Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ТЕСТ ЖИНАҒЫ 4 – СЫНЫП
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ТЕСТ ЖИНАҒЫ 4 – СЫНЫП

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ТЕСТ ЖИНАҒЫ 4 – СЫНЫП
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2020
1314
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ТЕСТ ЖИНАҒЫ

4 – СЫНЫП

Өтеген Әсемгүл Айбекқызы



























2020-2021 ЖЫЛ

АЛҒЫ СӨЗ

Қымбатты ұстаздар, әріптестер! Сіздердің жұмыстарыңызға көмек ретінде қазақ тілінен тест жинағын ұсынып отырмыз.

Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 4 сынып оқушылары білім, білік сапасын анықтау мақсатында тест жұмыстарын жүргізуге көмек ретінде І , ІІ , ІІІ, ІV-тоқсанға қазақ тілінен құрастырылған. 4 сыныптың бағдарламасымен тоқсандағы айларға жеке-жеке құралған. І жартыжылдыққа 40 сұрақтан жасалған. (ІІ нұсқадан) Жалпы 360 сұрақтан қамтылған.

Тесттік жұмыстар мемлекеттік стандартқа сай жасалған. Оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері ескерілген.

Оқушылар өз білімдерін осы тест арқылы тексеру үшін кітап соңында жауабын кесте түрінде ұсынып отырмын.


























І ТОҚСАН. ҚЫРКҮЙЕК АЙЫ. І НҰСҚА

  1. Сөздерден жуан айтылған сөзді тап

А) озат.

Ә) өмір.

Б) төсек.

2. «Мөлдір, жаңа, таза, жіңішке» сөздері қай сөз табына жатады?

А) зат есім.

Ә) сын есім.

Б) естістік.


3. Қатаң дауыссыздарды белгіле:

А) п, в, р.

Ә) ш,щ,ж.

Б) ц,ч,щ.


4. Ы - қандай дыбыс:

А) жуан дыбысты .

Ә) ұяң дауыссыз .

Б) жіңішке дауысты.


5. Қате жазылған сөзді тап. 
А) аспазшы .
Ә) аспашшы .
Б) теңізші .

 

6. Мына қатардың ішінен сөйлемді тап. 

А) Әйгерім билейді .
Ә) жылады. 
Б) жануарлардың .

7. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар.

Ә) Қонақтар.

Б) Қайындар.

8. Сөздің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

А) Ж, 3.

Ә) У, X.

Б) Ң, Й.

9.Сөйлемді белгіле:

А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

Ә) Ұшып кетті.

Б) Жылы жаққа.


10. Жіктік жалғауларын белгіле:

А)-мін, -сін, -сіз.

Ә) -ма,-ме,-па,-пе.

Б)-ым, -ім, -м.


11. Мәтінге ат қою деген дегеніміз не?

А) ондағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау.

Ә) автордың айтайын деген басты пікірі.

Б) мәтіндегі негізгі ой мен тақырыптың мазмұны.


12. Мәтін неше түрі болады?

А) 2.

Ә) 3.

Б) 4.


13. Мәтіннің қай түріне жататынын анықта.

Көкек

Көкек ұя салмайды. Балапан баспайды. Ол бір ғана жұмыртқа туады. Жұмыртқасын торғайдың ұясына тастап кетеді. Оны торғай басып шығарады.

А) пайымдау.

Ә) әңгімелеу.

Б) сипаттау.


14. Қандай сұрақ қою арқылы әңгімелеу мәтіні екенін ажыратуға болады?

А) Не болды?

Ә) Неліктен?

Б) Нешінші?


15. Дұрыс жазылған сөзді тап.

А) айалдама.

Ә) аялдама.

Б) аиалдама.


16.Дауыссыз дыбыс түрлерін белгіле:

А) қатаң, дауысты

Ә) қатаң, ұяң, үнді.

Б) ұяң, үнді, дауысты.


17. Мәтін деген не?

А) өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

Ә) екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз.

Б) заттың іс- қимылын білдіреді.


18.Заттың, сапаның, қимылдың атауы:

А) мәтін.

Ә) сөз.

Б) буын .


19. Мәтіннің қай бөлігіне жатады?

«Біз жаңа мектепте оқимыз.Мектеп жаңа. ... »

А) басы.

Ә) негізгі бөлімі.

Б) соңы.


20. «Зиян» сөзінде неше дыбыс бар?

А) төрт дыбыс.

Ә) алты дыбыс.

Б) бес дыбыс.














І ТОҚСАН. ҚЫРКҮЙЕК АЙЫ. ІІ НҰСҚА

  1. «Балықшылар» сөзінің түбірін тап

А) балықшы

Ә) балық

Б) балықшылар

2. Сипаттау мәтінге қай сұрақ қойылады?

А) не үшін?

Ә) қандай?

Б) қанша?

 

3. Ұяң дауыссыздарды белгіле:

А)қ,к,ғ,г.

Ә)л,м,б,в.

Б)ж,з,б,в.


4. Мәтінге ат қой.

Бір күні Қожанасыр досына келсе, ол үйін тазалап жатыр екен. Қожа одан:

- Е, достым! Не істеп жатырсың? – деп сұрайды.

- Ә, Қожа екенсің ғой! Мынау ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр ем, - дейді досы.

- Қой, достым! Киім ескіргенімен, кітап ескірмейді. Кітаптың сырты ескіргенімен ішіндегі ақыл сөзі ескірмейді, - депті сонда Қожанасыр.

А) Қожанасырдың досы

Ә) Ескірген киім

Б) Кітап ескірмейді


5.Жалқы есімді тап:

А)Бөрібасар.

Ә)Қала.

Б)Ауыл.


 6. Пайымдау мәтіні деген не?

А) белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді.

Ә) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді

Б) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды.


7 .Сұрақ белгісі қойылатын сөйлемді тап:

А)Сабақтан кешікпе

Ә)Сабақтан кешіктің бе

Б)Сабақтан кешігуші болма


8. Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

А) ватқа.

Ә) граммдап.

Б)металдың.


9. Әңгімелеу мәтіні деген не?

А) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды.

Ә) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді.

Б) хабарлы сөйлем.


10. Бірыңғай жуан дауыстан тұратын сөзді табыңыз? 

А) көңілді .

Ә) қызғалдақ .

Б) жияды.


11. Мәтіннің түрлерін көрсет.

А) әңгімелеу, пайымдау, сипаттау.

Ә) қорытындысы, соңы, басы.

Б) басы, негізгі, соңы.


12. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай түрлерін белгілеңіз.
А) Жуан, жіңішке.

Ә) Үнді, қатаң.
Б) Ашық, қысаң.


13. Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. Оның көз алдына бет ұшында қарашықтай меңі бар, талдырмаш қара торы қыз елестеді.

А) сипаттау мәтіні

Ә) пайымдау мәтіні

Б) әңгімелеу мәтіні


14. –хана жұрнағын қандай сөзге жалғауға болатынын белгілеңіз.

А)су.

Ә)кітап.

Б) сұлу.

15.Туынды сөзді көрсетіңіз.

А) қарт.

Ә) сыйлау.

Б) бас.


16. Мәтінде ... мағыналық жағынан байланысқан.

А) сөздер.

Ә) сөйлемдер.

Б) дыбыстар.


17. Түбір-жұрнақ-жалғау жалғанған сөзді тап

А) жылқышылар.

Ә)диван.

Б) телефон.


18. Тиісті әріптерді қойыңыз:

Ша...матшы, мульт...ильм

А) Ш,х

Ә) Щ,з

Б) Х,ф


19. Пайымдау мәтіні деген не?

А) белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді.

Ә) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді

Б) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды.


20. Ә. Тәжібаевтің өлеңі не туралы?

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда ашылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, ме

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!