Материалдар / "Қиын балалардың психологиясы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қиын балалардың психологиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
қиын балалармен жұмыс жасайтын мамандарға, психолог, дефектолог, ата-аналарға тиімді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
336
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қиын балалардың психологиясы.»

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қыркеңсе ауылы

213 орта мектептің педагог-психологы

Тлеулиева Ләззат Пернебайқызы

«Қиын оқушы –бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік – жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы» -деп В.В.Трифонов өз зерттеулерінде көрсеткендей, балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан коп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, жолдастарымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жие кездестерімез. Бұл оқушылар «Қиын балалар» , «Мінез құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленушілер» қатарына жатқызады.

Қиын бала деген кім? Қиын баланы пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.

Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зертеулерінде қиын балалардың мінез –құлық тарихын мектеп , отбасылы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін анықтады. Бұл балаларға былайша мінездеме береді ; объективті көз қараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай ,ол мұғалімнің жұмысынын жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынандай онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғаліммен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. Г.А.Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға» үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазірге кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірінғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етеді.

Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлге:

1 Әлеуметтік формадағы антиқорғандық мінез-құлқы тән балалар .

2 Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман , эмоциялары бұзылған, агрессивті ,қатыгез әрі кекшіл балалар.

Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік –биологиялық факторлармен байланыстырды.

Ал, И.А.Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбейтін мейірімділік, көрмеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болуын себептерін анықтағанда, біріншіден, отбасындағы тәрбиеге ал еіншіден, мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңәл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолг ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ , оқушылардың мінез –құлқындағы қиындықтардың пайда болуы себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:

  1. Отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;

  2. ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;

  3. қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.

Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын тым еркелетіп өсіріп жатыр десекте қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық мадақтаумен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамай-ақ көзге түскісі келеді , мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып , өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сондықтан «қиын бала қайдан пайда болды?» деген сұраққа жауап бермес бұрын, отбасымыздағы ерлі –зайыптылар зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынасты ретке келтіріп алғанымыз сияқты. Алайда , бұрынғы ата-бабамыз мұра етіп қалдырып кеткен от басындағы баланы тәрбиелеу жүйесін қайта жаңғыртатын болсақ, қателеспеген болар едік. Бұл қоғамдаға отбасындағы көптеген мәселелердің шешілуін біраз жеңілдететіні сөзсіз деп ойлаймыз.

Сонымен балалардың мінез құлқындағы қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден , отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.

Бала мектепке келген кезден бастап оқушы-мұғалім және оқушы арасында қарым -қатынас қалыптаса бастайды.бұндай қарым –қатынасты орындау оқушыға бастапқыда қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық балаларға қойылатын талаптарыда, көз қарастары да бірдей болу керек. Дегенмен де , кейбір мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және сүйікте емесоқушылары да болады. Бұл мұғалімнің оқушылар мен қарым –қатынас орнатуын аса қиындатады. Өйткені мұғалім өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып, колдап отырады, ал қалған балалар қаншама тырысқанымен шет жақта калып:

«Мен қанша тырысып айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер қалыптасып, оқушылардың оқу мутивациясының төмендеуіне әкеледі.

Д.Б.Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келегнде оның ойында оқға деген қызығушылық әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылығы біртіндеп қалыптасадыдеген.

Белгілі ғалым Л.С.Выготский былай деп жазған: «Қызығушылық –бала қылығын етермелеуші күш. Баланың іс –әрекеті оның органикалық қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандайда бір іс-әрекетке шаұырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтына көз жеткізу керек. Сонда ғана тұлға іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып және бағдарлап отырады».

Мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білім беру жіне тәрбиелеу үшін де қажетті, өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамыту керек. Ал оқушының оқуға қызығушылығын тудыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен карым-қатынасына , олардың әрекеттерін дұрыс қйымдастыруына қарай құрылады.

Бала білімінің бастапқы іргетасы бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш сыныпта сабақтың бір элементтерін түсінбеуі оқуда қиындық тудырады, ал оқу бағдарламасы сыныптан сыныпқа ауысқан сайын күрделене береді, бұл баланың оқу үлгерімі нашарлап ,сабақтан қашу, сабаққа келмеу және т.б. әрекеттеріне арқылы көріне бастайды.

Г.М.Минковский, Л.М. Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н.Кудрявцев зерттеулерінде қиын балалардың басым көпшілігі мектептегі оқуда қиындықтарға кезігіп , оқу бағдарламасын дұрыс менгере алмай, ұжымнан тысқара қалып қалған балалар,- деп атап көрсетеді.

Белгілі ғалымдар Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынасты, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксприменттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы ғылымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ , бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда басымрақ байқалады деген.

Мінез –құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады;

1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;

2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, және басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С.Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.

Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г.Баженов, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенова, А.М.Қарабаева, И.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В.Лысенко, Л.К.Керимов және т.б. еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік –педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің мінез-құлықтарын, өзіндін және жеке жұмыстарын ұйымдастыру, мектепке деген ықпалын күшейту, отбасындағы белсендікті арттыру , ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудін әр түрлі жолдарын көрсетті.

Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе, кінәлі ата-аналар мұғалңмдер не тәрбиешінің тәрбиесі деп сынайды. Тәрбиенің түп негігі бала дүниеге шыр етіп келгеннен кейін басталады. Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос уақытында не істеп жүргенін , ұайда барып, немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі қаншама. Сонымен бірге , өсіп келе жатқан жас ұрпақ сыпайылық , мейірімділік танытпай, қатыгездігібайқалып жатса, «Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен үйреткен емеспін» деп таң қаламыз. «Не ексең, соны орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған, балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік аса қажет деп ойлаймыз.

Қоғамда болып жатқан өзгерңстерге байланысты, балаларды заманымызға сай етіп оқытып, тәрбиелеу үшін педагогтарға кәсіби және жеке тұлғасына талаптар қойылады (жоғары білімді, ізденімпаз, жаңашыл, креативті және т.б.) . Педагогдың жұмысы табысты болу үшін әрбір баланың психологиясын жақсы білуі тиіс. Егер де бала мұғалімнің тілін алмай жатса, бұл қиын бала деген жансақ пікір қалыптасып, психолгтін кәбинетіне баруды нұсқайды. Бірақ та бұл жағдайда бала мүлдем қиын бала емес шығар, мәселенің түк тамыры педагогтың өзінің жеке басына қатысты болуы мүмкін, яғни, педагог оқушылардың психологиясы туралы ақпараттардың таяздығынан оқушылармен жымыс істеуде бір шама қиындықтарға кезігеді. Сондықтан кез келген педагог «Қиын бала кім?» , « Қандай балаларды қиын балаларға жатқызуға болады?» « Қиын балалармен атқарылатын жұмыс түрлері» және жалпы қиын балалар туралы ақпаратты білуге міндетті. Ол үшін педагог – психолгпен бірлескен іс-рекетте жұмыстар атқарып педагогтың психологиялық білімін жетілдіруі тиіс. Жоғарыдағы ғалымдардың зерттеулерінде айтылып кеткендей, қиын баланың пайда болуы отбасы және мектеп тәрбиесі мен байланыстырады. Сондықтан қағам, мектеп және от басы үйлесіп, бірігіп жұмыс істеген де ғана жұмысымыз тиімді болатына еш күмәнім жоқ. Демек, баланы жан-жақта дамыған , еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбилеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісіміз болмақ.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!