Материалдар / Қосмекенділердің көптүрлілігі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қосмекенділердің көптүрлілігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2018
367
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ПәніБиология
Сыныбы7
Сабақтың тақырыбы:Қосмекенділердің көптүрлілігі. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар:Қосмекенділер отрядтарының өкілдерінің құрлысындағы ерекшеліктер ажыратады. Мекен ету ортасын айқындайды. Табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын саралай алады.


Оқушылардың басым бөлігі:Қазақстанда мекендейтін, Қызыл кітапқа тіркелген түрлерді айтады. Жаңа терминдердің мағынасын түсіндіре алады.


Кейбір оқушылар: Жануарлар дүниесінің тарихи дамуы барысындағы қосмекенділердің рөліне баға береді.Қазіргі кездегі қосмекенділердің арғы ата тегіндегі болған белгілердің жойылу себебін айта алады.
Алдыңғы оқуҚосмекенділер класының жалпы сипаттамасы.Бақаның сыртқы және ішкі құрлысы.
ҰйымдастыруАмандасу, оқушыларды 3 топқа бөлу
КезеңдеріЖаттығулар Блумның ойлау деңгейлері арқылы берілдіРесурстар
БасталуыБілу: жіңішке сұрақтар
  • Алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануар?
  • Қосмекенділердің дүние жүзінде және Қазақстанда қанша түрі бар?
  • Ересек қосмекенділер қандай мүшелері арқылы тыныс алады?
  • Қосмекенділердің қаңқа бөлімдерін ата.
  • Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты және қандай бөліктерден тұрады?
  • Қосмекенділердің қандай сезім мүшелері бар?
  • Қосмекенділердің ас қорыту жүйесін түзетін мүшелерін ата.
  • Қосмекенділердің зәр шығару мүшесін ата.
  • Қосмекенділердің дернәсілдері қалай аталады?
  • Қосмекенділердің көбеюі мен дернәсілдерінің дамуы қайда жүреді?
  • Интербелсенді тақта, флипчарттар, маркерлер,қосымша деректер, қосмекенділер суреттері
    ОртасыТүсіну: Қосмекенділердің отрядтарының негізгі белгілерін кесте жүзінде көрсетіп қысқаша мазмұндап беріңіз.І топ Құйрықсыз қосмекенділерІІ топ Құйрықты қосмекенділерІІІ топ Аяқсыз қосмекенділер





    Қолдану: Санмен тізбеленген белгілердің қандай жануарға тән екенін салыстырмалы кестенің тиісті бағанасына қойып толтырыңыздар.1. Тері жабыны тегіс2. Терісінің сырты қабыршақтармен қапталған.3. Жұп көкірек және бір жұп құсақ жүзбеқанаттары бар.4. Иық белдеуінде сыңар төс сүйегі және жұп жауырын, бір жұп бұғана, бір жұп қарға сүйектері бар.5. Жүрегі үш қуысты.6. Бір ғана қанайналым шеңбері бар.7. Екі қанайналым шеңбері бар.8. Мишығы нашар дамыған.9. Ортаңғы құлақ қуысы пайда болған.10. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады.11. Жүрегі екі қуысты.12. Қанайналым жүйесі тұйық.13. Терісі арқылы да тыныс алады.14. Дернәсілдері тек желбезектерімен тыныс алады.15. Су ағыстарының бағытын, күшін сезетін бүйір сызығы бар.



    Талдау: Құйрықсыз, құйрықты, аяқсыз қосмекенділердің көбеюі мен дамуын категориялы топтастыр.



    Жинақтау: І топ «Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» тақырыбы аясында эссе жазуІІ топ Қосмекенділерді қорғаудың бағдарламасын құрыңыз.ІІІ топ Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты құрлысындағы негізгі ерекшеліктерді жинақтаңдар.



    Бағалау: Қосмекенділердің қоректік тізбектегі рөліне баға бер

    РефлексияСабақтан ұнаған бір тұсы, ұнамаған екі тұсын айтыңызКері байланыс парағы


    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!