Материалдар / ҚОРШАҒАН ТАБИҒАТ ПЕН КӨНЕ ДӘУІР РУХЫ ҮЙЛЕСІМ ТАПҚАН КИЕЛІ ОРЫН - ТАМҒАЛЫ ТАС ШАТҚАЛЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚОРШАҒАН ТАБИҒАТ ПЕН КӨНЕ ДӘУІР РУХЫ ҮЙЛЕСІМ ТАПҚАН КИЕЛІ ОРЫН - ТАМҒАЛЫ ТАС ШАТҚАЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қола дәуірінің қазақ жеріндегі бірден-бір нұсқаушысы іспеттес Таңбалы кешені тарихқа толы тасқа салынған суреттер арқылы кейінгі ұрпақ санасында қалып отыр. Бұрынғы дәуірде тірлік кешкен халықтардың дәстүрі мен мәдениеті, сенімінен мәлімет береді. Сан мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан орын тәуелсіз қазақ елі тарихының тереңнен тамырлануына негіз болады. Ашық аспан астындағы күн мен ай кезек тамашалайтын табиғи музей сияқты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2022
241
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚОРШАҒАН ТАБИҒАТ ПЕН КӨНЕ ДӘУІР РУХЫ ҮЙЛЕСІМ ТАПҚАН КИЕЛІ ОРЫН - ТАМҒАЛЫ ТАС ШАТҚАЛЫ

Омарова Н.А., DBA докторы

Қалиасқарова Ж.Х., 2-ші курс студенті

Қазақ спорт және туризм академиясы

Алматы қаласы


Іле өзенінің бойында орналасқан Тамғалы тас шатқалы - тарихы ғасырлар қойнауынан бастау алған бірегей орын. Мұнда шамамен ХІІ ғасырда белгісіз суретші тасқа қашап салған 5 будда құдайының бейнесін көруге болады. Қауіпсіз соқпақтармен жартастарға шығып, өзен аңғары мен шексіз жазықтарды тамашалауға болады. Іле бойында табылған суреттердің барлығы: киім-кешек, түстер, ым-ишаралар, бұйымдар, буддалық бейнелеу өнерінің тәртіп-ережелеріне толықтай сай келеді. Жартастың арғы бетінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу негізінде болған барлық ру-тайпалардың таңбалары салынған.

Археологиялық кешен түрлі тарихи кезеңдерге қатысты 5000-нан аса петроглифтерді және қоныстар, қорымдар, оба-молалары, құрбандық шалу, тас уату орындары сияқты басқа да бірнеше ондаған ескерткіштерді қамтиды. Кешеннің неғұрлым құнды бөлігін орта қола дәуіріне жататын петроглифтер құрайды, олар тайпааралық ғибадат орнымен тікелей байланысы бар деген болжамды айғақтайды. Зерттеушілер петроглифтердің жоғары эстетикалық құндылығын және зерттеушілердің «Таңбалы петроглифтерінің ерекшелігін анықтауға мүмкіндік берген эмоционалдық дәрежесі мен рухани әсерін атап көрсетеді [1].

Тамғалы – бұл ежелгі шығармашалық көрме, оның суреттерінде адамдар мен жануарлар, ежелгі адамдардың өмір қалпы суреттелген. Суреттер тақырыбы әр түрлі: адамдар, жануарлар, ат шабармандар, аң аулау сәті, адам өміріндегі құрбандық шалу рәсімі, салттық-жоралғылық билер. Ежелгі шеберлер тас заттарын тегістігіне қарай қолданып, Күнге қарай төзімділігін үнемі ескерген. «Тасқа таңба басқандай» деген беріктікті білдіретін теңеу тілімізде содан қалған.

Күн сәулесінің түсуі тәулікке қарай жылжып, суреттер түрлі түсті болып көрінген. Петроглиф орындарының ыңғайлылығы сондай, бірнеше суретті көруге мүмкіндік болатын. Петроглиф – ғылыми термин, археологтардың еншісіне тиген зерттеу нысаны. Петро (petra) грекше тас деген сөз, glyphe – ою, ойма, бедер. Адам нәсілі ежелден тасқа ерекше құмар. Тас ғасырда тас оның күн көрісіндегі ең қажет құралы болды. Тастың символикасы мен қасиеті көп.

Петроглифтер бейнелері ішінде ежелгі құдайларды бейнелеген дөңгелек, тамға, дұға жазбалары, салттық билер көрінісі, керемет түйелер бейнесі, доңыздар болған. Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, ата-баба рухына тағзым жасалды. Аспан астында біріккен сарай болды.

Қола дәуірінің қазақ жеріндегі бірден-бір нұсқаушысы іспеттес Таңбалы кешені тарихқа толы тасқа салынған суреттер арқылы кейінгі ұрпақ санасында қалып отыр. Бұрынғы дәуірде тірлік кешкен халықтардың дәстүрі мен мәдениеті, сенімінен мәлімет береді. Сан мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан орын тәуелсіз қазақ елі тарихының тереңнен тамырлануына негіз болады. Ашық аспан астындағы күн мен ай кезек тамашалайтын табиғи музей сияқты [2].

Балқашқа апаратын үлкен жолдан оңға қарай бұрылып, Іленің оң жағасына ішкерілей еніп, үлкен тастарға бедерленген петроглифтерді, ескі будда жазбаларының ашық аспан астындағы ескерткішінің маңына келіп тоқтадық. Бұл жерде де туристердің аяғы толастамаған. Қасиетті жазбалардың үстіне аямай сыр жаққан бүгінгі туристердің қылығына күйінген Дәуіт ренішін білдірді. «Үш ғасырдан бері тұрған ескерткішке қандай адам қол көтерді екен?» деген сұрауы аяқсыз қалды.

Жалпы, Тамғалы шатқалындағы суреттердің маңызды зерттеулерімен алғашқы боп Шоқан Уәлиханов айналысқан. 1856 жылы жартастағы суреттерді түгелдей көшіріп алады. ХІХ ғасырдың соңында будда суреттерінің маңызды зерттеулерін ғалым-шығыстанушы Н.Н.Пантусов жүргізген. ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары Тамғалы тастың жазбалары мен суреттерін әйгілі қазақ археологы Әлкей Марғұлан зерттеді [3]. Ол жазбалардың бар аудармаларын жүйеге келтіріп, композицияның жоңғар туындысы деген болжам жасады және кешенді XVII-XVIII ғасырларға жатқызды.

Осындай табиғаттың ерекше құбылыстары мен көнеден жеткен жәдігерлер Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы ретінде жаңа дәрежеге көтерілуі соны ізденістерге жол ашатын болар деп ойлаймыз.

Ерте темір дәуірінің петроглифтері де өз ерекшеліктерімен назар аудартады. Бедерленуіне қарай мамандар олар­ды пелілер, сақтар, үйсіндер, ғұн­дар қайсысы ерекше екендіктерін танытуды мақсат тұтқандығын айтады. Жаулап алушы тайпалар өздерінің билігін, қарымын көрсету жолындағы Жетісу өңірінің байырғы тұрғындарын ба­ғындыруға талпынысы еді. Сол бей­маза, тынышсыз, үрей билеген кезең­дер­дің тынысын Тамғалының тар­ғыл тастары беттеріне салған өрнекті сурет­тері куәландырып сендіреді. Сақ су­рет­шілерінің әдемі кескіндері тұтас кар­тиналары қола дәуірі кезеңдеріндегі петроглифтер қатарынан орын теуіп, кей жерлерде үстіне салынып, көне туындыны айрықшаландырып тұрғандай көрінеді. Жабайы жануарды аулау, бұғылар мен тау ешкілерді аңдардың қуғындауын көрсететін жартас бетіндегі суреттер сол дәуірдің еншісіне жататын. Кезінде негізгі тақырыптың ұстынындай бол­ған пірлердің мифтік образындағы кес­кіндер кейін шошақ бөрікті аттылы мен жаяу жауынгердің, мал баққан бейн­елерімен алмастырылды [2]. Олардың кейбірі құрлықтың белдеулерінде кезде­сетін, Орталық Азия аумағындағы ба­йыр­ғы көшпенділердің тарихи жолын айқындап бере алады. Алғашқы түрік мемлекетінің қалыптасу дәуірінде жа­зу­дың шығуы мен әлемдік діндердің таралу кезеңінде жартастарда бедерлеу мәнерінің, бейнелеу мағынасының елеулі өзгеріске тән болғанын білеміз. Тамғалының аумағын мекендеген жаңа тұр­ғындарға қола ғасырының таңбалары мен сақ дәуірінің кезінде қашалған петро­глифтер танытқан образдар көңіл­ге қонбағандай әсерде қалдырады. Шат­қалдағы галереяның негізгі міндеті ұмыт бола бастағанымен киелілігі сақ­талды.

Байырғы бедерлерді жаңғырту «күнбастылар» қашалған жартастарды қамтиды, бұл жерлерде пірлердің жаңа бейнелері пайда бола бастады. Ортағасырлық кезеңнің шеберлері өз­деріне дейін тасқа оймышталған көрі­ністерді жоюға тырысқан жоқ, қайта өңдеп, түсінік-танымдарына келетін бе­дер­лермен толықтыруға тырысты. Түркі ғылымы деректермен салыстырмалы негізде анықталған әр дәуірдің қару-жарақтары мен киім-кешек үлгі­лерінің сипатын пайдалана отырып, петроглифтердің уақыты жөніндегі мәліметтер өрбиді. Жарық құралдары ретінде қола дәуірі тайпаларында біз­дің заманымызға дейінгі ХҮІ-ХҮ ғасыр­ларда пайда бол­ған ат арбалар біздің за­манымызға дейінгі І мыңжылдықтың басында, яғни атқа салт мінуді игерген кезде өмір сүрген түркі тайпаларының күрескерлік кейпін аңғартса керек. Сақ дәуірінің петроглифтері жан-жа­нуарларды кескіндеуімен өзіндік мәнерін сезіндіре түседі. Бұл топқа кіретін бедерлер жиынтығы «аң стилі» атауына жатқызылып жүр[3]. Қа­зақ даласында сирек кездесетін петро­глиф­тердің айрықша үлгісін Алтай мен Моңғолияның аумағында кездесетін суреттер тобы құ­райды. Бұдан біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықтың басында өмір сүрген халықтардың өзара байланысымен қанша араласып жатқанын аңғаруға болады. Ерекше тарихи құндылықты әр халықтың жартасқа жазып қалдырған сызба бедерлері мен белгілері, таңбалары айқындайды. Ал ол дегеніңіз, Тамғалы шатқалы – олар үшін шаттығы мен мұ­ңын, қай­ғы­сы мен қуанышын, дәстүрі мен ділін, жақсылығы мен қиналысына куә бол­ған тіршілік мекені, келер ұрпаққа ай­ғақтар қасиетті жері. Тамғалыға ал­ғаш­­қы петроглифтердің таңбалануы қо­ла дәуірінің шеберлері еншісіне жат­қызылады. Ол кезеңдегі мүмкіндіктің молдығын бедерлердің молдығы көле­мінен аңғаруға болады. Суреттердің орта­ша өлшемдері 25-30 сантиметр, ал енді кейбіреулері 60-70 сантиметрден 1 метрге дейін жетеді. Ғибадатхананың І-V топтарының аумағына жататын жар­тастардағы петроглифтердің бір-біріне әдісі мен үлгісінің тым ұқсастығы өзара үндес бір шебердің қолынан шыққандай әсер береді. Сонымен қатар жабайы бұқалар, жылқылар мен құландар, қабандар мен қасқырлар іспетті жануарлар бейнелерімен бірге, сол дәуірдің негізгі кейіпкерлерімен қатар суретшілердің ой-қиялынан туған бейнелер де тас бетінен өрнек таба бе­реді. Айталық, жануарлар терісін жа­мылған ілмек қолды құбыжықтар, шоқпар мен айбалта ұстаған батыр жауынгерлер мен бастарының айналасында сәуле шашқан бейнелер... Қола дәуірі тайпаларының табиғат құбылыстарына табынған пантеон ғибадатханасының орталық, каньонның ең биік әрі тік жартасында кескінделген. Ол бір тәртіпте әрқайсысы өзінше бейнеленген 7 құдай персонажынан, астыңғы бөлігінде билеп жүрген 10 жауынгердің кескіндерінен тұрады. Бәлкім, байырғы кезеңнің түсінігінде адамдар әлем құрылымын сондай түсінікпен ұғынса керек, пірлер мен бабалар салтын өз танымындай өрнектеп тасқа қашағаны көрініп тұр-ау деп ойлайсыз [4]. Көне петроглифтер белгілі бір бағытқа ыңғайланған жартас бетіне айшықталған. «Тамғалы» мем­лекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінің директоры Мадияр Әміртайұлы Орынғалиев Тас кітабының әр бетін жатқа айтардай түсіндіреді. Каньонның кез келген жартасының алдында арнайы орындар бар. Сол жерден қола дәуірінің барлық сызбасын бір мезетте анықтап қарай алар едіңіз. Суреттер жалғыз бейнеден басталып, үлкен де күрделі поментолық көріністерге ұласып оты­рады. Бір ғажабы, жартас бетіндегі таң­балар анық ажыратылады. Тамғалы галереясы өзіне бүтін көркемдік баяндауларды сыйдырған петроглифтерден тұрады. Оның әрқайсысына негіз болған байырғы тайпалардың көне мифологиясы осы таңбаларда сыр шерткендей дерсіз...

Бұл тауда Сұңқарсайдың биігінен бәрі көрінетін секілді. Айналаға тым биіктен қарағандай мәртебеміз өсіп қайттық. Аспан аласарып кеткендей көрінді. Тым биіктен бір бүркіт, осы Тамғалының әр тасын жана­рынан тыс қалдырмай қадағалап, айнала ұшып жүргендей болады да тұрады [4].

2022 жылдың 6 мамыр күні Туризм кафедрасының 1-3 студенттері«Тамғалы» петроглифтер кешеніне саяхат жасады.

Экскурсияның негізгі мақсаты – туризм факультетінің студенттерін ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген, б.з.д. ХIV – б.д. VI–VIII ғғ. аралығын, яғни қола дәуірінен көне түркі кезеңдері аралығын қамтитын әлемдік маңызы бар Тамғалы археологиялық кешенімен таныстыру, Отандық тарихқа деген қызығушылығын арттыру.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» кітабы. – Астана: «Фолиант», 2017

  2. Ә.Марғұлан. Тамғалы тас сыры // «Алаш» тарихи-этнологиялық ғылыми журналы, 2011 ж.

  3. Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде. – Т.VI. Тама. – Алматы: «Алаш» тарихи – зерттеу орталығы, 2009. – 440 б. // Омарбеков Т.О., Кәрібаев Б.Б., Хабжалилов Ғ.М., Қалыш А.Б.

  4. Тамғалы тас // Astana aqshamy газеті 3 ақпан 2018

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!