Материалдар / ҚМЖ Жол белгілерін білеміз бе? 5-сынып

ҚМЖ Жол белгілерін білеміз бе? 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол белгілерін білеміз бе? 5-сынып
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

7-бөлім: Көлік және жол белгілері. Морфология

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

21.02.2025

Сынып: 5 «Б,В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жол белгілерін білеміз бе?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

5.4.4.4 сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу

Сабақтың мақсаты

- сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады

- сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, сан есімді зат есім орнына қолданады

Құндылық:жасампаздық және жаңашылдық

  • «Жол белгілерін білеміз бе?» тақырыбы арқылы тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру;


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу

Сынып тазалығына, оқушы оқу-құралдарына мән беру

Үй тапсырмасын тексеру: 6-жаттығу. 1-жаттығудағы кейіпкерге хат жаз.

«Сәйкестендір»

Есептік


Үш мың төрт жүз алты

Реттік

Үштің екісі, жүздің жиырмасы

Жинақтық

Жүз он төртінші

Топтау

Жүздеген, мыңдаған

Болжалдық

Отыз-отыздан

Бөлшектік

Төртеу,бесеу

Сөйлемді жалғастыр.Сан есімдердің дұрыс жазылуы

1.Цифрмен жазылған сан есімдерге ...

2. Реттік сан есімдер ...

3.Екі, алты, жеті ...

4.Қосарланып айтылған...

9. ... дефис қойылмайды

Есте сақта!

Сан есімнің емлесі туралы ақпарат беру.

«Ой шақыру» әдісі

-Жол белгілері деген не?

-Ол не үшін қажет

Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру

Кезекші мәлімдемесі






Оқушылар сан есімдердің мағыналық түрлерін ажыратып, оларды өзара сәйкестендіреді.







Сан есімнің емлесіне қатысты өз білімдерімен бөлісе отырып, сөйлемдерді жалғастырады. Ойды аяқтайды.


Оқушылар ережелер-мен танысып, қажетті ақпараттарды жазып алады.


Сұрақтарға жауап береді.


Дескриптор

-Үй жұмысын оқиды

-Сан есімдердің қосымшаларын ретімен орналастырады

-Сан есімдердің мысалдарын ретімен орналастырады

Қалыптастырушы (мұғалімнің) бағалауы.

Кері байланыс





Дескриптор

- Сан есімнің емлесіне қатысты сөйлемдерді жалғастырады

Сұрақтарға жауап береді


Сабақтың ортасы



Жұптық жұмыс «Оқы, ойлан»

1-тапсырма,90-бет.

Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырыңдар.

Сұрақ:

1. Қандай түстермен боялған жол белгілерін білесіңдер?

2. Не себепті олардың түст рі әртүрлі?

3. Қай жол белгілері жиі кездеседі?


Жұптық жұмыс

2–тапсырма.91-бет. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар.
1-деңгей. Бірінші және екінші мәтіндегі жол белгілерін сәйкестендіріп жазыңдар.
2-деңгей. Мәтіндерде баяндалған жол белгілерін суреттен көрсетіңдер.


Жеке жұмыс

3–тапсырма.Сюжетті суреттер желісі бойынша әңгіме құраңыз. Сөйлемде сан есімдерді қолданыңыз.




Оқушылар мәтінді оқып, тақырып қояды. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады.







Оқушылар бірінші және екінші мәтіндегі жол белгілерін сәйкестендіріп жазады. Мәтіндерде баяндалған жол белгілерін суреттен көрсетеді.








Оқушылар сюжетті суреттер желісі бойынша әңгіме құрайды. Сөйлемде сан есімдерді қолданады.






Дескриптор

- тақырып қояды.

- сұрақтар құрастырады

-сұрақтарға жауап береді






Дескриптор

- бірінші және екінші мәтіндегі жол белгілерін сәйкестендіреді

-мәтіндерде баяндалған жол белгілерін суреттен көрсетеді






Дескриптор

- әңгіме құрастырады;

-суреттердің желісі бойынша құрайды

-сан есімдерді қолданады

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»ашады


Сабақтың соңы

Рефлексия: «Шығу парағы»

-Мен бүгін не білдім/үйрендім?

-Сабақта мен өзімді қалай сезіндім?

-Мен үшін не ең қызық болды?


Үйге тапсырма: қайталау

Оқушылар сабаққа кері байланыс береді.


Үй тапсырмасын жазып алады.

Оқушылардың сабақта берген жауаптарына қарай ФБ қойылады

1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады: жетпіс жеті, он екінші, мың тоғыз жүз сексен алты, он алтыдан, т.б.

2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғау дефис арқылы жалғанады: 13-ке, 7-ден, 63-ке.

3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады: 11-сынып, 2-қатар, 16-орын, 51-тапсырма, 7-бөлме, т.б. Ал рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы, ХІ сынып, ХХІ ғасыр, ІV том, т.б.

4. Екі, алты, жеті сандарына жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дауысты дыбыстары түсіп қаладыекі – екеуалты – алтау, жеті – жетеу.

5. Цифрмен жазылған сан есімдерге болжалдық сан есімнің қосымшалары дефис арқылы жалғанады: 100-деп, 5-те, 6-ларда, 1000-даған, 70-тей, т.б.

6. Қосарлану арқылы жасалған болжалдық сан есімдер сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да арасына дефис қойылады: екі-үш бала (2–3 бала), 70-80 қой (жетпіс-сексен қой), 5-6 кітап (бес-алты кітап).

7. Бөлшектік және болжалдық сан есім жасайтын сөздерге өзі тіркескен сандар сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады: жүз қаралы – 100 қаралы, елу шақты – 50 шақты, 30-ға таман – отызға таман, он екі жарым – 12 жарым, бір ширек – 1 ширек, т.б.

8. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис арқылы жазылады: 7-7-ден – жеті-жетіден, 30–30-дан – отыз-отыздан, бір-бірден – 1-1-ден, т.б.

9. Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де дефис қойылмайды: 1986 жыл, 16 желтоқсан, 8 наурыз, 1989 жыл, 1 мамыр.







17 Ақпан 2025
63
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі