Материалдар / ҚР Конституциялық құқық негіздері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚР Конституциялық құқық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
құқық пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
1286
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы  10Мерзімі    ———————Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқықтар мен міндеттерСабақтың мақсаты:Білімділік: оқушыларға конституциялық құқық ұғымы, оның қайнар көздері мен нормалары жайлы түсінік беру.Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекет жасамауға тәрбиелеу.Дамытушылық: төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтай отырып, жаңа сабақпен байланыстырып конституциялық құқық нормалары мен қайнар көздерін аша білуге қол жеткізу.Көрнекілігі: оқулық, слайдӘдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.Түрі: аралас сабақСабақтың барысы:
  • 1.       Ұйымдастыру кезеңа) сәлемдесуб) сабаққа дайындығын тексерув) оқушылар назарын сабаққа аудару
  • 2.        Үй тапсырмасын тексеру
  • 3.       Білімдерін жан- жақты тексеру
  • 4.       Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.Оқушылар назарын сабаққа аудару.
  • 5.       Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
  • Конституциялық құқық.
  • Конституциялық – құқықтық нормалар.
  • ҚР конституциялық құқығының қайнар көзі.
Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы.Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы – басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін және мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық жағдайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды.Конституциялық құқық тәсілдері дегенімізол конституциялық-құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға және оған қатысушыларға құқықтық әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.Конституциялық-құқық нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойынша құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:—          құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;—          міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс әрекетін осы нормалар талаптарымен үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;—          тыйым салатын нормалар өз ұйғарымында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуды қамтиды.Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз – конституциялық-құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердің түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:—          1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.—          Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және т.б. заңдар.—          Заңдар – конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», т.б. заңдар жатады.—          Конституциялық-құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;—          Қазақстан Президентінің конституциялықұқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;—          Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары сртының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық-құқықтық нормалары қамтылған қаулылары;—          Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т.б. шешімдері.
  • 6.       Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  • Конституциялық құқық неліктен Қазақстан Республикасының қолданымдағы құқықтарының жетекші саласы болып табылады?
  • 2.       Конституциялық-құқықтық нормалардың ерекшеліктері қандай?
  • 3.       Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
  • 7.       Жаңа материалды бекіту:
  • Қазақстан Республикасы конституциялық-құқығының қайнар көзі дегеніміз не?
  • 2.       Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?
  • 8.       Үйге тапсырмаҚазақстан Республикасының Конституциялық құқықтар мен міндеттер
  • 9.        Бағалау:
 

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!