Материалдар / Қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде балаларды музыкалық тәрбие арқылы дамытудың актуалды мәселелері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде балаларды музыкалық тәрбие арқылы дамытудың актуалды мәселелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға арналған өзекті мәселер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2018
949
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде балаларды музыкалық тәрбие арқылы дамытудың актуалды мәселелері.Абдыкадыров Асхат АбдыкадыровичМузыка жетекшісі КМҚК №22 балабақшасы «Құлыншақ» Сәтбаев қаласы.

1.Кіріспе (актуалдығы)Қоғамдағы заманауи талаптарға сай болып жатқан өзгерістер, кеңінен еніп жатқан жаңашыл технологиялар педагогиканың барлық деңгейлеріне әсерін тигізді. Соның ішінде музыка тәрбиесі де сырт қалған жоқ. Музыка тәрбиесі бала дамуына оң әсерін тигізеді: эмоционалды қабылдауы, ойлауы қалыптасады, қоғамда болып жатқан өзгерістерге тез көндігеді, өнердегі және музыкадағы сұлулықты бағалауды үйренеді. Музыкалық тәрбие беру процесінде ұлттық фольклорды, жергілікті салт– дәстүрлерді қолдану – сәбилердің бойына ұлттық мәдениетті енгізу, музыка өнері жайлы алғашқы түсінігін қалыптастыру арқылы еліміздің мәдениеті мен өмірі жайлы мағлұмат беру, өскелең ұрпақтың бойында маңызды өзгерістер қалыптастырады. Мектепке дейінгі мекемелердің басты міндеті – тәрбиеленушілерді халық музыкасымен етене таныстыру: сол арқылы қоғам қажеттіліктеріне жауап беретін құндылықтар мен мәдени мұраларды сіңіре отырып оның бойында шығармашылық бастамасы мен саналы белсенділігін дамыту болып табылады. Баланың музыкалық тәрбиесінің негізін мектепке дейінгі жастан бастау қажеттігі -қазіргі заманғы ғылыми дәлелденген теория. Музыкалық қабілетін дамыту үшін тәрбиеленуші музыкалық ырғақты сезініп, эмоция алуы, музыкалық жанрларды ажырата білу тәжірибесі болуы тиіс. Музыка мен қоғам өзара қандай тығыз қарым – қатынаста болса, тәрбиеленуші де қоғамнан оқшауланып қалмай біте қайнасып, бірге дамиды. Оның музыкалық дамуы да қоғаммен қатар дамиды. Сондықтан да бойына қоғамдық ақпаратты көп сіңірсе, солғұрлым музыкалық аймағы дамып, қалыптасады.

2. Материалдар мен зерттеу әдістері:Қазіргі кездегі мектепке дейінгі мекемелердегі музыкалық тәрбие беру жұмысы музыкалық тәрбиеге арналған арнайы бағдарламаларды қолданумен қатар, ұлттық фольклорды, халықтық салт – дәстүрлерді енгізу арқылы іске асырылады. Әр тақырып аясында халық өнерінен шым –шымдап болса да, мағлұмат беріп, жас өркеннің бойына ел тарихын сіңіру, болашақта халқын дүниежүзіне танытар азаматтарды тәрбиелеудің қайнар көзі болып табылады. Бөбектерге музыка әлеміндегі дүниежүзіне танымал шетелдік музыка шығармаларымен қатар, қазақ ұлтының көне музыкасымен, қазіргі заманғы балаларға арналған шығармалармен таныстыру – музыка маманының басты міндеті. Баланың ерте бастан ұлттық өнер мен мәдениетке еркін бойлауын ұйымдастыру –музыка жетекшісінің басты бағыттарының бірі. Жас ұрпақ көпмәдениетті ортада өмір сүріп отырғандықтан, балалар бір – бірінің мәдениетін тану барысында полимәдениетті білімді игереді. Полимәдениетті білім шағынэтникалық мемлекеттердің жоққа шығарылуына қатысты басымдылық алуда. Қазақ мемлекетінде музыка тәрбиесі ұлтаралық интеграция мен жас ұрпақты қатар өмір сүріп отырған халықтардың мәдени құндылықтарын, салт – дәстүрлерін өзара сыйластықпен қарауға бағытталған. Музыкалық тәрбие беруде музыка тәрбиесіне арналған бағдарламадан ауытқымай, балалар музыкалық іс – әрекетінің барлық түрін қолдануға акцент жасау қажет. Бағдарламаның барлық талаптарын сақтай отырып, қосымша сабақтар жүргізу: бөбектердің бойында эстетикалық талғам мен өнер мен өмірдегі сұлулықты терең түсінуді қалыптастырады, музыка сабақтарының сапасы мен тиімділігін арттырады. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерін, қажетті материалдармен қамтамасыз етіп, жаңа әдістерді қолданып, өзінің жеке бастамасымен музыкалық тәрбиесін жетілдіруге қол жеткізуге болады. Музыка тәрбиесінің бір бөлігі балалар аспабында ойнау. Неміс композиторы Карл Орфтың балғын жастағы балаларға арналған «Балаларға арналған музыка» жүйесін қолдану музыкадағы импровизация мен қарапайым музицирования процесіне әкеледі. Бұл жүйені қолдану балалардың қиялын, шығармашылығын, импровизациясын дамытады.

3. Нәтижелер мен талқылаулар: Өкінішке орай, қазіргі қолданылып жүрген мектепке дейінгі мекемелердегі мемлекеттік бағдарламаларда музыка тәрбиесіне арналған білім қоры ішінара өңдеуді қажет етеді. Оның ішінде қазақ тілді топтарға арналған музыка қоры толықтыруды қажет етеді. Осыған орай музыка маманының қиындықтары туындайды. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арналған қазақтың ұлттық аспаптары жоқтың қасы. Заманауи технологиялардың дамыған заманында, көп көмекті ғаламтордың берері мол. Десек те, әрбір жаңа ілім балғын баланың санасында визуальді берілгені ұтымды болары анық.Өскелең ұрпаққа қазақ халқының салт – дәстүрі, өнері жайлы жастай ұғым беру –қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі. С.Қалиевтің еңбектерінде көрсетілгендей: баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелемей, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле деген халқымыздың аталы сөзі осы уақытқа дейін мәнін жоғалтпай келеді.Бұл бағытта оқу– ағарту саласында жасалып жатқан жұмыстар болғанмен, мардымсыз. Халқымыздың мәдени – тарихи мұрасын жаңғырту, этнопедагогиканы дамыту, дәстүрлерді сақтау – өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қозғаушы күш болып табылады. Жасырын емес, балабақшалардағы музыкалық репертуар жаңартылмаған, музыка сабақтарында кеңестік үкімет жүйесі тұсындағы, сол уақыттың идеясын уағыздайтын әндер мен жырлар орындалады.Әрине, қолданылып келген музыка қоры сол кездің дүниежүзіне атақты сазгерлерінің ұлы мұрасы екеніне ешкімнің таласы жоқ. Бірақ, демократиялық жолға түскен жас үкіметімізді ұлағаттайтын, жеткіншек ұрпақтың бойына ұлттық өнерді себелейтін жаңа әндер мен саздардың қажеттілігін де жоққа шығаруға болмайды. Қандай да бір маңызды іс– шараны өткізу барысында қолайлы репертуар табу музыкалық білім беру жүйесінің қызметкерлері үшін үлкен қиындық тудырады. Мектепке дейінгі мекемелердегі қазақ тілді топтарға арналған музыка қоры жеткіліксіз. Қолданылып жүрген музыкалық шығармалар қазақ халқының сан қырлы өнерінің қыр - сырын ашып жеткізе алмайды. Сазгерлер балаларға арналған әндерді бір бағытта ғана шығарады, эстрада жанры басымдылық алады. Ал, дәстүрлі халық әндері уағыздалмайды, көне музыкалық орта мен қазіргі уақыт арасындағы байланыс үзілген. Ертеректегі музыкалық шығармалар орыс тілінде шығарылып, қазақ тілінде білім алатын балалар мекемелері сол репертуарды, тек, қазақ тіліне аударып қолданған. Аудармалар сапасыз, қазақ балаларына түсініксіз болатын. Кейбір музыка қызметкерлері өздері балалар әндерін шығарған. Бірақ бұл тұйықтан шығудың шешімі емес еді. Қысқаша айтқанда, бұл 90 жылдардан басталған музыка тәрбиесіндегі тежелістен бастау алды.

4. Қорытынды: Қазақ мемлекетінің балаларға музыкалық білім беру жүйесін бір қалыпқа келтіріп, ұйымдастыру жұмыстарына өзгерістер енгізетін кез келді. Біліктілігі жоғары музыка қызметкерлерін дайындауды жоғары деңгейге қою, музыкалық білім беру қызметкерлерін іріктеуді қатаң қолға алу, қазақ балалар сазгерлері мен авторлары арасында мақсатты түрде бағытталған түрлі шығармашылықты дамытуға арналған конкурстар өткізуді дәстүрге айналдыру қажет.Тәуелсіз жолға түскен жас мемлекетімізді ұлағаттап, дүниежүзілік музыка әлеміне танытуға бағытталған әдістемелік құралдар мен музыкалық шығармаларды мезгілдік шығарып таратуды қолға алу жұмыстарын жолға қою керек.







Әдебиеттер:

  • К.Орф, Балаларға арналған музыка – 1935.
  • С. Қалиев, Қазақ халқының салт – дәстүрі – Алматы,1994.
  • Қоянбаева Г, Халқын сүйген - салтын сүйер - Бастауыш мектеп, 1996, №2-18 
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!