Құм терапиясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құм терапиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Құм терапиясы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Құм терапиясы балаға еркіндік беріп, өз ойын ашық бейнелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар баланың қол икемін жақсартып, ойлау жүйесін дамытады. Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлау, сөздік – логикалық ойлауы, көрнекі іс-әрекеттік ойлауы, шығармашылығы дамиды.

Құмдағы терапиясын қолданудағы мақсатым:

1. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру.

2. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, қолдардың ұсақ моторикаларын дамыту.

3. Ауызша және ауызша емес әдіс тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибелік қарым - қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру.

4. Қиялды, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік - логикалық ойлауды, көрнекі іс - әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, балаларды белсенді іс - әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеу. Міндеттерім: 1. Танымдық сезімдерін дамыту (зейін, жады, қиял, қабылдау)

2. Интеллектуалдық ортаны қалыптастыру ойлай білу, көрнекі- шынайылық, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық, шығармашылық ойлау.

3. Эмоционалдық және коммуникативтік ортаны (қарым-қатынастың табысты ағымына қажетті, ауызша және ауызша емес құралдарды қолдана отырып) дамыту.

Оған қажетті материалдар мен жабдықтар:

Су өткізбейтін ағаш қорап, құмжәшік Ойын барысы: Тәрбиеші әр түрлі «құммен сәлемдесуді» өтінеді, яғни әр түрлі әдістермен құмға қол тигізу.

Бала: кезекпен қолының саусақтарымен құмға қол тигізеді, содан соң екінші қолымен, содан барлық саусақтарымен бір мезгілде қол тигізеді;

жеңіл/ қауырттылықпен құммен жұдырықтарын қысады, содан соң баяу оны құмжәшікке төгеді;

құмға бар алақанымен ішкі, содан соң сыртқы жақтарымен жанасады;

құмды саусақтары, алақандары арасымен уқалайды.

Соңғы жағдайда құмға кішкене ойыншықты тығып қоюға болады:

«Сенімен құм тұрғындарының бірі сәлемдескісі келеді – …»

Үлкен балалар өз сезімдерін салыстырып және сипаттайды: «жылы – суық», «жағымды – жағымсыз», «тікенді – кедірлі» және т.б.

2 . «Құмдағы өрнектер»

Мақсаты: көз қозғалысын, жіктелу үрдісін, қиялын дамыту

Жабдықтар: Құмжәшік, миниатюрлы қалыптар.

Дымқыл құмда өрнектер, жолақтар анық көрінеді, оларды жіктеу ойындарында пайдалануға болады. Мысалы, толқынды жол бойымен адамдар жүреді, түзу жолмен машиналар жүреді, ал дуалда құстар отырады — бала қажетті қалыпты немесе суретті таңдап және көрсетілген жолаққа қояды. Соңында «Кім, қайда, не үшін және болды?», сюжетті дамытып және шағын ертегі шығару. Дымқыл құмда анық жүздерді салуға болады, балаларды адам сезімін: қуаныш, мұң, ашу, қорқыныш, таңдануды графикалық белгілеуге үйрету.


Қорыта айтқанда «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг «Қиялдау – ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзім жетті.Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы, тартымды және тартымсыз пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі. Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балалардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2020
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі