Материалдар / Құқық бұзушылықтың алдын алу

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге және оқушыларға құнды материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
855
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: жасөспірімдердің девианты мінез-құлық көрсетуіне әкеліп соғатын отбасылық қолайсыздығының әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін анықтау, алдын алу. Қатысушылар: мұғалімдер мен ата-аналар.Ұйымдастыру кезеңі: мұғалімдер мен ата-аналардан құралған 6адамнан тұратын екі топты қарама- қарсы отырғызу.I кезең. теориялық кезең.«Қанекей амандасамыз, танысамыз, жақсы көңіл-күй сыйлаймыз!» бөлімі. Нұсқау: Амандасамыз, өзімізді таныстырамыз, және көпшілікке жақсы тілектерімізді жолдаймыз!Психологтың кіріспе сөзі: «Тәрбие-баламен сөйлесумен, оған ақыл кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие –тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде» деп педагог А.С. Макаренко айтқан болса, ал Қ. Аманжолов өзінің жарына арнаған өлеңінде «Отбасы-шағын бір мемлекет». «Сен-премьер, мен президентпін» деп жырлаған болатын. Шынында да, отбасы бір шағын мемлекет болса, онда өмір сүруші халық балаларымыз. Бір сәт сол балаларыңыздың өміріне үңіліп көрдіңіздер ме? Қазіргі кезде отбасы мәселелерінің арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешірімді болу процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасында орын алған қиындықтарды шешіге көмек көрсету жолдарын жан-жақты қарастыру-қазіргі күн міндеті.2. Релакция (2-11слайд)3. «Сіз қандай ата-анасыз?» бөлімі бойынша сұрақтар:1. Бала тәрбиесінде отбасының ықпалы зор ма, әлде мектептің ықпалы ма?2.Отбасында қандай тәрбие стилін қолданасыз?3. Сіздің ойыңызша бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?4. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?5. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың керегі бар ма?6. Отбасындағы қандай келеңсіздіктер балаларды құқық бұзушылыққа итермелейді?4. «Ситуациялық сұрақтар» бөлімі.1. «Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Сіз оған ұялы телефон сатып алып бердіңіз. Енді ол телефонды айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Ата-ана ретінде әрекетіңіз қандай болар еді?»2. «Үйге қонақ келейін деп сіз дайындық үстіндесіз. Сол мезетте балаңыз бүгін ата-аналар жиналысы екенін, міндетті түрде баруыңыз керек екенін айтты. Не істейсіз?»3. «Сіз сыныбыңызда толық емес отбасының баласы оқиды, оқушының киісі жұпыны, өзіне сенімсіз, тұйық. Сынып жетекші ретінде сіздің әрекетіңіз...»5. «Отбасылық оқиға» бөлімі. Нұсқау: Қатысушылар өздері рөлді бөліп алып, қойылымда ойнайды.«Қалада тұратын отбасы. Анасының әкесі ауылда тұрады, оның өз үйі және шаруашылығы бар, ол ауырыпқалды, бірақ қалаға келгісі келмейді. Отбасы не істейтінін шешуі қажет. Анасы ауылға кеткісі келеді, әкесі мұны қаламайды, өйткені оның қалада жақсы жұмысы бар. Үлкен ұлының да барғымсы келмейді, өйткені оқуға түспек ойы бар, кіші ұлы барғысы келеді, себебі жазда шомылуға болады, қыста шаңғы тебуге болады.... Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім юолды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма? Ой пікірдіортаға салу. II-кезең практикалық кезең.
  • «Мені түсін» бөлімі. Нұсқау: Мен сіздерге мақал-мәтел таратып шығамын. Мұқият таныс боламыз. Енді сол мақал-мәтелді оқи отырып, ым-ишара арқылы келесі топқа түсіндіріп бересіз.
1. Балаң жаман болса, Көрінгеннің мазағы.2Ананың көңілі балада,Баланың көңілі далада.3.Қарға баласын аппағым дер,Кірпі баласын жұмсағым дер.4.Әке көрген оқ жонар,Шеше көрген тон пішер5.Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.2. «Сіз білесіз бе?» бөлімі.1.Бес дұшпан2. Бес асыл3. Үш арсыз4. Жеті жетім5. Жеті жоқ6. Жеті қазына3. «Мақал мәтелдің жалғасын табу» бөлімі.1. Ананың көңілі балада, ...(баланың көңілі балада)2. Ата-ананың қадірін-...(балалы болғанда білерсің)3. Атаның баласы болма, ...(халықтың баласы бол)4. Ұяда не көрсең, ...(ұшқанда соны ілерсің)5. Балалы үй базар, ..(баласыз үй қу мазар)6. Әке-асқар тау, ...(ана-шалқар көл)4. Видеоролик: «Бәрі өз қолыңда»5. Ой-түсінік «Сиқырлы жүрек»Нұсқау: Балаңыздың бойынан қасиеттер көргіңіз келеді, алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады.Жақсы сөздер арқылы мейірімді жүрекке айналуы қажет.











































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ