Материалдар / Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттық құндылығы 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттық құндылығы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттық құндылығы туралы қысқа мерзімді жоспар 6 сыныпқа арналған, әдіс-тәсілдер, жаңашыл методтар қолданылған, кері байланыс пен рефлексия жүргізіледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2021
1076
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп:

Сабақ тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттық құндылығы

Күні: 08.10.2020 ж.

Мұғалімнің есімі: Темирханова Айгерим

Сынып: 6

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

6.4.2.1 екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: - мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады;

-екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолданады;

Оқушылардың басым бөлігі: тыңдалым мәтінінен берілген мағлұматтың шын/жалған екендігін анықтайды;

Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмыс атқарады;

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  • мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады;

  • екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдана алады;

  • тыңдалым мәтінінен берілген мағлұматтың шын/жалған екендігін анықтай алады;

  • шығармашылық жұмыс атқара алады;

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары жүзеге асады.

Терминология: дәстүр, ой екпіні, ақпарат, шілдехана

Сөз тіркестері: Менің ойымша...., себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын...., қорыта келе,.......

Құндылықтарды дарыту

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру.

- еңбек пен шығармашылық;

Пәнаралық байланыстар

6 сынып «Қазақ әдебиеті » пәнімен пәнімен «Білу» секілді ортақ мақсатпен кіріктіріледі.

АКТ қолдану дағдылары

- сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Қазақтың салт-дәстүрлері жайлы мағлұмат айтады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру жұмысы. Оқушыларды түгендеу.

Жағымды ахуал қалыптастыру. «Сәлем сөздің анасы» әдісі

Мұғалім сөзі: «Әдептілік сәлемдесуден басталады» дейді дана халқымыз. Амандасу әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары. Амандасу –бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Сабағымызды салт-дәстүрімізді дәріптей отырып, бір-бірімізбен амандасудан бастайық.


Оқушылар бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіру арқылы көңіл-күйлерін көтереді, жағымды ахуал қалыптастырады.



Үй тапсырмасын «Аңшылық» әдісі арқылы тексеремін.

Үйге берілген тапсырма: Ғибратты сөздерде көтерілген мәселе бойынша нақтылау сұрақтарын құрастырыңдар. Тіркес екпінін анықтаңдар.


Нұсқаулық: «Аңшылық» әдісі – әр қатардан үш оқушы шығып, бір-біріне дайындап әкелген сұрақтарын қояды, әр дұрыс жауап үшін мұғалім тарапынан кез келген аңның суреті беріледі. Сурет көп жиналған оқушы жеңімпаз аталады. Жиналған суреттердің санына байланысты Қ/Б жүзеге асады және бұл бағалау түрі сабақтың өн бойында жүзеге асады.


Үй тапсырмасы қорытындалады.


Кері байланыс : Өте жақсы! Үй тапсырмасына жақсы дайындықпен келіпсіңдер. Тамаша!


















Ортасы





























Сабақ мақсатын айқындау, ашу.


Мұғалім сөзі: Оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттық құндылығы» болғандықтан барлық әдістеріміз соған негізделген. Бүгінгі сабақта сіздер:

- мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыруды;

- екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдануды үйренетін боласыздар.


Кіріспе бөлім.

Оқылым алды тапсырма (27-28 беттегі мәтін)

Оқылым тапсырмасы.

1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Жеке жұмыс (жазылым)

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыр.


Ықтимал жауап:

1. Дәстүр дегеніміз не?

2. Ұлттың ішкі-сыртқы келбетін көрсететін сипаттардың бірін ата.

3. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

4. Отбасында қандай дәстүрлерді ұстанасыңдар?


Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Дескриптор:

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады;


Саралау. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау жұмыстарын жүргіземін.


Қ/Б: «Аңшылық» әдісі жалғасын табады.

Кері байланыс: Жарайсыңдар, оқушылар! Салт-дәстүрімізді ұстанып, дәріптейтіндерін көрініп тұр. Берілген тапсырмалар сіздерге еш қиындық туғызбағанына көзім жетті. Нақты әрі пайдалы материалдармен таныс болдыңыздар. Алдағы уақытта осы алған білімдеріңізді толықтыру үшін бірнеше тапсырма орындайтын боламыз.



Негізгі бөлім.

Мұғалім сөзі: Келесі тапсырманы орындамас бұрын сіздерге ережені ұсынамын.


ЕСТЕ САҚТА!

Ой екпіні – сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы. Ой екпіні тұрақты емес. Мысалы, Бүгін әкем ауылға кетті. Әкем ауылға бүгін кетті. Бүгін ауылға әкем кетті.


Жазылым алды тапсырма. Үлгі бойынша ой екпінін өзгертіп, 5 сөйлем жазыңдар.

Жазылым тапсырмасы.

2-тапсырма. Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс.


Үлгі: Ертең біз тауға шығамыз. Біз тауға ертең шығамыз. Ертең тауға біз шығамыз.


Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Саралау. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау жұмыстарын жүргіземін.


Қ/Б: «Аңшылық» әдісі жалғасын табады.


Тыңдалым алды тапсырма. (Бейнебаян)

Тыңдалым тапсырмасы.

3-тапсырма. Айтылым

Тыңдалым мәтінінен берілген мағлұматтың шын/жалған екендігін анықтаңдар.


Ақпарат

Шын

Жалған

Қазаншегелеу қыс мезгілінде басталады.


+

Жастар жеке отбасы құрғанда жақын жуақтары келіп босаға майлайды

+


Көрімдік негізі жансыз нәрселерге беріледі


+

Байғазы жаңа үйге кіргенде беріледі


+


Дескриптор:

  • берілген мағлұматтың шын/жалған екендігін анықтайды;

  • интерактивті тақтамен жұмыс жасайды;

Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Үлгерімі төмен оқшыларға қолдау көрсетіледі.

Жазылым тапсырмасы. (шығармашылық жұмыс)

4-тапсырма.Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс.

Мұғалім сөзі: Сабағымызды қорытындылау мақсатында «Қазағымның салт-дәстүрлері» тақырыбында қысқаша ой-толғау немесе сурет салу.

Дескриптор:

  • тақырыптан түсінгендерін қорытындылайды;

  • оқушы қиялына ерік беріледі;

Кері байланыс: Жарайсыңдар, оқушылар! Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы. Сіздердің осындай қорытынды жасағандарыңыз менің көңілімнен шықты. Тамаша!

Мұғалім сөзі: Салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық. Осымен сабағымызды қорытындылайық.

Қ/Б: «Аңшылық» әдісі бойынша мұғалім қорытынды жасайды.














578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!