Материалдар / ҚМЖ Көшпелілердің рухани мәдениеті. Кідіріс және тыныс белгі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ Көшпелілердің рухани мәдениеті. Кідіріс және тыныс белгі

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ Көшпелілердің рухани мәдениеті. Кідіріс және тыныс белгі. Мәтінде көтерілген тұрмыстық, әлеуметтік талдау, негізгі ойды анықтау, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерінің бірі кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2022
897
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі

САБАҚ №6


Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы

24 "Экономика және бизнес" арнаулы лицейі КММ

БӨЛІМ: 2 Фонетика. Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті

Сабақтың тақырыбы: Көшпелілердің рухани мәдениеті. Кідіріс және тыныс белгі

Күні: 13.10.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Кабдыгалиева Нургуль Ахметжановна

СЫНЫП:

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар:

Осы сабақтар арқылы жүзеге асыратын оқу мақсаттары

8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

8.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Сабақ мақсаттары

Мәтінде көтерілген тұрмыстық, әлеуметтік талдау, негізгі ойды анықтау,

сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерінің бірі кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Бағалау критерийі

  • Мәтінде көтерілген тұрмыстық, әлеуметтік мәселені талдайды.

  • Негізгі ойды анықтайды.

  • Кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Ойлау дағдылары

Жоғары деңгей

Құндылықтар

Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтары бойынша рухани мәдениеттерін қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Қазақ әдебиеті

Алдыңғы оқу:

Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдері бар

Жоспар Қазақ тілі сабағанда "Сұрақтар топтамасы" әдісі 8Г сынып оқушыларының оқу сауаттылығының артуына қалай әсер етеді?

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

3 минут



Ойтүрткі

Объект 6

Объект 8 Объект 9

Объект 10 Объект 11


Ортасы

6 мин.



























6 мин.


































6 мин.









6 мин.

1-тапсырма. Не? Қайда? сұрағына жауап беріңіз.


Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет

өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады, әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар.

Оқылым

2-тапсырма. Мәтінді сканерлеп оқыңыз. Кідіріс және тыныс белгіні сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.

Көшпелілер өз тұрмыс- қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші- қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып- тігуі өте жеңіл киіз үйді жатқызамыз. Киіз үй тек баспана емес. Қатал үскірік аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап, тұрғыза қоятын баспана.

Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан кейін тез кебеді. Шаңырақ —шеңбер тәрізді шабағынан және күлдіреуіштен тұрады. Оның төбесін түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан, тұрмыс қажеттерінен туса (жарық түсетін терезе, түтін шығатын мұржа, таза ауа), екінші жағынан, шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес.

Дескриптор

  • Мәтінді сканерлеп оқиды.

  • Кідіріс және тыныс белгіні сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Кідіріс және тыныс белгі

Жазуда кідіріс тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Кідірістің екі түрі болады. Оның біріншісі сөйлем аяғында болатын нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі, көп нүкте болса, екіншісі – сөйлем ішінді қолданылатын үтір, нүктелі үтір, қос нүкте, көп нүкте, сызықша.

Есіңе сақта!

Сөйлеу процесінің эмоциялық, экспрессивті бояуларына байланысты кідіріс қысқа, ұзақ, орташа болып бөлінеді. Көбінесе қысқа кідіріс жазуда үтір арқылы, ал ұзақ кідіріс сызықша арқылы белгіленеді.

Айтылым

Жұптық жұмыс

3-тапсырма. Мәтін бойынша Қашан? Кім? Қалай? сұрақтар топтамасына сұрақтар құрастырыңыз.

Қашан?

Кім?

Қалай?

Дескриптор

  • Сұрақтар топтамасына сұрақтар құрастырады.

Жазылым

4-тапсырма. Мәтінде көтерілген тұрмыстық, әлеуметтік мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтаңыз.

Мәтіндегі тұрмыстық, әлеуметтік мәселе

Мәтіндегі негізгі ой



Дескриптор

  • Мәтінде көтерілген тұрмыстық, әлеуметтік мәселені талдайды.

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.


Объект 12

Не?

Объект 13

Қайда?









«https://kk.wikipedia.org/w/index.php? title=Көшпелілер_рухани_мәдениеті&oldid=256 7640»

Соңы 3 мин.


Үйге тапсырма:

Қазақ жерінде табылған көшпелілер дәуіріне тән археологиялық ескерткіштер туралы материал жинақтап, тезистік жоспар құру.

Рефлексия

1.Түсінікті болды

2.Қызықты болды

3.Белсене қатыстым

4.Жаңа нәрсе білдім



Қосымша ақпарат



Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі)


Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)



Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?



Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!