Материалдар / Қазақстандағы экономикалық жағдай 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстандағы экономикалық жағдай 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы экономикалық жағдай туралы мағлұмат дайындау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2019
479
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: §40-41. Қазақстандағы экономикалық жағдай.

Күні:


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: XIХ ғасырдың екінші жартысында патшалы Ресейдің аграрлық саясатын, оның мақсатын, отарлаудың одан әрі күшеюін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушыларды сабақта өтілген материалды жүйелей білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: өз елін, жерін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топтық, жеке жұмыс

Көрнекілік: сызба нұсқалар, таратпа материалдар



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Жаңа тапсырманы жақсы түсіну үшін оқушылар алдында өткен материалдарды жете меңгеру керек. Сондықтан сабақты өткен материалды қайталаудан бастаймын.


II. Үй тапсырмасын сұрау:

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жерінің біріктірілуі

Түркістан генерал-губернаторлығы


Оқушыларға сызба нұсқа таратылады. Оқушылар ашық орындарды толтырады. Дұрыс орындаған оқушылар смайлик арқылы бағаланады. 3 минут уақыт беріледі.

Оқушыларды ортаға шығарып «Жақсы тілек, жылы жүрек» топтастыру. Оқушыларға бір-бір жүрекшелер таратылады. Оқушылар бір-біріне тілек айтып, жүрекшенің түстері бойынша топтасады. 4 – топқа бөлінеді.


III. Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

1 Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару.

2. Қазақ ауылының жағдайы.

3. Жаңа өндірістік орындардың дамуы.

4. Сауда және қалалар

4 – топқа тақырыпшалар бөлініп беріледі. Оқушылар оқып танысады.

«Дөңгелек үстел» әдісі бойынша оқушылар тапсырма орындайды. 7 минут уақыт беріледі.

Топтан үздік тапсырма анықталып, оқиды. Топты бағалайды.


Топқа тапсырма «Тарихи диктант»

I – топ Тарихи диктант

________________________________ патша нұсқауынан кейін Ресейде жаңа аграрлық реформаны жүзеге асыру қолға алынды.

____________________________ Қазақстанға қоныстандыру ісі басталды.

____________________________ Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс-украин шаруаларын қоныстандыру жаппай етек алды.

______________ “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” жаңа ереже қабылданды.

______________________ «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» жөнінде жаңа заң қабылданды.





II – топ Тарихи диктант

__________________ қазақ жеріне жаңа өндірістік қарым-қатынастардың тарала бастауы қазақ ауылының ________________________, __________________________әсерін тигізбей қоймады. Мал шаруашылығымен қатар ________________________________________________ етек ала бастауы байқалды.


Дәстүрлі көшпелі өмірге негізделген мал шаруашылығы _________________ жақын аудандарда, ______________________________________________________________облыстарында және басқа да өлкелерде сақталынды.

_________________________ қауымдық жерлерді зорлықпен басып алу саясатын жүргізуі, _________________________ басқару әдісінің күшеюі қазақ шаруалары арасында ______________

____________________________ .

_________________________________ маңайында орналасқан немесе көшіп-қонып жүрген қазақ шаруалары _________________________________ бастады.

___________________________________бастап кедейленген қазақтар күнкөріс _____________

________________________ тау-кен орындарына, _________________________________________

кәсіпорындарға тартыла бастады.

III – топ “Тарихи диктант”

__________________ 30-50 жылдарында қазақ жеріндегі _______________________ біршама анықталып, _______________________________жылдан жылға көптеп өндіріле бастады.

__________________________өз қаражатын Қазақстан сияқты _______________________________________________________мол өлкеге әкелді.

Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін ____________________________________ іске қосылып, ____________________теңіздерінде, _______________________балық аулау ___________________қанат жайды.

___________________ елдің басқа аудандарымен байланыстыратын ____________________

________________ салынды.

Успен кеніші, ______________________, Екібастұз, ______________________________бүкіл елге белгілі болды. Тау-кен орындарымен қатар _____________________________________ ұлғайды.

IV – топ “Тарихи диктант”

Ауылдың әлеуметтік және ______________________________________________, оны тауарға айналдыру _____________________________.

____________________________________орталық өнеркәсіпті аудандардан ____________________

__________________________________ бұйымдары да көптеп әкелінді.

________________ Бөкей (Ішкі) Ордасында _________________________жәрмеңке осы өңірдегі _______________________орталығына айналды.

Аса ірі жәрмеңкелердің бірі –__________________________________________________________

____________________1848 жылы ашылған жәрмеңке.

________________________________________басында қазақ жерінде 19 жаңа қала пайда болды.

Қазақ халқының саны түрліше ______________________________________шаруалар мен ауылдан қол үзген _______________________________________________________өсім есебінен қалыптасып отырды.


Топпен орындап, қорғалады

Оқушылар топты бағалайды.

Келесі тапсырма: «Екі шындық, бір жалған»

І - топ

1. Әуелгі кезде патша өкіметі қазақ өлкесін казак-орыс әскерлерінің күшімен қамалдар салып отарлауды жүзеге асырды.

2. Келімсектерге көшпелі қазақтардың жерін тартып алып беру, тұрақты қоныстарынан ығыстыра бастау, жергілікті қазақ ауылдарының мүддесімен ешқандай санаспаудың салдары байқалды.

3. Қоныстандыру саясаты, сонымен қатар Сырдария облысын қамти алмады.

ІI – топ

1. Дәстүрлі көшпелі өмірге негізделген мал шаруашылығы Сырдарияға жақын аудандарда, Орталық Қазақстанда, Бетпақдалада, Маңғыстауда, Семей, Ақмола облыстарында және басқа да өлкелерде сақталған жоқ.

2. Егін шаруашылығымен шұғылдану ауылды астықпен, тұқыммен тұрақты қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік берді.

3. Патша өкіметінің қауымдық жерлерді зорлықпен басып алу саясатын жүргізуі, отаршылдық-әкімшілдік басқару әдісінің күшеюі қазақ шаруалары арасында әлеуметтік жіктелуді тездетті.

III – топ

1. Қазақстанды елдің басқа аудандарымен байланыстыратын теміржол тораптары салынды.

2. Табиғат байлықтарының қауырт игеріле бастауы, ақша-тауар қатынастарының дамуы банк-кредит ұйымдарына жол ашты.

3. Сібірлік 75 сауда бөлімшесінің жиырмасы Қазақстанда қызмет етті.

IV – топ

1. Фабрикада жасалынған тауарлар ортаазиялық сапасы төмен майда бұйымдарды ығыстырып, олардың көшпелі қазақтармен саудадағы үлесін төмендетті.

2. Қазақстан аудандарындағы жағдайды салыстыра қарасақ, жәрмеңкенің басты дамыған өңірі

Семей облысы еді.

3. Ірі қоныстарда біртіндеп өнеркәсіп орындарының салынуы, жұмысшылар санының өсуіне және

Ұлттық құрамының өзгеруіне әсер етті.


Топта тапсырма орындалады. Қортындыланады.

Сергіту сәті: «Жұмыр қылыш»


IV. Сабақты бекіту:

Оқушылыр тақырыптан бір-бір сұрақ дайындап, сұрақтар қобдишасына салады.



V. Бағалау: Оқушылар өз топтарын бағалау парақшасына бағалайды.




VI. Үйге тапсырма: §40-41. Қазақстандағы экономикалық жағдай.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!