Материалдар / Құстар біздің досымыз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Құстар біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
құстар жайлы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2019
312
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өтенай ауылындағы №21 орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығы бар»ККМ-нің

4« Ә» сынып жетекшісі

Кулимбетова Макпал Тлектесқызы



Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Жердің күнді айнала қозғалуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Жердің күнді айнала қозғалуы, Жыл мезгілдерінің ауысуы тақырыбында ауқымды мағлұмат бере отырып табиғаттағы болып жатқан маусымдық өзгерістердің мәнін ашып, жер мен күн жайлы түсініктерінің артуын бағыттап кеңейту. Ғарыштық әлем жайлы қызығушылықтарын ояту.

Дамытушылық: Дүниетану сабағында әр оқушының өз ойларын ашық айтуға, пікірлерін қорғай білуге дағдыландырып, шығармашылық жұмыс жасата отырып, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Алған білімдерін өмірде қолдана алатындай етіп елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, карта, глобус.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

  2. Психологиялық дайындық.

Табиғатты сүю парыз

Қасиетін ұғу парыз,

Ғарыштағы қызықтарды,

Жер шарында білу парыз.

Сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау:

Ауа райын бақылау

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Қазір қай ай екен?

  • Осы айда қанша күн бар?

  • Жылдың әр мезгілінде ауа райы қандай болады?

  • Біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз?

Жыл мезгілдеріне байланысты оқушыларды топқа бөлу.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Слайдпен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндіруі

Оқушыларға ғаламшар туралы толық мағлұмат беру.

Жердің ғарыштан түсірілген суреті

Картамен, глобуспен жұмыс.

Жердің ғарыш әлеміндегі орны

Басқа планеталар сияқты, жер де күнді тұйық сызық құрайтын жолдың бойымен, яғни орбитамен айналады.Жер күнді орбита бойымен 365 күн 6 сағатта айналып шығады. Қыста күн көкжиектен онша биік көтерілмейтіндіктен оның сәулесі жер бетіне көлбей түседі. Сөйтіп Жер аз жылынады. Жазда күн көкжиектен биікте тұрады да. Күн сәулесі жер бетіне тігінен мол түседі де, көбірек жылытады.

Жердің орбитадағы орнына байланысты жыл мезгілдерінің ауысуы.

Жердің өз білігінен айналуынан күн мен түн ауысса, күнді айналу нәтижесінде жыл мезгілдері ауысады.

Айдын Ақанұлы Айымбетов (27.07.1972, Алматы облысы, Талдықорған қаласы,  Өтенай ауылы) - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы. Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Ұшқыш-истребитель. Ғарышкерлер отрядына таңдау алдында Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарды. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiтөрағасының кеңесшісі, агенттік департментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазиев атындағығарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді. Астана уақыты бойынша 2 қыркүйек күні сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан “Союз-ФГ” тасымалдаушы зымыраны “Союз ТМА-18М” ғарыш кемесімен және жаңа экипажымен ұшты.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді абзацқа бөліп оқып шығады.

Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын жазу.

Жаңа сабақ тақырыбын жазу.

Топпен жұмыс: әр топқа өтілген тақырып бойынша тапсырма беру.

1 топ: Күн сәулесінің жер бетіне түсуі жайлы түсініктерін тыңдау. Жыл мезгілдері неге өзгереді?

2 топ: Жердің күнді айналу қозғалысы туралы түсіндіру.

3 топ: Ғаламшар туралы білетіндерін бөлісу. Картадан экватор сызығын көрсету.

4 топ: Солтүстік Америкада жаз болғанда, Оңтүстік Америкада қай мезгіл? Ал Оңтүстік Америкада қыс болғанда, Аустралияда жылдың қай мезгілі?

Сөздік жұмыс жүргізу.

  1. Жер шарында неше мұхит бар?

  2. Жер шарында неше құрлық (материк) бар?

  3. Ғарышқа алғаш ұшқан адам кім?

  4. Қазақ ғарышкерлері кімдер?

  5. Жердің серігі не?

  6. Жер күннен неше есе кіші?

Қорытындылау: Бүгінгі сабақ бойынша, ғарыш әлемі жайлы не білдік?

Сабақты сөз жұмбақ шешу арқылы қорытындылау.

  1. Тоқтар Әубәкіров кім?

  2. Оңтүстік және Солтүстік полюсты бірдей қашықтықта бөлетін сызық қалай аталады?

  3. Үшінші ғаламшар?

  4. Үй үстінде ұсақ тас

Жылтырайды аспанда...

  1. Көкжиектің негізгі тұсының бірі?




ғ

а

р

ы

ш

к

е

р


э

к

в

а

т

о

р




ж

е

Р


ж

ұ

л

д

ы

з



ш

ы

ғ

ы

с







Оқушыларды бағалау: әр топ басшысы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.

Үйге тапсырма: 128 беттегі тест тапсырмаларына жауап беріп келу.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!