Материалдар / «Құрылыстағы тауарлы - материалдық қорлардың есебі» курстық жұмыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Құрылыстағы тауарлы - материалдық қорлардың есебі» курстық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
материал барлық оқытушыларға және білімгерлерге керек, қосымша тәжірибе алмасу үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2020
1334
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ


Осы Курыстық жұмыста менің негізгі мақсатым «Құрылыстағы тауарлы-материалдық қорлардың есебінің» тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.

Алдымен жұмысымның кіріспе бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған «курыстық жұмысыма» дұрыс көңіл аударғандық деп ойлаймын. Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарыхы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Д. Солозано «бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес» деген болса, адамзаттың өміріндегі маңызды құрылыс және тұрғын үйлердің тауарлы материалды қорлар есебінің маңызы зор. Себебі бухгалтерлік есептің ішіндегі бұл бөлімнің де маңызы зор. 

Курыстық жұмысымның кіріспе бөлігінде құрылыстағы тауарлы- материалдық қорлардың ерекшелігіне  қысқаша тоқталып өтейін. Құрылыс материалдарын  құрылысшы кәсіпорындар қолданады және құрылыс бұйымдарын әзірлеу, құрылыстарды көтеру және әрлеу, үйлер мен ғимараттар үшін  бөліктер салу үшін құрылыс монтаж жұмыстары кезінде тікелей пайдаланылады.

«Тауарлы-материалдық қорларды есептеу үшін»  1997 жылғы 1-қаңтардан бастап күшіне енген «Бас жоспар» нұсқаулығы бойынша  «Құрылыстағы тауарлы-материалдық қорлар есебі -208 шотпен есептелінеді.

Бұл 208 «Құрылыс материалдары»-шотын субъект салушылар  қолданады. 

Құрылыс материалдары  атты шотта тікелей құрылыс салуға  және монтаж жұмыстарына, сондай-ақ құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланылатын материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар  есептеледі. Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданылатын материалдардың құрылыс детальдарын жасау, үйлер мен ғимараттардың конструкциялары мен бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін құрылыс концтрукциясы мен детальдары, сондай-ақ құрылыс тілектері үшін, қажетті тауарлы-материалдық қорлардың бар жоғы мен қозғалысы ескеріледі.  

Шаруашылық субьектілері бұл шоттқа қажетті мөлшерде субшоттар  мен талдамалы шоттар аша алады. Субьектіде тиесілі емес, бірақ онда уақытша сақтауда тұрған өндірістік қорларды есепке алу үшін баланстан тыс шоттар пайдаланылады.

Сонымен осы курыстық жұмыс барысында мен тауарлы-материалдық қорлардың құрыслыстағы бухгалтерлік есебінің ерекшеліктерін мысал ету ретінде  тақырыпты көрсету  бағытын негізге алдым.







































1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ТАУАРЛЫ МАТЕРИАЛДЫ ҚОРЛАР ЕСЕБІ 

1.1 Құрылыстағы тауарлы материалды қорлардың қозғалысының есебі және оларды құжаттау


Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымаладу көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүк құжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне  табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы,  жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын  және номерін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторған немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхатты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалдарды тұрақты алып тұратын экспедиторға береді. М-2А түрлі «сенімхат» алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 «берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен  ұйымдардың экспедиторы немесе басқа қызметкері М-2А түрлі «сенімхатты» алғаны үшін  осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының номерін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 «кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.

Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға  4 (дана) етіліп «тауар-көлік жүкқұжаты» толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.

Жүргізуші тауар-көлік жүк құжатының екінші данасын материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келген материалдарды кіріске алады.

Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.

Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтарды тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәйкес тұрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.

Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жасалынады. Сонымен қатар үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы жоқ ұйым өкілінің қатысуымен жасалады. Матиалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі  М-4 «кіріс ету ордері» бойынша қабылданып, баланс сыртындағы  «уақытша сақтауда тұрған материалдық қорлар» деп аталатын шотта есептелінеді.

Матриалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі  М-15А материлдарды босату (ішкі ауыстыруды) «талап ету жүк құжаты» бойынша босатылады.

Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) « талап ету жүк құжаты» екі дана етіліп жазылып, оған бас бухгалтардің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі.

Егер материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда  үлгілі түрі М-15Аматериалдарды босатуды (ішкі ауыстыруларды) «талап ету жүк құжатының» бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Бұл жағдайда толтырылатын құжаттарды материалдарды босататын қойманың (цехтың) сол материалдарға жауапты тұлғасы толтырады.

Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан, бөлшектегеннен алынатын іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін үлгілі түрі М-35 санды акт толтырылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде жиі пайдаланылаты материалдық құндылықтар үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өнідіріске босату лимитінің сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін лимиттік-заборлық (шектеу картолары) карталарды қолдануға болады. Лимиттік-заборлық картаның үлгілі түрі  М-8 бойынша ұйымның қоймасынан босатылатын материалдардың санын, ол материалдар арқылы өндірілетін өнімнің және оның біреуіне жұмсалатын материалдардың көлеміне қарап экономикалық жоспарлау бөлімі есептен шығарады. Лимиттік-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген мөлшер шегінде ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша босатылады. Лимиттік-заборлық картаның негізіне сүйене отырып өндіріске босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Лимиттік-заборлық карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жасалынады. Бұл картада шығарылатын өнімнің, шығынның немесе тапсырыстың коды көрсетілуі тиіс. Лимиттік-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін материалдарды алатын цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды босататын қоймаға  табыс етіледі. Материалдар қоймадан өндіріске цехтың өкілі өзіндегі лимиттік-заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады. Қоймашы лимиттік-заборлық картаның екі данасына да материалдардың босатылған уақыты (күні, айы, жылы) мен олардың санын номенклатуралық номері бойынша жазады. Содан кейін лимиттік-заборлық картаның цехтағы данасына қомашы, ал қоймадағы данасына цех басшысы немесе оның өкілі қол қояды. Материалдарды есептеуге осы күнгі санайтын машиналар пайдаланған жағдайда толтырылатын алғашқы құжаттардың санын азайту үшін қоймада босатылатын материалдарды тікелей қойманың карточкасына жазу жүйесін деқолдануға болады. Бұл жағдайда материалдарды қоймадан босатуға ешқандай құжат жазылмайды. Лимиттік-заборлық картаға барлық бір дана болып жазылатын бухгалтерлік құжаттар негізделініп жасалады. Материалдарды босату лимитін қоймадағы картаның өзінде де көрсетуге болады. Бұл карточканың үлгілі түрі – М-17. Цехтың өкілі материалдарды алған кезде қоймашының есептеу карточкасына қол қояды да, ал қоймашы цехтың лимиттік-заборлық карточкасына қол қояды. Сондай-ақ лимиттік-заборлық карточкада өндірісте пайдаланылмай қоймаға қайтарылып берілген материалдар да есептелінеді. Қоймадағы есеп карточкасына материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша босатылғаны, қоймада қалғаны, материалдарды цехқа әрбір босатқан уақыт сайын  немесе лимиттік-заборлық картаны жапқаннан кейін, бірақ келесі айдың біріне дейін жазылып отырылуы тиіс. Бұл жағдайда лимиттік-заборлық картаны қоймалық есептің тиісті карточкаларымен бірге сақтау керек. Лимитті пайдаланып болғаннан кейін қоймадағы лимиттік-заборлық картаның қорытынды дерегі лимиттік-заборлық картаның цехтағы данасымен салыстырылады. Егер бұл лимиттік-заборлық картадағы деректер өзара сәйкес болса, екі жақтың өкілдері, яғни қоймашы мен цех өкілі деректердің дұрыстығын мақұлдап қол қояды.

Айдың аяғында лимиттік-заборлық картада көрсетілген материалдардың пайдаланылған-пайдаланылмағанына қарамастан барлық лимиттік-заборлық карталар бухгалтерияға тапсырылады.

Құрылыс ұйымдарында көбіне лимиттік-заборлық картаның М-28 және М-28А номірлі үлгілі түрлеріқолданылады. Үлгілі түрі М-28 нөмірлі лимиттік-заборлық карта материалдарды салынып жатқан құрылысқа ол құрылыс басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін босатуға арналған. Лимиттік-заборлық картаның бұл түрі құрылыс жұмысына жүргізуші прорабтар немесе мастерлер т.б. жұмыс жүргізушілердің біреуінде болады.

.


1.2 Обьект құрылысының нәтижесінде келіп түскен тауарлы - матералды қорлар есебі


Басқару объектілерінде жүргізіліп отырған терең де сапалы өзгерістер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеліп соғады. Әрдайым даму мен жетілу үстінде болатын басқару объектісін бұрыңғы қалыптағы әдіске салуға болмайды. Керісінше, әдістер өзгертіліп отырған экономикалық міндеттерге сәйкестендірілуі тиіс.

Ол бір жағынан нарыққа өтпелі кезеңде аймақ басқару суъектісі ретінде, екінші жағынан нақтылы едегі әлеуметтік-экономикалық процестер әсерінен біріккен жергілікті қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерінен дамиды.

Бұрынғы орын алған мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарының бірқатар кемшіліктері болды. Олардың қараты төмендегідей: 

қоғамның дағдарыс жағдайынан шығуын, қолда бар өндірістік, экономикалық және интеллектуалдық әлеуметің тиімаді пайдалануын қамтамасыз етіледі; 

нарықтық қатынастарды өндіру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнімді ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуді, кәсіпкерлік пен бәсекені жетілдіуді мүмкін етіледі; 

басқару органдарының әдістері мен нысандары ескіше болды. Мемлекеттік басқару мен тікелей шаруашылықты жүргізу қағидалары ұштасып жатты; 

салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметі басым болып, кәсіпорындар әрекетіне себепсіз араласу мен олардың экономиалық дербестігін шектеу орын алды; елеулі кемшілік болып қабылданған бсқарушылық шешімдерге жауапкершіліктік орын алмауы табылды; 

келісімсіз әрекет жасау, қызметті қайталау, атқарушы органдарда кең етек алды. 

Басқарудың ұйымдсатырушылық құрылымы серпіндікпен сипатталатын және объектінің жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастрырушылық мәселелері өтпелі кезеңнің әр сатысында зертеліп отыруы қажет. Ол мәселелер топтарға жинақталады: 
басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатысын оңтайландыру, яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оның функцияларын, құқықтарын және жауапкершілік қызметтерін анықтап айыру. Сонымен қатар 
негізгі топтағы кәсіпорындар, фирмалар, бірлестіктердің шаруашылық дербестігін елеулі көтері; 

рсепубликалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде қабылдаудың міндеттерді шешуде басқару органдарының үйлестігі мен әрекеттестігі; 

еңбекті ұйымдсатырудың пайдалы нысандарн, шешім қабылдаудың әдістерін және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, бсқару аппаратының жұмысын тиімді етіп құру. Осы аталған кешені аппаратты құруды жан-жақт қамтиды. Осының өзі ұйымдастырушылық жүйелердің талдау объектісі болп табылады. 

Жалпы диалектикалық тұрғыдан қарасақ ұымдастырушылық құрылым мен оның басқаратын объектісі бір-бірімен өте тығыз байланысты, бір-бірінсіз жеке дара қызмет ете алмайды. Басқаратын объект болмаса басқарушы орандардың да қажеті шммалы. Сондықтан да бұл екі ұғым диалектикалық нысан және мазмұн деген категорияларына сәйкес келеді. Мазмұн өзгерсе нысан өзгеруі заңды құбылыс. 





2 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ


2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС


2 ХҚЕС мақсаты босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді. №2 ХҚЕС қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: «Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады. (b) ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы есепте танылады. (b) Сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы есепте танылады. 3(а)-параграфында айтылған босалқылар өндірістің белгілі бір кезеңдерінде өткізудің ықтимал таза құны бойынша бағаланады. Бұл, мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау немесе пайдалы қазбалар өндірілген кезде, бұл болашақтағы келісім-шарт немесе мемлекеттің кепілдік беруі арқылы сатуды растайды немесе белсенді нарық пен сату тоқтап қалатын тәуекелдің алдын алу мүмкіндігі болған жағдайда болады. Мұндай босалқылар №2 ХҚЕС бағалау бойынша талаптардан ғана алынып тасталады. Брокерлер және трейдерлер - тауарларды басқалар үшін немесе жеке өз есебіне сатып алатын немесе сататын тұлғалар. 3(б)-параграфында айтылған босалқылар негізінен жақын болашақта сату және бағаның немесе брокерлер мен трейдерлер маржасындағы ауытқулардан пайда табу мақсатында сатып алынады. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде олар осы Стандарттың бағалау бойынша талаптарынан ғана алынып тасталады. төменде көрсетілген мәндерінде мынадай терминдер пайдаланылады: Босалқылар - бұлар: Қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;осындай сату үшін өндіріс процесіндегі; (c) өндіріс процесінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер. Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома. Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін. Босалқыларға қайта сату үшін сатып алынған және сақталатын тауарлар кіреді. Оларға, мысалы, бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары, немесе қайта сатуға арналған жер немесе басқа мүлік кіреді. Сонымен қоса босалқылар дайын немесе ұйым шығарған және шикізат пен өндіріс процесінде одан кейінгі пайдалануға арналған материалдар кіретін жартылай дайын өнім кіреді. Қызмет көрсету аясының ұйымы 19-параграфта сипатталғандай, ұйым тиісті түсім шамасын осы уақытқа дейін танымаған қызмет көрсетудің құны босалқыға кіргізілген жағдайда (18-«Түсім» ІAS Халықаралық стандартын қараңыз). Босалқылар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуге тиіс.Босалқылардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және босалқыларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады. Босалқыларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар және объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады. Босалқыларды қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Сонымен қоса оларға шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған тұрақты және ауыспалы үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу кіреді. Тұрақты үстеме өндірістік шығыстар амортизация мен үйлерге қызмет көрсету және жабдықтар мен әкімшілік-басқару шығыстары сияқты өндіріс көлемінен тәуелсіз салыстыра алғанда өзгеріссіз болып қалатын жанама өндірістік шығындар болып табылады. Ауыспалы үстеме өндірістік шығыстар шикізаттың жанама шығындары мен еңбектің жанама шығындары сияқты өндіріс көлемінің өзгеруінен тікелей немесе тікелей дерлік тәуелді жанама өндірістік шығыстар болып табылады. Тұрақты және үстеме өндірістік шығыстарды қайта өңдеу бойынша шығындарға бөлу қалыпты жағдайда жұмыс істеу барысында ұйымның өндірістік қуаттылығына негізделеді. Қалыпты өндірістік қуаттылық - жоспарлы техникалық қызмет көрсету нәтижесінде қуат ысырабын есепке ала отырып, істің қалыпты орындалуы барысында жұмыстың бірнеше кезең немесе мезгілінде орташа көрсеткіштер негізінде есептелетін өндірістің күтілетін көлемі. Өндірістің нақты деңгейі қалыпты жағдайдағы қуаттылыққа жуық мәнде сәйкес келгенде ғана пайдаланыла алады. Өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы өндіріс деңгейінің төмендеуі немесе ұйымның тоқтап қалуы салдарынан өспейді. Бөлінбеген үстеме шығыстар оның пайда болуы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады. Өндіріс деңгейі ерекше жоғары болған кезеңде өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы босалқылар өзіндік құнынан жоғары бағаланбайтын мөлшерде азаяды. Өндірістік қуаттылықты шын мәмінде пайдалану негізінде ауыспалы өндірістік үстеме шығыстар өнімнің әрбір бірлігіне жатқызылады. Өндірістік процесс нәтижесінде бір мезгілде көп өнім шығарылуы мүмкін. Мысалы, бұл бұйымды бірігіп шығару жағдайында, немесе негізгі өнімнің өндірісі қосымша өнімді өндірумен қатар жүріп отырған жағдайда болады. Әрбір өнімге жұмсалған шығындарды бөлек анықтай алмаған жағдайда, оларды өнімдердің арасында теңбе-тең және бір ізді бөледі. Бөлу, мысалы, не өндіріс процесі кезеңінде өнімдер ұқсас болғанда, не дайын өнім шығарылған кезде анықталатын әрбір өнімді сатудың салыстыра алғандағы құнына негізделуі мүмкін. Қосалқы өнімдердің көбісі табиғатынан мардымсыз. Осындай жағдайларда оларды көбінесе сатудың ықтимал таза бағасы бойынша бағалайды және бұл шама негізгі өнімнің өзіндік құнынан шегеріледі. Нәтижесінде негізгі өнімнің баланстық құны оның өзіндік құнынан аз ғана ерекшеленеді.

Басқа да шығындарға босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне дейін жеткізуге және жай-күйіне байланысты деңгейдегі олардың өзіндік құны ғана жатады. Мысалы, босалқылардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды немесе нақты клиенттерге арналған өнімді әзірлеу жөніндегі шығындарды жатқызу орынды болуы мүмкін.Төменде босалқылардың өзіндік құнынан алынып тасталатын және олардың пайда болуы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындардың мысалдары келтірілген: (а) шикізаттың, жұмсалған еңбектің нормативтен тыс ысырабы немесе басқа да өндірістік шығындар;егер олар тек өндірістік процестің келесі кезеңіне көшу үшін осы өндірістік процесте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын шығындар;босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне және жай-күйіне дейін жеткізуге байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар;сатуға жұмсалатын шығындар.23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандарты босалқылардың өзіндік құнына заем бойынша шығындар кіретін сирек жағдайларды анықтайды. Ұйым босалқыларды төлем мерзімін кейінге қалдыру шартымен сатып ала алады. Осындай келісімде іс жүзінде қаржыландыру элементі болғанда, бұл элемент, мысалы, әдеттегі сауда кредиті шартымен сатып алу бағасы және төленген сома арасындағы айырмашылық қаржыландыру кезеңіндегі пайыздар бойынша шығыс ретінде танылады. Қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың босалқыларының өзіндік құны. Қызмет көрсету саласының ұйымдарындағы босалқылардың болу дәрежесінде оларды өндіруге жұмсалған шығындар бойынша бағалайды. Бұл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!