Материалдар / Қазіргі әлемде кәсіпқой болу оңай ма? Бұған не кедергі және не ықпал етеді?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазіргі әлемде кәсіпқой болу оңай ма? Бұған не кедергі және не ықпал етеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық – ол адам өмірінің басты наны. Себебі,болашақта өзін және отбасын асырауы үшін, өз елінінің дамуына үлес қосуы керек. Әр адам бала күнінен өзінің қалаған мамандығын армандап, сол мамандық иесі болғысы келетіні анық. Ал сол мамандықты дұрыс таңдауға өз қызуғышылығының болуы, болашақта жақсы маман иесі болуына ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде саны бар, сапасы аз оқу орындары жоқ емес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2023
203
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

«Қазіргі әлемде кәсіпқой болу оңай ма? Бұған не кедергі және не ықпал етеді?»


Алпысбай Әлия Темірханқызы, Түркістан облысы,

Ордабасы ауданы, "Қарақұм" жалпы орта білім

беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Мамандық – ол адам өмірінің басты наны. Себебі,болашақта өзін және отбасын асырауы үшін, өз елінінің дамуына үлес қосуы керек. Әр адам бала күнінен өзінің қалаған мамандығын армандап, сол мамандық иесі болғысы келетіні анық. Ал сол мамандықты дұрыс таңдауға өз қызуғышылығының болуы, болашақта жақсы маман иесі болуына ықпалын тигізеді. 
Қазіргі кезде саны бар, сапасы аз оқу орындары жоқ емес.

Мамандарды даярлау барысында оқыту, материалдық жабдықтар барлығы білім алушының жағдайын қанағаттандыруы керек. Өзінің қалаған мамандығы болуға келген білім алушы кейде оқу орындарының өзінің қалағандай оқытпауынан, көңілі толмай сол мамандыққа деген ынта жігері басылып қалады. Кейде оқу үшін оның барлығы қажет емес ниеттің болмауында деп жатады.

Қазіргі заманда білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың маңызы зор. Қазіргі заман балалары кішкентай кезінен-ақ телефонды өздері басқарып, мультфильмдерін қарап отыра береді. Сол сияқты кәсіпқой маман болу үшін де сол саланың азда ғана болса шет жағасын білу жеткілікті. Жұмыс жасау барысында кейде біз білім алған ақпараттар керек емес болып жатады. Адам баласы үйрене келе бәрін біледі. Кейде сол жұмыстан хабары болмасада қолының икемділігі, ойының жүйріктігінің арқасында кәсіпқой маман иесі болып жатады.

Кәсіпқой маман ол білімін үздік бітіруде емес, іс-тәжірибе жүзіндеде мықты маман екенін дәлелдеу. Қызығушылық пен өзіне деген сенімділік қазіргі білім алушылардың басты міндеттері болуы шарт. Кейбір білім алушылар мамандықтарын өзге жанның ықпалымен таңдап, ол мамандықтан мүлде хабары болмай 4 жылдық уақытын зая кетіреді.Сол үшінде қазіргі ақпараттық технологиялар заманында барынша мамандықтар туралы ақпараттарды кеңінен таратып,бағыт-бағдар беру қажет.

Заман талабына сай өмір сүру керек деп жатамыз ғой, заманға сай жаңа мамандықтар қажет. Қазіргі жастарға шетел тілін білу, компьютерді жоғары деңгейде қолданып, оның әртүрлі бағдарламаларын игеру талап етіліп отыр. Яғни инновациялық озық технологияларды жоғары деңгейде меңгерген, нанотех­нологияларды игерген, компью­терлік бағ­дар­ламаларды құрас­тырушы мамандар - заман талабына сай пайда болып жатқан ма­мандықтар.

Елімізде нанотехнология саласы қолға алынып жатыр. Бұл сала информатика, физика, химия тәрізді ғылымды жетік меңгерген, біліктілігі мол мамандардың бірлесе отырып жұмыс істеуін керек етеді. Нанотехнология дамыса, онымен бірге химиялық биология, ­биотехнология өріс алады. Өйткені олар бір-бірімен тығыз байланыс­ты.

Кәсіпқой маман - бұл өз жұмысы үшін ақша алатын адам. Иә, ол өз жұмысын неғұрлым жақсы істеген сайын, соғұрлым көп ақша алады деп ойлауға болады. Көпшігімізді ата-аналарымыз осылай тәрбиелейді. Бұның да дұрысы да, бұрысы да бар. Көп нәрсе адамның қандай ортада жұмыс істейтініне байланысты. Себебі, кедей елде бәрінен де жақсы жұмыс істеп, көк тиын алуға болады, ал бай елде жұмысты нашар жасап, кедей елдің кәсіпқой маманы тіпті мұндай әлсіз кәсіпқойдың көп алатыны туралы ойланатындай ақы алуға болады. Бұл туралы көп айта беруге болады, бірақ арнайы білімсіз бұл әңгіме ерекше пайда әкелмейді. Одан да тақырыбымызға оралайық.

Қарапайым тілмен айтқанда, кәсіпқой маман 2 қосындыдан тұрады. Бұл қатаң және икемді (soft-skills және hard skills) кәсіби қасиеттер мен дағдылар.

Қатаң кәсіби қасиеттер мен дағдылар адамда туғаннан бастап, өмір бойы қалыптасуы мүмкін. Мысалы, адам керемет дене күшімен дүниеге келді. Бала кезден бастап құрдастарынан қандай да бір спорт түрінде асып түседі. Мысалы, футболда. Әлбетте, бұл артықшылық әртүрлі жағдайларда пайдалана алатын сипатты қалыптастырады. Мысалы, жаңа таныстарды алаңдағы мықты қасиеттерін көрсету үшін футбол ойнауға ынталандыру немесе қандай да бір жағдайларда командалық өзара әрекеттестік дағдыларын пайдалану.

Мұндай адамның доппен жұмыс істеу дағдысын икемді кәсіби дағдыларға жатқызуға болады. Доппен ойнауды сіз іс-жүзінде кімді болса да үйрете аласыз. Бірақ нәтиже әркім үшін әр түрлі болады. Айырмашылықты түсінесіз бе? Тіпті ең тәжірибелі және мықты жаттықтырушы, ешкімді кәсіби футбол ойыншысы ете алмайды. Ол үшін адамда қажетті қатаң кәсіби қасиеттері мен дағдыларын дамыту қажет.

Демек, мамандықты өзіңіздің мықты жақтарыңыздың негізінде таңдаған дұрыс екені жөнінде бұдан бұрын айтылған болатын. Ал, енді, ең бастысы - жақсы оқу орнын таңдау деген пікірлермен қалай санасуға болады? Сол оқу орнына түс, ол жерде жақсы оқытады, сенен күшті кәсіпқой маман шығарады дегендей.

Сонымен, кәсіпқой маман дегеніміз кім?

Заман өзгерген сайын кәсіп түрлері де, маман сапасы да өзгеру үстінде. Өкінішке орай, кейбір маман иелері тек ақша үшін ғана жұмыс жасайды. Ал кейбір мамандар өз істерін өмірлік миссия ретінде бағалап, кәсіпқой маман болуға ұмтылады. Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай деп ойлаймын. Себебі жаңа технологиялар арқылы, ғаламтор арқылы шексіз мүмкіндіктерге қол жеткізе аламыз. Ең бастысы – дұрыс ниет пен айқын мақсат болса болғаны.

Әрине, кәсіпқой маман болу барысында адам түрлі қиындықтарға тап болып, соларды жеңумен арпалысады. Қиындық арқылы адам өседі, тәжірибе жинап, кәсіпқой маман иесі болуға бір қадам жақындай түседі. Мәселен, мұғалім болып жұмысқа тұрған кезде бәрі берден сені жақсы көріп, жоғарғы жалақыны бере салмайды. Ең алдымен адам өзінің шеберлігін дәлелдеп, тәжірибе жинағаннан кейін ғана ортасында сыйлы болады. Яғни, кәсіпқой маман болу үшін түрлі қиындықтар мен тәжірибелерден өту міндетті.

Адам өмірінде дұрыс шешім қабылдауды қажет ететін, қателікті кешірмейтін сәттердің бірі – мамандық таңдау. Мамандықпен бірге өмірлік жолыңды, болашағыңды таңдайсың, сондықтан жауапкершілігі орасан зор. Кәсіпқой маман болу үшін өз ісіңді жан-тәніңмен сүйе білуің керек. Себебі ақша, мансап секілді ниеттер ұзаққа бармайды. Ұзаққа апаратын – ісіңе деген махаббат пен сүйіспеншілік.

Осы орайда, санамызда «Кәсіпқой маман болуға не кедергі келтіреді?» және «Кәсіпқой маман болуға не ықпал етеді?» деген сұрақтардың туындары мүмкін. Шынында – ақ, ойланып қарасақ кедергілер жетерлік. Тіпті оларды топ топқа бөлуге болады: бірінші кезекте барлық адамда болатын кедергі болса (адамда хромосомалар санының ауытқуына байланысты болатын хромосомалық аурулары), ал екіншісінде тек кейбірінде болатын кедергі. Бұл жерде менің айтқым келетіні кедергілер жетерлік, тек әр адамда әртүрлі, кейбіреуінде бірдей.

Мысал ретінде ең басты кедергі – материалдық жағдай деп келтірсек болады. Неге десеңіз, жоғары оқу орнында оқып, қалаған мамандығына түсу үшін ақшаның керектігі айтпасақ та белгілі. Ал мемлекет көптеген жастардың оқуын өздері төлеп береді. Бірақта барлығын емес, тек грантқа іліккендерді ғана. Ал ілікпегендер өз қаржысынан оқиды. Міне осы кезде олар көптеген жастар қате жолды таңдайды, оқуды тастап қана қоймай, жеңіл ақша табу үшін казино сияқты жерлерге барып, қарызға белшесінен батады.

Ал екінші кедергі ата-ана тарапынан болады. Неге десеңіз олар баланы жастайынан дәрігер, полиция бол деп тәрбиелейді. Жастарымыз оқу соңында мамандық таңдау барысында ата-анасының қалаған пәнін таңдайды. Бірақта бұл көптеп кездеспейді. Кейбір жандарда ғана кездеседі.

Ал үшінші кедергі жанындағы адамдарға байланысты болады. Егерде адам жанына надан, арсыз, еріншек, мақтаншақ, оқу оқымайтын, жаман әдеттерге үйір жандарды жанына жинаса, ол адамның болашағынан еш үміт жоқ. Міне, кәсіпқой маман болуға ненің ықпал ететін жоғыра да айтып өттім.

Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізімін де айтып өттік. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар.

Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты.  Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. 

Сіздермен пікір бөлісе отырып байқағанымыздай, жастардың көбі кәсіптік мамандықтарға қызыға қоймайды. Неліктен олай? Қайта қоғам қажет етіп отырған зәру мамандықтарды игеруге жастарымыз көбірек баруы керек емес пе? Сұранысы төмен мамандыққа оқып, жұмыс таба алмай отырған жақсы ма, әлде белгілі бір кәсіпті меңгеріп, өз ісінің шебері атанып, өмірде өз жолын тапқан жақсы ма?

Біз екіншісін қолдаған болар едік.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!