Материалдар / ҚМЖ Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» . Сұрапыл соғыс азабы 7-сынып

ҚМЖ Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» . Сұрапыл соғыс азабы 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұрапыл соғыс азабы 7-сынып 7.1.4.1 көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

3-бөлім. Балалар мен үлкендер

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

21.02.2025 жыл

Сынып: 7 «А,В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сұрапыл соғыс азабы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.4.1 көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

Сабақтың мақсаты

  • Кейіпкер бейнесін ашады

  • Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

«Сұрапыл соғыс азабы» тақырыбы арқылы тапсырмаларға шығармашылықпен қарап, өз шешімдері мен идеяларын ұсынып, өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Үй тапсырмасын сұрау: «Ішкі және сыртқы шеңберде» жұбыңызбен талқылаңыз.

Ішкі шеңбердегілер – А;

Сыртқы шеңбердегілер – Ә.

Қосымша сұрақ:

1.Шығарма сюжеті қалай басталды?

2.Оқиғаның шешімі туралы не айтар едіңіз? Мұндағы басты идея не болды?

«Ой қозғау»

«Үш қадам» әдісі арқылы төмендегі мәселелерді айтуы керек:

  1. Повестегі 3 кейіпкерді ата;

  2. Серіктің өміріне 3 сөзбен баға бер;

  3. Повестегі Серіктің күйін, сезімін 3 сөзбен жеткіз.

  4. Повестегі аталған оқиғаны 3сөзбен жеткіз.

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын таныстыру

Барлық оқушы бір мезгілде жұптарымен әңгімелеседі

Екеуі де шығармадан түйгендерін ортаға салады.



Қосымша қойылған сұрақтарға жауап береді.



Оқушылар «Үш қадам» әдісі арқылы берілген мәселелерді айтады. Повестегі 3 кейіпкерді атап, Серіктің өміріне 3 сөзбен баға береді. Повестегі Серіктің күйін, сезімін 3 сөзбен жеткізіп, 3 оқиғаны сөзбен жеткіз.



Дескриптор

-оқиғаның басталуы мен шешімі туралы өз ойын жеткізеді;

-сұраққа жауап береді

- өз пікірлерін білдіреді

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»



Дескриптор

-3 кейіпкерді анықтайды

- Серіктің өміріне 3 сөзбен баға береді

- Серіктің сезімін 3 сөзбен жеткізеді

-3 оқиғаны сөзбен жеткізеді


Сабақтың ортасы


Жұптық жұмыс.

1-тапсырма.

Серікке мінездеме жазыңдар. Серік қандай бала? Анасының айтуынша, Серіктің қандай бала екенін анықта. «Серікжан үшінші класты өте жақсы деген бағамен бітірді. Атасы «екі-үш ай болса да, сағынамын ғой» деп, бетінен сүйіп, жылап қалды. Тіпті Степанның Петясы мен Ефим шалдың Мишасы да станцияға дейін шығарып салды».


Жеке жұмыс

2-тапсырма. Подполковник Мергенбаевтың Анна Ивановна туралы ойын оқып, қосымша дәлелдер келтіре отырып, кейіпкерді талдаңыз.

«Соғыстан бұрын екі-үш жыл көрші тұрдық. Онда жай әйелдердің бірі ғана сияқты еді. Кімнің кім екені қиыншылықта көрінеді деген осы-ау. Қандай ақылды, парасатты адам. Міне, адам болса, осындай болсын!»


Жеке жұмыс

2-тапсырма. Шығармада сізге қай кейіпкер көбірек ұнады? Неліктен? (кейіпкер бейнесін ашуға тырысыңыз). Шығармадан өзіңізге ұнаған кейіпкердің бейнесі немесе іс-әрекеті суреттелген тұсын жатқа айтыңыз.


Оқушылар Серікке мінездеме береді.

Өз сөзін мысалдардан деректер келтіре отырып дәлелдейді.

Ықтимал жауабы: Сабақты өте жақсы оқитын, кішіпейіл, өз ортасына тез сіңе алатын бала. Серіктің Савченко Анна Ивановнаға тез үйреніп, сіңіп кетуіне оның сабақты жақсы оқығандығы, алғырлығы, өзі құралпы орыс балаларымен араласып өсуі де ықпал етті.

Оқушылар подполковник Мергенбаевтың Анна Ивановна туралы ойын оқып, қосымша дәлелдер келтіре отырып, кейіпкерді талдайды.








Оқушылар шығармадан өзіне ұнаған кейіпкердің бейнесі немесе іс-әрекетін суреттеген тұсын жатқа айтады.






Дескриптор

- мінездеме береді.

-мысалдармен дәлелдейді









Дескриптор

-кейіпкер бейнесін ашады;

-өзіндік көзқарасын білдіреді;

-дәлел келтіреді





Дескриптор

-кейіпкер бейнесін ашады;

-өзіндік көзқарасын білдіреді;

-шығарма үзіндісін жатқа айтады.

Қалыптастырушы бағалау : «Ыстық шапалақ»









Сабақтың соңы

Рефлексия: «Мен үшін бүгінгі сабақта не маңызды болды?»


Үйге тапсырма: Оқу .

Оқушылар сабаққа кері байланыс береді.


Үй тапсырмасын жазып алады.

Оқушылардың сабақта берген жауаптарына қарай ФБ қойылады



15 Ақпан 2025
242
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі