Материалдар / Қазіргі заман мұғалімі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазіргі заман мұғалімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестермен ой бөлісу мақсатында жариялап отырмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
262
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек.Алматы облысы Райымбек ауданы «Көлсай » кәсіптік техникалық колледж әдіскері Қуанышбек Зейітов Сәпінұлы Қазіргі заманда ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, тәлім -тәрбие беруден жалықпайтын, еңбекқор , шығармашылығы мол, парасатты ұстаз керек. Тәуелсіз ел атанып ,төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың , елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне , сапалы білім алуына да мықты көніл бөлінуі қажет. Балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық ұлттық тәрбие беретін адам болуы шарт. Оқушыларды Отанын сүюге , адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық пен инабаттылыққа, салт- дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу - әрбір ұстаздың парызы. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс- тәжірибесінің шыңдалып қалыптасуына байланысты. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім –тәрбиенің маңызы зор. Мұғалім жан-жақты жетілген, білімді, әдістемелік шығарма-шылығы мол ,халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сананы, қарым-қатынас түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Сонымен қатар алдына қойған мақсатына жету үшін өзінің күш-қайратын, ерік-жігерін жұмылдырып, шыңдауы тиіс. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты , ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. Кәсіби даярлық, эстетикалық педагогтік қарым-қатынастың маңызды шарты болып табылатын психологиялық даярлықты меңгеруі керек. Осындай дағдыларды меңгерген мұғалім ғана заман талабына сай, оқу- тәрбие жұмыстарының міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыра алады. Елбасы: Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары.Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе , Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Болашақта біздің жастарымыз саналы , парасатты, білімді боларына сөзсіз сенемін. Себеебі, сыни көзқарасы қлыптасқан , сындарлы ойлай білетін жас ұрпақ біздің кемел болашағымыздың тірегі болады деген ойдамын.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!