Материалдар / ҚМЖ Қазақстан – еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі 7-сынып

ҚМЖ Қазақстан – еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан – еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі 7-сынып 7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу. 7.4.4.2 еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

7-бөлім. Қазақстандағы ұлттар достығы

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Эльмира

Күні:

17.02.2025 жыл

Сынып: 7 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан – еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

7.4.4.2 еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну.

Сабақтың мақсаты

- коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

- еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын анықтайды.

Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

«Қазақстан – еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі» тақырыбы арқылы тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу,өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру;


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Үй тапсырмасын сұрау

8-тапсырма, 178-бет.

Ойтүрткі сұрақ:

Тақырып мазмұнын ашу мақсатында бірнеше сұрақтар қойылады.


1.Қазақстан қай жерде орналасқан және оның географиялық жағдайы мәдениетке қалай әсер етеді?


2.Қазақстанның мәдени мұрасының ең маңызды элементтері қандай?


3.Қазақстанда мәдениет саласындағы даму қалай жүзеге асуда?

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын таныстыру

Оқушылар орындап келген тапсырмаларын тексертеді.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерімен бөліседі.

Ықтимал жауабы:

1.Қазақстан Еуразиялық континенттің орталық бөлігінде орналасқан, Азия мен Еуропаның тоғысқан жерінде. Бұл оның көп түрлі мәдениеттер мен ұлттар арасындағы көпір рөлін атқаруына мүмкіндік береді.

2.Қазақстанның мәдени мұрасына ұлттық музыка, ауыз әдебиеті, дәстүрлі қолөнер, киімдер және ұлттық тағамдар кіреді.

3. Қазақстанда мәдениет саласында мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып, ұлттық мәдениетті сақтап, дамытуға бағытталған шаралар қолға алынуда.

Дескриптор

-үй тапсырмасын оқиды



Дескриптор

-сұраққа жауап береді - өз пікірлерін білдіреді

ҚБ ауызша бағалау

Жарайсың!

Керемет жауап!

Ұтыды ой!

Тамаша!

Құнды пікір болды!



Сабақтың ортасы


Жұптық жұмыс. Ауызша «Көршіңе әңгімелеп бер»

1-тапсырма. 179-бет.

Өлеңді тыңда. Ақынның Отанға деген сүйіспеншілі-гін мақал-мәтелмен, тұрақты тіркестермен әңгімелеп бер. Өлеңді өз шығармашылығыңмен жалғастырып көр.


Жұптық жұмыс, ауызша.

3-тапсырма. 179-бет.

Мәтінді оқып, жанрын анықта. Географиялық картадан Қазақстанның орнын анықта.

Сұрақ: Қандай ассоциация туындады?


Артық болмас білгенің!

Ассоциация дегеніміз – бір нәрсені еске түсіргенде басқа бір нәрсенің ойға келуі.Белгілі бір дыбыс немесе бейнені көргенде, біз оны бұрын естіген немесе көрген нәрсемен байланыстырамыз.


Жеке жұмыс

5-тапсырма. 180-бет.

Оқылым мәтініндегі мәдени мұралардың бірі туралы қысқа мәтін жаз. Жұбыңмен алмасып, бір-біріңнің жазба жұмыстарыңды редакциялаңдар.


Жеке жұмыс

6-тапсырма. 180-бет.

Абай өлеңдерінен берілген үзінділерден еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын ажырат.

Мақтауға есіріп,

Барынша көсіліп,

Ырғалып қаңқ етті,

Ірімшік жерге салп етті.

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжаң

Болама дәулет,

Кәсіп бұл?

Құржаң-құржаң етеді,

Жер ұшық берген кісідей...


Жеке жұмыс

7-тапсырма. 180-бет.

Бос орынға еліктеу сөздерді қойып жаз. Қызметін түсіндір.

Күн ... күркіреді. Олар ... күлді. Уәлихан апасына ... етеді. Ай сәулесімен ... етеді. Тоғайдан ... еткен дауыс естілді. Аттар ауыздығын ... шайнайды. Бүлдіршіндер ... жүгіріп жүр. Ауыл маңы ... болып жатыр. Доп өзенге ... етті. Жаңбыр ... етіп жауды.

Оқушылар QR код өлеңді тыңдап, парталас жұбына ақынның Отанға деген сүйіспеншілігін мақал-мәтелмен, тұрақты тіркестермен әңгімелеп береді. Жұбымен бірге ақылдаса отырып,өлеңді жалғастырады




Оқушылар мәтінді оқып, жанрын анықтайды.Географиялық картадан Қазақстанның орнын анықтайды. Сұрақтарға жауап береді.



Ассоциацияның мысалдары:

  1. Табиғат: Жасыл түс – табиғатпен,орманмен байланысты.

  2. Жаз: Жаз мезгілі – демалыс, теңіз, күнмен байланысты.




Оқушылар оқылым мәтініндегі мәдени мұралардың бірін таңдап, сол туралы қысқа мәтін жазады. Жұбымен алмасып, бір-бірінің жазба жұмыстарын редакциялайды.





Оқушылар үзінділерден еліктеу сөздерді тауып, еліктеуіш пе, әлде бейнелеуіш пе екенін ажыратады.

Ықтимал жауап:

Еліктеуіш: қаңқ етті


Бейнелеуіш: салп етті, ыржаң, қылжаң, Құржаң-құржаң






Оқушылар бос орынға еліктеу сөздерді қойып жазады. Сөйлемдегі қызметін түсіндіреді.

Жауабы:

Күн шатыр-шұтыр  күркіреді.Олар сылқ-сылқ күлді. Уалихан апасына жалт қарады. Ай сәулесімен жалт-жұлт етеді. Тоғайдан шыр-шыр еткен дауыс естіледі. Аттар ауыздығын қарш-қарш шайнайды. Бүлдіршіндер томпаң-томпаң жүгіріп жүр. Ауыл маңы апыраң-топыраң (у-шу) болып жатыр. Доп өзенге шалп етті. Жаңбыр сатұр-сұтыр (тырс-тырс) етіп жауды.

Дескриптор

- ақынның Отанға деген сүйіспеншілігін әңгімелеп береді.

- мақал-мәтелмен, тұрақты тіркестерді қолданады.

-өлеңді жалғастырады


Дескриптор

- жанрын анықтайды

- Қазақстанның орнын анықтайды

- сұрақтарға жауап береді.








Дескриптор

- қысқа мәтін жазады

-мәдени мұралар туралы жазады

- бір-бірінің жұмыстарын редакциялайды.



Дескриптор

- еліктеу сөздерді анықтайды

-мағыналық түрін ажыратады









Дескриптор

- бос орынға еліктеу сөздерді қойып жазады.

- қызметін түсіндіреді








Сабақтың соңы

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар ауызша немесе жазбаша мына сұрақтарға жауап бере алады:

  1. Бүгін мен ... білдім.

  2. Маған ... қызық болды.

  3. Маған ... қиын болды.

  4. Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Үйге тапсырма: 8-тапсырма,180-бет.

Оқушылар сабаққа кері байланыс береді.


Үй тапсырмасын жазып алады.

Оқушылардың сабақта берген жауаптарына қарай ФБ қойылады





14 Ақпан 2025
145
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі