Материалдар / Қазақстандағы жастар саясаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстандағы жастар саясаты

Материал туралы қысқаша түсінік
для учеников
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
6941
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КіріспеБүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астында көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне жиырма төрт жылдай уақыт болды. Әрине қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалды десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұылстың, жалпы біртұтас елдің табиғи дамуының бірден –бір көзі – рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Әрине, қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде қалған емес екендігі барлығымызға да мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған өркениеттер тоғысында жетімсіреген күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек айқындауды талап етеді.Осы орайда, тығырықтан шығынсыз шығудың көзін табуда болашақ ұрпақ, қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қоса, олардың өз еліне, ұлтына, салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттырып, осы бағытта тәрбиелеудің маңызы зор. Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен есімізге жастар мәселесі, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы еске түседі. Олай болатыны, жастар жай ғана қоғамдағы адамдар санатының белгілі бір тобы ғана емес, олар – жас қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы мықты күш, халықтың ең белсенді тобы. Сондықтан да жастар мәселесі – еліміздің болашағы туралы мәселе.

  • Қазақстандық жастардың бүгінгі күнгі жағдайы


Жастар — бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Кенеттен емес, БҰҰ Мыңжылдық даму бағдарламасындағы негізгі шешуіші мәселе ретінде – жастар олардың қалыпты өмір сүруі, денсаулығы, тиімді еңбек етуі секілді мәселелер қозғалған. Қазақстанда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды. Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар- 14-29 жас аралығын қамтиды. Жастар саясатына берілген анықтама -мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi қызметінің аясы.Тарихта «тар жол, тайғақ кешу» жолдарында ұлттың өзін-өзі сақтауының бірден-ір жолы – осы ұлттың рухани потенциалы мен жалпы тұтастық идеясының сақталуы екендігінде дау жоқ. Бідің жас егеменді мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі факторы халықтың рухани байлығы, оның әскери күші, адамгершілік құндылықтары, білім, патриотизмі елдің тұтастығы болып табылады. Ал енді бұл құндылықтарды жастардың санасына орнықтыру мәселесін арастырмастан бұрын, алдымызда тұрған бірқатар сұрақтарға жауап табуымыз қажет. Атап айтқанда, қазіргі Қазақстан жастарының дәл бүгінгі саяси, құқықтық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық және рухани жай-күйі қандай? Себебі, бұл сұрақтарың шешімін таппай, жастардың патриоттық тәрбиесі туралы айту ерте. Әрине, бұл сұрақтарға нақты, әрі толық жауап табу үшін еліміздің мамандары жүргізген зерттеулер нәтижелеріне жүгіндік. Саяси тұрғыдан алғанда, Қазақстан жастарының бүгінгі демографиялық жағдайы олардың саяси аренада ықпалды субъект болу мүмкіндігін арттырады. Мәселен, сайлау науқаны сияқты саяси процестерде жастар категориясы жалпы халық арасындағы көпшілікті құрағандықтан тұрақты электорат болып табылады. Бұл өз кезегінде оларға деген биік өкілдерінің ерекше назарын тудыруы орынды. Жалпы, әлеуметтік-саяси ахуалды талдау көбінесе билік субъектілерінің бағалы пайымдаулар детерминантымен анықталды. Реформалар бағамын қолдау немес қарсыласу деңгейінің басым бөлігі саяси билік элитасының қолдау дәлелі немесе бағасымен түйіндес. Жастар мен билік арасындағы қарым-қатынастың дұрыс немесе бұрыс арнада дамуы жастардың билікке жақындау, яки олардың биліктен алшақтау тенденциясына алғышарт болды. Демек, жастардың ресми мемлекеттік идеологияны қолдауы да, қолдамауы да биліктің қолында екені анық. Ал бұл болса жас түлекер арасындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына тікелей әсері бар «сенім» феноменін туғызуда терең мәнге ие құбылыс болса керек. Мәселен зерттеулер көрсеткендей қазіргі кезде қазақстан жастары үшін Президенттен басқа жас ұрпақ өкілдерінің толық сенімін туғызатын ешқандай мемлекеттік әлеуметтік, экономикалық немесе саяси институт жоқ. Ал сенім болмаған жерде қандай патриотизм туралы айтуға болады. Жастар мен билік арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтайтын факторлардың келесі бір түрі – жастардың саяси шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы екендігін атап өткен жөн. Жастардың саяси мәртебесі олардың саяси күш ретінде қалыптасу, өзара әрекет немесе келісімпаздық шараларын құра білу, саяси билікке қол жеткізу мәселесі бойынша өзінің алдына мақсат қою және оның іске асыру мүмкіндіктерімен анықталады. Демек, демократиялық қоғам дамуының көрсеткіші ретінде тек қоғамдағы жастар санасының со қоғамда орын алған саяси шыдыққа әсері ғана емес, сонымен қатар, оның саяси өміріне тікелей қатысуы мен белсенділігін де жатқызамыз. Сонымен социологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан жастарының саяси құндылықтары жалпылай алғанда бірегейлігімен ерекшеледнеді. Яғни, жастардың санасында бастыс елдеріне тән жекелік, дарашылдық сияқты мінез-құлық байқалады. Басқа сөзбен айтақанда, әдеттегі өз басынан қоғамдық мүддені жоғары қоятын идеологияның орнына жастардың санасына біртіндеп либерализм принциптерінің орнығуы байқалады. Айталық, қазіргі республика жастарының құндылықты бағдарында осы кездегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен сабақтасқан прагматизм мен пракицизмның өсу үрдісі орнығып келеді. Мұндай тенденция жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесін шешуде бұрынғы тәсілдерге сүйенудің тиімсіз екендігін көрсетеді және жаңа талаптарға сай тәрбие жүйесін іздестіруді көздейді. Сонымен жоғарыда келтірілген зерттеулерді қорытындылай келе, Қазақстан жастарының көпшілігі қоғамдағы демократиялық процестерді қолдап, мемлекетіміздің өркендеуіне ат салысуға даяр екендігін атап өкен жөн. Осы социологиялық зерттеулердің мәліметінше қуантатын тағы бір жай – жастардың басым бөлігі 74,3 % өз отаным деп «Қазақстанды» көрсетіп, әрбір екінші жасөспірім өзін патриот деп санаған. Алайда, бұл мәселенің толық шешімі табылды деген сөз емес. Өйткені, жоғарыда атап өтілген «жағымсыз» факорлар желісі бүкіл жастарымыздың жартысына жуығын потенциалды «космополит», яғни рухани құлазуға дайын объект ретінде көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды – мемлекетімізде жастардың патриоттық сезімін дұрыс арнада реттейтін, отансүйгіштік, патриоттық рухын көтеретін толыққанды жалпы идеологияның әлі де жетіспейтіндей. Сонымен бірге, жастарымыздың құқықтық сана-сезімінің төмендегі өздерінің құқықтарын барынша пайдалана алмауы олардың кей жағдайда қылмыстық топтардың құрығына түсуіне жағдай туғызуда. Осындай жағдайда мемлекеттің негізгі міндеті- жастарға конституциялық құқық пен еркін азамат ретінде кепіл болу. Жастарды құқықтық тұрғыда қорғау мәселесі де бірқатар шешілген тәрізді. Қазақстан Республикасының Президентінің №73 жарлығымен 2009 жылдың 28-ші тамызында «Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2010-2012 жылдарға «Қазақстан жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген. Жастар әртүрлі қауымдастықтың әлеуметтік белгілеріне ие бола отырып, өмірдің стилі мен көркем бейнесінің материалдық жағдайларына, құнды бағдарларына қарай ерекшеленеді. Мұндай әртүрлі жастар тобының әлеуметтік жағдайы, олардың саяси түрде өз тағдырын өзі шешуі арқылы алдын-ала анықталынады.Қоғамдағы бастапқы процестер жастар қозғалысы мен жастар ұйымының басқаруымен болмай, мемлекет пен қоғамның басқаруында болатын жастар механизмін талап етеді. Қазіргі жағдайдағы жастар ұйымы мемлекеттік жастар саясаты есебінен жастардың толық қажеттіліктерімен, сондай-ақ түрлі әлеуметтік қажеттіліктерін тиімді өткеруге жететіндей бағытта болуы шарт. Жастардың құқығының сақталуы мен әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етуіне кім кепіл берсе, жастар соған ілеседі. Мәселен, Комсомолда олар: сол кездегі мемлекеттік биліктің барлық органдарынан, жастардың қызығушылықтары мен күнделікті мәселелерін шешуді талап ететін тұлғалар болған. Әрқилы тарихи кезеңдерде, кез келген мемлекеттік қоғамды «нарықтық» үлгіде түрлендірілген және оған сәйкес жеке тұлғаларды қалыптастырумен бірге жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесі қиындықтар туғызған. Оның ерекше келбеті – тәуекелге дайын болу, өз ісіне жауапкершлікпен қарау, экономикалық канъюктураны, яғни қазіргі кезеңдегі өмірге бейім ұрпақтарды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін, олардың қажетті ақпаратты жедел қабылдай алуында екендігі белгілі.

1.2. Жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени құндылықтарынығң өзгеруіҚандай мемлекет болмасын өзінің даму барысында басынан бірқатар өтпелі кезеңдерді өткізетіні белгілі. Бұл тарихи даму заңдылығы және ол барлық елдер үшін ортақ аксиома. Трансформациялану процесі немесе өтпелі кезең қиындығы сол мемлекет ішінде өтіп жатқан реформалардың деңгейі мен тереңдігіне байланысты. Міне, осындай құбылыс ұзақ жылдар бойы Кеңес Одағының құрамдас бөлігі болып келген Қазақстанды да айналып өтпеді. Жалпы қоғамдағы өзгерістер жайлы ой шерткенде, бірінші кезекте азаматтардың материалдық жағдайы туралы көп айтылып, олардың рухани құндылықтары шет қалатыны бар. Шын мәнінде, қандай да болмасын қоғамдық өзгерістер барысында өз қалпына қайта келуі қиын, әлсіз буын осы рухани сала болып табылады.Міне, дәл осылай Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан қоғамының, әсіресе жастар буынының дүниетанымы бірден өзгеріп шыға келді. Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының қалыптасуында кеңестік дәуірдегі жастардан кейінгі жастардың арасындағы рухани сабақтастық үзіліп, қазіргі таңда нарықтық экономикаға бейімделе бастаған тәуелсіз жаңа буын өкілдері өсіп жетілуде. Өз кезегінде соңғы жиырма төрт жылда Қазақстанда Республикасының экономикалық, қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістер қоғамның, соның ішінде жастардың да дүниетанымына әсерін тигізгені рас. Бүгінгі жас буынның бағыт-бағдары ертеңгі мемлекетіміздің кепілі болуымен қатар қоғамның прогресситі дамуына белгілі бір мөлшерде ықпал ететін әлеуметтік топ құру мақсатымен ұштасуы шарт. Жалпы еліміздегі қалыптасқан экономикалық және саяси жүйе жастардың құндылықтарын түбірінен өзгертті және де бұл өзгерістерге толыққанды оң баға беру әлі ерте. Дегенмен, тәуелсіз мемлкет, оның саяси және экономикалық институттарымен қоса жаңа буын өкілдері дүниеге кепіл өздерінің ерекше дүниетанымдық көзқарасымен, мәдениеімен, салт-санасымен жаңа ағымда өсіп жетілуде деген үміт те жоқ емес. Осы орайда қазақстан жастары жайында қазіргі қоғамда бірқатар сұрақтардың туындауы заңды. Атап айтқанда Қазақстан жастарының қазіргі жағдайы мен болашағы қандай болмақ? Қоғамның саяси өмірінде жастардың орны қандай? Жастардың патриоттық сана-сезімін қалай көтереміз? Болашақтың кепілі болатын жас буын өкілдерінің қазіргі қоғамдағы орны мен ролі қандай болуы керек? міне, осы және басқа да мәселелер дәл бүгін шешімін табу керек. осындай еліміздің баянды болашағы үшін өмірлік маңызы бар сұрақтар жоары мемлекеттік деңгейде, ғылыми тұрғыдан кешенді түрде зерттелініп, жастарды нарықтық заманда қорғай алатын біртұтас бағдарламалар мен құқықтық нормалар қабылдаудың қажеттігі туындайды. Әрине, бұл бағытта осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан атқарылған істер аз емес. Айталық мемлекетімізде «Жастар туралы» заң қабылданып, «Қазақстан республиасының жастар саясаты туралы» концепциясы және тағы басқа да мемлекеттік құжаттар, бағдарламалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда.Алайда, жастардың бүгінгі таңда қоғамымыздағы ең ірі әлеуметтік-демографиялық төл екендігін ескерсен, жоғарыда аталған шаралардың жеткіліксіз екендігін және де аталмыш проблеманың тиімді шешілуін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екендігін көреміз.Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктер ең алдымен қоғамның обьективті процестерінен туындап, болашақта жастар мәселесін қайшылыққа әкеп тіреуі мүмкін. Жастар – қоғамның саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық салаларынаң толыққанды қалыптасуына және оның тұрақтылығына ықпал ететін негізгі әлеуметтік-демографялық топ. Демографиялық даму жағдайында жастар мен қоғамның өзара қарым-қатынас еркін түрде өрбиді. Бұл мәселе өз кезегінде жастар мен қоғамның бір-біріне өзара ықпалы мен тәуелділігін айқындайтын фактор болып табылады.Демек, демографияның Қазақстандағы ертеңгі күні бүгінгі жастардың, ал олардың ертеңгі тағдыры қазіргі қоғамның қолында. Алайда, өз бетімен жүріп үйренген жас сананы жүйелендіру оңай шаруа емес. Себебі, жылдам уақыт аралығында өзгерген бұрынғы идеология мен рухани ұстанымдар, бірегей дүниетаным, әлеуметтік мәдени өзгерістер тікелей және жанама бос кеңістіктің орнын толтыру өтпелі кезеңде көптеген қиыншылықтар да ала келгені шындық.Оның үстіне мәселенің қиындығы белгілі бір бағдарламалар немесе жоспарлар жасаумен шешілмейді. Өйткені, қазіргі таңда кеңестік дәуірде өмір сүрген жастармен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жастары арасында рухани сабақтастық үзілген. Кеңестік жүйедегі қалыптасқан коллектевизимге негізделген мемлекеттік идеология бір мезетте құрымға кетіп, оның орнына «өз күніңдң өзің көр», яғни индивидуализмге бет бұру біршама қиындықтар туғызды. Демократиялық ашық қоғам құруға дайын болмаған қоғамда саяси мәдениет кенжелеп ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтары, кино клубтар талан таражға түсіп, ұстағанның қолында кетті. Қалалық жерлерде үлкен завод, фабрикалардың жұмыс істеуі қиынға соғып, тоқтағаны тоқтап, өндіріс ошақтарды жандандыру тежеліп, әркім өз күнін көруге бет алғаны бар. Бұл жай өз кезегінде қоғамдағы жұмыссыздықтың көбеюі мен бос жүрген жастардың иемдікке үйір болып, нашақорлыққа салыну тенденциясына әкеп соқты.Әрине, осындай жағымсыз ішкі факторлардың өршіп тұрған шағында жастардың патриоттық, ұлтжандылық, отансүйгіштік туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз еді. Өйткені, қиын-қыстау кезде патриоттық тәрбиеден гөрі, одан да «маңызды» экономикалық-саяси реформаларды іске қосу, жұмыссыздықты азайту проблемалары бірініші орында болғаны рас. 2.1 Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік мәселелеріЖастар саясаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде жастардың өсіп өркендеуін, азаматтық қалыптасуын алғышарттайтын құқықтық экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды құрып, нығайтуды қажет етеді. Бұл міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттеке ең алдымен концептуалдық құқықтық-нормативтік негіз жасау шарт. Міне, осы міндетті іске асыру бүкіл мемлекеттік жастар саясатының ойдағыдай жүруіне септігін тигізеді. Бұл міндеттердің неғұрлым ойдағыдай шешілуі, жастар саясатының тиімділігін соғұрлым арттыратыны анық.Жалпы Қазақстан Республикасының жастар саясатындағы әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін қарастырмас бұрын, жалпы жастар саясатының қалыптасу барысына талдау жасағанымыз жөн болады. Бұл жастар саясатының жалпы көрінісі осы саладағы шешілмеген сұрақтар буынының сипаты мен көлемін анықтауға мүмкіндік береді.Мемлекеттің көбінесе жастармен қарым-қатынасы басқа елдердегідей, жастар мәселесінің спецификалық шешімі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымдарымен ерекшеленетіні белгілі. Сондықтан да Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының қалыптасу және іске асу ерекшеліктерін осы салаға ретроспективті талдау жасау арқылы көре аламыз. 1990 жылдарға дейін жастармен жұмыс істеудегі көптеген функцияларды комсомолдың атқарғаны белгілі.Жастармен жұмыс істеу барысында комсомол саяси-әлеуметтік жүйенің барлық саласында өте жоғары тәжірибе жинақтағанын атап өтуіміз қажет. Жасөспірімдер патриотизмге, еңбекке, әділдікке, дене даярлығына тәрбиелейтін жастарды даярлау мен қайта даярлау жүйесі мүлтіксіз жұмыс істеді. Комсомолдың тарихи тәжірибесі мен нақты іс-әрекеті оның кеңестік қоғамдағы орны мен маңызын айқындап, жалпы алғанда жастардың рухани отрядтарын, оқушылардың өндірістік бригадаларын, жоғары кластардың еңбек және демалыс лагерлерін; «Золотая шайба», «Кожанный мяч», «Белая ладья» спорттық клубтарын; «Студент және ғылыми-техникалық прогресс» конкурстарын; қоғамдық мамандықтар факультеттерін; жас жазушылардың, композиторлардың, кинематографтар мен басқалардың отырыстарын; мәдениет, ғылым, техника, өндіріс және өзге де салаларда еңбек ететін жастарға сыйақы тағайындау сияқты тиімді түрлерін комсомолдың пайдалы жұмысы деп атауға толық негіз бар.Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы бір мақсатты – жас патриоттар буынын қалыптастыру, балалар мен жастарды шығармашылық еңбекке және Отанды қорғауға, өз елінің тарихы мен мәдениетіне шынайы сезімін, тәрбиелеуді көздегені рас. Мысалы, тек осы жастардың араласуымен ел ішінде жаңа қалалар, энергетикалық, әскери-өндірістік комплекстер құрылды, тың игерілді. Сондықтан бүгінгі жастардың патриоттық тәрбисіне комсомол тәжірибесінің берері мол деп есептейміз.Жалпы комсомолдың жастар тәрбиесіндегі орны мен маңызы туралы айтқанда, оның іс-әрекетінің біржақты болмағанын атап өтуіміз керек. Ол көбінесе мынадай факторлармен, яғни комсомолдың барлық іс-әрекетінің негізінде саясаттандыру және идеологизациялау жатқандығымен, жастарды демографиялық-әлеуметтік топ ретінде қатаң бақылауда ұстауымен ерекшеленеді.Тұтастай әлемдік тәжірбиеде жастар саясатын жүзеге асыруда екі модель басым еуропалық- онда жастар саясаты саласында мемлекет басым, англо-саксондық-жастар ұйымадары жұмыстарына мемлекеттің жүйелі түрде қатыспай оларға толықтай еркіндік беру негізінде жасалған.Халықаралық тәжірибені талдау нәтижесі Еуропа, ТМД, Америка, Жапония, Қытай, Индия және Турция елдерінде жастар саясатын іске асыру мен әзірлеудің әртүрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы көрсетті.Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады.Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн саналады. АҚШ тәжірибесі жастардың шешім қабылдауға ықпал ету деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында өзін өзі басқару органдарын дамыту көрсетілген. Сонымен қатар олар қажетті әлеуметтік, мәдени, коммуникациялы, басқарушы дағдыларды алу мүмкіндігін де береді. АҚШ-та жастар саясатының бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға мемлекеттік-жеке серіктестің үлгісінде жеке қайырымдылық ұйымдарын, коммерциялық секторларды тарту тетіктері белсенді енгізілген. Жастар саясатын іске асырудың жапондық тәсілдерінің негізі мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен өзара тиімді іс қимылы мен араларындағы жауапкершілікті нақты бөлу. Арнайы жастар орталықтарының, бюролары мен қызметтерінің жұмыс істеуін мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету әдістері кең қолданысқа ие. Сонымен, Турцияда ірі қалаларда ақпараттық және мәдени жастар орталықтары, Германияда жастар ақпараттық консультативтік бюросы қызмет етеді. Аталған орталықтар желілерге қосылған, қызмет көрсетудің стандарттық базасы, ақпарат алмасу және оны жаңарту желісі бар. Португалия мен Испанияда жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің қоғамдық-мемлекеттік қызметі енгізілген. Швецияда соңғы жылдары мемлекеттік органдардың қызметін тұжырымдау мен шешім қабылдау кезеңінде үйлестірумен айналысатын арнайы құрылым қалыптасқан. Ресейде жастар саясатын іске асыру әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша ірі жобалар жүйесі арқылы жүргізіледі. Соңғы жылдары федералдық және өңірлік деңгейде жастар саясаты басқармасы құрылымы нығайтылған. Қазақстанға қай моделді таңдау керек? Ең тиімдісі Жапония секілді екеуінде ұштастыра білу қажет. Еуропалық мемлекеттерінің басым көпшілігінде (Германия, Австрия, Ирландия, Ұлыбритания т.б) қаржыландыру аймақтық қажетіліктер бойынша орындалады. Оны Қазақстанда қолдану бойынша жастар әркелкі, мысалы Алматы, Астана секілді ірі қалаларда жастар көп шоғырланған оларға соған байланысты қаржыландыру да басым болу керек, ұйымдасыру сияқты әкімшіліктегі жастар саясаты мамандары да деңгейге сай болу қажет. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жастар саясаты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты болып отыр. Мәселен, «Қазақстан Респубикасының Жастар саясаты туралы концепциясы» 1999 жылы 28 тамызда қабылданған, оның мағынасын кең түрде ашатын, тұжырымдамалық- әдістік негізге сүйенетін 2004 жылы 7 шілдедегі «Жастар саясаты туралы заң» бар. Алайда, оның баптары не себепті толық орындалмайды ? Оның толық орындалмауы эффективті норамативті-құқықтық базасы жеткілкіті қамтасмасыз етілмегендіктен бе, қаржылық жетіспеушіліктен бе, қадағалаудың аздығынан ба секілді түрлі қырлары бар.Елбасы айтуынша, төрт базалық элемент – кәсіби жақсы білім, жақсы төленетін тұрақты жұмыс, отбасы құруға арналған жеке үйі, сала
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!