Материалдар / Қ.Жұбанов мұралары ұрпаққа үлгі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қ.Жұбанов мұралары ұрпаққа үлгі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қ.Жұбанов мұралары,Жұбановтар ұрағы туралы деректер берілген туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
462
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өткізген:Сарсенова Гульзия Елубаевна

4.09.2020

Дөңгелек үстел

«Қ.Жұбанов мұралары-ұрпаққа өнеге»

Мақсаты: Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым қазақтың ғана емес, жалпы түркінің ортақ мақтанышы  Құдайберген Жұбановтың 120 жылдығы. Құдайберген Құдайберген Қуанұлы Жұбaнoв 1899 жылы 19 желтоқсанда Орал облысы (Қазіргі Ақтөбе болысы) Темір уезі Темір Орқаш болысы Құсуақтам елді мекенінде (Teмиp-Уpкaчeвcкая волость) орташа шаруа отбасында дүниеге келеді.

Жалпы Жұбанов қазақ тарихындағы алғашқы профессор ретінде термин жасауға үлкен еңбектер сіңіргенін . Ол ең алғашқы  болып шағатай әдебиеті, Яссауи мұрасы, Абай туралы пікір білдірген көп қырлы ғалым. Санаулы ғұмырында  осындай үлкен істер тындырған Жұбановқа арналған шара өткізу біздің парызымыз.Қ.Жұбановтың өнегелі істерін үлгі ете отырып ,жерлесімізді мақтаныш етуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:  Жұбановтар туралы мәліметтерді біледі ,есте сақтайды,құрметтеуге қалыптасады.Жұбановтвардың еңбегінің бағалы екенін ұғынады.

Идеясы: «Білім алсаң жасыңнан,қыдыр кетес қасыңнан»

Ресурстары: интербелсенді тақта, сызбалар, ватман, А4 қағаздары, маркер,доп, ойын элементтері, жағдаяттар, стикерлер, бағалау парақшалары т.б.  

Түрі: дөңгелек үстел, топтық жұмыс   

Күтілетін нәтиже: Құдайберген ,Есет Жұбановтардың еңбектерін біледі,құрметтейді, олардың жерлес екенін мақатан етеді.

Кіріспе сөз : 
- Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар және әріптестер. Бүгінгі біздің дөгелек үстеліміз жерлестеріміз Құдайберген Жұбановтың мерейтойына арналады.Қазақ елінің ғана емес, жалпы түркінің ортақ мақтанышы Құдайберген Жұбановтың 120 жылдығы. Жалпы Жұбанов қазақ тарихындағы алғашқы профессор ретінде термин жасауға үлкен еңбектер сіңіргенін. Ол ең алғашқы болып шағатай әдебиеті, Яссауи мұрасы, Абай туралы пікір білдірген көп қырлы ғалым. Санаулы ғұмырында осындай үлкен істер тындырған.





Есет Құдайбергенұлы Жұбановқа 90 жыл .

ғалым, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1996).

Тіл және әдебиет институттында ғыл. қызметкер, 1991 жылдан Ақтөбе мемлекеттік университетінде доцент, Жұбановтану лабораториясының меңгерушісі қызметін атқарады. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары қазақ эпостарының тілін, әдеби тіл тарихын талдауға арналған.

Міне осындай ұлы тұлғалардың біздің ауылдың топырағында кіндік қаны тамғанын мақтаныш ете отырып бүгінгі дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймыз.

Ахмет Жұбановтың әні



Оқушылармен ой бөлісу сәті: «Ой бөліс,пікірлес» ойыны.

Оқушылырды екі топқа бөлу

-Ауыл Жұбановтардың туған жері екенін білсіздер,олардың отбасы туралы тағы қандай мәлімет айтар едіңіздер ?

Қызықты деректер : Жұбановтар

  • Құдайберген-тіл зерттеушісі,лингвист , ғалым

  • Ахмет -— қазақ сазын зерттеуші ғалым, сазгер, дирижер;

  • Батырбай Жұбанның әкесі

  • Жұбан-Қуанның әкесі

  • Қуан – Құдайберген, Ахметтің әкесі (Аққат –апалары,Дәмет,Зиба,Ағиба қарындастары)

  • Бибішынар - Құдайберген, Ахметтің анасы

  • Мүслима Құдайбергенқызы-педагог ғалым,педагогика ғылымының кандидаты «Әліппе»оқулығының авторы

  • Ақырап Құдайбергенұлы-қазақтың тұңғыш дизайн шебері,қолданбалы өнердің өкілі,өнер зерттеуші,суретші. (Ақырыптың ұлдары:Айдар-сәулетші,шетелдік технологияны қолданады;Санжар-каратэ шебері,қара белбеудің иесі,альпинизммен шұғылданады)

  • ЕсетҚұдайбергенұлы(1929.22 қараша дүн.кел.)- ғалым, филология ғылымдарының докторы , профессор. 

  • Қызғалдақ Құдайбергенқызы- экономист.

  • Қырмызы Құдайбергенқызы(ерте өмірден өткен

  • Асқар Құдайбергенұлы -(1937ж.13 қараша)-филолог,ливнгвист. А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының профессоры.



  • Ғазиза-композитор,қазақ музыка өнерінің шебері,Қазақстан мемлекттік сыйлығының лаураты

  • Болат Ахметұлы-химия ғылымының докторы,академик,

  • Қайыр Ахметұлы (1935ж)-техника ғылымының докторы,академик,

  • Роза Ахметқызы-пианист,фортопианадан сабақ берген (ерте өмірден өткен)

  • Ажар Ахметқызы-биология ғылымының докторы,профессор



ЖShape1 ұбанов ұрпақтары:Жұбан-Shape3 Shape2 Қуан,Тәпен(Тәңірберген)

Shape5 Shape4 Құдайберген Ахмет

МShape6 Shape9 Shape8 Shape7 үслима Ғазиза

АShape10 Shape11 қырап Болат

ЕShape13 Shape12 сет Қайыр

ҚShape15 Shape14 ызғалдақ Роза

(Shape17 Shape16 Қырмызы) Ажар

АShape18 сқар

Құдайберген ЖұбановҚазақ тіл білімі саласындағы алғашқы профессор, түркітанушы, педагог. Бастапқыда мешіттен дәріс алып араб тілін үйренген ол кейін парсы, орыс, моңғол, чуваш, коми, гүржі, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгереді. Саналы ғұмырын тіл саласына арнаған ғалым қазақ тіл білімінің практикалық және теориялық дамуына ерекше үлес қосты. Осы сала туралы тұңғыш монографиялық зерттеудің әрі алғашқы мектеп оқулығы мен оқу бағдарламасының авторы. Ана тіліміздің тарихы, грамматикасы, фонетикасы, дыбыстарының жіктеліс жүйесі, фонологиясы, терминологиясы, лексикологиясы және қолданбалы мәселелері мен методика сияқты практикалық мәселелерін де зерделеп, жаңа қазақ жазуы мен емлесін түзіп, қалыптастыруда елеулі еңбек етті.







еңбектері:

 Өзекті мақалалары

 1. Буынның күші. Сөз екпіні

2. Грамматика нені қарайды, қандай пәндерден құралады?

3. Синтаксис тарихы

4. Сөз өзгешелігі мен сөз қызметі

5. Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі

Ол туралы

1. Елден ерек тұлға. Қ.Жұбанов мұраларының тағылымы мол (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/id/774/q/1)

2. Ғұмырын тілді зерттеуге арнаған Профессор Қ.Жұбановтың еңбектері неге мектеп оқулықтарына енгізілмей келеді? (https://mtdi.kz/main/akparat/id/772)

3.  Жалындаған жастық шақ (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/q/3/id/773)

4. Қ. Жұбановтың қазақ жазуы мен әліпбиіне қатысты көзқарастары (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/q/1/id/769)

5. Қиянат пен әділеттілікті тарихтың жолы деп қабылдайды (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/id/781/q/3)

Еңбектері

1. Өнегелі мұғалім (мақала) // Қазақ, 11 ақпан, № 103. (Ж. Тілепбергеновпен бірігіп жазған). 1915 ж.

2. Наурыз құтты болсын (өлең) // Алаш, № 14. 1917 ж.

3. Аянышты хал (фельетон) // Алаш, № 20. 1917 ж.

4. Әйел теңдігі туралы (мақала) // Еңбекші қазақ, № 232. 1924 ж.

5. Түс екен (оқшауша) // Еңбекші қазақ, 11 қыркүйек, № 243. 1924 ж.

6. Yлгі алыңдар (мақала) // Еңбекші қазақ, № 254. 1924 ж.

7. Темір уезінің оқушылар тобы (мақала) // Еңбекші қазақ, 14 қаңтар, № 276. 1925 ж.

8. Екі қой, бір тоқты киіт өтірік дейді (жауап сөз) // Кедей, 11 сәуір, № 41. 1925 ж.

9. Ойыл коммуна мектебі кімге тиіс // Кедей, 14 қазан, № 62. 1925 ж.

10. Сауатсыздықты жоятын нұсқаушы мектеп // Кедей, 14 қазан, № 62. 1925 ж.

11. Халық ағарту ағысында төңкеріс толқыны //Кедей, 2 қараша, № 65. 1925 ж.

12. Қазақ емлесі жөнінен // Тілші, 6 ақпан, № 156. 1925 ж.

13. Коммуна мектептері жеті жылдық болсын //Еңбекші қазақ, № 10. 1926 ж.

14. Біз де ұлт театрына қарай маңайладық // Еңбекші қазақ, № 11. 1926 ж.

15. Аулақтан оқыту // Еңбекші қазақ, 19 қаңтар, № 14. 1926 ж.

16. Газет көпке ортақ // Еңбекші қазақ, № 74. 1926 ж.

17. Хат жолықпаған шығар (жауап) // Еңбекші қазақ, № 157. 1926 ж.

18. Малды қауіпсіздендіру шаруаның ырысы // Кедей, шілде, № 94. 1926 ж.

19. Мұғалімдер курстері тарады // Кедей, 31 тамыз, № 101. 1926 ж.

20. Таңжарықтың қуанышы (әңгіме) // Кедей, 7 қараша, № 36. 1927 ж.

21. Түпсіз астау, құдай және Ақтөбенің ілім-мәдениет орындары (фельтон) // Еңбекші қазақ, 21 тамыз, № 191.1928 ж.

22. Жаңа әліппені алу мәселесі туралы (баяндама сөздер) // Еңбекші қазақ, № 291. 1928 ж.

23. Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір (әңгімесі) // Кедей, 4 қазан. 1928 ж.

24. Жаңа әліппені үйрен! Жаңа әліппе сабақтары: жаңа әліппенің әріптері, бірінші сабақ, екінші сабақ. Жаңа кітаптар: 1. Жаңа әліппе туралы, 2. Жаңа әліппе сабағы. Губерния ішінде. Округтың жаңа әліппе комитетінде. Қ. Ж. «Кедей» газеті, № 35, 36, 1928 жыл, ноябрь.

25. Еңбек мектебінің он жылы // Кедей, 1928, 14 қазан, № 32.

26. Бас әріп керек пе? (жарыссөз) // Еңбекші қазақ, 2 желтоқсан, № 251. 1928 ж.

27. Емле жайындағы пікірлер // Еңбекші қазақ, № 69. 1928 ж.

28. Қазақстан жаңа әліппешілерінің тұңғыш конференциясы / (1928ж., декабрь 9-12). Жұбан ұлының сөзі (Ақтөбеден), 27–29 және 56–57 беттерде. Қазақстан баспасы – 1930ж., Қызыл-Орда, (ВЦКНТА заказы бойынша).

29. [Выступление на Научно-орфографической конференции] // Стенографический отчет Науч.-орфограф. конференции, созванной 2–4 июля 1929 года науч.-метод. советом НКП и ЦК НКА. Кзыл-Орда, 1930, C. 51−58, 115.

31. [Выступление на IV пленуме ВЦКНА] // Стенографический отчет IV пленума Всесоюз. центр. комитета нового алфавита, проходившего в г.Алма-Ате. (Л.,1931). C. 177, 201–204.

32. Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар. 1-кесек. Қазақ тілінің фонетикесі (Дыбыс жүйесі) // Политехникалық мектеп, № 7–8, 33−34-бб. 1933 ж.

33. Буын жігін қалай табуға болады // Ауыл мұғалімі, № 2. 1934 ж.

34. Әдіс бірлестіктері мен әдіс үйірмелерінде оқу жылының екінші жартысында талқыланатын әдіс, программа мәселелері // Ауыл мұғалімі, № 3, 25−28-бб. 1934 ж.

35. Абай – қазақ әдебиетінің классигі // Әдебиет майданы, № 11–12, 29−44-бб. 1934 ж.

36. Абай // Социалды Қазақстан, 26 желтоқсан, № 297, 28 желтоқсан, № 299. 1934 ж.

37. Қосар ма, дара ма? ("uv", "yu", "ьj", "ij"-лердің емлесі жөнінен) // Қазақстанның оқыту істерін басқаратын Халық комиссариатының жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының бюллетені. № 1, 5 мамыр, 26−28-бб. 1935 ж.

38. К пересмотру казахской орфографии // Бюллетень государственной терминологической комиссии при Каз. Наркомпрос. № 1, 5 мамыр, C. 21−24. 1935 ж.

39. Қазақ тілінің емлесі мен әліппесіне кіргізілетін өзгерістердің жобасы // Мем. термин. ком. бюллетені, № 1, 5 мая, 29 б. 1935 ж.

40. Қазақ әдебиет тілінің терминдері туралы // Мем. термин. ком. бюллетені, № 1, 5 мамыр, 1−2-бб. 1935 ж.

41. О терминологии казахской орфографии и алфавита казахского языка // Там же, № 2, 15 мамыр, C. 2−3. 1935 ж.

42. О специфике слов-терминов // Там же. C. 1–2. 1935 ж.

43. Термин-сөздердің спецификасы жөнінде //... Мем. термин. ком. бюллетені, № 3, 20 мамыр, 1−2-бб. 1935 ж.

44. Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы // Мем. термин. ком. бюллетені. № 4, 25 мамыр, 1−3-бб. 1935 ж.

45. Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі // Қазақ әдебиеті, 20 қараша. 1935 ж.

46. К постановке исследования истории фонетики казахского языка // Тр. Казахстанского НИИ национальной культуры. Алма-Ата; Москва, вып. І, C. 3−13. 1935 ж.

47. Примечание к статье С.Аманжолова «Элементы флективности в казахском языке» // Там же, С. 155−158. 1935 ж.

48. Примечание к статье Аманжолова «О языке перевода классиков марксизма-ленинизма» // Там же, С. 152−155. 1935 ж.

49. Он үш жас күш // Лениншіл жас, 14 қаңтар. 1935 ж.

50. Қазақ тілі туралы (баяндама) // Қазақ әдебиеті, 23−27 мамыр; Казахстанская правда, 21–30 мамыр. 1935 ж.

51. Первый серьезный успех казахского драматического театра // Казахстанская правда, 16 января, № 14. 1936 ж.

52. Қазақ тілінің грамматикасы. I бөлім. Сөздің жалпы құрылысы (Жалпы морфология). Орта мектептің V класына арналған. Алматы, 74 бет. 1936 ж.

53. Қазақ тілінің програмы. Програмы. V-VII класқа арналған. Алматы, 29 бет. 1936 ж.

54. Из истории порядка слов в казахском предложении: (Исследования по казахскому языку. Вып. I). Алма-Ата, 57 стр. 1936 ж.

55. Заметки о вспомогательных и сложных глаголах: (Исследования по казахскому языку. Вып. II). Алма-Ата, 36 стр. 1936 ж.

56. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы (тіл мен тарих деректері). Қызылорда, 26 бет. 1936 ж.

57. Қазақ әдебиет тілінің терминологиясы жөнінде. Мемлекеттік Термин комиссиясы қолданған (Мәдениет қызметкерлерінің съезі мақұлдаған) принциптер мыналар... // Қазақ тілінің терминдері, 1-кітап. Қызылорда. 1936 ж.

58. Принципы терминологии казахского литературного языка, применяемые Гос. термин. комиссией (одобрено съездом культурных работников) // Қазақ тілінің терминдері, 1-кітап Қызылорда. 1936 ж.

59. О Горьком: [Доклад] // Литературный Казахстан, № 3. 1936 ж.

60. Соңғы екі-үш жылда // Қазақ әдебиеті, 31 шілде, № 29. 1936 ж.

61. Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан // Ауыл мұғалімі, № 1–2, 27−39-бб. 1937 ж.

62. Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер //Ауыл мұғалімі, № 3, 31−42-бб. 1937 ж.

63. Пушкин туралы (сөйлеген сөз) // Социалистік Қазақстан, 10–11 ақпан; Казахстанская правда, 10-11 февраля; Қазақ әдебиеті, 10-16 ақпан. 1937 ж.

64. Жанғазы! (хат) // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 2. 1958 ж.

65. О специфике слов-терминов // Учитель Казахстана, 10 апреля. 1958 ж.

66. Термин сөздердің спецификасы жөнінде // Қазақстан мұғалімі, 1958, 10 сәуір. 1958 ж.

67. Буын жігін қалай табуға болады // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 8, 49−55-бб. 1958 ж.

68. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы (тіл мен тарих деректері) // Жұлдыз, № 2. 1958 ж.

69. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: «Ғылым», 1966. 362 б. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата: «Наука», 362 с. 1969 ж.

70. Еленбеген ерекшелік («Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген мақаланың бірінші бөлімі) // Қазақ әдебиеті, 20 желтоқсан. 1969 ж.

71. Абай және шағатай әдебиеті // Жұлдыз, № 6. 1969 ж.

72. Абай – қазақ әдебиетінің классигі. «Абай тағлымы», (әдеби-сын, мақалалар, зерттеулер), «Жазушы» баспасы, Алматы. 14−33-бб., (24 б/т). 1986.

73. Этюды к переводу трех стилей (название условное) // В сб.: «Лексико-стилистические вопросы перевода». Алматы, «Наука», 152 стр. (8 п/л), стр. 77−82. 1987 ж.

74. Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі // Жалын, № 6. 80−82-бб. 1989 ж.

75. Төрт қызық, мың бейнет жарық өмір (әңгіме) // Жалын, № 6, 82−84-бб. 1989 ж.

76. «Құдайберген Жұбанов», шығармалар мен естеліктер. Алматы, 12 б/т. 1993 ж.

77. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жайлы. 8−28-бб. 1993 ж.

78. Абай – қазақ әдебиетінің классигі. 28−59-бб. 1993 ж.

79. Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі. 59−67-бб. 1993 ж.

80. Қазақ драма театрының алғашқы күрделі жеңісі. 67−70-бб. 1993 ж

81. Он үш жас күш. 70−73-бб. 1993 ж.

82. Біз де ұлт театрына қарай маңдайладық. 73−74-бб. 1993 ж.

83. Әліппеміз бұқарашыл болсын. Ақтөбе газеті, 13-қазан. 1994 ж.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!