Материалдар / «Қоғамдағы ұстаз мәртебесі» тақырыбына эссе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қоғамдағы ұстаз мәртебесі» тақырыбына эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қоғамдағы ұстаз мәртебесі» тақырыбынада ой қозғап, эссе жазылды. Қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін арттыру, мұғалімінің өз қолында екені анық. Ал мұғалімнің мәртебесі артса, білімді де тәрбиелі ұрпақ болады. Осыған орай өз ойымды эссе арқылы бөлістім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2021
239
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қоғамдағы ұстаз мәртебесі» тақырыбына эссе

Ұстаз— ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажетті екндігін сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.

Әбу Насыр Әл- Фараби бабамыздың: «Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек. Және де ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс» — дейтін қанатты сөзі бар.

Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен. Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.

Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

Бүкіл дүнеижүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай болмақ деген бұлжымыс заңдылық ерте уақыттардың өзінде –ақ белгілі болған. Осыдан келіп, білім беру мен ғылым қызметкерлерінің қазіргі кездегі рөлі мен беделі еліміздің түрлі жыиындарында ерекше атап көрсетіліп жүр. Оның ішінде бастауыш сынып мұғалімі – ерекше тұлға. Өйткені ол — балалар мен үлкендер арасындағы сарапшы.

Сондай-ақ ол баланың психикалық құпияларын жетік біле отырып, білім береді, адам болуға үйретеді. Бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам… Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен. Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының, жеткіншек ұрпақтың қоғам мен мемлекет тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. Осыдан келіп, бастауыш мектеп мұғаліміне қойылатын бірқатар негізгі талаптар бар екендігі айқындалады:

алғашқы талап педагогикалық қабілеттіліктің болуы оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен;

балаларға сүйіспеншіліктен;

олармен қарым-қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа.

Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс. Мұғалімдер оқушы дамуына көп мән беруді және осыған сәйкес оқу үрдісін құруды ойластырады.

Мен де өз сабағымның оқушыға ұтымды болуын алға мақсат етіп қоямын. Сабақ барысында ақпараттық, ойын, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін қолданамын. Бұл технологиялардың оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Оқушының ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетеді, танымдық белсенділігі, сабаққа қызығушылығы артады, өз бетінше талпынады. Бастауыш сыныпта көбірек қолданылатын технология — ойын.Ойын, өзіміз білетіндей, баланың басты іс-әрекеті.Сонымен қатар ойын – оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыратын, оқу үрдісін қызықты етіп өткізуге әрі олардың көңіл күйлеріне әсерін тигізетін оқыту құралы.

Ойымды қорытындылай келе, бүгінгі мұғалім қойылатын талапқа сай, жан-жақты, білімді де іскер, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ұстазға тән қасиеттің барлығы бойынан табылса, ешкім ол мұғалімге негізсіз мін таға алмайтыны да анық дегім келеді. Қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін арттыру, мұғалімінің өз қолында екені анық. Ал мұғалімнің мәртебесі артса, білімді де тәрбиелі ұрпақ болады. Ендеше, елімізге үлкен үлес қосатын ұстаздардың мәртебесі арта берсін!


141 жалпы білім беретін мектеп

мұғалімі Маженбаева Э.А.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!