Материалдар / ҚМЖ. Тірі ағзалар арасындағы қарым-қатынас түрлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ. Тірі ағзалар арасындағы қарым-қатынас түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінің мұғалімдеріне ҚМЖ құрастыру кезінде қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Тамыз 2019
8975
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: §56. Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері

Мектеп:Беріктас орта мектебі МДШО КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Меркулова А.Б.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа

негізделген оқу мақсаттары

8.3.1.6 – тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау


Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қарым-қатынастарды ағза үшін тиімділігіне байланысты жүйелейді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Жағымды қарым-қатынас түрлерін салыстырады, ажыратады.

Жағымды қарым-қатынастарды мысал келтіре отырып, талдайды.

Кейбір оқушылар:

Тіршілік үшін жағымды қарым-қатынастың маңызына баға береді.

Сабақтың

құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

  • Ағзалар арасындағы қарым-қатынастарды жіктеп жүйелейді.

  • Жағымды қарым-қатынастарға сипаттама береді.

  • Жағымды қарым-қатынастарға мысал келтіре отырып, ерекшеліктеріне тоқталады.

  • Жағымды қатынастардың маңызына баға береді.

Тілдік мақсат

Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Симбиоз, кооперация, мутуализм, комменсализм,

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Қынаның өткен сабақтардан екі ағзаның селбесіп өмір сүруінен туындаған ағза екендігін білесіңдер. Қына құрамындағы саңырауқұлақ пен балдыр қандай қызмет атқарады? Олар бір-бірінсіз өмір сүре алады ма?

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Неліктен бұршақ тұқымдастар өскен жерде өсімдіктер жақсы өседі? Бұл

сұрақтың бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

Жазылым бойынша ұсыныстар:




Жағымды қарым-қатынас түрлерін дәптерге түсіру.


Алдыңы оқу









Оқушылар «биология» 7сынып оқулығынан экожүйенің құрылымын, компоненттерін біледі. Тірі ағзаларды түзушілер, тұтынушылар және деструкторлар деп жіктей алады. Оқушылар қарапайым қоректік тізбектер құрып, продуценттер мен консументтерді анықтай алады. Қоректік тізбек пен қоректік тор құра алады. Популяция құрылым ерекшелігін ажыратып, айтып бере алады. Экто және эндопаразиттер туралы білімдерін еске түсіреді.



Жоспарланған

уақыт


Жоспарланған жаттығулар


Басталуы




Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.

Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:

«Айна» стратегиясы

Үй тапсырмасын тексеру:

«Шынжыр» әдісі арқылы тірек сөдерге анықтама береді:популяция; популяция көрсеткіштері; туу; өлім-жітім; өсім; жастық құрамы; жыныстық құрамы; популяция генофонды;

Бағалау: Мұғалімнің ауызша бағалауы.

Жаңа тақырыпты ашу:

«4 сурет,1сөз» әдісі

Суреттер арқылы

Алдыңғы білім туралы сұрақтар қою: Симбиоз дегеніміз не?

Топқа бөлу : Қима қағаздар арқылы

Сынып осы әдіс арқылы «Бірлік», «Достық» топтарына бөлінеді. «Оқушылардан осы сөздер бүгінгі сабаққа ассоциация бола ала ма?» деп сұралады.

Әр топ өздерінің атының сабаққа байланысын болжайды.




Ортасы





















































Аяқталуы

І. Ой қозғау: «Нақты селбестік, мутуализм, комменсализм» бейнекөрініс көрсету. «СТОП КАДР» әдісі арқылы бейнекөріністі талқылау.


ІІ. Оқулықпен жұмыс:

Мәтінді «5 сұраққа 5 жауап » стратегиясы арқылы меңгереді.

  1. Симбиоз дегеніміз не?

  2. Нақты селбестікке анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер?

  3. Нақты селбестік пен мутуализм арасында қандай айырмашылықтар бар?

  4. Комменсализм қандай қатынас түрі?Мысал келтіріңдер.

  5. Тірі ағалардың тіршілігіндегі пәтерлестік туралы не айта аласыңдар?


Дескрипторлар:

Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс тапсырмасын орындайды.

  • Мәтіннен алған білімді пайдаланып, сұрақтарға жауап береді.


  • Биотикалық қарым-қатынастың жағымды түрлерін ажыратады, салыстырады.

Бағалау:Топтар бірін бірі « кубик» арқылы бағалайды.


ІІІ. « Ойланып, жауап бер» әдісі

Жұптық жұмыс:

І жұп: «Мен – саған, сен – маған», «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген мақал-мәтелдерді қарым-қатынастың қай түріне қолданар едіңдер?


ІІ жұп: Неліктен бұршақ тұқымдастар өскен жерде өсімдіктер жақсы өседі? Бұл сұрақтың бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?


ІІІжұп: Қына құрамындағы саңырауқұлақ пен балдыр қандай қызмет атқарады? Олар бір-бірінсіз өмір сүре алады ма?


ІҮ жұп:Тіршілік үшін жағымды қарым- қатынастың қандай маңызы бар? Шағын ессе жазу


Бағалау:Жұптар бірін - бірі «Көршіңе 1 пікір таңдаңыз» әдісі арқылы бағалайды.


    • Жарайсыңдар!Сендердің жауаптарына ризамыз!

    • Сендер бұдан да жақсы жауап бере аласыңдар.

Жақсы, бірақ, ойларыңды толық жеткізе алмаған сияқтысыңдар... .

Сергіту жаттығулары.

«Бақа» биі


ІҮ. Сәйкестеңдіру.

Берілген мысалдарды тірі ағзалардың қарым-қатынасының түрлерімен сәйкестендіріңіз.(Жеке жұмыс)


1. Ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген.(Пәтерлестік)

2. Қыналар - балдыр мен саңырауқұлақтың селбесіп тіршілік етуі.(Мутуализм)

3. Құстардың ұясымен көптеген кемірушілердің індерінде тіршілік ететін буынаяқтылар (Пәтерлестік)

4. Құстар мен тұяқты жануарлар арасындағы қарым-қатынас.(Нақты селбестік)

5. Аралар, басқа да бунақденелілер және гүлді өсімдіктер (Мутуализм)

6. Ұшқыш балықтардың акулалардың қасына еріп жүруі.(Комменсализм)


Дескриптор:

Тірі ағзалардың жағымды қарым -қатынас формаларын біледі

Формаларына мысалдар сәйкестендіре алады.


Бағалау: «Аукцион » әдісі


Дәптермен жұмыс «Түртіп алу» әдісі


Рефлексия. «Гүлге қонар көбелек» әдісі

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін көбелек стикерларға жазып, гүлдерге жапсырады.

Үйге тапсырма:тақырыпты оқу, «Микориза және оның тұрақты орман бірлестігін түзудегі рөлі» тақырыбына реферат жазу.


Қосымша ақпарат. Комменсализм – бұл екі түрдің арасындағы биотикалық байланыстың белгісі. Бір түр екінші бір түрге қоректік зат және мекен тауып беру, басқаша айтқанда екінші түрге зиян келтірмей бір түрдің өзіне қорек табу қасиетін айтады. Бұған көп мысалдар келтіруге болады. Мысалы қорқау қасқыр арыстаннан қалған етпен қоректенеді. Құстардың ұясында, кемірушілердің ішінде көптеген буынаяқтылар өздерінің тіршілік жағдайын табады. Яғни осы жердегі органикалық шірінділермен қоректеніп отырады.

Мутализм – екі немесе бірнеше түрлердің, өте ұзақ бір-біріне пайда келтіре отырып тіршілік ету арақатынасын айтамыз. Симбиоздық қатынас өсімдіктерде, жануарларда немесе өсімдіктер мен жануарларда, жануарлар мен өсімдік арасында болады. Мысалы, бұршақ тұқымдастар мен бактериялар, қыналар мен мүктердің, су балдырлары арасындағы байланыс. Мысалы, қыналардың құрамына, мүктер класының үш өкілі кіреді: аскомицеттер, базидиомицеттертер және фиккомициттер. Табиғатта 20000-нан астам ағзалардың түрлері бірлесіп тіршілік етеді.

Нейтрализм. Түрдің арасындағы байланыстың бір белгісі. Бірге тіршілік ететін екі түр, бір-біріне зиян да, пайда да әкелмейді. Олар бір-біріне тәуелсіз, бірақ олардың жағдайы,

тіршілік биоценоздағы басқа түрлердің жалпы жағдайына байланысты.




Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Ойланып, жауап бер.

«Мен – саған, сен – маған», «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген мақал-мәтелдерді қарым-қатынастың қай түріне қолданар едіңдер?

Қабілеті жоғары оқушы:

«Тіршілік үшін жағымды қарым қатынастың маңызы» ессе жазу







Пәнаралық байланыс: әдебиет, жаратылыстану

АКТ-мен байланыс Құндылықтарда ғы байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?




Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?




Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!