Материалдар / Қазақстан тарихы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстан тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл электронды жүйе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
234
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан
тарихы
(Орта ғасырлар)

Әдістемелік нұсқау
Жалпы білім беретін мектептің
6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал

Алматы “Мектеп” 2018

6

ӘОЖ 373(072)
КБЖ 74.266.31
Қ18

Учебно-методическое издание
Омарбеков Талас
Хабижанова Гульнара Болатовна
Қартаева Таттигул Ерсайыновна
Ноғайбаева Мендигуль Сагатовна
Қазақстан тарихы
Методическое руководство
Пособие для учителей 6 классов
общеобразовательных школ
(на казахском языке)
Редакторы Е. Жайнақов
Көркемдеуші редакторы Ж. Болатаев
Техникалық редакторы Л. Садықова
Корректоры Ж. Баймағамбетова
Компьютерде беттеген Г. Хаширова

Баспаға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
№ 0000001 мемлекеттiк лицензиясы 2003 жылы 7 шiлдеде берiлген
ИБ № /091
Басуға қол қойылды. Пiшiмi 70x1001/16. Офсеттiк қағаз.
Қарiп түрi “SchoolBook Kza”. Офсеттiк басылыс. Шартты баспа табағы .
Шартты бояулы беттаңбасы . Есептiк баспа табағы .
Таралымы дана. Тапсырыс №
“Мектеп” баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143
Факс: 8(727) 394-37-58, 394-42-30
Тел.: 8(727) 394-41-76, 394-42-34
E-mail: mektep@mail.ru
Web-site: www.mektep.kz

Қ18

Омарбеков Т. және т.б.
Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал.
Т.  Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғай­баева. —
Алматы: Мектеп, 2018 — 144 б.
ISBN

4306010600—041
Қ
404(05)—18

ISBN

ӘОЖ 373(072)
КБЖ 74.266.31
© Омарбеков Т., Хабижанова Г.,
Қартаева Т., Ноғайбаева М., 2018
© “Мектеп” баспасы, көркем
безенді­рілуі, 2018
Барлық құқықтары қорғалған
Басылымның мүліктік құқ­ық­тары
“Мектеп” баспасына тиесілі

Алғысөз
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет ретінде халықаралық қауымдастықта
мойындалуы Қазақстан азаматтарын отаншыл патриот етіп тәрбиелеудегі тарихи білім берудің маңызын арттыра түседі. Мектеп мұғалімдеріне ұсынылып
отырған әдістемелік нұсқау осы мақсатты жүзеге асыруда мұғалімнің
оқулықты, деректік материалдарды және көрнекілік құралдарды кеңінен
пайдалана отырып, оқушыларға тиянақты да, жүйелі білім берумен қатар,
оларды тарихпен тәрбиелеу жолдары да қарастырылған. ҚР Білім және ғылым
министрлігінің оқу бағдарламасына сәйкес жасалған бұл әдістемелік құралда
ортағасырлардағы Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін оқытудың оқуәдістемелік мәселелері нақты көрсетілген. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның
мемлекеттік мүдделерін қорғау мақсатында ортағасырлардағы мемлекеттер
тарихымен қатар бұрынғы тарихта екінші қатарға ысырылып келген мемлекет
құрушы қазақ халқының этно-әлеуметтік тұрғыдан халық ретінде қалыптасу
мәселелері де көтерілген. Мұнда Қазақстан тарихының VІ-ХVІІ ғасырларды
қамтитын аса маңызды тақырыптарын нақтылап оқытудың әдістемелік
жолдары мен принциптері көрсетілген. Жалпы білім беретін мектептің
6-сыныбына арналған Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы пәніне көмекші
әдістемелік нұсқауды әзірлеу барысында ортағасырлар тарихы кезеңіне
байланысты тарихи деректердің аздығы мектеп мұғалімдеріне әдістемелік
тұрғыдан қиындықтар туғызатыны ескерілді. Мұғалімдерге арналған бұл
әдістемелік нұсқау оқу үдерісінде қолданылатын оқу-әдістемелік кешенінің
бір бөлігі болып табылады. Әдістемелік нұсқаудың мақсаты — оқулықтағы
барлық тақырыптар бойынша оқушыларға түсінікті, қызықты да тартымды
сабақтар өткізуге бағыт бағдар беру. Мұғалімдер осы әдістемелік құралды
пайдалана отырып, оқушылардың ортағасырлардағы Қазақстан тарихының
күрделі мәселелеріне қатысты тарихи білімді тиімді де ұтымды игерулеріне
көмектесумен қатар, олардың оны тиянақты меңгерулерін қамтамасыз етіп,
олардың санасында отаншылдық және өздері өмір сүріп отырған мемлекетті
құрметтеу және бағалау сезімдерін қалыптастыруға, Қазақстан мүддесіне адал,
білімді және саналы азамат етіп тәрбиелеуге үлес қосулары тиіс.
Әдістемелік нұсқау бағдарламада көрсетілген тақырыптар тізбегі негізге
алынып, оқулық мазмұнына сәйкес жасалынды. Әдістемеде әр сабақтың
мақсаты, оның дамытушылық және тәрбиелік жағы, сабақтың түрі мен әдіс
тәсілдері, сабақтың мазмұны мен оны қорытындылау мәселелері, сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар, қосымша тапсырмалар әдістемелік тұрғыдан
мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал ететіндей бағытта берілді.
Әдістемелік нұсқауда берілген тапсырмалар мен оқытудың әдіс-тәсілдері
оқушылардың Отан тарихына деген ынтасын арттыруды, тарихи деректерге сүйене отырып, өзіндік ойлау және аналитикалық талдау біліктері мен
дағдыларын жетілдіруді көздейді.
Олай болса, іске сәт, әріптестер!

3

§ 1. Орта ғасырлардағы Қазақстан
тарихына жалпы шолу
Сабақтың мақсаты:
♦♦
V-ХVІІ ғасырларды қамтитын ортағасырлық Қазақстан тарихының үш
тарихи кезеңдерге бөлінетін дәуірлеріне сипаттама беріп, олардың мәнін
ашу.
Зерттеу сұрағы
Кіріспе сабақ. Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?
Оқулық
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу. 10–12 беттер.
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2-том.
Алматы. Атамұра. 2010.
Тірек сөздер
•• Түріктер
•• Арғы түріктер
•• Орта ғасырлар
Көрнекілік
Оқулықтың 11 бетіндегі үш дәуірді кезеңдеген кесте; Ортағасырлардағы
Қазақстан аумағындағы тайпалар мен қағанаттар және хандықтардың орналасуы бейнеленген карта, тарихи суреттер.
Мақсатты айқындау
Орта ғасырлардағы әрбір тарихи дәуірдің өзіндік саяси-әлеуметтік және
этникалық ерекшеліктері бар екендігін оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылық маңызы — Еуразияның далалық аумағындағы VI —
IX ғасырлардағы мемлекеттік құрылымдар — қағанаттар, ордалар және
хандықтар тарихы нақты мысалдармен, тарихи тұлғалар қызметтерімен
тығыз байланыста, арнайы оқытылып, дүниежүзілік тарихтың құрамдас
бөлігі ретінде ортағасырлық Қазақстан аумағындағы қағанаттар мен тайпалар тарихы түркі тілдес тайпалардың этникалық, саяси, мәдени және рухани
өміріне маңызды өзгерістер әкелгенін көрсету.
Тәрбиелік маңызы — Орта ғасырларда Қазақстан аумағында орын
алған саяси оқиғалар, түркі тілдес халықтардың миграциясы кейiнiректе
қалыптасқан қазақ тәрiздi көптеген түркi тілдес халықтарының тарихи тамырларын нығайтуға зор үлес қосып, олардың дербес ұлт ретiнде
түркiлiк келбеттерiн жоғалтып алмауларына айтарлықтай ықпал жасағанын
оқушыларға түсіндіріп, ортағасырлық қағанаттар мен тайпалар тарихын оқуға
сүйіспеншілігін арттыру.
4

Сабақтың деректік материалдары
Мұғалім көрнекілік картадағы түркі тілдес тайпалардың орналасу аумағы
мен қоныс аудару үдерісін баяндай отырып, түркі тілдес халықтардың
миграциясының Еуразия тарихына әсерін оқушыларға нақты түсіндіреді,
себептерін көрсетеді.
“Орта ғасырлар” деген атау дүниежүзілік тарих ғылымында адамзаттың
дамуының нақты кезеңдерін оқытатын пәннің атауы ретінде қабылданған.
Қазақстан тарихының ортағасырлардағы кезеңі де осы дүниежүзілік тарихтың
заңдылықтарын ескеру негізінде жасалған.
Білу: Барлық тарих ғылымы тәрізді орта ғасырлар тарихы да ең алдымен
тарихты жасайтын халықтың тарихын зерттейді және оқытады. Ұлы Дала
аймағында ежелгі мемлекеттерді құрған және өркендеткен қазақ халқының
арғы бабалары-түркітілдес тайпалар және олардың мұрагері болып саналатын қазақ халқының өзі болып табылады. Орта ғасырларда қазақ халқының
бабалары сондықтан да “Түріктер” деген атаумен тарих сахнасына шықты.
Бұл тарих біздің заманымыздың V ғасырынан бастау алады. Ұзаққа созылған
осы этникалық процесс ХV-ХVІІ ғасырларда қазақ халқының қалыптасуымен
аяқталды. Қазақ халқының арғы бабалары “Арғы түріктер” (“Прототүріктер”)
деген атпен мәлім болған сақтар, сарматтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар
тайпалық одақтары болып табылатын болса, ал V-VІ ғасырдың қиылысында
бұл халықтар түріктер, түргештер, оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар
деп аталатын әртүрлі этникалық одақтарға бірікті. Бұлардың жалғасы ретінде
тарих сахнасына жалайырлар, керейттер, наймандар, меркіттер, алшындар
тәрізді халықтардың жаңа бірлестіктері шықты.
Түсіну: Бұлардың барлығы “Алаш қауымдастығы” деп аталатын
халықтардың жаңа этно-әлеуметтік ынтымағын қалыптастырды. ХІІІ-ХІV
ғасырларда қалыптасқан бұл этникалық бірлестік “Алты сан Алаш” деген атаумен Ұлы Дала аумағындағы ірі-ірі тайпалық одақтарды біріктіретін болашақ
қазақ халқының алғашқы этникалық ядросын құрады. Осы одаққа топтасқан
және сүйенген рулар мен тайпалар біртіндеп ХV ғасырдың екінші жартысында
“Қазақ” аталатын халықтың негізін қалады. Егер орта ғасырларда өмір сүрген
жоғарыда аталған тайпалық одақтар және оларға туыстас түркітілдес тайпалар Ұлы Дала аймағында жаңа этно-саяси мемлекеттік жүйе — қағанаттар,
ордалар, ұлыстар мен хандықтар ұйымдастырумен белсенді түрде айналысқан
болса, бұл тарихи үдеріс біртіндеп қазақ халқының тұңғыш ұлттық мемлекеті
“Қазақ хандығын” ұйымдастыруға және қалыптастыруға алып келді. Қазақ
хандығында мемлекет құрушы халық — қазақ халқы болды. Сонымен қатар
орта ғасырларда қазақтардың бабаларының және өздерінің мекендеген
аймағының негізінен алғанда алғаш “Дешті Оғыз” (Оғыз даласы), онан соң
“Дешті Қыпшақ” (Қыпшақ даласы) және қазіргі кезеңде “Ұлы Дала” деген
атпен сипатталады. Бұл атаулардың алғашқы екеуі негізінен осы аймақты
мекендеген этно-саяси бірлестіктердің атауымен аталған болса және бұл атауларды осында мекендеген тайпалар емес, осы өңірге көрші аймақтарды мекендеген басқа халықтар берген болса, ал Ұлы Дала атауын Тәуелсіз Қазақстан
елінің алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан” атауына балама атау
ретінде ұсынған еді.
5

Қорытынды: Бір сөзбен қорытып айтар болсақ, орта ғасырлардағы
Қазақстан тарихы отанымыздың Ұлы Дала аталатын тарихи аймағындағы
орта ғасырларда қалыптасқан түркілердің мемлекеттік құрылымдарының
өткенін, моңғолдар билігі орныққан тұста елімізде қалыптасқан және дамыған
ұлыстар мен ордалардың өткенін, көшпелі және отырықшы мәдениеттің
ерекшеліктерін, қазақ хандығының қалыптасуы, хандығының құрылуы мен
нығаю тарихын оқытады.
Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас сабақ. Баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, оқушының шығармашылық
қабiлетiн дамыту.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл пәнді оқығанда әрбір тарихи дәуірдің өзіндік саяси-әлеуметтік және
этникалық ерекшеліктері бар екендігін ұмытуға болмайды. Сондықтан да
тарихымыздағы мемлекеттік құрылымдар — қағанаттардың, ордалардың және
хандықтардың тарихы нақты мысалдармен, тарихи тұлғалар қызметтерімен
тығыз байланыста, арнайы оқытылды.
Сабақтың жоспары
Оқытушы сабақ өткізу барысында оқушылар назарын төмендегідей
мәселелерге аударады:
1. Түркі дәуіріндегі Қазақстан (Біздің заманымыздың V-ХІІ ғасырлары).
2. Моңғол билігі дәуіріндегі Қазақстан (ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші
жартысы).
3. Қазақ хандығы дәуіріндегі Қазақстан (ХV-ХVІІ ғасырлар).
Бағалау парақшасы
Блум таксономиясы бойынша
р/с

Оқушының
аты-жөні

Білу

Түсіну

қолдану

талдау

жинақтау

Қорытынды
баға

Білу: 1. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы нені оқытады? — 1 ұпай
(нақты жауапқа)
Түсіну: 2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын оқытуда қандай кезең­
дерге бөлеміз, себебін түсіндіріңіздер. — 1 ұпай (нақты жауапқа)
Талдау: 3. Тест тапсырмасын орындау — 1 ұпай
Кері байланыс
Сабақ қызықты болды ма?
Нені түсінбей қалдың?
Менің сабаққа байланысты пікірім.
6

Қосымша тапсырма
1. Оқулық мәтінімен жұмыс.
2. VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан аумағындаға түркі тайпалары мен
қағанаттарының орналасуларын картаға түсір.
§ 2. Түрiк қағанаты (552—603 жж.)
Сабақтың мақсаты:
♦♦ 6.3.1.1 оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты
құрылуының тарихи маңызын анықтау;
♦♦ 6.3.1.2 VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси
процестерді түсіндіру;
♦♦ 6.3.2.2 Ұлы Түркі қағанатының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
анықтау;
♦♦ 6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда
“Ұлы Дала Елі” ұғымын қолдану.
Зерттеу сұрағы
VI-IX ғғ. билік құрған қай қаған ерекше есте сақталады?
Оқулық
Түрік қағанаты (552-603 жж.). 13–15 беттер.
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2-том.
Алматы. Атамұра. 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (очерк) Алматы.
1993.
Тірек сөздер
•• “түрік” этнонимі
•• Түрік қағанаты
•• Түрік қағандары
Көрнекілік
1. Түрік қағанатының бастапқы кезеңіндегі аумағы бейнеленген карта
(оқулықтың 14-беті).
2. Түрiк қағандарының қазiргi Қазақстан мен Орта Азия аймағын жаулау
жорықтары көрсетiлген карта.
3. Тарихи суреттер: Түрік қағанатының туы (оқулықтың 13 беті).
Мақсатты айқындау
“Түрiк” атауының қайдан шыққанын, оларды билеген Ашина деген әулеттiң
негiзiн қалаушылар кiмдер екендерiн, олар басқарған Түрiк қағанаты атты
мемлекеттiң қалай күшейгенiн анықтап беру және Алтай тауынан батыстағы
7

қазiргi Қазақстан орналасқан аймақтарды түрiктердiң қалай жайлағандары,
бұл мемлекеттi қандай қайраткерлердiң ұйымдастырып, нығайтқандары туралы оқушылар бiлiмдерiн толықтыру.
Дамытушылық маңызы — қазiргi Қазақстан мен бұрынғы Түрiк қағанаты
орналасқан аймақтарды өзара салыстыра қарау негiзiнде қазақтардың байырғы
ата-бабаларының тарихымыздағы маңызды орнын анықтай бiлуге көмектесу.
Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында ежелгi түрiктерге деген
құрметтеушiлiк және оларды мақтаныш ету сезiмiн қалыптастыру.
Сабақтың деректік материалдары.
Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалiмнiң ежелгi түрiктер туралы әсерлi де
қызықты әңгiмелерiмен басталады. Мұнда картаны қатар пайдалану негiзiнде
аңыз деректерге сүйене отырып, ежелгi түрiктердiң кiмдер екендерiн, олардың
оңтүстiк Алтай өңiрiнде күштi мемлекет ұйымдастырып, батыс аймақтарды
қалай және қашан жаулап алғандарын тартымды да түсiнiктi тiлмен баяндау
қажет. Сонымен қатар саяси дағдарыстардың, түрiктердi билеушi Ашина
әулетiнен шыққан қағандардың өзара билiкке таласқан жанжалдары Түрiк
қағанатын әлсiретiп, оның екiге бөлiнiп кетуiне алып келгенiн де нақты айту
керек. Оқушылар үш топқа бөлiнiп, оқулықтағы мәлiметтерге сүйенiп жұмыс
жасайды. Бiрiншi топ оқушылары ежелгi түрiктер туралы картадан олардың
алғашқы мемлекеттерi туралы және Ашина әулетiнiң алғашқы қағандары
күшпен бағындырған өңiрлердi анықтап, оларды оқу дәптерлерiнде нақтылап
көрсетедi. Мұнда оқушылардың әсерлi әңгiмелерi ежелгi түрiктерге деген
құрмет сезiмiн туғызуы, олардың қазiргi түркi тiлдес халықтардың, соның
iшiнде қазақтардың, байырғы бабалары болып табылатындарын айқындап
беру сипатында болулары тиiс. Екiншi топ оқушылары оқулықтағы қытай
деректерi және Орхон жазулары негiзiнде берiлген деректерге сүйене отырып,
ежелгi Түрiк қағанатын билеушiлер кiмдер болғандарын, олардың мемлекеттi
басқарған кезеңдерiн анықтайды. Оқытушының осы тарихи тұлғалар туралы
қосымша және әсерлi әңгiмелерiн басшылыққа алып, арнайы даярланған
оқушылар басқа әрiптестерiнiң ата-бабаларымыздың ерлiк iстерiне деген
құрмет сезiмiн оятады. Үшiншi топ оқушылары оқулықтағы бүгiнгi Қазақстан
аймағындағы ежелгi түркiлер жаулап алған өңiрлердi Түрiк қағанатының
алғашқы аумағы белгiленген картадан iздеп тауып, оны қазiргi Қазақстан
картасындағы мемлекетiмiздiң аумағымен салыстыра қарастырып, осылайша
бiздiң халқымыздың байырғы түркiлерге тiкелей тарихи мұрагер екендiгiн
өз беттерiнше түсiнуге қол жеткiзедi.
Әр топ өз тапсырмалары бойынша постер жасап, оны қорғау.
Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас. баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық
технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.
Сабаққа қатысты ескертпелер
„„ “Түрiк” атауының мағынасын анықтаймыз.
„„ Түрiк қағанаты қашан және қалай құрылғанын білеміз.
8

„„ Еуразия кеңiстiгiнде түрiктер үстемдiгiнің қалай орнағанын және оның
маңызы түсінеміз.
Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын
ұйымдастыруға негiз болады. Ол жоспар төмендегiдей болуы мүмкiн.
1. “Түрiк” атауының мағынасын түсiндiрiп берiңдер.
2. Түрiктер туралы қандай жазбаша деректер бар, атап берiңдер.
3. Түрiк қағанаты қашан және қалай құрылды?
4. Бумын және Мұқан қағандар туралы не бiлесiңдер?
5. Түрiк қағандары жүргiзген саясатының басты бағыттарын түсiндiрiп
берiңдер.
Бұл үшін балалар дәптер бетін екіге бөледі. Оларға алғашқы түрік
қағандарының ішкі және сыртқы саясаты жазылады.
Қағандардың ішкі саясаты

Қағандардың сыртқы саясаты

6. Еуразия кеңiстiгiнде түрiктер үстемдiгi орнауының маңызы неде?
7. Картадан Түрiк қағанатының аумағын көрсетiңдер.
Кері байланыс
Сабақ қызықты болды ма?
Нені түсінбей қалдың?
Менің сабаққа байланысты пікірім.
Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.
§3. Батыс Түрiк қағанаты
Сабақтың мақсаты
♦♦ Батыс түрік қағанатының қоғамдық құрылысындағы ерекшеліктерді
айқындау және бұл қағанаттың мәңгілік елге айнала алмай ыдырау
себептерін анықтау.
Зерттеу сұрағы:
Батыс Түрік қағанатының басқа мемлекеттік құрылымдардан өзіндік
ерекшеліктері қандай?
Оқулық
Батыс Түрік қағанаты (603—704 жж.). 16—19 беттер.

9

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. - 2 том. Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк)
Алматы, 1993.
3. Қазақстан(Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. Алматы, 2016.
Тірек сөздер
•• “Он Оқ елі”
•• БатысТүрік қағанаты
•• Дулулар одағы
Көрнекілік.
Оқулықтың 16 бетіндегі Батыс Түрік қағанатының аумағын көрсететін
карта. Кітаптар. Суреттер. Интерактивті тақта. Бағалау парағы.
Мақсатты айқындау.
Батыс Түрiк қағанаты атты мемлекеттiң қалай пайда болып күшейгенiн
анықтап беру және қазiргi Қазақстан орналасқан аймақтарды түрiктердiң
қалай жайлағандары, бұл мемлекеттi қандай қайраткерлердiң ұйымдастырып,
нығайтқандары туралы оқушылар бiлiмдерiн толықтыру.
Дамытушылық маңызы — қазiргi Қазақстан мен бұрынғы Батыс Түрiк
қағанаты орналасқан аймақтарды өзара салыстыра қарау негiзiнде қазақтардың
байырғы ата-бабаларының тарихымыздағы маңызды орнын анықтау.
Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында Қазақстан аймағындағы ежелгі
мемлекет Батыс Түрік қағанатына деген құрметтеушiлiк сезiмiн қалыптастыру.
Сабақтың деректік материалдары.
Оқушылар назары негізінен мына дерекке аударылады: Батыс Түріктерінің
билеушісі Түрік (Дулу) қағаннан кейін іле-шала таққа отырған оның інісі
Ышбара Теліш елді басқару ісіне реформа жасады. Қытай жылнамаларында
бұл туралы былай деп жазылған: 638 жылы “әуелде Батыс Түріктің Теліш
қағаны мемлекетін он ұлысқа бөліп, әр ұлысқа бірден ағаман тағайындап,
оларға бірден оқ берді де, мұны Он оқ деп атады. Одан соң сол — оң қанаттарға
бөлді. Сол қанатты Бес Түрік деп атап, оларға бес тай чор қойып, Суябтың
шығысына ірге тептірді. Оң қанатты Бес Нүшбе деп атап, оларға бес тай іркін
тағайындады да, Сұябтың батыс жағына орналастырды. Олар жалпылай Он
оқ деп аталды”.
Сабақтың барысы.
Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасайды: алғашқы топ Қазақстан
картасындағы Батыс Түрік қағанаты орналасқан аймақтарды анықтаса, ал
екінші топ бұл мемлекеттің неліктен “Он оқ елі” аталғанына байланысты
пікірлерін дайындайды.

10

Сабақтың түрі мен әдісі
Сұрақ-жауап баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу.
Пән аралық байланыс: география, археология.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақ жоспары:
„„ “БатысТүрiк” атауының мағынасын анықтау.
„„ Батыс Түрiк қағанаты қашан және неге құрылғанын білу.
„„ Оның кейінгі қазақ тарихы үшін маңызын түсіну.
Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын
ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6
қалпағы арқылы қорытындылау.
Оқушы
атыжөні

Топ
басшысы­
ның қойған
бағасы

Оқушының
өзінің өзіне
қойған
бағасы

Топтық
жұмысқа
қатысуы

Тапсыр­
маларды
орындауға
қатысуы

Бекіту
сұрақ­
тарына
жауабы

Қорытынды
баға

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.
Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.
Білемін

Білдім

Білгім келеді

§4. Шығыс Түрiк қағанаты
Сабақтың мақсаты
♦♦ Шығыс Түрік қағанатын кімдер құрғанын және оның түркі тілдес
халықтар тарихындағы маңызын анықтау.
Зерттеу сұрағы:
Шығыс Түрік қағанатының сыртқы саясатының негізгі бағыттары қандай
болды?

11

Оқулық
Шығыс Түрік қағанаты. 20-22 бет.
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк) —
Алматы, 1993.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. — Алматы, 2016.
Тірек сөздер
•• Шығыс түріктері
•• Суй әулеті
•• Суар қаған
•• Ел қаған (Ілік қаған)
Көрнекілік.
Оқулықтың 21 бетіндегі Шығыс түріктерінің тасқа қашалған таңбасы
және 21-22 беттегі ежелгі түркілер пайдаланған бұйымдар. Шығыс Түрік
қағанатының аумағын көрсететін карта. Кітаптар. Суреттер. Интерактивті
тақта. Бағалау парағы. Ұялы телефон.
Мақсатты айқындау
Шығыс Түрiк қағанаты атты мемлекеттiң қалай пайда болып күшейгенiн
анықтап беру және бұл мемлекеттi қандай қайраткерлердiң ұйымдастырып,
нығайтқандары туралы оқушылар бiлiмдерiн толықтыру.
Дамытушылық маңызы — бұрынғы Шығыс Түрiк қағанаты орналасқан
аймақтарды анықтау негiзiнде байырғы ата-бабаларының тарихымыздағы
маңызды орнын анықтау.
Тәрбиелiк маңызы — Шығыс Түрік қағанатына деген құрметтеушiлiк
сезiмiн қалыптастыру.
Сабақтың деректік материалдары.
Қытай жылнамаларынан алынған оқулықтағы мына деректермен
оқушылар жұмыс жасаулары керек: Шығыс Түрік қағанаты Орхон бойындағы
елді мекендерден шығыста таулы Хинганга дейінгі Моңғолияның орталық
және шығыс өңірлерін жайлап жатты. Екі мемлекеттің өзара қарымқатынасы аса тартысты болды. Әсіресе, VІІ ғ. ортасында осы екі бауырлас
ру-тайпалардан құрылған қағанаттардың арасындағы соғыс 16 жылға созылып кетті. Таққа жаңадан отырған түркі қағандары өздерінің билігін
сақтап қалуы үшін Қытайдағы Таң империясынан көмек сұрады. Олардың
императорының құқықтық және саяси қолдауына ие болуға тырысты. Осыны
пайдаланған Қытайдағы Таң империясы Жетісу жерін басып алып, таққа
өзінің ықпалында жүрген түрік қағандарын отырғызып отырды. Түріктер мен
Таң империясының арасында да оқтын-оқтын қақтығыстар және соғыстар
орын алды. Мұның өзі жаңа тайпаның — Түргештердің түріктер арасында
12

күшейіп, VІІІ ғ. басында Жетісудағы билікті қолға алатын тайпаға айналып
келуіне тікелей ықпал жасады.
Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды. Олардың бір тобы Шығыс
түріктерінің кімдер екенін анықтап, эссе жазады. Мұндайда оқулық мәтінін
пайдалану керек. 2-тобы Шығыс Түріктерінің Қытаймен қарым-қатынасының
неліктен күрделі болғанын анықтайды. Мұны төмендегі кестеде көрсетеді.
Шығыс
түріктерінің
саясаты

Олардың Қытаймен
қатынастағы мақсаты

Қытайды
билеуші әулет

Оның Шығыс түріктеріне
байланыс саясаты

Оқушылардың 3-тобы оқулықтың 21-22 бетіндегі мәтінмен жұмыс істеп,
ондағы Ел қағанның саясатына байланысты “Мен — Ел қағанмын” деген
тақырыпта шығарма жазады.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Ұйымдастыру.
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару.
3. Мәтіндерді тарату.
4. Топтың жұмысын қадағалау.
Сабақтың түрі мен әдісі
Жаңа сабақ.
Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын
ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6
қалпағы арқылы қорытындылау.
Оқушы
атыжөні

Оқушының
өзінің өзіне
қойған
бағасы

Топ басшы­
сының
қойған
бағасы

Топтық
жұмысқа
қатысуы

Тапсыр­
маларды
орындауға
қатысуы

Бекіту
сұрақ­
тарына
жауабы

Қоры­
тынды баға

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.
Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.
Білемін

Білдім

Білгім келеді

13

§ 5. Екін­ші Шы­ғыс Түрік қа­ға­на­ты
Сабақтың мақсаты:
♦♦ 6.3.1.2 VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси
процестерді түсіндіру;
♦♦ 6.2.3.1 көне түркі жазуының тарихи маңызын түсіндіру.
Зерттеу сұрағы
Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай
деректерден белгілі?
Оқулық
Екін­ші Шы­ғыс Түрік қа­ға­на­ты. 23–27 беттер.
Ресурстар
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2-том. Алматы.
Атамұра. 2010.
История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк) Алматы,
1993.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1-кітап. – Алматы, 2016.
Тірек сөздер
•• Ашина Құтлық
•• Тоныкөк
•• Білге қаған
•• Күлтегін батыр
•• Бөгічор Қа­па­ған қа­ған
Көрнекілік
Оқулықтың 24-бетіндегі көне түркілердің жазба ескерткіші, оқулықтың
25-бетіндегі Күлтегін ескерткіші, оқулықтың 27-бетіндегі Тонынкөк
ескерткіші. Екінші Шығыс Түрік қағанатының аумағын көрсететін карта.
Кітаптар. Суреттер. Интерактивті тақта. Бағалау парағы. Ұялы телефон.
Мақсатты айқындау
Екінші Шығыс Түрік қағанатының қалай құрылғанын, Ашына Құтлық
қағанның, Білге қағанның, Күлтегін батырдың Екінші Шығыс Түрік қағанатын
құрудағы және нығайтудағы рөлдерін, Шығыс түріктер мемлекеттігінің
қалай нығайғанын анықтау. Бұл істе Тоныкөктің және Білге қағанның тас
кешендеріндегі жазулармен танысу.
Дамытушылық маңызы — Екінші Шығыс Түрік қағанатының Орталық
Азияда қазіргі кезеңде өмір сүріп отырған түркі тілдес мемлекеттердің
қалыптасуындағы рөлін айқындау
Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында Шығыс түріктерінің мемлекетінің
және олардың қағандарынан қалған тас жазу деректерінің Қазақстан тарихы
14

үшін аса маңыздылығын ұғындыру. Шығыс Түрік қағандарының ерлік істері
негізінде оқушыларды отаншылдыққа, туған елін сүюге баулу.
Сабақтың деректік материалдары.
Тоныкөк және Күлтегін, сондай-ақ Білге қаған тас кешендеріндегі жазулар. Қытай деректері.
Сабақтың барысы. Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Ұйымдастыру. Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі. Олардың
алғашқы тобы Елтеріс Құтлық қағанның Шығыс Түрік қағанатын қалай
негіздегенін оқулықтағы мәтінге сүйене отырып “Мен – Елтеріс Құтлық
қағанмын” деген тақырыпта шығарма жазады. Оқушылардың екінші тобы
Шығыс Түрік қағандарының және олардың кеңесшісі Тоныкөктің қызметін
көрсететін кестені толтырады.
Тоныкөктің қызметі

Қапаған қағанның қызметі

Күлтегіннің қызметі

Оқушылардың үшінші тобы Екінші Шығыс Түрік қағанатының құлау
себептерін анықтап шығарма жазады.
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару.
3. Мәтіндерді тарату.
4. Топтың жұмысын қадағалау.
Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас, баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық
технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқытушы бұл сабақтың мәнін ашатын негізгі мәселе Шығыс түріктері
кешендеріндегі жазба деректер мен қытай жылнамаларындағы жазбаларды
салыстыра пайдалану екенін ескеруі керек.
Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын
ұйымдастыруға негiз болады. Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары
оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс.
Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.
Оқушы
атыжөні

Оқушының
өзінің өзіне
қойған
бағасы

Топ
басшы­сы­ның
қойған
бағасы

Топтық
жұмысқа
қатысуы

Тапсыр­
ма­ларды
орындауға
қатысуы

Бекіту
сұрақ­тарына
жауабы

Қоры­
тынды
баға

15

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жаздыру.
Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жаздыру.
Білемін

Білдім

Білгім келеді

§ 6. Көне түрік жазуы
Сабақтың мақсаты
♦♦ 6.2.3.1. Көне түркі жазуының тарихи маңызын түсіндіру.
Зерттеу сұрағы:
Екінші Шығыс Түрік қағанатын құрған және нығайтқан қандай тарихи
тұлғаларды білесің?
Оқулық
Көне түрік жазуы. 27-29 бет.
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк)
Алматы, 1993.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. Алматы, 2016.
Тірек сөздер
•• Руна
•• Орхон-Енисей жазбалары
•• Тастағы жазбалар
Көрнекілік.
Оқулықтың 28, 29 және 30 беттеріндегі көне түркілердің жазба
ескерткіштері. Орхон-Енисей жазбаларының сурет-альбомы. Кітаптар.
Суреттер. Интерактивті тақта. Бағалау парағы. Ұялы телефон.
Мақсатты айқындау.
Көне түркі жазуының түркі тілдес халықтардың тарихын жазудағы
маңызын және олардың ерекшеліктерін білу.
Дамытушылық маңызы — Түркі халықтарының бүгінгі мәдениетінің және
рухани жетістіктерінің негізі ежелгі түркі жазуларынан бастау алатынын
оқушыларға түсіндіру.
16

Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында түркі тілдес халықтардың, оның
ішінде қазақ халқының ежелгі заманғы рухани мәдениетіне деген құрмет
сезімін ояту.
Сабақтың деректік материалдары.
Руна жазулары. Орхон-Енисей жазбалары. Тастағы сына жазулар.
Сабақтың барысы.
Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі. Алғашқы топ руна жазуларының
әріптерін қазіргі әріптермен салыстырып, оның ерекшелігін анықтайды. Ол
үшін төмендегідей кестемен жұмыс істейді.
Руна жазулары

Қазіргі қазақ әрпі

Екінші топ Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің тізімін жасайды. Бұл
үшін Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріне байланысты слайдты пайдалану
керек. Үшінші топ түрік қоғамындағы Орхон-Енисей жазбалары табылған
аймақтарды картадан белгілейді.
Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас. баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық
технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқушылар Орхон-Енисей жазбалары түркі тілдес халықтардың ең алғашқы
жазба мұралары екенін ұғынуы керек.
Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын
ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6
қалпағы арқылы қорытындылау.
Оқушы
аты-жөні

Оқушының
өзінің өзіне
қойған бағасы

Топ
басшы­сы­ның
қойған
бағасы

Топтық
жұмысқа
қатысуы

Тапсыр­
маларды
орындауға
қатысуы

Бекіту
сұрақ­
тарына
жауабы

Қоры­тын­
ды баға

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жаздыру.
Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жаздыру.
Білемін

Білдім

Білгім келеді

17

§ 7. Түргеш қағанаты
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға “түргеш” атауының мағынасын түсіндіру және Түргеш
қағанатының Қазақстан аймағындағы Батыс Түрік қағанатының жалғасы
болып табылатынын түсіндіру.
Зерттеу сұрағы:
Түргеш қағанатының қашан және қалай құрылғанын және ыдырау
себептерін айқында.
Оқулық
Түргеш қағанаты (704-756 жж.). 30-32 бет.
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк)
Алматы, 1993.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. Алматы, 2016.
Тірек сөздер
•• Түргеш қағанаты
•• Сары түргештер
•• Қара түргештер
•• Үшелік қаған
•• Сұлу қаған
Көрнекілік.
Оқулықтың 31 бетіндегі Түргеш қағанатының мыс теңгелері, оқулықтың
33 бетіндегі Түргеш қағанатының аумағын бейлеген карта. Кітаптар. Суреттер.
Интерактивті тақта. Бағалау парағы.
Мақсатты айқындау
Оқушыларға түргеш атауының мағынасын түсіндіру, Түргеш қағанатының
мемлекет ретінде өзіндік ерекшеліктерін айқындау. Түргеш қағандарының
жат жерлік басқыншыларға — қытайларға және арабтарға қарсы ерлік
күресімен таныстыру.
Дамытушылық маңызы — Түргеш қағанатының картасын пайдалана отырып, оның бүгінгі Қазақстанның оңтүстік аймағындағы мемлекеттік құрылым
болғандығын, яғни қазақ мемлекеті тарихында алғашқы мемлекеттердің бірі
болып табылатынын түсіндіру.
Тәрбиелiк маңызы — Түргеш қағандарының туған жерді қорғауға байланысты жат жерлік басқыншыларға қарсы ерлік күрестерін баяндай отырып,
оқушылардың ата-бабаның ерлік дәстүріне деген құрмет сезімін ояту.
18

Сабақтың деректік материалдары.
Түргеш қағанатының мыс теңгелері. Түргеш қағанаты туралы қытай
деректері.
Сабақтың барысы.
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөлініп жұмыс істеуге жұмылдырады.
Алғашқы топ Түргеш қағанаты туралы жазба деректермен танысып,
қағанаттың әлсіреу себептерін анықтайды. Екінші топ Түргеш қағандарының
Қытайға және арабтарға қарсы ұстанымдарын айқындайды.
Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас. баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық
технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Түргеш қағанатының Қазақстан аумағындағы бір орталыққа бағынған
мықты мемлекет болғанын оқушыларға түсіндіру.
Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын
ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6
қалпағы арқылы қорытындылау.
Оқушы
аты-жөні

Оқушының
өзінің өзіне
қойған
бағасы

Топ басшы­
сының
қойған
бағасы

Топтық
жұмысқа
қатысуы

Тапсыр­
маларды
орындауға
қатысуы

Бекіту
сұрақ­тарына
жауабы

Қоры­
тынды баға

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жаздыру.
Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жаздыру.
Білемін

Білдім

Білгім келеді

19

§ 8. Атлах шайқасы
(751 жылдың жазы)
Сабақтың мақсаты:
♦♦ 6.3.2.3 Атлах шайқасының себептерін, барысын және тарихи маңызын
талдау;
♦♦ 6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау.
Зерттеу сұрағы
Атлах шайқасын “халықтар шайқасы” деп атауға бола ма?
Оқулық
Атлах шайқасы (751 жылдың жазы). 33–35 беттер.
Ресурстар
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2 том. Алматы.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!