Материалдар / "Қоян" ерте жастағы балаларды балабақшаға бейімдеу сабағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қоян" ерте жастағы балаларды балабақшаға бейімдеу сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерте жастағы балаларды балабақшаға бейімдеуге арналған сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2020
426
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балаларды балабақшаға бейімдеу.

Күні:

Топ:

Бөлімі: Пихология

Тақырыбы: «Қоян»

Мақсаты: балалармен, үлкендермен танысуға ықыласын ояту.

Міндеттері: балаларды біріктіріп, ұжымдық сезімдерін тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: үлкен жұмсақ қоян.


Іс-әрекет кезеңі

Психологтың іс- әрекеті

Балалардың іс әрекеті



Ынталандыру кезеңі

1.Сәлемдесу «Кел бірге ойнайық»

Ғажайып сәт- топқа ойыншық ұстап психолог кіріп амандасады. -Қараңдаршы бізге қонаққа не келді?

-Қоянмен ойнағыларың келеді ме?

-Ендеше бәріміз танысып алайық.


Балалар психологпен амандасып, қоянға назар аударады.

Қоянды ұстап, сипап көреді.

Ойнағылары келетіндерін айтады.


Ұйымдастыру кезеңі

2. «Танысу жаттығуы».

Балалар жарты шеңбер болып орындықтарда отырады. Психолог әр балаға жақындап, қоянның атынан: «Сәлем! Менің атым қоян. Ал сенің атың кім?»,- деп сұрайды.

3. «Қоян» жаттығуы.

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып секірді.


Балалар орындықта отырады.

Қоянмен сәлемдесіп, өз есімін айтады.



Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.




Рефлексия

4. Қоштасу. Психолог қолына қоянды алып, оның атынан: Сендермен ойнаған маған өте ұнады, бірақ менің үйге қайтуым керек». Психолог өз атынан: -Балалар қоян үйіне тез жету үшін, оған поезд құрастырайықшы.

Қоян мен психолог балалармен қоштасады: - Сау болыңдар, балалар.


Балалар бір- бірінің артына тұрып поезд құрып, «ту, ту, ту» деп жүреді.



Қоянмен, психологпен қоштасады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!