Материалдар / Қолайсыз атмосфералық құбылыстар.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолайсыз атмосфералық құбылыстар. Олардың шаруашылыққа тигізетін ықпалын айту. Олармен күресу үшін қандай іс- шаралар ұйымдастырылып жатқанына тоқталу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
1486
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім


Педагогтың аты-жөні

Жанат Когершин

Күні

28.10

Сынып

Қатысушылар саны 28

Қатыспағандар саны 28

Сабақтың тақырыбы


Қолайсыз атмосфералық құбылыстар.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.7 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады

Сабақтың мақсаты


- жергілікті қолайсыз атмосфералық құбылыстар ұғымы мен салдарын түсінеді.

-халық пен шаруашылық үшін қолайсыз атмосфералық құбылыстардың алдын алу жолдарын ұсына алады.

-карта және кескін карталады шартты белгілер арқылы оқи отырып, қолдана алады.

Бағалау критерииі

Түсіну: мәтін арқылы қолайсыз атмосфералық құбылыстардың түрлерімен танысады.

Қодану: Картамен және кесін картамен жұмыс жасап, оны өмірде қолдана алады .

Талдау:қолайсыз атмосфералық құбылыстарды суреттер бойынша ажыратып, себеп-салдарын анықтайды және топтастырады, зияндылығына баға береді.


Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

сәлемдесу, түгелдеу

ІІ. Психологиялық ахуал

«Назар сал» әдісі арқылы тақырыпты ашу.


Түрткі сұрақтарға қою.







  • Көріп отырған суреттер туралы не айта аламыз?

  • Қандай қолайсыз атмосфералық құбылыстарды білеміз?

Оқушылар пікірі тыңдалады, олар өз ойларын ортаға сала отырып, соңында ортақ бір қорытындыға келеді.

Оқушыларды топқа бөлу «Ой тастау»


1топ –дауыл 2 топ – бұршақ 3 топ –құйын

Дағды: оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру, қызықтыру, білімді шығармашылық тұрғыдан қолдану дағдыларын дамыту мақсатында беріледі . Топқа осылай бөлінуде мақсаттың бүгінгі оқу мақсатымен

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ














Ұялы телефон

Және интернет желілері

Кітап


Ортасы

. «Қолайсыз атмосфералық құбылстар»Оқушыларға сұрақ. Қандай қолайсыз атмосфералық құбылыстарды білеміз?

Мұғалім оқушылардың жауабын тындайды, қажет болса түзетіп тұрады.

Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың тұстарын анықтай отырып тақырыптың өзектілігін анықтайды.

  1. Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың тұстарын анықтай алады;

  2. Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды біледі;

  3. Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды ажырата алады;


«Достық аялдамасы»Жұптық жұмыс. Оқушылар оқулықтарын пайдалана отырып үсік, анызақ, көктайғақ, жел, шанды дауылдар, қуаңшылық, құрғақшылық ұғымдарын өздері оқып бір-біріне түсіндіреді.Мұғалім атмосфералық қолайсыз құбылыстардың зияндылығының әр түрлі салаларға (шаруашылыққа, өнеркәсіпке, жолға, баспанаға )әсер етуіне баға берудің жолын көрсетеді.

  1. Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды салаларға әкелетін зиян әсерін біледі;

  2. Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды ажырата алады;

  3. Тақырыпқа қатысты терминдерді мағынасын біледі.


Оқушылар бір-біріне түсіндіру арқылы түсініксіз тұстардын анықтайды.

Бірін-бірі стикер арқылы бағалайды. «Маған ұнады... себебі», «түсінікті болды......өйткені.....» «түсініксіз болды......себебі....»

  1. Атмосфералық қолайсыз құбылыстардың зияндылығын біледі;

  2. Әр түрлі салаларға (шаруашылыққа, өнеркәсіпке, жолға, баспанаға)әсерін біледі.

Мұғалім қорытынды жасайды.



ІV. «Тапсырмалар аялдамасы»Бекіту кезеңі


Тапсырма №1

Жамбыл облысындағы қуаңшылық қаупі қылаң бере бастады. Тындалым дағдысы бойынша тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

  1. Қуаңшылықтыңсебебінеде?

  2. Табиғи апаттың салдары қандай болуы мүмкін?

  3. Тапсырыстың қандай бөлігі келіп тұр?

  4. Орын алған қуаңшылықтан шешу жолы бар ма? Ұсыныс.

  5. Оқушылар бір біріне сұрақ қояды.

Қабылеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма.

Қосымша дифференцациялық тапсырмалар:

  1. Орын алған мәселенің шешу жолын ұсыну. Трансшекаралық өзендердің басқа проблемаларын көрсету

Кері байланыс.

Like of like.

  1. Қуаңшылықтың себебін біледі;

  2. Видеоны көріп шешу жолын ұсынады;

  3. Табиғи апаттың салдары қандай болатынын біледі.

Оқушылар қуаңшылықтың себеп салдарын анықтайды, қажет болса мәселенің шешу жолын ұсынады.

Тапсырма №2

Мәтінмен жұмыс. Бұл тапсырма екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде (Ауызша) «Стратегия минута» әдісі қолданылады. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқымай тұрып үш ашық сұрақ қояды.

  1. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз;

  2. Қуаңшылықтың кері әсерін сипаттаңыз;

  3. Қуаңшылықтың әсерін азайтуүшін қандай стратегия қоланылады.

Қуаңшылықтың пайда болу себебі, аймақта жауын-шашынның жылдық орта көрсеткіштен төмен мөлшерде түсуі. Қуаңшылық бірнеше жылдар бойы жалғасса да, қысқа мерзімді, бірақ қарқынды қуаңшылық экожүйелерге және жергілікті экономикаға, әсіресе, жайылымдық территориялардың экожүйелері мен экономикасына орасан зор зиян тигізуі мүмкін. Экономиканың нашар дамуымен қатар жүретін қуаңшылық мәселесі, құрғақ жерлердегі жиі кездесетін сценарий болып табылады. Бұл азық түлік қауіпсіздігінің жоқтығының ең негізгі себебі, бірақ саяси орта, ұлттық және аймақтық саясат, ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибе, су айырығын мемлекеттік басқару, сонымен қатар денсаулық сақтау мен тамақтану мәселелері де қуаңшылықтың үдеюіне әсер етеді. Дамушы елдердің құрғақ территорияларында өмір сүретін халықтың көпшілігі табиғи қорларға тәуелді, дәл сол адамдарға баламалы шешімдер жетіспейді және олар азық түлік қауіпсіздігін кепілдендіру үшін қоғамдық қауіпсіздіктің жоқтығын бастарынан кешуде. Қуаңшылық әсерін азайту стратегиясы бірнеше әдістерді біріктіреді, оларға қуаңшылық мониторингі, ақпарат жинақтау, жер пайдалануды тұрақты басқару, ауыл шаруашылығын сақтау және жауын суын жинау жатады.

  1. Қуаңшылықтың пайда болуын және салдарын біледі;

  2. Қуаңшылықтың әсерін біледі;

  3. Мәтінді оқып қауіпсіздік шараларын ұймдастырады.

Мұғалім оқушыларға үш сұрақтың жауабын интарактивті тақтада көрсететеді.(Оқушы өзінің жауабы қаншалықты мұғалімнің жауабына сай болуын көреді, оқушы өзін бағалайды, және сыныптастарының жауаптарын білетін болады)

Екінші тапсырма «Жазбаша» «Формула ПОПСА» әдісі бойынша жүргізіледі. Оқушыларға сұрақ қойылады «Сіз тұратын аймақта қуаңшылық кездесе ме?»

Жауап беруге төрт-бес минут беріледі, мұғалім жауаптарды жинап алады.

Оқушылар оқылым дағдысы арқылы мәтінге сараптама жасады. Сараптма жайсай отыра оқу мақсатына қатысты қажетті ақпарат алады. Жауаптарды салыстыру арқылы өзін бағалайды.

Тапсырма № 3

Берілген мәтінді оқып сақтану шараларын ұсын. Жадынама сурет ретінде берілсін.

Мұғалім оқушыларға А-2, А-3 қағаздарын, түрлі түсті қалам таратып береді. Оқушылар қысқы мезгілдегі көктайғақ кезіндегі сақтану шараларын ұсыну кажет. Оқушылар топқа біріктіріледі. (төрт-бес адамнан).

Қыстың көзі қырауда жазатайым сүрініп кетіп, құлап, жарақат алғандардың саны артып кетеді. Осы мезгілде түнгі аяз жердің бетін қатырып, кеше ғана жүріп өткен жолымыз айнадай жарқырап, көктайғаққа айналады.

Мұндайда ғимараттардың алдындағы тепкішек­тер­ден алаңсыз адымдау да қатерлі. Жерасты жолдарының тепкішектері аязды күні мұз құрсанып қалса, ол да жаман. Жүргіншілердің табанымен тапталып, көк мұзға айналған аялдама алдында көлікке ілігем деп ұмтылып, оңбай құлап ондалап жатқанды да көрдік.

Асылы, жалпы ережелерді есте ұстаған жөн. Мысалы, көктайғақта сыртқа шығар кезде, аяқ киіміңізді дұрыс таңдаңыз. Оның өкшесі биік емес, табаны қалың әрі бұ­дырлы болып келгені жақсы. Ал, көшеде жүргенде жерді нық басып, қолыңызды қалтаға салмай, тепе-теңдікті сақтаған дұрыс. Мұз­ды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мысық табандап, қысқа адыммен жүруге тырысыңыз, – дейді Республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының дәрігері Ертісбай Молдагелдинов. – Қыс басталғалы бері біздің бекетке келіп, алғашқы медициналық көмек алып жатқандардың басымы – көшеде құлап, жарақаттанғандар. Олардың жарасын таңып, гипстеп, күрделілігіне қарай ауруханаға жатқызамыз.

Түрлі жағдайда қол-аяғы сынып, жарақаттанғандар дәрігер көмегі келіп жеткенше қозғалмай жатуы тиіс. Себебі, сүйек сынғанда, жұмсақ етті езіп, не болмаса қан тамырларын қиып кетуі мүмкін. Біздер ашық жара болса, залалсыздандырып, жарақатын байлап тиісті жерге жеткізем, – дейді Алтынбек Мәмбетов.

Боз кілем үстінде күш сынасқан балуандар қанша жығылса да, ешбір жарақат алмайтыны таң қалдырады. Мамандар да осы спорт­шылардың тәжірибесіне жүгін­генді жөн санайды. Бар мә­селе дұрыс құлай білуде екен. Кей­біреулер «жұмсақ жерге жы­ғыл­ғандар аяқ-қолын шығарып не сын­-
дырып алмайды» деп уәж айтады. Сенбеңіз. Егер дұрыс құлай біл­сеңіз, қандай  биік­тен құласаңыз да, еш жарақат алмайсыз.

Аяқ астынан аяқ-қолы сынып, сіңірі созылып, не буындары орнынан тайғанды адамның бейнеті деп айтқанмен, соққының қатты болуына өзіміз де кінәліміз. Яғни, құлап бара жатып, жанталасып қолымен жер тіреп қалуға тыры­самыз. Нәтижесінде, дененің бар салмағы тірек болған қолға түседі.

Мамандардың айтуынша, құлау­дың үш түрінің зардабы болмайды. Олар – ішпен түсу, бір бүйірлеп құлау және арқасымен жығылу. Барлық жағдайда сіздің дұрыс шешім қабылдауыңызға небәрі үш секунд қажет. Яғни, қас-қағым сәтте қол-аяғыңызды жинап, басыңызды қалқалап үлгеруіңіз керек. Егер қолыңызда ауыр сөмке болса, лақтырып жіберіңіз. Сіз үшін де, сөмке үшін де пайдалы екеніне сосын көзіңіз жетеді. Се­бебі, адамдар құлап бара жатып өзінің халін емес, сөмкенің жайын ойлайды. Ақыры құлаған екенсіз, онда орныңыздан тез тұрып кетпей, ауыр жарақат алмағаныңызға көзіңізді жеткізіңіз. Жедел жәрдем шақыртып, дәрігер көмегіне жүгініңіз.

  1. Көктайғақтың салдарын біледі;

  2. Мәтінді оқып қауіпсіздік шараларын ұймдастырады;

  3. Жадынама ретінде ұсына алады.

Оқушылар өздерінің жұмыстарын таныстырып сынып алдында қорғайды. Мұғалім қажет жағдайда түзеп, жағымды тұстарын көрсетеді. Кері байланыс береді.

Қыс мезгілінде орын алатын оқиғалардан сақтану шаралары қарастырылады. Жадынама сурет ретінде беру арқылы қолдану дағдысы қамтылады.

Топ мүшелері рөлдерді (уақыт сақшысы, хатшы, баяндамашы, төраға, бақылаушы) өзара анықтап алады.

1-топ дауыл,көкмұз ,найзағай

2- топ бұршақ тұман

3- топ құйын, қырау.

Әр топтың баяндамашысы постер қорғайды.

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

1

Қолайсыз атмосфералық құбылыстарға не жатады?

2

Халық пен шаруашылық үшін қолайсыз атмосфералық құбылыстарды салдары қандай?

Б: "Екі жұлдыз, бір ұсыныс"

К.Б: (ауызша түрде жүргізіледі) толықтыру үшін мұғалім тарапынан басқа да сұрақтар қойылуы мумкін

Дағды: Оқушылардың қажетті білім, білік – дағдыларды игеру және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Термин сөздермен жұмыс 5мин

Оқушылар термин сөздермен жұмыс жасайды.

Тұман –туман - fog

Қырау-иней- frost

Көкмұз – гололед - glacier

Найзағай – молния - lighrning

Боран –метель - blizzard

Бұршақ – град -hail

Оқушылар термин сөздерді айтып, дәптерлеріне түсіреді.

Дағды: Оқушылардың білімдерін қолдана білу қабілетін дамыту


Ж.Ж:", Жұптас, ойлан ,бөліс"Кестемен мағынаны ашу.5 мин

Атмосфералық құбылыстар

Ұғым мазмұны

Тұман


Қырау


Көкмұз


Найзағай


Боран


Бұршақ



Дескриптор:

-Терминдерді ажырата алады.

- Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың ұғымы түсіне біледі.

Қ.Б:Оқушылар сағат тілінің бағытымен жұмыстарын алмастырып, сызғыш шкаласына сәйкес бір-бірін бағалайды.

К.Б: «Мақұлдау, қолдау» арқылы оқушылардың пікірін бағалау.

:"Білім бәйгесі"Оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін білу үшін саралауға арналған жеке жұмыс беремін.10 мин

1тапсырма. Қызылорда облысы әкімі шөлді аудандағы құм көшкінін тоқтату үшін өсімдіктер егуді ұсынды. Ол өсімдіктер сексеуіл, баялыш, жусан.

Аудан тұрғындары құм көшкінін тоқтату үшін қандай өсімдіктерді егуді таңдады?


Өсімдіктер

Жауаптар

  1. Сексеуіл

  2. Баялыш

  3. Жусан

Ия/жоқ

Ия/жоқ

Ия/жоқ

Дәлелдемені пайдалан: Баялыш пен жусан шөптесін өсімдік.Сондықтан топырақ көшкінін тоқтата алмайды.

2 тапсырма: ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап,температура 1градус С көтерілген.Бұл жағдайда атмосфераға көмір қышқыл газы мен шаң тозаңдардың қоспасы көбейеді. Енді 100 жылдан кейін қандай өзгерістерді көре аласың?

Болжам:------------------------------------------------------------------------------------

3 тапсырма.Күн суытып температура О градустан төмендеп,жерге түскен жауын –шашынмен көкмұз пайда болды.Көкмұздың әсерінен жол және көлік қатынасы қиындады.Төнген қиындықты шешу үшін не істеуге болады?

Дәлелде ---------------------------------------------------------------------------------------

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!