Материалдар / Қошақаны қойдың. Қой
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қошақаны қойдың. Қой

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2021
188
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Пәні: Әдебиеттік оқу

Күні: 22.12.2020

Сынып: 2

Мектеп: "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп" КММ

Машықкердің аты-жөні: Мұратханова Шұғыла


Сабақтың тақырыбы: Қошақаны қойдың. Қой.

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Оқу мақсаттары

2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттап, мінез-құлқы мен іс-әрекетіне тұжырым жасауды үйренеміз.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

- шығарманы түсініп оқиды, мақал-мәтелдердің мәнін аша алады, кестені толтыра алады,

Көптеген оқушылар:

- жырды және мақал-мәтел мен жұмбақты пайдаланып, қой туралы әңгімелей алады.

Кейбір оқушылар:

- Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындай алады, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

  • Мәтінді түсініп оқиды

  • Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды.

  • Мінез-құлқы мен іс-әрекетіне тұжырым жасайды.

Тірек сөздер

Төрт түлік, қой, қошақан

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады

Пәнаралық байланыс

музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы білім

Төрт түлік туралы біледі

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі.

* Қызығушылықты ояту.

- Балалар, алдыларыңдағы парақшадағы сөздеріңді жұптасып құрастырып, оқып беріңдерші.

- Ертегілер, аңыздар, өтірік өлең, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер.

- Бұл сөздер туралы не айтуға болады?

- Ауызша тараған халық шығармалары.

- Сендерге осының ішінен қайсысы көбірек ұнайды?

(ертегі)

- Олай болса, ертегіге назар аударайықшы.

«Төлдер айтысы» ертегісін сахналайды.



қағаз қиындылары













сахналайды

Сабақтың ортасы

30 минут





























































































































Сергіту сәті








Білу және түсіну.

1. Ой қозғау.

- Балалар, төрт түлікке нелер жатады? Олардың төлдері қалай аталады?



  1. Тыңдалым.

  • Жұмбақ шешейік.

Төрт тағанда бойы бар,

Момындық дұрыс ойы бар.

Кербезденіп жүрмейді,

Айналдырған тоны бар.

Бұл қай жануар? (қой)

(Себебін айтады.)

- Олай болса сабақтың тақырыбын болжап көрейікші.

- Дұрыс айтасыңдар. «Қошақаны қойдың. Қой» деп аталады.

Сабақтың мақсаты айқындалады.



3. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

Қойдың сүті қорғасын,

Қойды ұрған оңбасын.

Тұжырым:

Қой – халқымызда дәулеттің ұйытқысы. Қойдың қи-тезегіне дейін береке. Ол өзіне төсеніш, жерге тыңайтқыш, малшы-шопандарға қысқы- жазғы отын. Бір сөзбен айтқанда, қой тұнып тұрған қазына.



Оқылым.

4. «Қой» мәтінін оқып беру. (түсініксіз сөздерді белгілеуді ескерту.)

  • Сөздік жұмыс.

Аңыраған – қой мен қозының бөлінген кезі.

Жамыраған – қой мен қозының табысқан кезі.

1. Хормен оқыту.

2. Жұппен оқыту.

3. Жеке оқыту.

4. Өлеңді талдау.

- Өлең неше шумақтан тұрады?

- Әр шумақ неше тармақтан тұрады? (1- шумақ 4 тармақ, 2-шумақ 3 тармақтан тұрады.)

- Өлеңдегі ұйқас сөздерді тап. (маңыраған, жамыраған, аңыраған, сүті бар, жануар.)

- Қойды сипаттай алдық па?

Оның пайдасын түсіндік пе?



Топпен жұмыс.

1-топ. Тапсырма: қойдың жүнінен жасалатын заттарды тауып ата

2-топ. Тапсырма: ұйқасын тап.

3-топ: Тапсырма: төрт түліктің пірлерін ата.

4- топ: Тапсырма: 5 жолды өлең құрастырыңдар.

5-топ: Тапсырма: сүт өнімдерін ата.

ҚБ: Топтар бір-бірін бағдаршам әдісі арқылы бағалайды



Сергіту сәті "Қощақаным" әні



Дәптермен жұмыс

6. Кестеге сүйеніп, қойдың пайдасы туралы жазады.

Жүнінен алынатын заттар:

Терісінен алынатын заттар:

Сүтінен әзірленетін тағамдар:



Қосымша тапсырма:

Сөз тіркестерін сәйкестендір:

Маң-маң басқан қой

Момын мал түйе

Мінсең қанат, сүті –дәрі қой

Екі найзасы бар жылқы



ҚБ: Тақтадағы жауап арқылы бірін-бірі тексеріп, бас басмақ әдісі арқылы бағалайды



төрт түліктің төлдерінің суреттері































оқулық



























Сөздік жұмыс































А-3 парақтары, түрлі түсті фломастер (постер қорғайды)

Топтар ретпен бір-біріне кері байланыс береді.



















Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлекциялық шеңбер «Өрмекші торы»

- Балалар, менің қолымдағы не?

- Дұрыс айтасыңдар, тоқыма жіп екен .

- Ал, оны қойдан алады екенбіз өте тамаша. Ендеше, ортаға шығып шеңберге тұрайық.

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.



  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай?



Үйге тапсырма: Жырды жаттап келу


Тоқыма жіп

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Топтық жұмысты орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау көрсетіледі

Қой туралы әңгімелеу кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі

Бағдаршам”, Мұғалімнің бағалауы, “Бас бармақ” әдістері

Топтық жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау

Жалпы баға

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Тақырыпты ашу (көрініс)

2: Оқылым, өлеңді талдау

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: әр түрлі әдістердісабақта қолдану

2: топтық жұмыс

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім? Сабақ барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау көрсете білу қажет


Әдіскер: Сахариева З.Д

Сынып жетекші: Дуйсембаева А. С.

Машықкер: Мұратханова Ш.А








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!