауылдан әжем келді.
Мәтін дегеніміз-болған оқиған ретімен баяндайды. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысады. Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін 3 бөліктен тұрады: басы, негізгі бөлім, соңы. Мәтіндегі негізгі ой мәтіннің тақырыбы. Мәтіннің 3-түрі бар: әңгімелеу мәтіні, сипаттау мәтіні, пайымдау мәтіні. 1.Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?2.Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?3. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. 1.Зат есім. 2. Етістік. 3. Сын есім. 4. Сан есім. 5. Есімдік. 6. Одағай. 7. Үстеу. 8. Еліктеу сөздер. 9. Шылау
Зат есім-заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақ қойылады. Мысалы: Кім? Оқушы, адам. Не? Парта, кітап.
Етістік-заттың қимылын білдіретін сөздерге Не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақ қойылады. Мысалы: секірді, оқыды.
Сын есім-заттың сынын, сапасын, түсін, көлемін, иісін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге Қандай? Қай? деген сұрақ қойылады. Мысалы: Қандай? Әдемі, биік, төртбұрыш.
Сан есім-заттың санын білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақ қойылады? Мысалы: Қанша? он, бес Нешінші? бірінші, он екінші.
Жуан-жіңішке жұп дауысты дыбыстар: а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і.
Дыбыстық талдау үлгісі:Кітап-кі-тап, 5-әріп, 5-дыбыс, 2-буын, 2-дауысты дыбыс, 3-дауыссыз дыбысК-дауыссыз, қатаң І-дауысты, жіңішкеТ-дауыссыз, қатаңА-дауысты, жуанП-дауыссыз, қатаң
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз