Материалдар / ҚМЖ Таңғы асты тастама 7-сынып

ҚМЖ Таңғы асты тастама 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Таңғы асты тастама 7-сынып 7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру; 7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

8-бөлім. Дұрыс тамақтану.

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Эльмира

Күні:

27.02.2025 жыл

Сынып: 7 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Таңғы асты тастама

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;

7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану

Сабақтың мақсаты

- мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады;

- одағай түрлерін ажыратады

Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

«Таңғы асты тастама» тақырыбы арқылы тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу,өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру;


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Үй тапсырмасын сұрау:

6-тапсырма, 189-бет.

Жұмбақты шеш

1.Сырты тас,
Іші ас.
2.Судан шығады,
Суда қорқады.
3.Жеке өзін жей алмайсың,
Онсыз асты да аузыңа алмайсың.
4. Қар дейін десем,
Қап қатты.
Тас дейін десем,
Тәп тәтті.
5. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын таныстыру


Оқушылар орындап келген тапсырмаларын тексертеді.


Оқушылар жұмбақты шешеді.

Жауабы:

1.Жаңғақ

2.Тұз

3.Тұз

4.Қант

5.Жұмыртқа


Дескриптор

-үй тапсырмасын оқиды


Дескриптор

- жұмбақты шешеді

ҚБ ауызша бағалау

Жарайсың!

Керемет жауап!

Ұтыды ой!

Тамаша!

Құнды пікір болды!


Сабақтың ортасы


Сыныппен жұмыс.

1-тапсырма. 190-бет. Мәтінді тыңда. Таңғы астың маңызы қандай? Автор

көзқарасы мен көтерілген мәселені талда.

Ойтүрткі сұрақ:

1.«Ас–адамның арқауы» деген нақыл сөз нені білдіреді?

2. Ырым, наным-сенімдерді санаға сіңіру арқылы қазақтар дұрыс тамақтануға қалай көңіл бөледі?

3. «Ісім оңға бассын» деген ақ ниеттің ырымын қазақтар

қандай әрекеттер арқылы білдіріп отырған?


Жұптық жұмыс

3-тапсырма. 190-бет. Тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шармановтың сұхбатынан үзіндіні оқыңыз. Мәтін бойынша проблемалық 2 сұрақ құрастырыңыз.

Ойтүрткі сұрақ:

1.«Таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты жауыңа бер» деген нақыл сөзді қалай түсінуге

болады?

2. Не себепті жатарға таяу асқазанды бос ұстаған жөн?

3. Өзің академиктің зиянды деп атаған тағамдарын тұтынасың ба?


Есте сақта!

Шақыру және жекіру одағайы туралы түсінік


Жеке жұмыс

5-тапсырма. 191-бет. Адамға бағышталып айтылатын одағайларды қатыстырып, бес сөйлем жаз. Оқылым мәтінінің мазмұнын негізге ал.

Мысалы:

Ой, жарайсың! Бұл жобадағы ең үлкен жетістік сенің еңбегіңнің нәтижесі!

Ау, неге үндемейсің? Сенің пікірің мен үшін өте маңызды ғой.


Жеке жұмыс(топпен, жұппен орындауға да болады)

6-тапсырма. 191-бет.

Берілген тапсырмалардың бірін таңдау бойынша орындаңыз.

1. «Дұрыс тамақтану» тақырыбында жарнамалық постер немесе жарнама жаса.

2. Үй жануарларымен сұхбат: үй жануарларының бірінің адам тілін түсінетінін елестетіп, онымен сөйлес. Эмоцияңды білдіру үшін малға, үй жануарларына бағышталып айтылатын одағайларды қолдан.

3.Көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, таңғы ас туралы әңгіме жаз. Әңгіменің мазмұны оқырманға пайдалы болсын.


Оқушылар QR код арқылы мәтінді тыңдап, таңғы астың маңызын, автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдайды.

Ойтүрткі сұрақтарға жауап береді








Оқушылар тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов-тың сұхбатын оқиды. Проблемалық 2 сұрақ құрастырады. Сұрақтарға жауап береді. Өз пікірін дәлелдейді.






Оқушылар ережемен танысады.



Оқушылар адамға бағышталып айтылатын одағайларды қатыстырып, бес сөйлем жазады. Оқылым мәтінінің мазмұнын негізге алады.







Оқушылар берілген тапсырмалардың бірін таңдайды. Бірі жарнама жасаса, бірі үй жануарларының бірінің адам тілін түсінетіндей етіп сөйлем құраса, бірі таңғы ас туралы әңгіме жазуы мүмкін.

Барлық тапсырманың мазмұны оқырманға пайдалы болады.




Дескриптор

- көтерілген мәселені талдайды

- автор көзқарасын анықтайды

- таңғы астың маңызын талдайды

- сұрақтарға жауап береді






Дескриптор

- проблемалық сұрақ құрастырады.

- сұрақтарға жауап береді

- пікірін дәлелдейді.













Дескриптор

- бес сөйлем жазады.

-адамға бағышталып айтылатын одағайларды қатыстырады

- мәтін мазмұнын негізге алады.





Дескриптор

- тапсырмалардың бірін орындайды

- одағайларды қолданады

- тапсырма мазмұны оқырманға пайдалы болады










Сабақтың соңы

Рефлексия «Шығу парағы»

-Бүгін не үйрендім?

-Сабақ бойынша нені түсінбедім?

-Келесі сабақта қандай мәселеге көңіл аудару керек?


Үйге тапсырма: 9-тапсырма, 192 -бет.


Оқушылар сабаққа кері байланыс береді.


Үй тапсырмасын жазып алады.

Оқушылардың сабақта берген жауаптарына қарай ФБ қойылады







14 Ақпан 2025
275
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі