Сабақтың ортасы
|
Жұптық жұмыс.«Көршіңе әңгімелеп
бер»
1-тапсырма. Аудионы мұқият
тыңдаңыз. Жағдаятқа сай эмоционалды
сөздерді, қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді қолданып, диалогке
қатысыңыз. Мәтінге қатысты өз пікіріңізді
білдіріңіз.
https://youtu.be/VD8sVMTRUHc
Еске сақта!
Сын есімді сұрақ қоя отырып еске түсіру. Дара
және күрделі сан есімді қайталау.
Мен бірнеше сөз оқимын, ішінен сын есімдерді
анықтаңыздар.
Адал, әдепті, алмұрт, озат, ұқыпты, білімді,
тәртіпті, шындық, қуаныш, күлкі, ой, сұлу, жүйрік, мықты, кітап,
тазалық, жуан, ұзын, батыр.
Жеке тапсырма
2-тапсырма,
94-бет. Мәтіннен сын есімді тауып, теріп
жазыңдар.
Биыл Абайдың жасы он үшке
толған
еді. Денесі де бір аралық
кейіпте. Бойы
өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын
мұрны
шолақтау болушы еді, биыл
біраз ұзарып
қалыпты. Бет-бейнесі баладан
гөрі ірілеңкіреп, бозбалалық қалпына
бейімделген.
Бірақ әлі сол мүсінде,
үлкендік жоқ. Толық,балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған
сияқты. Күн көрмей өскен реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік
бейнелес.
Бұрын қара болушы еді, бетінің
қызылы да бар еді. Қазір де қаладан қайт қандық және ауру
қосылғандық бар ма, әйтеуір, бозғылданған.
Сұйықтау қоңыр шашының
арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. О да ауырғандықпен күн
көзінде болмағандықтың белгісі.
Абайдың осы сияқты қалпына
ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше
үйлесті.
(Мұхтар
Әуезов)
Жеке тапсырма
2-тапсырма.
Сын есімдерді құрамына қарай екіге бөліп
жазыңыз.
Қара торы, биік, жылы, түссіз, жарық, дөңгелек,
ойлы-қырлы, бұлтты, жіңішке, жүйелі, қысқа бойлы, кең, салмақты,
суық, күрделі, сары ала.
Дара сын есім
|
Күрделі сын есім
|
|
|
|
Оқушылар аудионы мұқият
тыңдайды. Жағдаятқа сай эмоционалды
сөздерді, қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді қолданып, диалог
құрады. Мәтінге қатысты өз пікірін
білдіреді.
Оқушылар сын есім туралы ережемен танысады.
Қажетті ақпараттарды жазып алады.
Оқушылар
мәтіннен сын есімді
ажыратады.
Оқушылар сын есімдерді құрамына қарай бөліп
жазады.
Дара сын
есім: Биік, жылы, түссіз, жарық,
дөңгелек, бұлтты, жіңішке, жүйелі, қысқа бойлы, кең, салмақты,
суық, күрделі.
Күрделі сын
есім: Қара торы, ойлы-қырлы, сары
ала.
|
Дескриптор
-
дауыс ырғақтары арқылы
қыстырма, қаратпа сөздерді еркін
қолданады;
-диалог құрады;
-өз ойын білдіреді;
ҚБ
«Екі жұлдыз, бір
тілек»ашады
Дескриптор
-сын есімді табады;
Дескриптор
-дара күрделі сын есімдерді
ажыратады.
-күрделі сын есімдерді
ажыратады.
|
https://youtu.be/VD8sVMTRUHc
|