Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Материалдар / Қазақтың ұлттық киімін бисермен кестелеу.
2023-2024 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған
Қазақтың ұлттық киімін бисермен кестелеу.
Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: бисерді түсіне, пішініне қарай үйлестіріп қолдануды үйрету, бисер тігудегі білімін кеңейту.
Дамытушылық: бисерді тігу арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту, таңдау, түрлерін ажырату арқылы танымдық қабілеттерін жетілдіру, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: баланы ұқыптылыққа баулу, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Маңғыстау облысыБейнеу ауданы«Абай атындағы орта мектебі» КММ технология пәні мұғаліміБоранбаева СулушашТышканбаевна
Пәні: Технология Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімін бисермен кестелеу.Сабақтың мақсаты:Білімділік:бисерді түсіне, пішініне қарай үйлестіріп қолдануды үйрету, бисер тігудегі білімін кеңейту. Дамытушылық: бисерді тігу арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту, таңдау, түрлерін ажырату арқылы танымдық қабілеттерін жетілдіру, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.Тәрбиелік: баланы ұқыптылыққа баулу, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.Қолданылатын көрнекіліктер: бисер, бисерге арналған ине, жіптер, селдірмата, кергіш, жақтау қатты қағаз. Ұйымдастыру кезеңіСәлемдесу. Түгендеу. Оқушылардың көңіл-күйін бақылау. Назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру.(Өткен сабақты сұрақ жауап арқылы қайталау).Өткен сабақта бисерді қалай пайдалану керек екендігін үйрендік. Бисерлерді қандай тігіске болса да тізіп тігуге болатынын білдік. Ендеше қиялдарымызды жүзеге асыруға қорықпайық. Жаңа сабақБүгінгі біздің өтетін сабағымыз ұлттық киімдерді бисермен кестелеу туралы.Қазақтың ұлттық киімдері атадан балаға беріліп келе жатқан жүздеген, мыңдаған ұлттық шеберлердің еңбектерінің жемісін бойына сіңірген. Онда ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың қолөнерге жеткен жетістіктерінің негізгі принциптері сақталады. Басқа киімдер сияқты біздің ұлттық киімдеріміздің уақыт өткен сайын қоршаған ортаға байланысты негізгі формалары өзгеріп жетілдіріп отырады. Қазақтың ұлттық киімдері құбылмалы әшекейлермен кестеленген, кестелерінде қызыл түс басым болып келеді. Қазақтың біршама кең тараған ұлттық өрнектерінің сарыны мүмкін болатын комбинациядағы бұралып келетін мүйізді өрнектер. Ромб, айқыш, шынжыр тәрізді болып келген таңбалар берекені, молшылықты, мал басының көп болуын, жұттан басқа да пәле-жаладан аман болуын білдіреді.
(Қауіпсіздік ережесін оқушылардан сұрау).
Сергіту сәті (қара жорға биі)
Жұмыс барысы:
Айқыштап кестелеу үшін сұлба ретінде сурет таңдау.
Селдір матаны суреттің мөлшеріне қарай қиып алу.
Суреттің түсіне сай бисер дайындау.
Бекіту техникасымен сұлба бойынша кестелеу; сұлбаға сәйкес түстерін тексере отырып, жіпке бисерлерді тізу. Бисерді тізіп болғаннан кейін инені жұмысшы жіппен бірге терістеме жағына алып шығып, жіпті тарту, содан кейін инені 2-3 бисер көлеміндегі арақашықтықта кері бағытта түйреу, бисер тізілген тізімді іліп сабақтағыш инені қайта терістеме жағынан шығару. Жұмысшы жіп бисерлерді қатты қысып ұстайды. Қатар аяқталғанша осылай қайталанады.
Кестенің терістеме жағынан шеттерін қатырма қағазға желімдеу.
Дайын кестенің өң жағын жақтаушаға салу.
Қорытынды:
- Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?
Бағалау.- Оқушылар сендер бүгін барлығың өте жақсы жұмыс жасадыңдар.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз