Материалдар / ҚМЖ. Сан есім
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ. Сан есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2021
523
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі


Мектеп: 4 ЖОББМ


Күні: 06.05.2020

Машықкердің аты-жөні: Самарханова Шырайлым

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

Сабақтың

мақсаты







Барлық оқушылар :

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге -бағытталған сұрақтар құрастырады;

-жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады

Оқушылардың көбі :

грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады

Оқушылардың кейбірі:

жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді

жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі

Бағалау

критерийлері

  • Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді табады

  • Мәтінге байланысты сұрақтар құрастырады

  • Түрлі дереккөздерден жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады

  • Сөздерден сөз таптарын табады

Тілдік мақсаты

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сан есім, есептік және реттік.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Сұрақтар құрастырады және зат есім, сын есім, етістік, сан есімді сұрақтары арқылы ажыратады

Құндылықтарды дарыту

Су шаруашылығында жұмыс жасайтын мамандықтарды құрметтеуге, балықтың құрып бара жатқан түрлерін қорғауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Алдыңғы

меңгерілген білім

Сөз таптарын ажыратады, айырмашылықтарын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы


1 минут










4 минут



















Шаттық шеңбер

Балаларды шаттық шеңберіне шақырып қолдарына гүлдерді таратып, оның нәзіктігіне, сүйкімділігіне назар аудартылады.

Енді сағат тілінің қозғалысы бойынша балалар бір-біріне тілек айтып, қолындағы гүлдерін көршілесіне ұсынады. Осылай балалар жанындағы баланың берген гүлін өз гүлімен қосып, келесі балаға ұсына отырып, жылы сөздер айтуын жалғасытыра береді. Гүлдер бірте-бірте үлкілейіп, шоқ гүлге «Тілек шоғына» айналады.

Гүлдердің түстеріне қарай топтарға біріктіру. Қызыл, сары, көк гүлдер.

Миға шабуыл «Кім тапқыр» әдісі

1-топ сан есімдерді сөз құрамына талда

Алмаға кеп күнара
 Қонушы еді бір ара 
 Бүгін тоғыз туысын
 Ертіп келді бұл ара.   
 Сонда бүгін алмаға
 Келіп қонды неше ара? 
               Жауабы: 10 ара 

 

2- топ

Өлең есептің шешуін тап

Ертеңгісін атам

Екі серкені қорадан қуып еді.

Егіз бөрте лақ ере шықты

Бөрте лақтардың енесі

Олармен ере шықты

Сонда барлығы неше ешкі далаға шықты?

Жауабы: 5 ешкі

3-топ

Жұмбақтың шешуін тап

Шығармақ боп кеше есеп
 Жиналғанда бес есек.        
 Үшеуі ұйықтап отырды    
 Ынталысы неше есек?      
 
Жауабы: 2есек   

https://images.app.goo.gl/b2P9tWL1QUQLRTuz5






https://images.app.goo.gl/CPeNnVEZ66wqe8JJ6





https://images.app.goo.gl/MAHta9Yr2mGrWciD6






https://images.app.goo.gl/xyxBZQN54SZMq2zp7



















Сабақтың ортасы

7 минут














7 минут

















7 минут

















9 минут

«Сөздік гол» ойыны

Өлеңнің ұйқасын тауып белгіле және жаз.

Сөз

құлап

ағып

қағып

бұлақ

Сылдыр





Таудан





Жатыр





Мөлдір





Сылдыр ...

Таудан ...

Жатыр ...

Мөлдір ...

Дескриптор:

-сөздердің мағыналық байланысын анықтайды;

- ұйқасын анықтайды;

- ұйқасын жазады

Қ.Б: жұптар бір-бірін тексеру арқылы кері байланыс.

«Сұрақтар желісі» әдісі

Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлең қай жақтан айтылып тұр? Өлең неліктен «Балықшының ұлымын» деп аталып тұр?

1.Шеңбер бойына тұрғызылады. Жіптің басын ұстап тұрып, орамды басқа оқушыға лақтыра отырып сұрақтар балықшының ұлына сұрақтар құрастырады

Мыс: Теңіз айдынына шыққанда қорқыныш сезімі болды ма?

...

...

2.Мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді белгіле. Олардың мағынасын сөздіктен біліп ал.

Сескенбеймін-

Селк-

Айдын-

Дескриптор:

-сұрақтар құрастырады

-сөздердің мағынасын талдайды

Қ.Б: мадақтау арқылы

Көру диктанты

32-жаттығу Өлеңнің тыныс белгілерін қойып жаз.Сан есімнің астын сыз.

Су табиғат байлығы

Өзен-көлге барғайсың

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп тұрғайсың

Дескриптор:

-жатқа жазады

-тыныс белгілерін қояды

-сан есімді табады

Қ.Б: смайликтер арқылы бағалау

- Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

33-жаттығу Ребустарды шеш. Шешуіндегі сөздерді қатыстырып сөйлемдер құра. Ребустардың шешуіндегі сөздер сан есім екенін дәлелде.


ДShape3 әлелдеу үлгісі: заттың санын білдіреді

БShape4 ұл – сан есім, өйткені


Дескриптор:

-ребусты шешеді

-сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды

-сан есім екенін дәлелдейді

Қ.Б: жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалау

- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.




578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!