Материалдар / ҚМЖ Ғаламдық экологиялық мәселелер 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ Ғаламдық экологиялық мәселелер 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
дайын ашық сабақ қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
5634
14 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 сынып

3 Бөлім

Табиғатты пайдалану және геоэкология



Мектеп: Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мусабаланова Айдана Субурханбергеновна


Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғаламдық экологиялық мәселелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

10.3.2.7. ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизімін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизімін анықтайды.

Көпшілігі: Ғаламдық зкологиялық аймақтардың таралу аймағын картадан көрсетеді.

Кейбіреуі: Ғаламдық экологиялық проблемалардың механизімін талдап, жоба ұсынады.

Бағалау критерийлері


- Ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизімін анықтай алады.

- Ғаламдық экологиялық аймақтардың анықтап, таралуын картадан көрсете алады.

- Ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болу механизімін түсіндіріп жоба ұсына алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану, талдау.

Тілдік мақсаттар

Оқылым-айтылым: Тақырыпқа байланысты «Табиғи ортаның ластануы, озон қабатының жұқаруы мәселесін» оқып, жазбаша талдайды.

Тыңдалым-жазылым: Ғаламдық экологиялық мәселелер туралы видеоролик қарайды, оқулықтағы термин сөздерді жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ноосфера, жылыжай эффектісі, озон қабаты, ультракүлгін сәулелер, шөлейттену.

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік ел бағдарламасынан:Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы, адамгершілік құндылықтарды дарыту, өмір бойы оқып үйрену.

Пәнаралық байланыс

Экология

Алдыңғы білім

Геоэкологиядығы антропогендік факторлар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


8 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, көңіл-күйін сұрау. Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші» әдісі

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.


БО. «Сұрақ қою және талқылау»

«Қағаздағы сұрақтар» әдісі

Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап бере отырып үй тапсырмасы сұралады.

ҚБ: «Мадақтау» әдісі арқылы


Топқа бөлу «Асықтар» әдісі. (Асық түстеріне қарай топқа бөлінеді)

Сары түс «Озон қабаты» тобы

Қызыл түс «Жылыжай эффектісі» тобы

Жасыл түс «Қышқыл жаңбыр» тобы

«Көзбен көрген айғақтар» әдісі (бұл әдісті сабақтың мақсаты мен тақырыбын айқындау үшін қолданамын)

Суреттер қиындысы

Асықтар









Сабақтың ортасы 25 мин





Оқылым

тындалым





































І.Жұптық жұмыс.

«Кинометафера» әдісі Білім алушыларға «Озон қабатының жұқаруы» тақырыбында видео көрсетілім жасалады.

(Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді).

Тапсырма: Видеодағы мәліметке сүйене отырып, жаныңыздағы оқушымен бірлесіп озон қабатының жұқаруы себебі және оның қоршаған ортаға әсері туралы жазыңыздар.

Бағалау критерийі

Дескриптор

- Озон қабатының жұқару себебін түсіндіреді.


-Видеоны көреді

- Озон қабатының жұқаруы себебі және қоршаған ортаға әсері туралы жазады

- Дәптерге жазған ойларымен бөліседі

ҚБ "Карусель" әдісі. Мұғалімнің сигналы бойынша жұмыстар сағат тілімен беріледі. Әр оқушы жазбаша кері байланыс береді өз жұмысын алғанға дейін қайталанбайды.

ІІ.Жеке жұмыс. «Ғажайып картаға саяхат» әдісі

Тақтада ілінген картадан жасырын аймақтарды көрсетеді

Тапсырма:Берілген ресурстарды пайдаланып ғаламдық экологиялық аймақтарды анықтап, таралу аймағын картадан көрсетіңіз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

-Ғаламда таралған экологиялық аймақтарды анықтайды,картадан көрсетеді.



-Берілген қосымша материалдарды оқиды

-Карта бойынша Ғаламда таралған экологиялық аймақтарды анықтап атайды;

-Таралу аймақтарын картадан көрсете алады;

ҚБ. «Басбармақ» әдісі арқылы

ІІІ. Топтық жұмыс: «Фишбоун» әдісі (постерде)

Жапондық профессор Исикава бойынша

Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.

(Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді).

Тапсырма: Экологиялық мәселелерден сақтану шараларына жоба ұсыныңыз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Экологиялық мәселелерден сақтану шараларына жоба ұсынады

- Ғаламдағы еліміздегі экологиялық мәселелерді атайды;

-Себептерін түсіндіреді;

-ҒЭМ нақты дәлелдер келтіреді;

- Қорытынды тұжырым айтады

-Жоба ұсынады

Қ Б «Топтық жұмыс» стикерлері арқылы бағалайды

Өте жақсы жақсы қанағаттанарлық




Интербелсенді тақта



Бейнематериал
























Карта, үлестірмелі материал


















Постер ,суреттер














Сабақтыңсоңы

7 мин


«Шахмат» әдісі

Саймон Браунхилл бойынша

Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.

(Маңызды ақпарат туралы ой бөлісіп, жазылым, оқылым, тыңдалым мен айтылым дағдылары қалыптасады.)


Үйге тапсырма. Қосымша дереккөздерді пайдаланып, 1 минуттық эссе жазып келу.

Шахмат тақтасының суреті

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ мақсатын қоюда SМАRТ мақсаты бойынша барлығы, басымы, кейбірі дей отырып сараладым Үй тапсырмасын еске түсіру үшін «Қағаздағы сұрақтар» әдісі арқылы сұрақ тапсырмалары берілді.

Саралаудың тапсырма тәсілі бойынша сыныпқа бірдей тапсырмалар беріледі.

«Кинометафера» әдісі, «Ғажайып картаға саяхат» әдісі, «Көрші» әдістері.

Білім деңгейі әр түрлі оқушыларға саралау тәсілінің дереккөздер және қарқын тәсілін қолданамын. Аталған әдістер арқылы оқушыларға көбірек қолдау көрсетіп, «Фишбоун» әдісі арқылы қабілетті оқушыларды анықтаймын.Сабақты қорытындылау мақсатында «Шахмат» әдісін қолданамын.


Сабақ барысында тапсырма орындағанда қауіпсіздік ережелерін оқушыларға мұғалім түсіндіреді. Сыныпта рұқсатсыз жүруге болмайтынын ескертеді.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!