Материалдар / Қорықпа, біз біргеміз!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қорықпа, біз біргеміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақшаның ересектер тобындағы балаларға арналған. Балалар қорқынышты жеңудің әдіс-тәсілдеріне үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2019
561
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Ақбота» балабақшасы» КМҚК





















(тренингтік сабақ,ересектер тобы)









Педагог-психолог: Калиева М.Е.





«Қорықпа, біз біргеміз!» тренингтік оқу қызметіТобы: I-ересектер «Балбөбек» тобыОқу қызметінің түрі: тренингтік оқу қызметіМақсаты: Білім берушілік: балаларды қорқынышты жеңу дағдысын дамытуға, қорқынышты жеңуге арналған әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана білуге үйрету.Дамытушы: балалардағы рефлексия дағдысын, қорқынышты жеңуге арналған ішкі ресурстарды пайдалана білуін дамыту.Тәрбиелеуші: балаларда топтағы бірлік сезімін нығайту, ұйымшылдыққа, жанашырлыққа, достық сезімге тәрбиелеу.Материал: сиқырлы таяқша, слайд, ақ беттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, жағымды әуен. Күтілетін нәтиже: балалар қорқынышты жеңуге арналған әдіс-тәсілдерді пайдалануды үйренеді.

Оқу қызметінің кезеңдері Психологтың әрекетіБалалардың әрекеті
1Ұйымдастыру кезеңіСәлеметсіңдер ме, балалар!



Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгін бізде өте қызықты сабақ болады. Сабағымызды бастамас бұрын, мен бүгінгі сендердің көңіл-күйлеріңді білгім келіп тұр. Кімнің қолына сиқырлы таяқша тисе, сол бүгінгі көңіл-күйін айтып, сиқырлы таяқшасын жанында тұрған балаға береді. Сонымен, сиқырлы таяқша менің қолымда, «Менің көңіл-күйім өте тамаша», «Анель, бүгін сенің көңіл-күйің қандай?». ... Жарайсыңдар, балалар, көңіл-күйлеріңмен бөліскендеріңе өте қуаныштымын.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, сәлемдеседі.











Балалар сиқырлы таяқшаны бір-біріне беріп, көңіл-күйлерін айтады.
2Негізгі бөлімПроблемалық жағдай құруБалалар, сендер өмірде бір нәрседен қорқып көрдіңдер ме? Бір рет болса да, қорқып көрсеңдер, қолдарыңды көтеріңдерші. Барлықтарың қолдарыңды көтердіңдер ғой. Қорыққандарыңды мойындауға батылдықтарың жеткендігіне мен қуаныштымын. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, барлық адамдар бір нәрседен қорқа ма? (жауап). Мен сендерге бір құпияны ашайын, барлық адамдар өмірлерінде бір нәрседен қорқып көрді. Қалай ойлайсыңдар, қорқыныш пайдалы ма, әлде зиянды ма? (жауап). Қане, балалар, қорқыныштың қандай пайдасы мен зияны бар екендігін анықтап көрейік (жауаптар) («Қорқыныштың пайдасы, қорқыныштың зияны» слайд).-Балалар, егер де адамдар ештеңеден қорықпаса, олар қалай өмір сүрер еді, соны елестетіп көріңдерші? (соғылып, күйіп, үйдің тбесінен секіріп, отқа секіруші еді және т.б.). Қорқыныш бізге табиғаттан берілген, ол не үшін берілді, қалай ойлайсыңдар? (жауап).-Дұрыс айтасыңдар, жарақаттанудан сақтану үшін берілген.-Кейде, қорқыныш адамның бойын билеп алып, адам еш нәрсе істей алмай қалатын кездер болады. Бұл «қорқу» деп аталады. Ол бізге өмір сүруге кедергі келтіреді. -Бүгін біз сендерге кедергі келтіретін, қажет емес қорқыныштарды қалай жеңіге болатындығымен танысамыз (слайд «Қорқынышты қалай жеңеміз»). 1 слайд «Өте қатты қорыққан кезде, күлкілі оқиғаны есімізге түсіріп, жымиып, күлімсіреп, қатты күлу керек». 2 слайд «Ән айтып, би билеу керек». Қорқыныштардың суретін салуҚазір біз сендермен қорқыныштың суретін саламыз. Қорқыныштың суретін не үшін саламыз?Қорқыныштан құтылудың ең жақсы тәсілі – ол олардың суретін салу. Егер сендер өз қорқыныштарыңның суретін сала алсаңдар, ал мен сендердің сала алатындықтарыңа сенімдімін, біртіндеп өздерің қорқатын нәрседен қорықпауды үйренесіңдер. Алдарыңда ақ бет қағаз жатыр. Енді неден қорқатындықтарыңды осы бетке саламыз. Ненің суретін салатындықтарыңды ойланып, қолдарыңа қарышдан алып, жұмысқа кірісеміз. Батылдық танытып, қорқыныштан құтылатындықтарыңа сеніп, өз-өздеріңе сенімді болыңдар, сендердің қолдарыңнан бәрі де келеді. Қорқынышты қалай жеңетіндіктеріңді салып беріңдерші. Қалай? Не арқылы жеңесіңдер?Балалар, сендер суретті салып болдыңдар ма? Суретті көрсетіңдерші, не салғандарыңды айтқыларың келсе, айтып беріңдерші. «Джунглидегі жаңбыр» психологиялық жаттығуыБалалар, қазір біз шеңберге тұрып, «Джунглидегі жаңбыр» психологиялық жаттығуын орындаймыз. Бұл жаттығу иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жоюға, босаңсуға, шаршағанды басуға арналған. Жаттығуды топта мазасыздығы жоғары балалармен бұлшықеттегі қысымды жою үшін, арнайы түзету жаттығуы ретінде өткізуге болады. Қанекей, шеңбер жасап, бір-біріңмен тығыз тұрыңдар. Өздеріңді ну ормандағыдай елестетіңдер. Ауа-райы алдымен күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды. Алдарыңда тұрған адамның арқасында қолдарыңмен жеңіл қимылдар жасаңдар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұптарыңның арқасын жеңіл түрде қағасыңдар). Міне, нөсер басталды (саусақтарымен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіңдер). Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңмен қатты қағасыңдар). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басталды. Сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал, енді 180 градусқа айналып, ойынды жалғастырыңдар.

Қазір біз балалар, демалуға арналған гимнастика жасаймыз. Релаксациялық жаттығулар жиынтығы(Джекобсон бойынша балаларға арналған нұсқа)Көзді жұмып, орындықта отырып орындалады. Қысым келтіріп, босаңсуды алмастыруға назар аударылады. Мазасыз балаларды бұлшықет қысым мен эмоциялық қысымнан арылуға үйрету үшін қажет. Мазасыз балалардағы эмоциялық қысым көбінде бет, мойын аймағындағы бұлшықетте болады. Балаларға қысымды азайтуға көмектесу үшін, оларға релаксациялық жаттығуды орындауға үйретуге болады. Лимон. Сендердің қолдарыңда лимон бар деп ойлаңдар. Лимоны бар қолдарыңды қатты қысыңдар, лимоннан шырыны аққанша қысу керек. Қаттырақ қысыңдар. Тағы да, одан да қаттырақ қысыңдар. Ал енді лимонды тастай салыңдар да, қолдарың босаңсығанын сезініп көріңдер, қолдарың жақсы болып қалды ма? Тағы да лимонды қатты-қатты қысыңдар... (әр қолмен 3 рет қайталау).Мысықтар. Өздеріңді әдемі мысықпыз деп елестетіңдер. Керіліп, созылғыларың келеді. Қолдарыңды жоғары көтеріп, жоғары қарай созылыңдар. Қол, мойын, арқа бұлшықетіндегі қатты қысымды сезініңдер... 3 рет.Тасбақа. Өздеріңді тасбақа деп елестетіңдер. Сендер қыдырып, шөп жеп жүрсіңдер. Кенеттен, бір қауіп төнді, сендерге тез арада бастарыңды иықтарыңа тығу керек. Тез-тез тығамыз. Бастарың қабыққа (панцирь) қарай кіруі керек. Енді иықтарыңды түсіріңдер, өйткені қауіп азайды, иықтарың, бастарың босаңсыды. Тыныштану, босаңсу күйі қандай жақсы екендігін сезініңдер... 3 рет. Пілдің баласы. Өздеріңді күнге қыздырынып жатырмыз деп елестетіңдер. Ал енді бұталардың арасынан пілдің баласы жүгіріп шығып, сендерге қарай жүгіріп келе жатыр деп елестетіңдер. Ол сендерге тиіп кетпес үшін, ішімізді ішке қарай қатты тартамыз. Іш бұлшықеттеріне қысым келтіреміз. Енді босатуға болады, өйткені пілдің баласы сендердің жандарыңнан жүгіріп өтіп кетті. Осындай қысымнан кейін пайда болған денелеріңдегі босаңсуға назар аударыңдаршы. Денелерің қандай ауыр және және жылы екендігіне... Шыбын. Сендердің мұрындарыңа шыбын қонды деп елестетіңдер, сендерге қолдың көмегінсіз оны ұшырып жіберу керек. Мұрындарыңды оңға, солға бұрып, мұрындарыңды тыжырайтып, барлық бет бұлшықетіне қысым келтіріңдер... Ал енді беттеріңді босаңсытыңдар. Шыбын ұшып кетті. Тыныштық күйі сендердң беттеріңнің барлық жеріне жағымды болып таралатынын сезініп көріңдер... Кәмпит. Сендердің ауыздарыңда қатты кәмпит бар деп елестетіп көріңдер, сендерге сол кәмпитті қалай болса да, жеу керек. Тістеріңді қатты қысып, тістеріңді бір-біріне тигізіп, тістеп көріңдер... Тағы, тағы солай істейміз. Ал енді беттеріңді босаңсытыңдар. Бет бұлшықеті қалай демалатынын сезініп көріңдер... 3 рет. Жасырынбақ. Сендерге көздеріңе күн түспеу үшін, көздеріңді қатты жұму керек. Қабақтарыңды қатты-қатты қысыңдар. Одан да қаттырақ қысыңдар... Міне, күн де бататын уақыт болды, беттеріңді босаңсытуға болады... 3 рет. Жылы шалшық су. Сендер жалаңаяқ үлкен жылы шалшық судың жанында тұрмыз деп елестетіңдер, шалшық судың түбінде терең, лай батпақ. Сендер оң аяқтарыңды сол шалшық суға салған кезде, сендердің аяқтарңының саусақтары сол жұмсақ батпаққа кіреді. Сендер аяқтарыңа тірек іздейсіңдер, шалшық судың түбіне толығымен табандарыңмен басасыңдар. Батпақ аяқтарыңның саусақтарының арасынан өтіп кетеді, сендер аяқтарыңды қаттырақ басасыңдар. Оң аяқтарыңды шалшық судан шығарыңдар да, оны босаңсытыңдар. Енді сол аяқтарыңмен дәл солай істейсіңдер... 3 рет.


Иә

Балалардың барлығы қолдарын көтереді.











Иә, қорқады









Зиянды























Бізді жарақаттанудан сақтау үшін берілген.



















































Балалардың жауаптары: «Қорқыныштан құтылу үшін», «Қорықпау үшін».





























Балалар сурет салады.





Балалардың қалауы бойынша суретті талқылау.



Балалар, жаттығуды орындайды.

















































































Балалар, айтылған жаттығуларды орындайды.
3Қорытынды бөлімСабақты қорытындылау. Қоштасу. Өтілген тақырыпты талдау. -Балалар, бүгін біз сабақта не істедік?



-Сендер, не үйрендіңдер? Не білдіңдер?-Қане, қорқынышты қалай жеңуге болатындығын тағы бір рет есімізге түсіріп, айтып көрейікші.



-Рахмет, сендерге балалар. Сау болыңдар!




Қорқыныштың суретін салдық, жаттығулар орындадық. Қорқынышты жеңуді үйрендік.Өте қатты қорыққан кезде, күкілі оқиғаны есімізге түсіріп, жымиып, күлімсіреп, қатты күлу керек. Сау болыңыз!




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!