Материалдар / Qazaqstandagi_aralas_ekonomika
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Qazaqstandagi_aralas_ekonomika

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы аралас экономика. 10-11 сынып/1 курс. Тарих пәні
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2021
347
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
АРАЛАС
ЭКОНОМИКА
Орындаған:Құлмырзаева Аяужан ЭБ11

Аралас экономика
◦ Аралас экономика — экономиканың мемлекеттік, кооперативтік
жеке меншік нысандарына негізделген шаруашылықты жүргізу жүйесі. Әлемде
Аралас экономиканың бірнеше типі қалыптасқан:
◦ өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания, ФРГ, Жапония, Франция сияқты елдер
постиндустриалдық Аралас экономикаға ауысуда;
◦ Шығыс Еуропа және ТМД елдері мемл. қоғамдық құрылыстан постсоциалистік
аралас қоғамға ауысуда. Бұл елдердегі түрлі нұсқадағы нарықтық экономикаға
ауысу оның даму дәрежесін әр түрлі қалыптастырып отыр;
◦ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жаңа индустриялық Аралас экономиканың
даму процесі жүруде және олардағы капитал нарығында мемл. бақылаудың
икемді формалары, өнеркәсіптің жаңа салалары дамып өркендеуде;

◦ Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына негізделіп, олардың өзара қарымқатынасы мен ықпалдасуына негізделеді. Елдің әлеум.-экон. дамуын жеке меншік пен
мемлекеттік меншік арасындағы қарым-қатынас, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен
алу және жекешелендіру процестері жеделдетеді. Дамыған елдерде көп нысанды
Аралас экономика сипаты басым және онда жеке меншік, мемлекеттік
меншік нысандарымен қатар муниципиалдық, кооперативтік, жалгерлік меншік түрлері
де дамыған. Аталған Аралас экономика түрлері аймақтық, ұлттық және жергілікті
жағдайларды, халықтың әр түрлі әлеум. топтарының мүмкіндіктері мен мүдделерін
ескеру үшін аса маңызды.
◦ Үндістандағы нарықтық өзгерістер Аралас экономикада өзіндік ұлттық ерекшеліктер
болатындығын көрсетті. Бұл елде инвестициялық жоспарлау мен оны ұтымды
орналастыру арқылы мемл. меншіктің алуан түрлі нысандары пайда болуда. Бірақ
капитал нарығы мен мемл. кәсіпорындар бәсекелестігінің нашар дамуы ойдағыдай
тиімділікке жеткізе қойған жоқ.
◦ Латын Америкасы елдерінде жекешелендіру қарқынына қарамастан мемлекеттік
экономикаға араласуы, макротұрақтандыру тиімділігін өсіріп, белсенді әлеуметтік саясат
жүргізу үстемдік алуда.

Қазақстанда
◦ Мұндай меншік түрлерінің Қазақстанда қалыптасып дамуы ел ерекшеліктері мен үрдістеріне
сай нарықтық экономиканы байытып, оның икемділігін бірте-бірте арттыруда.Қазақстанда
жарғылық капиталы біріккен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар да бар. Соның әсерінен
шетелдік және мемлекетаралық меншік түрлері дамуда. Аралас экономиканың басты
мақсаты — өндіріс пен байналыс жүйесінде, ғылыми-техникалық, инвестициялық және
сервистік салаларда дүние жүзі қауымдастық құрылымына ену. Аралас экономиканың
экономикалық стратегиясына кәсіпкерлік пен жеке адамдардың еңбек белсенділігін арттыру
және ынталандыру жатады. Қазақстан үшін басты стратегиялық бағытқа ел Президенті Н.
Назарбаевтың “Қазақстан — 2030” Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей,
◦ “Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз
ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етеді. Тұйықтық пен өз рыногын оқшаулау
әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрлықтар арасын әлдеқайда жылдам
жалғайды”Аралас экономика құрамындағы меншік иелері қызметін өзі орналасқан, елдің
заңдары мен нормативті құжаттарына сәйкес жүргізеді

Қазақстандағы жекешелендіру
◦ Бүгін де Қазақстандағы мемлекеттік иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық
бағдарламасы негізінен ресейлік үлгіні қайталады. Купондық жекешелендіру
мақсаты біздерді үміттендіреді әрбіреуі мемлекеттік мүліктің бір бөлігін алады
сөйтіп әркімнің ұлттық өнімді өндіруге қатысты болуы керек. Кәсіпорындардың
нарықтық құны өндірістің рентабельділігіне қатысты. Қазір өнеркәсіптегі
кәсіпорындардың үштен бірі, ауыл шаруашылығындағылардың жартысы
шығынмен істейді, қалғандарының біразы ретабелділігі төмен. Егер
рентабельділік өлшемімен қарасақ, Қазақстанның ИЖҚ – ларының құны нөлге
тең. Шығынмен істейтін кәсіпорындар олардың құрал – жабдықтары мен
қозғалмайтын қорлары, егер соңғыларын нарықтық бағамен сатсақ және түскен
қаржыны ИЖҚ – ның иелерінебөлсек арзан емес.

Қазақстандағы жекешелендіру
◦ Соңғы кезде Қазақстанда шетел капиталын қатыстыратын бірлескен кәсіпорындар
құру процесі кең қанат жолада. 1995 жылдың бірінші қаңтарында Республикада 2025
бірлескен кәсіпорындар тіркелді. Олардың экспорты 223,9 млн. доллар. Бірлескен
кәсіпорындар экспортының шикізаттық бағыты басым, экспорттың 98% — і шикізат
пен материалдар.
◦ Импорттың тауар құрылымында халық тұтынатын тауарлар үлесі 46% машина және
жабдықтар 28% шикізат пен материалдар 18%.
◦ Жаппай жекешелендіру тәсілін проблеманы шешудің ең әділетті жолы деп
жариялауда, өйткені ол жүзеге асқан жағдайда барлық азаматтар жекешелендірілген
мүліктен тең көлемде үлес алатын еді. Сонымен қатар реформаның бастапқы кезінде
жүздеген кәсіпорындардың акциясына баға белгілеу проблемасы болмас еді. Меншік
құқылығы экономикалық баға немесе талдаудан бұрын болатын еді.

Қорытындылай келсек...
◦ шетел инвестициясы қазіргі заманғы технология алдыңғы қатарлы басқару мен
маркетинг үшін қажет. Бірақ шетел капиталы арқылы өндірістің құрылымын және
оны басқаруды қайта құрамыз деген үміт негіссіз. Шетел капиталы ұлттық
экономиканың «ашықтығын», дүниежүзілік шаруашылық интеграциясына ендіру
жолы деп қарауы тиіс. Ол отандық кәсіпкерлердің нарықтық қатынастарға
бейімделу тәсілі, әлемдік өлшемге сәйкес шаруашылық қызметін реттеу әдісі
ретінде қарау керек. Аралас экономика құру барысында бұл ең маңызды мәселе.
◦ Мұнда басқа факторлардың орны ерекше. Осылардың ішінде адамдардың
жаңаны қабылдауы, экономикалық мінез – құлықы мен ойлау мәдениеті,
шеңберлігі. Сонымен қатар шетел капиталының нақтылығы мен несие ағымын
бақылау керек. Жаңа өндірістік қуаттарды жасау үшін өндірістік капитал, оның
заттай түрін импорттау тиімді.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!