Материалдар / Қош келдің, әз Наурыз!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қош келдің, әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
377
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, презентация.

Жандос:

Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар, студенттер! Бәріміз асыға күткен Наурыз тойы да келіп жетті.

Айсұлу:

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі – Наурыз. Бұл күн жыл сайын Наурыз айының 22- жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни күн мен түннің теңесіп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар Жаңа жылдың басы – ұлыстың Ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуанышпен қарсы алған, жұрт ел аралап, үйлерге кірген, наурыз көже ішіп, жастар ән шырқап, палуандар күресіп, ойын – сауықпен өткізген. Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Жыл басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.

Наурыз мейрамын жыл басы ретінде тек қазақтар ғана емес, көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ, әзірбайжандар да тойлаған.

Жандос:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жана жыл келеді. Ендеше той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Айсұлу:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бір-бірімен төс қағысып жүреді.

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!


Жандос:

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

«Бәйге» әні орындалады

Жандос:

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұланғайыр керілсін керегесі.

Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,

Жаңа жылда қалайық бір есейіп.

Айсұлу:

Досқа құшақ ашайық,

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық!

Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.


Шашу шашады.


Жандос:

Иә, Наурыз келгенде наурыз көже еске түседі.

Айсұлу:

Сен білесің бе, наурыз көже жасау салт-дәстүрге жатады.

Жандос:

Әрине білемін! Сат-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.

Айсұлу:

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделініп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық – өнеге тәжірибесін құраған.

Жандос:

Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарады. Мысалы, той, наурыз көже, сырға салу, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады.

Айтпақшы, Айсұлу! Менің бір жақсы жаңалығым бар. Бүгін Аяулымның үйіне сырға салуға қонақтар келеді екен.

Айсұлу: О-о! Мынауың жақсы жаңалық қой. Ұлыстың ұлы күні бақ-береке әр шаңыраққа келеді деген осы екен-ай!


Сырға салу

Сырға салуға жігіттің екі жеңгесі келеді. Қыздың екі жеңгесі сахнаға шығады.

Зияда Аяулым: Абысын-ау, сен не естідің, мен бір жаңалық естіп, саған жүгіре басып келе жатқан бетім осы еді.

Ақерке: Ау, ол не жаңалық?

Зияда Аяулым: Мына Ақтоғай өңірінен Жұмағазы деген кісінің баласы біздің Еркежанды айттырып келеді дейді ғой. Соған орай, сырға салуға жігіттің жеңгелері, құдалар келеді екен.


Акерке: Біздікі не тұрыс, енеме барып анығын біліп, дайындыққа кірісейік.

Саханаға бір бала жүгіріп шығады.


Ерназар: Құдалар келеді, құдалар келеді, сүйінші!



Келген құдаларды қарсы алуға бір топ үй иелері, туыстары шығады (музыка ойнап тұрады).

Арқан керу

Жеңгелері екі жақтан арқан кереді. Құдалар арқан керген қыз жеңгелеріне кәде ұсынады.

Зияда Аяулым: Құдалардың аяғы құт болсын!

Акерке: Қуанышты той болсын!

Келген қонақтарды жоғары шығарып, дастарханға шақырады.

Құдалар жағы:

Әділ: «Құйрық бауыр жедің бе?» демекші, «сіздерде қыз бар, бізде ұл бар! деп ауылдарыңызға келіп қалдық. Бұл ауылмен бұрында құда-жекжат едік.

Жігіт жеңгелері:

Аяулым Кенежанова: Осы ауылда бір тойға келгенде осы үйдегі құдағиды көріп, «шешесін көріп, қызын ал, ыдысын көріп, асын іш» деген емес пе? Шіркін осы үйдің бойжеткен қызы болса, қайныммен таныстырсам деп армандап едім. Сіздерге қыз да бар екен, біздің қайнымыз сол қыздарыңызды ұнатып қалған екен. Екі жас бір-бірін қалап, міне, «мыңжылдық құда» болуға қыздарыңызға белгі, яғни сырға сала келдік.

Әділ: «Қыз жат жұрттық» деген, құдағи, өзіңіз жас болғаныңызбен, жолыңыз үлкен. Сондықтан, құдағи деп айта берейін. Бұл сауапты ісіңізге Алланың нұры жаусын! Қарағым, немеремнен құтыла алмай отырған жоқпын. Қызымыз өз бақытын тауып кетсе екен деген адал ниетіміз ғой.

Қыздың жеңгесі Ақерке: Еркежан-ау, сен енді дайындығыңды жасап болсаң, жүре ғой. Саған сырға тағады! – дейді.

Сырға салу рәсімі. Аяулымға сырғаны жігіттің бір жеңгесі салады.

Жігіттің жеңгесі Ақнұр: «Орамал тон болмайды, жол болады», демекші мына қоржынды енеміз берген еді, сіздерге аманат,- деп қыздың жеңгесіне қоржынды береді.

Қоржын ашқан қыздың жеңгесі:

Құдаға – шапан, құдағиға – орамал. Жеңгелеріне – жүзік, сырға, білезік әшекейлер, - деп өзара шуласып, қыз жеңгелері бөліседі.



Келген қонақтарды шығарып салу рәсімі жасалады. Екі жақ қош айтыса ән-күймен тарқасады.


Ажар «Толғау»


Айсұлу: Жандос, сен не білесің, өткенде Аяулымға сырға салып кетіп еді ғой, бүгін құдалар келіп, қыз ұзату болып жатыр. Жүр сол жаққа барып келсек қайтеді.

Жандос: Барсақ, барайық. Қыз ұзату салтын көріп қайтайық!


Флешмоб

Киіз үйдің ішінде ұзатылатын қыз, қыздың ата-анасы, жеңгелері отырады.

Айсұлу: Қыз ұзату үлкен той-думан, әрі қызық болғанымен, бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды.

Жандос: «Қуанатыны – қызым өсті, өрісім кеңейді» дейді, жылайтыны – қимастық көңілі, бағып-қаққан перзентінің жатжұрттық болып кете баратыны...

Музыка ойнап тұрады.

Моншақ: (ұзатуда қызына анасының айтқан өсиеті)

Музыка ойнап тұрады

Моншақ: Ұзатуда қызына анасының айтқан өсиеті


Жүрегімді жарып шыққан жұлдызым

Маңдайыма біткен жалғыз құндызым

Барған жерің бағыңды ашсын, тілерім

Қабырғамды қайыстырма, жан қызым


Бөтен үйге, бөтен жұртқа барасың

Арамызға алтын көпір саласың

Әрбір үй, өзінше бір мемлекет қой

Заңына бағынасың, құп аласың


Соқыр болса, көзіңді сенде қысып

Су ішсе олармен бірге ішіп

Жүре ғой қызым, иіп басыңды сен

Жаяу қалса, атыңнан сенде түсіп


Еркелікті таста енді анаңмен

Алды – артыңды ойлап жүр, санаңмен

Жақсы болсаң, сүйінемін алтыным

Тілеуіңді тілеп артта, қалам мен


Ата – енеңді сыйла қызым, құрметте

Абыроймен ар – ожданды кірлетпе

Тәрбие көрген бе өзі? деген сөзді

Естірте көрме қызым, бір рет те


Азғантай ұнмен нанды пісіре біл

Қонақты жайма шуақ түсіре біл

Барыңа қанағат де, жоққа сабыр

Жарыңды қабағынан түсіне біл


Сонда қызым, бақытыңды табарсың

Серігіңе адал жар боп қаларсың

Арайлап атқан әрбір ақ таңда

Анаңның ақ сөздерін еске аларсың!


Қыздың екі жеңгесі Аяулымды алып, жігітке қарай жүреді.

Қыздың жеңгесі: Ал, Ерке қыз! Еркелеуші едің, еркелеген бағыңда

Еркелетер сыңарың бар жаныңда,

Жеңге деген атты сен де киесің,

Барған жерде, сәлем беріп, басыңды төмен иесің!


Уа, ағайын, бір ақ тілек, ақ жүректен сұранар

Алладан соң, тапсырдық сізге, құдалар!

Жүріңіздер жекжат болып жарасып,

Қызық көріп, немереге таласып.

Жартсын Алла, өмірлерін ұзақ қып,

Үкідей қып, қызымызды қолымызбен ұзаттық.

Сіздің елге құт-береке әкелсін!

Барса бағын жағыңдаршы, шырақ қып!

Ал, Ерке қыз қарайлама артыңа

Адал жұртың жолықсыншы талқыңа,

Ақ батасын қариялар берсін деп

Қолды жайып, қолқа салдық халқыма!

Бата беріледі: Біржан

Қуаныш қайырлы болсын,

Жастар абыройлы болсын.

Уайымдары жоқ болсын,

Көңілдері тоқ болсын,

Адал еңбек арқасында

Табыстары мол болсын.

Алақандары ашық болсын,

Өмірге машық болсын!

Күйбең қалып кейін қалмай,

Жаңалыққа ғашық болсын.

Ұрпақтары ер болсын,

Кемеңгерлермен тең болсын.

Оларды көре алмағандардың,

Бедел-берекеті кем болсын.

Әумин!


Жандос Амангелдіұлы «Ауылым»


Жандос: Наурызым ғажап туысың,

Ұлыстың ұлы күнісің.

Жылыттың жердің жүрегін,

Жүрегі елдің жылысын.

Айсұлу: Наурыз – достық, Наурыз – күн,

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн,

Жалғасып ғалам тірлігі.

Жандос: Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі –бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді», «Баталы құл арымас»-деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстурге айналдырған. Енді арамыздағы улкен кісіден бата сұраймыз!

Рүстем:

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барса да жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Қарық қып құтты Наурыз,

Қазанға толсын сары уыз.

Қайнасын Наурыз көже де,

Толтырып ішкей кезеңе.

Ұлыстың ұлы күнінде,

Көппенен бірге күлімде.

Көбейсін жаңа достарың,

Молайсын елге қосқаның.

Жарасып көңіл хоштығы,

Бекісін халық достығы.

Ішінде жүрсе азғана,

Шайылсын өкпе, наз-нала.

Алдыға сыймай сәбилер,

Құшағын жайсын жаңа үйлер.

Жастардың самсап отауы,

Мейірім төксін Отаны.

Әспеттеп ата дәстүрін,

Әсем боп өссін жас буын.

Кірбің тартпасын кәрілер,

Ба

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!