Материалдар / ҚМЖ, Су. Табиғаттағы су айналымы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ, Су. Табиғаттағы су айналымы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар, дүниетану пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне сабақ жоспарын құруға көмек болады. Сабақты жоспарлауда керек болатын тиімді әдіс-тәсілдерді өздеріңізге түртіп алсаңыздар болады. ҚМЖ-ны жүктеудегі мақсатым өзімнің болашақ әріптестеріммен тәжірбие алмасу арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2019
3722
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: дүниетану

Мектеп: 37 гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уәлиева Лаура

СЫНЫП: 4 «а»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Су. Табиғаттағы су айналымы.

Жер асты суы. Минералды сулар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Білімділік: Іс-тәжірибе жүзінде оқушыларға табиғаттағы су айналымы, жер асты суы, минералды сулар туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға, ластамауға, шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз беттерімен жұмыс жасай алу қабілетін және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту.

Сабақ мақсаттары

Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсініе отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді.
Оқушылардың ой - өрісі, тілі, дүниетанымы кеңейеді,өз ойларын айта алады.

Тілдік мақсат

Су, минералды сулар, жер асты сулары термин сөздердің мағынасын аша алады, тілдік лексикондарында қолдана алады.

Бағалау критерийлері


Жер асты суларын сипаттайды;

Минералды сулар туралы біледі;

Табиғатта су айналым ажыратады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, қазақ тілі.


Құндылықтарды

дарыту

Оқушылар осы сабақ өту барысында Жер ананы құрметтеп, табиғатты аялауға қалыптасады. Еңбектің қадірін түсініп, топ ішінде жұмыс істеу барысында сыйластық, достық қарым-қатынасқа үйрету.

Алдыңғы оқу:

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Сабақ барысы

Ресурстар



Сабақтың басы



2 минут















8 минут


Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Психологиялық ахуал

Бәріміз бір-біріміздің алақанымызды тигізіп, бүгінгі күнге сәттілік тілейік. Видео материал, балалар бәріміз таза табиғат аясында жүрміз, жанымызда тап таза мөлдір суы ағып жатыр. Осы бұлақ жанда айтылған тілектер орындалады екен. Бәріміз ішімізден жақсы тілектер тілейік. Балалар сендерге осы таза, мөлдір бұлақтай таза болуға, көңілдерін көтеріңкі болуды тілеймін! Жақсы бәріміз орнымызға отырайық.

Оқушылардың көңіл күйін сұрау

Топқа бөлінеді.

1 Бұлақ

2 Болашақ

3 Шипа

  1. Топтың ережесін таныстыру.

Үй жұмысын тексергенде «Кубизм» әдісі.

Кәне, ұй жұмысын куп әдісі арқылы тексерейік.Әр кубтың қырында сан жазылған. Сол санның астында үй тапсырмасының сұрақтары берілген. Сұрақты оқи отырып үй жұмысына жауап алу. Бірден жауап қайтарған оқушыларды топ мүшелерін бағалап отырады.

-Тас көмір аса ірі кен орны қай қалаларда?

-Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алады?

-Ең алғаш көмірдің табуына өз үлесін қосқан кім?

-Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата

-Жанғыш пайдалы қазба?

-Пайдалы қазба өндіретін жерді қалай атайды?

Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім бағалайды.

Ой ашар сұрақтар:Балалар ал, кәнекей мына сендерге жұмбақтар тауып көрейікші.

Жылт - жылт етеді
Жылғалардан өтеді(СУ)
2.Сылқ - сылқ күледі
Аяғы жоқ жүреді(су)
3.Еш тесiкке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.(СУ)
Сонымен біз не іс өмір сүре алмаймыз?

Күнде тұра салып, не істейсіндер? Балалар қараңдаршымен қолымда су осы екі судың қандай ерекшелігі бар? Соны әр топқа берілген бетке су туралы түсінік берейік. Су қандай? Оның дәмі қандай, түсі? Судың құрамын білесіңдер ме?Сендер білесіңдер ме Су сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90% -ы судан тұрады.

Су табиғатта сұйық, қатты, газ күйінде кездеседі. Табиғатта үнемі су айналымы болып тұрады.

Оқулықпен жұмыс. Топқа бөлініп оқу.

1Сен біздің ғаламшарымыздан суы жоқ жерді таба алмайсың. Табиғатта су бірде жылып, бірде суып және буланып тұрады. Су булары жиналып, ауаға көтеріліп, аспанда бұлт түзеді. Бұлттағы су тамшылары бір-бірімен өосылып, ауырланады. Бұлт қоюланып, жауын-шашын болып жерге түседі.

2 Судың біразы топыраққа сіңеді. Жердің қабаттарынан өтіп, су өткізбейтін қабатта жиналады. Жер астындағы су жол тауып, тұма немесе бастау түрінде сыртқа шығады. Бұлақ -басы тұмада (бастаудан) басталып, баяу ағатын кішігірім су. Судың жер бетіндегі шалғын, дала және орманға түскен бөлігі жылғалармен ағып, өзендер мен көлдерге қосылады. Күн сәулесінің ағаштар мен өсімдік жапырақтарындағы, бұталар мен шөптесін өсімдіктердегі су буланады.

3 Жылға, өзен, көл беттерінен де су буланып, аспанға көтеріліп, бұлтқа айналады. Содан соң жауын-шашын түрінде қайтадан жерге түседі. Табиғаттағы су осылайша айналып жүреді. Мұны табиғаттағы су айналымы дейді.

Эксперимент

Шәйнектегі су буға айналады. Егер далада күн суық болса, асүйдің жабық тұрған терезесі терлейді. Онда су тамшылары пайда болады. Бұл- шійнектен шыққан бу. Ол қайтандан суға айналады. Біраздан кейін терезе әнегі кеуіп кетеді. Су тамшылары қайда кетті? Олар қайта буланады. Міне, сен кішкентай ғана су айналымын байқадың.

Осылайша су бір күйден екінші күйге айналады. Ол мұхиттар мен теңіздерден құрлыққа, қайтадан құрлықтан суға ауысып, айналым жасайды. Судың мұндай табиғаттағы айналымы үздіксіз жүріп отырады.

Суретті пайдалана отырып табиғаттағы су айналымы туралы айтып бер.

Су айналымы кезінде судың қандай қасиетін байқауға болады?

Жерасты су. Минералды сулар

Балалар жерасты суын адамдар ішуге және шаруашылық қажеттілігіне пайдаланады. Жерасты сулары әртүрлі болады: тұщы немесе ащы, суық немес ыстық. Минералды су адамдарады емдеуге пайдаланылады. Ал енді мәтінге назар аударайық. Жерасты суы қалай пайда болатын тыңдайық:

Жерасты су Тянь-Шань, Алтай, Жетісу Алатауы, Сарыарқа тауларында таралған. Бұл су тау баурайлары мен аңғарларын бойлай жер бетіне шығады. Жер бетінде көптеген тұщы, тұзды, суық, жылы, ыстық су көздері шығып жатады. Олардың бірінің суы тап-таза, мөлдір болса, келесісі сабынды суға ұқсайды, үшіншісі соншалықты ыстық болып, буы бұрқырап жатады. Олардың дәмі де әртүрліт. Тұзды суды тамаққа пайдалануға болмайды. Оның құрамынды еріген тұз көп, сондықтан адам организміне кері әсер етеді.

Әртүрлі тереңдікте орналасуына қарай жерасты және тереңдіктегі су болып бөлінеді. Жерасыт сулары жер бетіне жақын 3тен 30 метрге дейінгі тереңдікте орналасқан. Қуаң жерде тұратын адамдар көбінесе жерасты суларын пайдаланады. Ол үшін құдық қазады.

Су жердің қалың қабатынан өте отырып, сүзіліп, лай мен тұздан тазарады. Ал адамдар ол суды ішуге және шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланады.

Жерасты суы адамдардың қажеттілігін өтей алмайды. Адамдар 50 мертден артық тереңдіктегі жаңа су көзін ашты. Бұл -терең орналасқан артезиант суы. Қазақстан жерінен аумағы Балқаш сияқты 70 көлдің ауданына тең 70-тен астам артезиан су көзі ашылды. Мойынқұмнан ауданы 50 мың шаршы метрге тең су асты теңізі табылды. Оның суы ішуге және егістік суаруға пайдаланылуы мүмкін.

Қазақстанда суын өнеркәсіп қажеттілігіне және үй жылытуға пайдалануға болатын көптеген ыстық су көздері бар екені анықталды. Ғалымдар әртүрлі судың құрамын зерттеген. Құрамыннан минералдар шыққан суды минералды су деп атаған. Минералды суды өңдеп, ішуге пайдаланады. Онда адам денсаулығына пайдалы түрлі химиялық элементтер бар.

Минералды су қоры көп жерлерге демалыс орындары, шипажайлар салынады. Мысалы, «Алмаарасан», «Қапаларасан», «Сарыағаш», «Жаркентарасан » т.б. Көптеген емдеу-сауықтыру орындары бар.

Шипажайларға науқас адамдар емдеулеу үшін келеді. Оларға дәрігерлер, дене шынықтыру мамандары көмек көрсетеді. Карловы Вары - әлемдегі танымал курорттардың бірі. Ол Чехияда орналасқан. Ол жердегі минералды сумен тірек-қимыл аппаратының, асқорыту жүйесінің ауруларын және басқа да ауруларды емдейді.

Балалар сендер қандай емдік шипалы жерді білесіңдер? Қайда барып көрдіңдер? Несімен шипалы? Халық сумен қалай қамтамасыз етіледі?Минералды су деп қандай суды айтамыз? Минералды судың қандай қасиеті бар? Шипажайлар туралы баянда?

Видео материалдар.

Үй жұмыс 44-46 беттер мазмұндау.

Видео материал, карточкаларға жазылған топ аттар,



















шаршы















































Құтыдағы таза және ластанған су.















Таратпа материалдар.















































































А3, ақ қағаз, маркер.

Сабақтың соңы Рефлексия

3 минут

Балалар сендер бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер не қиынға соқты осыны анықтау үшін стикерлерді спанч бобқа жапсырыңдар.

Спанч боб суреті, стикерлер

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді?





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!