Материалдар / ҚМЖ Әуе көліктері 5-сынып

ҚМЖ Әуе көліктері 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әуе көліктері 5-сынып 5.2.3.1 нұсқаулық құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 5.4.4.4 сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

7-бөлім: Көлік және жол белгілері. Морфология

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

17.02.2025

Сынып: 5 «Б,В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әуе көліктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.3.1 нұсқаулық құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

5.4.4.4 сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу

Сабақтың мақсаты

- нұсқаулық құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.

- сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады.

Құндылық:жасампаздық және жаңашылдық

  • «Әуе көліктері» тақырыбы арқылы тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру;

  • бақылау, өлшеу, эксперименттер мен тәжірибелер жүргізу;


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу.

Үй тапсырмасын сұрау: 6-тапсырма, 87-бет.

Ойтүрткі сұрақ:

1)Әуе кемелерінің түрлері қандай?

2)Ұшақтардың ішінде қандай заманауи технологиялар қолданылады?

3) Жолаушылар ұшағы мен әскери ұшақтардың айырмашылығы қандай?

Есте сақта!

Бөлшектік сан есім туралы ақпарат беру. Басқа сан есімнен ерекшеліктерін ажырату.

Бөлшектік сан есім

Бөлшектік сан есім  заттың  бөлшектік  санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:

а) жай бөлшек: оннан бес, тоғыздан үш, үштің бірі, т.б.

ә) ондық бөлшек: үш бүтін оннан бір, жеті бүтін төрт ондық, (7, 04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс тоғыз (10, 269), т.б.

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын таныстыру

Кезекші мәлімдемесі.

Үй тапсырмасын айтады.

Ойтүрткі сұраққа жауап береді.

Жауабы:

1) жолаушылар , жүк тасымалдаушы, әскери ұшақтар, арнайы мақсаттағы ұшақтар (мысалы, өрт сөндіруші ұшақтар) және тікұшақтар.

2) цифрлық навигация жүйелері, автопилот жүйелері, электронды басқару жүйелері, қашықтан басқарылатын ұшқышсыз ұшақтар және ауа райын анықтайтын жүйелер.

3)Жолаушылар ұшақтары адам тасымалдауға арналған, олар үлкен, ыңғайлы. Әскери ұшақтар көбінесе жауынгерлік операцияларға, барлау жұмыстарына, тасымалдауға немесе қорғанысқа арналған, олардың жылдамдық қабілеттері жоғары.


Дескриптор

-үй тапсырмасын оқиды

-сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс.

Қалыптастырушы бағалау: «Жарайсың!»



Сабақтың ортасы



Жұптық жұмыс.«Ойлан,тап!»

1-тапсырма, 87-бет.

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңдар. Сұрақ:

1 . Ұшақ қалай пайда болды?

2.Алғашқы ұшақты ойлап тапқан кімдер?

3. Қазіргі заманғы әуе ұшақтарын ата


Жеке жұмыс

2-тапсырма. Әуе көлігінің жолаушыларына арналған нұсқаулықты оқыңыз. Нұсқаулықтың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз.

Азаматтық әуе кемелерінің салонында тасымалдау үшін тыйым салынған заттар:

1.Барлық түрдегі қару-жарақтар

2.Жарылғыш заттар мен олармен толтырылған заттар, жарылғыш құралдар

3.Суық қару

4.Радиоактивті заттар

5.Сығылған және сұйылтылған газдар

6.Газ тәріздес оқ-дәрілер

7.Тұтанғыш сұйықтықтар

8.Тұтанғыш қатты заттар

9.Улы заттар

10.Каустикалық және агрессивті заттар

11.Есірткі заттар


Жеке жұмыс.«Ойлан, тап!»

3-тапсырма.Цифрмен берілген сан есімдердің ішінен бөлшектік сан есімдерді тауып, бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.

5,025

100 тарта

3

7

1

5-5

76,02

12,5

70-80


3-еу

5-сынып



Жұптық жұмыс.

4-тапсырма. Әуе көліктеріне қатысты бірнеше сөйлем құраңдар. Сөйлемнің құрамында бөлшектік сан есім кездесу керек.


Оқушылар мәтінді мұқият оқиды. Негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Өз ойын білдіреді.







Оқушылар әуе көлігінің жолаушыларына арналған нұсқаулықты оқиды. Нұсқаулықтың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.

















Оқушылар цифрмен берілген сан есімдердің ішінен бөлшектік сан есімдерді тауып, бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.










Әуе көліктеріне қатысты сөйлем құрайды. Бөлшектік сан есімдерді қолданады.


Дескриптор

-мәтінді мұқият оқиды;

-негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды

-өз ойын білдіреді.

ҚБ «Бағдаршам»





Дескриптор

- нұсқаулықтың құрылымы мен ресімделуін анықтайды.

-жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.















Дескриптор

-бөлшектік сан есімдерді ажыратады;

-бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазады;








Дескриптор

-тақырыпқа қатысты сөйлем құрайды;

-бөлшектік сан есімдерді қолданады.


Сабақтың соңы

Рефлексия : Тақтадағы сөйлемдерді аяқта...(ауызша немесе жазбаша)

- Мен мынаны білдім...

- Маған қиын болғаны...

- Менің ойым мынандай...


Үйге тапсырма: Бөлшектік сан есімдерді қатыстыра отырып, бес сөйлем құрап келіңіз.







17 Ақпан 2025
78
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі