Материалдар / Қазақтың ұлттық тағамдары және ертеден келе жатқан тұрмыстық бұйымдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақтың ұлттық тағамдары және ертеден келе жатқан тұрмыстық бұйымдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу іс-әрекетіміздің мақсаты: А) Білімділік: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары және көнеден келе жатқан бұйымдары туралы білімдерін кеңейту. Б) Дамытушылық: Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту. В) Тәрбиелік: Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Наурыз 2022
337
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ








Тақырыбы:

«Қазақтың ұлттық тағамдары

және ертеден келе жатқан

тұрмыстық бұйымдары»



Орындаған:

Мұғалім-логопед: АбдижамиеваА.С.










Ақшұқыр ауылы- 2022жыл

Оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары және ертеден келе

жатқан тұрмыстық бұйымдары. 


Оқу іс-әрекетіміздің мақсаты:

А) Білімділік: Наурыз  мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары және көнеден келе жатқан бұйымдары туралы білімдерін кеңейту.

Б) Дамытушылық: Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

В) Тәрбиелік: Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.


Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Сөйлеуді дамыту.

Әдіс-тәсілі:  Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілік: Наурыз мерекесіне арналған киіз үй жабдықтары, шаңырақ, кереге, оюлы текемет, ағаш,темір сандықтар, оюлы баулар, қазақы нақышта тігілген қоржын, домбра, түрлі-түсті асықтар,диірмен, шоқ самаурын, келі-келсап. Бауырсақ, наурыз көже, шұбат, балқаймақ, құрт, ірімшік, тары, талқан. т.б.


Оқу іс-әрекетіміздің барысы:

Жер әлемді жайнатақан,

Наурыз тойын тойлатқан.

Ұлы ұстың ұлы күні

Наурыз той құтты болсын.

Наурыз –көктем мен жаңару мерекесі. Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды меркелердің бірі. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. 

Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.

Бұл мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпенділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі.

Наурыз мейрамында қар жауса Амалдың ақша қары жауады деп айтылады.

Жылдың қай мезгілі балалар? Көктем мезгілі.

Көктем айларын атайықшы? Наурыз. Сәуір. Мамыр

Наурыз айында қандай мерекелер аталып өтіледі? Наурыз мерекесі.


Жылулық шеңбері:


Кел балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Наурыз келді тамаша

Асық ойнайық таласа.


Наурыз мейрамында әр үйде наурыз көже және қазақтың ұлттық тағамдары жасалады, адамдар бір-бірінің үйінен дәм татады.

Ұлттық тағамдарға: бауырсақ, наурыз көже, шұбат, балқаймақ, құрт, ірімшік, тары, талқан тағыда басқа тағамдар жатады.Наурыз көжені тойып ішу кажет. Дастархан басында жастар үлкендердің батасын алған.


«Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң да жол болсын!» деп бата берген.


Жұмбақ

  1. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.       (дастархан)


  1. Үсті тас, асты тас

Ортасында піскен ас. (таба нан)



Ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарымен танысамыз. Бұлар: Қол дирмен, шоқ самаурын, келі-келсап.


Қол диірмені - екі үлкен қыша тастан жасалаған. Ортасында бидай салатын үңгісі бар. Бұрын біздің әжелеріміз дәмді күлше нан пісіру үшін қол дирменін қолданған. Диірмен өте ауыр. Диірменді қолдану үшін көп күш керек.


Келі мен келсап - тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын қатты ағаштан жасалаған құрал. Ағаш келінің екі түрі болады: тақта келі және шұңғыл келі. Шұңғыл келі тарыны қаралау, ақтауға пайдаланса, ал тақта келіні жармалап ұнтақтауға қолданады.

Шоқ самаурын — суды отынмен немесе электр қуатымен қайнатуға арналған  ыдыс. Қазақтар отынмен қайнатылатын самаурынды пайдаланған.  Су  құйылатын резервуардың ішіне  темір түтік орнатылады. Отын сонда жанады. Су, шай қайнатуға арналған тұрмыстық бұйым.

Сергіту жаттығуы: «Жанұя»

Бас бармағым - атам үйдің данасы,

Балаң үйрек әжем – ошақ анасы,

Ортан терек әке – отау панасы,

Шылдыр шүмек анам –шаңырақ ажары,

Кішкентай бөбек мен –бәрінің базары.


Наурыз мерекесі қашан аталып өтіледі?

Наурыз күні қандай тамақ пісіреледі?

Қандай қазақтың ертеден келе жатқан бұйымдарын білесіңдер?

Өте тамаша, жарайсыңдар балалар.


Қорытынды:

Күтілетін нәтиже: Наурыздың көктем мерекесі екенін, наурызда табиғат оянып, тазалық жұмыстары жүргізілетін ұғынады.

Білуі тиіс: . Қазақтың ұлттық тағамдары мен ертеден келе жатқан бұйымдары.

Түсінігі: Күн мен түннің теңелуін түсіну.

Көрсете білуі: Қазақтың ұлттық тағамдары мен ертеден келе жатқан бұйымдарымен танысып көрсетуі.


Балалар сіздерге оқу іс-әрекетіміздің ұнады ма?

Жарайды балалар, сау болыңыздар!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!