Материалдар / Қорытынды аттестаттау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қорытынды аттестаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған қолданбалы курс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2018
1331
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат "Мемлекеттік емтиханға дайындаудың тиімді тәсәлдері" факультативтік курсы оқушыларды таңдау сабақтарымен қамтамасыз ету үшін құрылған. Ұсынылып отырған курс 9-сынып оқушыларының кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Курс 34 сағатқа есептеліп, 9-сынып оқушыларына арналған. Бұл курс математикаға бейімі бар оқушының қызығушылығын, тапқырлық және ой ұшқырлығын шыңдайтын, олимпиада есептерін шешуге бағыттайтын сұранысын стандартты емес есептер шешу әдістерін қолдану барысында танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Курс - алгебра курсының бағдарламасын, мектеп математикасы курсындағы "теңдеу және теңсіздік" туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Сондықтан да бұл курстыоқу кезінде оқушылардың математикалық білімге қызығушылығын және сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Курсты енгізу мақсаты, курс мазмұны, оқуды ұйымдастыру, практикалық сабақтар арқылы оқушыға өз қабілетін, білім алу жолындағы көзқарасын бағалай білуге және оған жоғары деңгейде жұмыс жасауға жол ашады. Факультативтік курс сынып оқушыларының ой ӛрістерін дамытады, жаратылыстану- математикалық бағытына жататын пәндердің оқу мазмұнының маңыздылығын арттыра түседі. Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар, зерттеуге бағытталған және оқушылардың ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп, нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады. "Мемлекеттік емтиханға дайындаудың тиімді тәсілдері" курсы модульдерге бөлінген, олардың әрқайсысы арнайы теңдеулер және теңсіздіктер түрлерін қамтиды. Берілген курста "теңдеулер және теңсіздіктер" бойынша теориялық және практикалық білім, білік негіздері жүйеленіп, қарастырылады. Курстың жақсы меңгерілгені оқушының өзіндік шығармашылық жұмысымен анықталады. Ойдағыдай ұйымдастырылған сабақтар курс мақсатын іске асыруға көмектеседі. Курстың мақсаты: Оқушылардың логикалық, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, математикалық есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру және іскерліктерін жетілдіру. "Рационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу" тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету және кеңейту.



Курс міндеттері: 1. Мектеп бағдарламасын қайталамай, сабақтарда алған білімдерге жаңа бағыт беру; 2. Оқушылардың әрі кең кӛлемді, әрі терең математикалық білім алуларына жағдай жасау; 3. Оқушылардың "Теңдеу және теңсіздіктерді шешу" тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету; 4. Оқушыларды өз беттерімен терең ойлануға үйрету; 5. Оқушылардың қосымша математикалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; 6. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың есеп шығаруға практикалық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту; 7. Оқушының математикалық сауаттылығын көтеру; Курстың оқу - тақырыптық жоспары (барлығы - 34 сағат)
Тақырыптардың атауыҰйымдастыру түріСағат Уақыты
1Санды өрнектерПрактикалық жұмыс1

2Санды өрнектерді түрлендіруЖеке жұмыс2

3Агебралық өрнектерТоптық жұмыс2

4Алгебралық өрнектерді ықшамдауПрактикалық жұмыс1

5Теңдеулер және теңдеулер жүйесіПрактикалық жұмыс2

6Квадраттық теңдеулер мен теңсіздіктерЖеке жұмыс2

7Ирроционал өрнектерді түрлендіруЖеке жұмыс2

8Теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесіПрактикалық жұмыс3

9Тізбектер. Прогрессиялар.Практикалық жұмыс2

10Арифметикалық прогрессияПрактикалық жұмыс3

11Геометриялық прогрессияПрактикалық жұмыс2

12Алгебралық өрнектерді түрлендіруЖеке жұмыс2

13Функция және оның қасиеттері, графиктеріТоптық жұмыс3

14Геометриялық есептерПрактикалық жұмыс2

15Тригонометрия элементтеріТоптық жұмыс2

16Мәтінді есептерТоптық жұмыс2

17Қорытынды бақылау жұмыстарыЖеке жұмыс1

Барлығы 34 сағат


Түсінік хатБағдарлама: - ҚР «Білім туралы» Заңына; - «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартының» негізіне; - математикадан 5-11 сыныптарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сүйене отырып құрастырылды. Алгебра элементтерінің ішінде дидактикалық тұрғыдан алғанда аса маңыздысы – теңдеу жайында түсінік беру және оны шешудің тәсілдерін оқытып – үйрету. Сондықтан да теңдеу жайында түсінік қалыптастыру және теңдеуді шешудің тәсілдерін оқытып үйрету, әсіресе талаптарға сәйкес оқыту нәтижелеріне қол жеткізу күрделі мәселе. Орта мектепте теңдеулерге байланысты материалдар математиканың негізгі бөлігін құрайды, өйткені теңдеулер математиканың әр бөлімдерінде және маңызды қолданбалы есептерді шығаруда кең қолданыс табады. Осыған орай оқушыларды мектеп қабырғасында теңдеулер желісінің қолданбалық, теориялық-математикалық желілерімен байланысын құру бағыттарын игерту мәселесі теңдеулер шешуге үйрету материалдарын талдау мен сапалы игерту мәселесімен тығыз байланыста. Орта мектептерде теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерін беру кезінде қойылатын іргелі мақсаттардың қатарына есептерді тиімді шешу дағдылары мен іскерліктерін дамыту проблемасы жатады. Осыған байланысты орта мектепте теңдеулер шешуге тереңдетіп оқыту әдістемесін қолдануы, олардың теориялық білімдерін нақтылаудың, оларды практикада қолдана алу ептіліктерін қалыптастырудың басты формаларының бірі. Математикада теңдеуді өмірде болған немесе болып жатқан құбылысты зерттеу құралы ретінде пайдаланады. Егер теңдеуді оқытудың пәндік теориялық және әдістемелік негіздеріне орай теңдеуді оқыту әдістемесі тәжірибеде қолданылса, онда осы мәселені оқытып үйретумен байланысты жұмыс тиімді ұйымдастырылады да, білім сапасын арттыруға ықпал етеді. «Алгебралық теңдеулер және оларды шешу әдістері» қолданбалы курсы жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11 сыныптарға арналған. Оқу материалы тереңдетілген бағытта алынды. «Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау» бөлімінде берілетін курс материалдарының көлемі, реті мен тізбегі, оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны көрсетілген. «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімінде оқушылардың математикалық дайындығының міндетті деңгейі сипатталады. Курстың мақсаты: - курс аясында қарастыратын теңдеулерді шешу негізгі әдістерін меңгерту; - күнделiктi өмiрде қажеттi математикалық бiлiм мен бiлiктердi игерту, күнделiктi өмiрге, оқу және болашақ кәсiптiк іс-әрекетте ойлау сапасын және алгоритмдiк мәдениеттi дамыту. - нақты ойлау, логикалық ойлау, алгоритмдік мәдениет, интуиция, өз-өзін сынау сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту. Курсты оқу төмендегі міндеттерді шешуге жол ашады: - оқушыларда берілген тақырыптың математикадағы маңызы туралы, басқа тақырыптармен байланысы туралы біртұтас ұғым қалыптастырады; - шығармашылық іздену әдістерін іріктеуге, талдап-ойлауға, есте сақтауға, ой-өрісті дамытуға, күрделі есептерді шешуде кездесетін қиыншылықтарды жеңіп шығуға дағдыландырады; - қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауды жүзеге асырады; - жалпы білім беретін орта мектептің толық курсы үшін қорытынды аттестаттауға енгізілген әр түрлі есептердің шығарылу жолдарына қойылатын біркелкі талаптарға оқушылардың көңілін аударады. Курстың ерекшелігі: Оқушыларды неғұрлым күрделі математикалық біліммен қаруландыру. Жұмыс түрлері: Сабақтар теориялық фактілер хабарланып отыратын шолу лекциялары, есеп шығаруға арналған семинарлар мен практикумдар түрінде, сонымен қатар оқушылардың зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жобалау әдісі арқылы жүргізіледі. Жұмыс барысында өзін-өзі бағалау, өзгелерді бағалау элементтері, математикалық әдебиеттер, жұппен және топпен жұмыс түлері пайдаланылады. Білімді ағымды бақылау оқушылардың практикалық тапсырмаларды орындау нәтижелері арқылы жүргізілсе, қорытынды бақылау тест жұмыстарын орындау мен жобаны қорғау түрінде жүзеге асырылады. Әр бөлімнің сонында оқушылар өз бетімен есептер жинақтарынан алып шығарылған теңдеулерді ұсынады. Курс сонында әр оқушы теңдеулердің әр түріне тренажер- карточкаларын құрастырып электронды түрінде тапсырады. Курсты табысты аяқтаудың нәтижесінде оқушылар: - әр түрлі қиындық деңгейіндегі теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешу жолдарын; - айнымалысы модуль астындағы теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмін; - есептеудің тиімді тәсілдерін; - параметрі бар теңдеулер мен теңдеулер жүйесін; - олардың жүйелерін қалыптан тыс әдіспен шешуді үйреніп шығу керек. Күтілетін нәтижелер: Білім алушылардың жалпы әр түрлі теңдеулерді шығара білу дағдысын дұрыс қалыптастыруда математикалық ұғымдарды, кӛзқарастарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу. Оқу бағдарламасының мазмҧны 10-сынып (34 сағат, аптасына 1 сағаттан) Бір белгісізі бар бірінші дәрежелі теңдеу (2 сағат). Теңдеу туралы түсінік. Бірінші дәрежелі бір белгісізі бар теңдеулерді шешу. Теңдеу құру арқылы шығарылатын есеп. Екі белгісізі бар бірінші дәрежелі екі теңдеуден қҧралған теңдеулер жҥйесі (2 сағат). Теңдеулер жүйесіне түсінік. Ауыстыру тәсілі. Қосу тәсілі. Теңдеулер жүйесін шешудің графиктік тәсілі. Жаңа айнымалы енгізу тәсілі. Теңдеулер жүйесін құрып, оны шешу арқылы шығарылатын есептер. Квадраттық теңдеу (4 сағат). Квадраттық теңдеудің анықтамасы. Толымсыз квадрат теңдеулер. Квадраттық теңдеулерді формула бойынша шешу. Квадраттық теңдеулерді пайдаланып есептер шығару. Виет теоремасы. Бөлшек рационал теңдеулер (2 сағат). Бөлшек рационал теңдеулерді шешу. Рационал теңдеулер арқылы есептер шығару. Бүтін теңдеулер (2 сағат). Бүтін теңдеу және оның түбірлері. Квадраттық теңдеуге келтірілетін теңдеулер. Екі айнымалысы бар теңдеулер және олардың жүйелер (5 сағат). Екі айнымалысы бар теңдеулер. Екі айнымалысы бар теңдеулердің геометриялық мағынасы. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері. Екінші дәрежелі теңдеулер жүйесін шешу. Теңдеулер жүйесін құру арқылы шығаратын есептер. Модуль таңбасы бар теңдеулер ( 3 сағат). Модуль таңбасы бар теңдеу туралы түсінік. Модуль таңбасы бар теңдеулерді шешудің геометриялық тәсілі, квадраттау тәсілі, анықтама тәсілі. Параметрлі теңдеулер (3 сағат). Параметрлі теңдеулер туралы түсінік. Параметрлі теңдеулерді шешу жолдары. Иррационал теңдеулер (2сағат). Иррационал теңдеу. Иррационал теңдеулер жүйелерін шешу. Күрделі теңдеулер және күрделі теңдеулер жҥйелерін шешу тәсілдері (7 сағат). Модуль белгісімен алынған айнымалысы бар күрделі теңдеулер. Айқындалмаған теңдеу және айқындалмаған теңдеулер жүйесі. Симметриялы теңдеулер. Қайтымды теңдеулер. Теңдеуді теңсіздіктер көмегімен шешу әдісі. Теңдеуді графиктік әдіспен шешу. Қорытындылау (2 сағат). Курстың оқу - тақырыптық жоспары (барлығы - 34 сағат)
Тақырыптардың атауыҰйымдастыру түріСағат Уақыты
1Алгебралық теңдеулер және олардың түбірлері. Мәндес теңдеулер. Бірінші дәрежелі бір белгісізі бар теңдеулерді шешу.Практикалық жұмыс1

2Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер.Жеке жұмыс1

3Теңдеулер жүйесіне түсінік. Ауыстыру тәсілі. Қосу тәсілі.Топтық жұмыс2

4Теңдеулер жүйесін шешудің графиктік тәсілі. Теңдеулер жүйесін құрып,оны шешу арқылы шығарылатын есептерПрактикалық жұмыс1

5Квадрат теңдеулердің анықтамасы. Толымсыз квадрат теңдеулерПрактикалық жұмыс1

6Квадраттық теңдеулерді пайдаланып есептер шығару.Жеке жұмыс1

7Виет теоремасыЖеке жұмыс1

8Бөлшек-рационал теңдеулерді шешуПрактикалық жұмыс1

9Рационал теңдеулер арқылы есептер шығару.Практикалық жұмыс1

10Бүтін теңдеу және оның түбірлеріПрактикалық жұмыс1

11Квадраттық теңдеуге келтірілетін теңдеулерПрактикалық жұмыс1

12Екі айнымалысы бар теңдеулерЖеке жұмыс1

13Екі айнымалысы бар теңдеулердің геометриялық мағынасыТоптық жұмыс1

14Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу тәсілдеріПрактикалық жұмыс2

15Екінші дәрежелі теңдеулер жүйесін шешуТоптық жұмыс
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!