Материалдар / Құқық бұзушылықты алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Құқық бұзушылықты алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық бұзушылықты алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет. жыл бойы жоспар бойынша қандай жұмыс, іс-шара атқарылды соның бәрі толықтырылып жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2022
1411
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп бойынша

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша 3-тоқсан бойынша атқарылған

Іс-шаралар жайлы мәлімет



Құқықтық тәрбие берудегі қоғам алдында тұрған басты мақсат – кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың, панасыздықтың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, балалардың құқығын қорғау, оларға саналы тәрбие беру, бойындағы жаман және зиянды әдет пен әрекеттерден арылуға баулу болғандықтан мектеп пен Көксу АІІБ бірлескен іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген.Жоспар негізінде алдын алу мен ақпараттық-насихат шаралары жүргізілуде. Тоқсанына 1 рет «Жасөспірім және заң», «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі», «Балалардың қараусыздығы», «Қауіпсіз жол», «Заңға мойынсынушылық мінез-құлық-қауіпсіздік кепілі» тақырыптарында дәріс оқылады.Құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында жаппай құқықтық оқу сабақтары ай сайын өткізіледі.Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында оқушылар спорттық секциялар мен үйірмелермен қамтылған. Мектептің 104 оқушысы спорт мектебінде, 90 оқушысы музыка мектебінде қосымша білім алады.

Тәрбие жоспарына сәйкес 8-11 сыныптар арасында «Мен неге құқықтымын»Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Тарих пәнінің мұғалімі А.Құлжанбеков оқушыларымен «Мен және менің құқықтарым мен бостандықтарым» Г.Жылқайдарова «Конституция - мемлекет дамуының басты кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. . Оған АІІБ ЮПТ-ның инспекторы Д.Бекенов қатысты.

«Қамқорлық» «Забота» акциясы жыл бойы жалғасын табады.Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар мектептің асханасынан тегін тамақ ішеді,бірлестіктер тарапынан кеңсе тауарларын жинап табыстадық.

2-ақпан күні Бала құқығының конвенциясымен 5-8 сынып оқушыларын таныстырдық. АІІБ ЮПТ инспекторы Әділхан Маржанмен кездесу өтті. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» алдын алу шаралары өткізілді.

3-наурызда

20 қаңтарда 5-11-сынып оқушылары арасында «Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнамаға 447 оқушы қатысты.


Д.Бекенов оқушыларға балалар мен жасөспірімдердің кешкі уақытта жүру ережелерін атап өтті.Мектеп оқушылары кешкі уақытта ойын-сауық орталықтарында, ойын залдарында болуына тыйым салынады.Ал кешкі мезгілде көшеде ата-анасыз жүруге болмайтынынын ескертті.

11ақпанда 8-11-сынып оқушылары арасында есірткілерді, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін пайдаланудың және құқық бұзушылықтар жасаудың салдары туралы ақпараттандыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың АІІБ-мен бірлескен күнтізбелік жоспарына сәйкес «Жасөспірім және заң» атты кездесу өтті.

.

Мектеп оқушылары мен ата-аналары, мұғалімдеріне арналған жалпы құқықтық білім беру жоспарына сай ақпараттық-насихат жұмысы іске асырылуда.

Оқу жылы бойы мектеп ұстаздары мен ата- аналар және АІІБ –нің қызметкерлері кешкі уақытта бірлескен рейдтер жүргізуде.

Мектеп бойынша мектепішілік есепте 3 оқушы, АІІБ есепте 2оқушы тұр . Құқық бұзушылық алдын алу бойынша шаралар жоспарға сай жыл бойы жалғасатын болады.


ДТІЖО М.Абдраманова










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!